Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Д.т. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.45 Кб
Скачать

Сабақ №10

22/11 /2014Ж Қысқа мерзімдік жоспар

Дүние тарихы 9 «А,Ә» сынып

Саб. тақырыбы: Түркия.

Саб. мақсаты: 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себебі мен алғышарттары сұлтандық үкіметтің Германияны жақтап дүниежүзілік соғысқа қатысуынан туған шаруашылық күйзеліспен тығыз байланысты екенін, негізгі қозғаушы күш Түркия шаруалары болғанын, ал саяси басшылығында ұлттық буржуазия топтары тұрғанын ашып көрсету;

  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

  • Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Жапонияның экономикалық және саяси жағдайының тарихи маңызын анықтау,білу.

Саб. түрі: аралас сабақ

Саб. әдісі: Блум таксаномиясы

Дерек көздері: плакат,стикер,карта, карта, сызбалар, бейнематериал.

Күтілетін нәтиже: ІІ джс кейінгі Жапонияның жағдайы, экономикалық дамуы, саяси жағдайы, сыртқы саясаты туралы түсінеді, біледі. Қызығушылығы артады.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Балалар «тарих» дегенде не айтқыларың келеді?

  • Тарихтың қай кезеңіндеміз?

  • Қазіргі дүниежүзі тарихы нешеге бөлінеді?

  • 2001 жылы АҚШ-та теракті болды. Бұл терактіні АҚШ кімнен көрді?

Өткен сабақта өтілген Жапония мен Италия арасындағы тарихын білу мақсатында Пресс конференция ұйымдастырғалы отырмын.

Баспасөз конфциясының қонақтары төмендегі ғалымдар мен тарихшылар.

  • Олар: .......оқушыларды шығарамын..........................................................

Бүгін біздің конференцияда «Жас тарихшы», «Шұғыла», «Ақ жол», «Ар-Ай», «Білім шуағы», «Алтын шырақ» т.б. ауданның, облыстың газет-журналдарының тілшілері, журналистері қонақта. Ғалымдардан Жапония, АҚШ, Италия сынды мемлекеттердің тарихын біле аласыздар.

Жаңа сабаққа көшу: /Бейнематериал көрсетіледі/

  • Балалар, бейнематериал не туралы айтпақшы?

  • «Түрік» сөзі естілгенде ең бірінші ойымызға не оралады?

  • Сендер өздеріңді түріктер қатарына жатқызасыңдар ма?

  • Түркияны қай қырынан танисыңдар?

  • Сендер үшін Түркия қандай ел? Жағымды ма, жағымсыз ба?

  • Астанасы қай қала?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы.

  • Түркия өз халқының қамын ойламай Германия блогын жақтап, әділетсіз соғысқа килікті.

  • Германия империялистерінің саяси және экономикалық үстемдігін жақтырмаған халық бұқарасы 1916-1917 жылдары майдан шебін тастап, елге қашты.

  • Соғыстан жеңілгеннен кейін Түркия жеріне Антанта тобының әскерлері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті.

  • Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор мен дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймағын басып алды.