Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Д.т. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.45 Кб
Скачать

Сабақ №2.

Күні: 20.09.14ж.

Сынып: 9 «А», «Ә».

Тақырыбы: Версаль – Вашингтон жүйесі

Білімділік: Білім, біліктілігін қалыптастырып тақырыпқа бағыну, оның мазмұнын, мақсатын іс-жүзінде асыра білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Алған білімдерін кеңейтіп қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүниежүзі картасы, интерактивті тақта, семантикалық карта, плакаттар, маркер.

Негізгі ұғымдар: Ұлттар лигасы, Мандаттық жүйе, репарациялық төлем.

Номенклатура: Париж, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Рейн, Германия, Таяу Шығыс, Польша, Бельгия, Дания, Литва.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа зейін қою.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Дәптерлерінен кестелерін тексеру. Тақырыптар соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптарын тексеру. Өткен сабақта жазған эсселерін тексеру, жеке-жеке ойларын тыңдау.

Мұғалім тапсырмаларын орындау, үйге берілген сабаққа шолу жасау.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Жаңа тақырыпқа біртіндеп көшеді:

1. Париж бітім конференциясында жеңген мемлекеттер қандай мақсат көздеді?

2. Версаль-Вашингтон жүйесі құрастырған келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін дүниежүзілік саяси картада өзгерістер болды?

3.Дүниежүзілік картаны пайдалана отырып, державалар орналасқан қалаларды көрсетіңдер?

4. Версаль-Вашингтон жүйесіне қатысқан мемлекеттерге сипаттама беріңдер?

І джс-та жеңген мемлекеттер 1919 ж. 18 қаңтарда Парижде бітім конференциясын бастады.

Конференцияның негізгі мақсаты – Германиямен бітім-шартын дайындау болды. Конференцияға Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекшілік етті.

Әділетсіз Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 ж-ғы дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа шыдай алмай ыдырай бастады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Версаль-Вашингтон жүйесіне қатысқан елдерді картадан тауып көрсету;

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақтар қою.

Картамен жұмыс жасайды;

Мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді және оқушылар бір-бірлеріне де сұрақтар қойып, жауап береді.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақты келесі сұрақтармен қорытындылайды:

1. Мандат жүйесін құрудың мәні неде?

2. Ұлттар Лигасы не үшін құрылды?

3. Вашингтондағы конференцияға қандай мемлекеттер қатысты?

Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысына мандат ұғымы енгізілді.

Ұлттар Лигасы жарғысында басқыншы мемлекеттерге ұжымдық шара қолдану әрекеті белгіленді.

Вашингтон конференциясына АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай мемлекеттері қатысты.

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Белгілі бір критерии бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Оқулық мәтінімен жұмыс істеп, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар әзірлеу. Картамен жұмыстарын аяқтамаған жағдайда одан әрі дамыту.

Үйге берілген тапсырмаларды орындайды.