Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. .т. 2011-2012ж САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.44 Кб
Скачать

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

  • Оқулықтағы суретке қарап, адамның алғашқы еңбек құралдары туралы әңгімеле.

  • Адамдар отты қалай пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсыңдар?

  • Адамдар суықтан қалай қорғанды?

Кейін 1-2 оқушыдан сабақтың мазмұнын сұрайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері.

  2. Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит.

  3. «Саналы адам».

  4. Рулық қауымның шығуы.

«Саналы адамдар» ру болып өмір сүрді. Әрбір руға бірнеше ондаған адам – туыстар топтаст. Ерлер бірігіп аң аулады, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, киім тікті, тамақ дайындады, балаларды бақты. Әйел отбасының қорғанышы, терімшіге айналды. Археологтар әйелдерді құрметтеуді айғақтайтын сүйектен ойып жасалған әйел мүсіндерін көп табуда. Ең тәжірибелі әрі қадірлі кісілер ру басшылығына сайланды. Ру ішіндегі билік барлық ересек туыстарға ортақ болды, олар бірлесіп шаруашылық және қоғамдық мәселелерді шешті. Ру қауымдығы – адамдар ұжымы болды, оның мүшелерінің бәрі бірге өмір сүрді, және бірге еңбек етті, мүліктерді ортақ пайдаланды.

  • Рулық қауымды адамдардың алғашқы тобырлық өмірімен салыстырыңдар.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген тапсырма мен сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.

  • Дәптердің 7-бетінде берілген 3 және 4 –тапсырмаларды орындаңдар.

  • Параграфтан жаңа сөздерді жазып алапы, анықтамасын беріңдер.

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§3 оқу, мазмұнын айту.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – оқушыларға ерте темір дәуірінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы сақтардың тұрмыс жағдайлары мен шаруашылығы, мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жеке және топпен жұмыс жасау, сонымен қатар өз бетімен тірек-сызба құру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – қоғамның - бірлесіп жұмыс істеудегі және қорғанудағы, срнымен қатар шаруашылықтың дамыйтын негізгі иституты ретінде сыйлаушылық сезімін тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары: