Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. .т. 2011-2012ж САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.44 Кб
Скачать

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Сабақтың басында келесі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі:

  • Картаны пайдаланып неолитттің тұрақтарын көрсет.

  • Неолит дәуірінде адамдар қандай жаңалықтар ашты?

  • Оқулықты пайдаланып Сексеуіл тұрағына сипаттама бер.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.

  2. Еңбек құрылдарының жетілдірілуі.

  3. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері.

Энеолит сөзі – мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастады.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген тапсырма мен сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.

тас дәуірінің кезеңдері

кезеңнің хр-лық

ауқымы

жаңалықтар мен өнер табыстар

әр кезеңде өмір сүрген адамдар

қоғасдық құрылымы

  • Энеолит сөзінің ұғымы нені білдіреді?

  • Энеолит дәуірінің ерекшелігін сипатта.

  • Қазақстан жеріндегі энеолит дәуірінің ескерткіштерін ата.

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§6 оқу, параграф бойынша тест құрастыру.(5-сұрақ)

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – оқушыларға ежелгі кезеңде өмір сүрген адамдардың қоршаған орта туралы көзқарастары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жеке және топпен жұмыс жасау, сонымен қатар өз бетімен тірек-сызба құру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – қоғамның - бірлесіп жұмыс істеудегі және қорғанудағы, срнымен қатар шаруашылықтың дамыйтын негізгі иституты ретінде сыйлаушылық сезімін тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары: