- •Тіл және сөйлеу (факультатив)
- •Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Балақай мен қалақай
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
- •Тіл және сөйлеу.
Тіл және сөйлеу.
Мерзімі:________________
Тақырыбы: Әңгімілеу мәтіні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әңгімелеу мәтінін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастырай білуге мүмкіндік туғызу;
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексер: Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Мысалдар келтіру.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу -жаттығуды оқу, көшіру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау. 32-жаттығу Сержанның атасына жазған хатиын оқу, ол нені жазбай кеткенін айту, толықтыру.
Ү. Бекіту: 33-жаттығу жақын достарыңа, ата-әжелеріңе қысқаша хат жазыңдар. Білгішбектің айтқанын есімізден шығармай жазып көрейік.
ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?
Бекітемін:_________________________
Тіл және сөйлеу.
Мерзімі:________________
Тақырыбы: Салыстыра сипаттау мәтіні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сипаттау мәтіні туралы ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту.
Дамытушылық:Оқушыларды заттарды нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: сызба, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау..
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады?
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.
а) «Бұл не?» ойыны. Ойынның шарты: үнтаспадан аңдардың немесе құстардың даусы тыңдатылады, оқушылар ол ненің даусы екенін анықтап, атаған аңды не құсты сипаттап беруі қажет. Мысалы, үнтаспадан қасқырдың даусы естілсе: «Бұл – қасқыр. Ол - жыртқыш аң. Қасқырдың жүні көкшулан, қалың. Көздері от шашып тұрады, т.б.» деп сипаттауы тиіс.
ә) Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 12-жаттығуды оқу. Мазмұнын ашу. б ) дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу.
13-жаттығу. Сипаттау мәтінінің сызбасымен таныстыру, сол сызба арқылы белгілі бір затты сипаттап жазу.
14-жаттығу. Жұмбақты оқып, оның шешуін қандай белгілері арқылы тапқанын айтқызу.
Ү. Бекіту: 15-жаттығу. Мәтінді оқып, балаларды суреттеген сөйлемдерді көшіріп жазу.
ҮІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? Сипаттау мәтіні дегеніміз не? Сипаттау мәтіні не үшін қажет?
Бекітемін:_________________________
