Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ЖНЕ СЙЛЕУ Й ЖМ.СЫЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
247.69 Кб
Скачать

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:_____________

Тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.Балалар, күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1)сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Сөйлегенде біз не естиміз? Дыбыстардан не құралады? Сөздерден ше?

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш сөзін жаздырту.

6-жаттығудағы Өлеңді мәнерлеп оқыту. Өлеңнен баланың қуаныш сезімін білдіретін бөлікті көшіріп жазу.

Балақай мен қалақай

Саяхаттап көрдік қыр,

Қырға бардық, тердік гүл.

Айқайлады балақай?

- Алақай –ау, алақай!

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

8-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.

Еркебайдың өзгеруіне не әсер етті?

9-жаттығу. «Тіл – адам сезіміне әсер етуші құрал» тақырыбында шаршы топ алдында сөйлеуге дайындау. Ол үшін:

  1. Жоспар құру

  2. Не сөйлейтініңді құрған жоспарыңа сәйкес ретте.

  3. Сөйлейтін сөзіңді түсінікті, мәнерлі жеткізуге тырыс.

  4. Сөйлегенде қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді қолдануды ұмытпа.

1 0-жаттығу. «Мақалдың жалғасын тап» ойыны.

  1. Сөз сүйектен өтеді, Тас жармаса, бас жарады.

  2. Ішімдегінің бәрі – тілімде, Таяқ еттен өтеді.

  3. Тіл тас жарады , Тілімдегінің бәрі - түрімде

ІҮ. Бекіту: 11- жаттығу. Төмендегі бейнелерге қарап, қандай көңіл күйлерді байқай аласың?

Әр бейнеге байланысты қызықты уақиға құрастырып көр.

Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөйлем неден құралады? Дыбысты біз не істейміз?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:______________

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.Балалар, күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1)сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Бб Бб Бб Балапансөзін жаздырту.

1-жаттығу. Көңіл күй лебіздері мен олардың атауларын сәйкестендір.

Алғыс Аман-саумысыз? Сәлем!

Ассалаумағалайкүм! Сәлеметсіз бе?

Өтіну …. құттықтаймын! …тілеймін.

Құттықтау Алла разы болсын! Рақмет. Көп жаса! өркенің өссін!

Сәлемдесу Жаса-жаса! Айтқаның келсін! Керемет!

Қошемет, қостау, таңдану Сау бол! келесі кездескенше!

Жұбату Айтқаныңды орындайын…

Тілеуіңді тілеймін… Мархабат…

Келісу Әрине… Иә… Мақұл

Қоштасу Өтті кетті… Ештеңке етпес…

Бәрі жақсы болады.

Ой қозғау: Өтіну және келісу сөздерін пайдаланып, өзара диалог құрау.

4-жаттығу. Мәтіндегі ақыл-кеңес кімге қаратылып айтылып отыр: Теледидар ма, әлде Радиоға ма? Мәтіндегі өтіну әдеп сөздерін қатыстырып, парталасыңмен диалог құра. Құраған диалогыңды дәптерге жаз.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ІҮ. Бекіту: 3-жаттығу. Мысалды түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша Теледидар мен Радионы салыстыра сипатта. Қайсысының іс-әрекетін дұрыс емес деп есептейсің? Неліктен?

Ү. Қорытындылау: а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бізге жылу мен жарықты не сыйлайды? Иә, күн сыйлайды. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1)сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Вв Вв Вв Вв велосипедсөзін жаздырту.

5-жаттығу. Мысалды түсініп оқы.

Жер Тауға шағынды.(наразылығын айтып берді)

  • Менің үстімде не боп жатыр? Білемісің? Адамдар аяуды қойды. Бетімді бей-берекет айғыздап бітті. Тұқымдары құрып біткен аң-құстарым мынау. Сұлап жатқан теректерім анау. Өзендерім суалды, теңіздерім құрғады…(суы тартылып кетті) Енді менде не қасиет қалды?!

Жердің көз жасы мөлтілдеп, шық болып құйылды.

Жер жылап жатты…

  • Мен қайтейін, - деді Тау күңіреніп. – Бәрін де көріп тұрмын. Бірақ қолымнан не келеді? Өзімнің де халім мүшкіл.

Тау күрсінді.

  • Мысалдағы негізгі ойды тап. Автор осы мысал арқылы не айтқысы келеді?

  • Қарамен жазылған сөздерді басқа қандай сөзбен алмастырып айтуға болады?

  • Мысалды ары жалғастырып көр. Ол үшін «тау» сөзін «жұбату» сөзімен толықтыр. Үшінші кейіпкерді – Адамды әңгімеге ендіріп, ол туралы айтылатын ой бөлігінде кешірім сұрау сөздерін қолдан.

  • Құраған ой бөлігіңді дәптерге жаз.

7-жаттығу. «Хабар» телеарнасы Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектептің 4-сынып оқушыларынан әдептілік туралы сұхбат алды.

  • Қай жауап саған көбірек ұнады? Дәлелде.

  • Сен де сұхбатқа еніп, өз жауабыңды жазбаша білдір.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ІҮ. Бекіту: 8-жаттығу. Өз әдептілік деңгейіңді тест тапсырмасын орындау арқылы бағала. Сұраққа «иә», не «жоқ» деп жауап бер.

Ү. Қорытындылау: а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?

Бекітемін:_________________________