Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ЖНЕ СЙЛЕУ Й ЖМ.СЫЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
247.69 Кб
Скачать

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.Тілді не үшін мұра етіп қалдырғысы келгенін білгім келеді. Мұның жауабын балалар берсін.

ә) дәптермен жұмыс

Күн ретін жазу. Көркем жазу: Й й Й й Йод

2-жаттығу Мақалдарды түсініп оқы, жатқа жаз

3-жаттығуды Өлеңді көшіріп жаз. Өлең мазмұнын қалай түсінгеніңді айтып бер.

4-жаттығуда. Төмендегі сызба бойынша сөйлеудің әрбір мақсатына байланысты шағын әңгіме құрастырып, дәлел келтір.

ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Сөз тіркесі туралы түсінік беру.Сұрақ қою арқылы сөз тіркесін анықтауды үйрету.

  2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын молайту.

  3. Тәрбиелік: Таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Көрнекіліктері: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөз дегеніміз не? Оның мағынасы туралы не айтуға болады?

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықтағы 1-жаттығудағы суретпен жұмыс. Қарбыз сөзі мен үлкен қарбыз сөз жұбын салыстыру. Мағыналарына, сөз санына назар аудару.

2-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерді салыстыру. Бағанның оң жағындағы сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтау.Бағанның сол жағындағы сөздерден өзгешелігін аңғарту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

3-жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, мағынасын түсіну, қалаған тіркестерді қатыстырып сөйлем құрап жазу, сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету.

4-жаттығу. Мақалды жатқа жазып, сөз тіркестерін табу және дәлелдеу.

Ү. Бекіту: 5-жаттығу. Бірінші сыңары сан есімнен болған сөз тіркестерін табу.

ҮІ. Қорытындылау.

Балалар, бүгін сендермен не үйрендік?

Сөз тіркесі деген не екен?

Сөз тіркесін қалай анықтайды екенбіз?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығын аңғарту, сөз тіркесі қай сөз табынан жасалғандығын айыра білуге дағдыландыру.

  2. Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

  3. Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Көрнекіліктері: сызбалар, топтамалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сөз тіркесі деген не?

Сөз бен сөз тіркесін қалай ажыратамыз?

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс .Күн ретін жазу. Көркем жазу.

7-жаттығу. Сөз бен сөз тіркестерін салыстырып, олардың бір-бірінен ерекшелігін анықтау.

8-жаттығу. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің қай сөз табынан жасалғандығын тапқызу.

9-жаттығу. Сөздермен сөз тіркесін құрау, сөз тіркестерінің байланысын сызбамен көрсету, сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.

Ү. Бекіту: 11-жаттығу. Сызбаға қарап, сөз тіркестері туралы қорытынды жасау.

Мысалы: сызбадағы зат есім + зат есім болса, мектеп ауласы, ағаштың жапырағы деген сияқты , ал сын есім + зат есім болса, жүйрік ат, таза ауа тәрізді мысалдар айтылуы шарт, осы ретпен сызбаның мәнін ашу.

ҮІ. Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөз тіркесі құрамындағы екіншісі сын есім я болмаса етістік болуы мүмкін бе?

Бекітемін:_________________________