- •Картография және топография негіздері
- •Астана – 2016
- •Isbn _____________
- •Геодезия ғылымының мәні және негізгі міндеттері
- •Геодезия ғылымының даму тарихы
- •1.1 Жердің негізгі сызықтары мен жазықтықтары
- •1.2 Жердің пішіні мен мөлшерлері
- •1.3 Координаталар жүйесі
- •1.4 Гаусс проекциясы және оған сәйкес координаталар жүйесі
- •1.5 Жер бетіндегі сызықтарды бағдарлау
- •1.6 Проекция әдісі
- •2.1 Топографиялық пландар мен карталар, көлденең қима-сызбалар және ірі масштабты карталарда қолданылатын масштабтың түрлері
- •2.2 Топографиялық карталардың ішкі картографиялық мазмұнының сипаты
- •2.3 Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. Топографиялық карталардың номенклатурасы
- •1:1 000 000 Масштабты картаның номенклатурасы жеке беттерге бөлудің сызбасы
- •2.4 Топографиялық карталарда қолданылатын координаттар жүйесі. Топографиялық картаның координаттар торлары
- •3.1 Карта арқылы нүктенің географиялық және тік бұрышты координаталарын анықтау
- •3.2 Картадағы сызықтарды бағдарлау
- •3.3 Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін анықтау
- •Картадағы бағыт бойынша профиль сызу
- •3.5 Горизонтальдар арқылы құламаның тіктігін анықтау
- •3. 6 План мен карта арқылы жердің ауданын анықтау
- •IV Тарау. Картография. Картография және оның қолданылуы туралы жалпы мәселелер. Ауылшаруашылығын карталандыру және оның атқаратын міндеті.
- •4.1. Картография туралы анықтама
- •4.2 Карталардың мазмұны
- •4.3.Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау
- •4.4 Карталарды бөлу, жіктеу (классификация)
- •4.5 Картаның математикалық элементтері
- •4.6 Картаның масштабы
- •4.7 Картаның жақтауы
- •4.8 Картадағы жер бедерін бейнелеу
- •4.9 Шартты белгілер және географиялық карталардағы шрифт
- •4.10 Географиялық карталарды жазу
- •4.11 Арнайы карталардың географиялық негіздері
- •4.12 Арнайы карталардағы денелердің сипаты және құбылыстарды кескіндеудің тәсілдері
- •4.13 Картограмма және картодиаграмма
- •4.14 Карта жазудағы негізгі кезеңдер
- •4.15 Картографиялық бастапқы материалдар. Қазақстандағы картографиялық-геодезиялық қызметті ұйымдастыру
- •4.16 Жер бедері (рельеф)
- •4.18 Картаға түсетін ауданды зерттеу
- •4.19 Редакциялық жоспар, картаның бағдарламасы
- •4.20 Құрастыруға дайындық
- •V Тарау. Табиғат жағдайларындағы тақырыптық карталар
- •5.1 Отандағы тақырыптық картографияның пайда болуы және дамуы
- •5.2 Гипсометриялық карталар
- •5.3 Геоморфологиялық карталар
- •5.4 Геологиялық карталар
- •5.5 Климаттық карталар
- •5.6 Гидрологиялық карталар
- •5.7 Топырақ карталары
- •5.8 Геоботаникалық карталар
- •5.9 Зоогеографиялық карталар
- •5.10 Ландшафтты карталар
- •Vі Тарау. Қоғамдық құбылыстар карталары (әлеуметтік – эконмикалық)
- •6.1 Жалпы ережелер
- •6.2 Саяси карталар
- •Саяси - әкімшілік карталар
- •6.4 Әкімшілік карталар
- •6.5 Экологиялық карталар
- •6.6 Экономикалық карталардың сипаттамасы
- •6.7 Өнеркәсіптік карталар
- •6.8 Пайдалы қазбалар орындарының картографиялануы
- •6.9 Энергоресурстарды картографиялау
- •6.10 Транспорттық – экономикалық карталар
- •6.11 Жалпы экономикалық карталар
- •6.12 Басқа әлеуметтік – экономикалық карталар
- •6.13 Тарихи карталар
- •6.14 Теңіз карталары
- •Vііі Тарау. Ауыл шаруашылығының тақырыптық карталары
- •7.1 Тақырыптық картографиядағы жаңа бағыттар
- •7.2 Ауылшаруашылығын картаға түсіру
- •7.3 Жедел – шаруашылық карталарының мәні мен мағынасы
- •7.4 Ауыл шаруашылық карталарын сыныптау жүйесіндегі экологиялық – экономикалық карталар. (сыныпталған жүйелерді қалыптастыру шолуы)
- •7.5 Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы
- •Әдебиеттер
- •010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62а, т.: 39-39-17
1.1 Жердің негізгі сызықтары мен жазықтықтары
Жердің өз осінде айналуынан оның бетінде күн мен түн алмасып, күн тәулігі анықталады. Осы ості /1.1-сурет/ - жердің айналу осі деп атайды. Бұл осьтің жер бетімен қиылысатын екі нүктесі – Солтүстік және Оңтүстік полюстар деп аталынады.
Жердің айналу осін тік бұрыш жасап және оның дәл ортасын кесіп өтетін жазықтықта экватор жазықтығы дейді. Экватор жазықтығы мен жер бетінің қиылысу сызығы – экватор деп аталады. Жердің айналу осі арқылы өтетін жазықтық – меридиан жазығы делінеді де, ал сол жазықтықтың жер бетімен қиылысу сызығы – г е о г р а ф и я л ы қ м е о г р а ф и я л ы қ м е р и д и а н деп аталынады. Халықаралық келісім бойынша Лондон жанындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан бастапқы /бірінші не нольдік/ меридиан деп аталынады.
Сурет 1.1
Экваторлық жазықтыққа параллель жазықтықтардың жер бетімен қиылысу сызықтарын параллельдер деп атайды. Ауырлық күшінің әсерінен жердің центріне бағытталған сызық – тіктеуіш сызық деп аталынады және ол негізгі координаталық ось Z (H) болып есептелінеді.
1.2 Жердің пішіні мен мөлшерлері
Жер - күн жүйесіндегі планеталардың бірі. Жер қыртысы әртүрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігін /29 %/ құрлық, ал 71 %-ын дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Сол жер беті үшін шамамен дүниежүзілік мұхит және теңіз суларының тыныш жағдайдағы сәйкес келетін д е ң г е й беті алынады. Құрлық астынан ойша жүргізілген мұндай бет тұйық фигура жасайды және кез келген нүктесінде жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызықтардың тікбұрыш жасап қиып өтеді. Осы деңгей бет геоид деп аталынады /геоид- гректің ge - жер және daio - бөлу/ деген сөздерінен алынған. Жер бетінің әрбір нүктесінің өз деңгей беті бар. Мысалы, мұхиттық деңгей бетке А – нүктесі арқылы жүргізілген параллель жазықтық А нүктесінің деңгейлік беті деп аталынады т.б.
Сурет 1.2
Қазақстанда орташа деңгей бет үшін Балтық теңізіндегі Кронштадт Футштогінің нолі алынады, оны бізде Балтық теңізінің деңгей беті деп атайды.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңынан алған әсерінен жер /геоид/ шарға емес, айналу осінің /РР′/ бағытынша сызылған айналу эллипсоидына /сфероид/ ұқсайды /1.1 – сурет/. Сөйтіп, геодезияда Жердің моделі /пішіні/ ретінде Жер сфероиды алынып, геодезиялық өлшеулердің нәтижелері негізгі деңгей бетке - іс жүзінде, Жер эллипсоидының бетіне проекцияланады.
Жер эллипсоидының мөлшерлерін үлкен дәлдікпен 1940 жылы Ф.Н.Кросовскийдің басқаруымен орыс ғалымдары анықтады. Оның үлкен жарты осі а=6378245 м, кіші жарты осі в=6356863 м; және сфероидтың қысыңқылығы α =(а-в)/а=1:298,3.
Бұл өлшеулер Министрлер кабинетінің 1946 жылғы қаулысы бойынша еліміздегі барлық геодезиялық және картографиялық жұмыстарға енгізіліп, Жер-эллипсоиды «референц-эллипсоид» деп аталынатын болды.
1960 жылы Жердің үш жасанды серіктерін бақылаудың нәтижесінде сфероидының қысыңқылығы α =1:298,2-ге тең екендігінің АҚШ-та ұшырылған Жердің 13 жасанды серіктерін бақылау арқылы /1962/ α=1:238,31-ге тең екендігінің анықталулары Красовский өлшеулерінің дүниежүзілік маңызы барлығының айқын дәлелі.
