Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баубек жана.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.72 Mб
Скачать

4.13 Картограмма және картодиаграмма

Картодиаграмма дегеніміз – картада диаграмманың көмегімен қандай да бір құбылыстың орналасуын кескіндеу тәсілі. Атап айтқанда, территориялық бөліністің ішінде орналасқан дененің десек қателеспейміз. Картодиаграмма көбінесе, кеңістіктегі егіс көлемін, мал санын т.б көрсетуге қолданады (Сурет 4.39).

Сурет 4.47

Кар­то­ди­аг­рам­ма

Картографиялық кескіндеу кезінде бұл тәсілдер берілген есепке байланысты жүреді.

Дерек кезінде, картаға дененің, немесе географиялық құбылыстың дерегін, немесе анықтамасын, яғни оны жан-жақты сипаттайтын ақпар жатады. Мысалы, егіс көлемі (га) мал саны, т.б бір құбылыстың немесе географиялық дененің анықталған жер көлемі (территория) негізінде картада кескінделеді.

Картограмма географиялық дене немесе құбылыстың түрлі бояулармен, оның қою сұйықтығы мен және белгілі бір жерден алатын орнымен, сол құбылыс, дененің мәнін ашып крсетеді.

Картодиаграммадан картографияның айырмашалығы, катрограмма, картаға түсетін денелердің тек қана өзіне қатысты көрсеткіштері арқылы ғана бейнелейді. Мысалы, жекелеген аудандар бойынша егіс көлемін анықтау үшін, сол ауданның егіс көлемі мен жалпы жер көлемінің пайыздық қатынасын пайдаланады.

Кез-келген дақылдың таралу көлемі мен барлық егіс көлеміне пайыздық қатынасы арқылы шығарылады.

Бояудың қоюлығын, немесе жекелеген жер көлемінінің түрлі сызықтарын (штриховка) алдын-ала талғданған бірлік бойынша, шкаламен таңдайды.

Картограмманың жақсы жағы, оның көрнектілігімен кескіндеудің қарапайымдылығында. Дегенмен, мұның да жетімсіз жағы бар. Мысалы, жер көлеміндегі болатын құбылыстың тең жағдайда шындыққа сәйкес келмейді.

Картодиаграммада денелердің орналасуы және мөлшері, диаграммалық белгілермен (куб, шар, квадрат т.с.с) беріледі. Олар, масштаб бойынша орналасады, және көлеміне сәйкестендіреді.

Қтаграммаға қажетті фигура өлшемнің өзгеру амплитудасына байланысты болады. Территориялық бірліктерді бірнеше диаграммалық фигураларға орналастырып, уақыт ағымын белгілеуге болады.

Картодиаграмма үшін, диаграммалық бірлікке енгізілген мөлшерді анықтайды.

4.14 Карта жазудағы негізгі кезеңдер

Карта шығару ісі жан-жақтылықты қажет етеді. Бұл мәселені негізінен екі бағытқа бөлуге болады:

1.Далалық

2.Камералдық бағыттар.

Бірінші бағытқа геодезиядық өлшеулер, даладағы түсіру және басқа жұмыстар негіз болады.

Камералдық бағытқа, түсіретін дайын материалды және карталарды пайдалана отырып, карта жасау жатады.

Камералдық карта щығару ісіне үш кезеңге жатқызуға болады.

1. Редакциялық дайындық жұмыстары, яғни картаның редакциялық жоспары.

2. Қажетті түп нұсқалардың жиынтығы

3. Картаны шығаруға дайындау, сөйтіп картаны шығару

Аталған жұмыстардың күрделілігі, бұл жұмысқа түрлі сала мамандарының қатысуы: картограф-редакторлар, картограф-өрнектеушілер, құрастырушылар, баспагерлер т.б.

Редактордың басқа мамандардан айырмашылығы жоғарыда аталған үш кезеңнің үшеуінен де қатысады.

Сөйтіп, карта мазмұнытолық болуын өлшемдердің дәлдігін оның көрнектілігін қамтамасыз етуге атсалысады.

Дайындық жұмыстары, картаға түсетін денені зерттеуден сөйтіп оны түсіруден басталады. Бір мезгілде жинақтау жұмысына кірісу, дерек көздерін, картаға қажетті материалды бағалау, оларды бір жүйеге келтіру т.с.с. Осы жұмыстармен бір кезеңде редакциялық жоспар немесе бағдарлама қоса талданады.