- •Картография және топография негіздері
- •Астана – 2016
- •Isbn _____________
- •Геодезия ғылымының мәні және негізгі міндеттері
- •Геодезия ғылымының даму тарихы
- •1.1 Жердің негізгі сызықтары мен жазықтықтары
- •1.2 Жердің пішіні мен мөлшерлері
- •1.3 Координаталар жүйесі
- •1.4 Гаусс проекциясы және оған сәйкес координаталар жүйесі
- •1.5 Жер бетіндегі сызықтарды бағдарлау
- •1.6 Проекция әдісі
- •2.1 Топографиялық пландар мен карталар, көлденең қима-сызбалар және ірі масштабты карталарда қолданылатын масштабтың түрлері
- •2.2 Топографиялық карталардың ішкі картографиялық мазмұнының сипаты
- •2.3 Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. Топографиялық карталардың номенклатурасы
- •1:1 000 000 Масштабты картаның номенклатурасы жеке беттерге бөлудің сызбасы
- •2.4 Топографиялық карталарда қолданылатын координаттар жүйесі. Топографиялық картаның координаттар торлары
- •3.1 Карта арқылы нүктенің географиялық және тік бұрышты координаталарын анықтау
- •3.2 Картадағы сызықтарды бағдарлау
- •3.3 Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін анықтау
- •Картадағы бағыт бойынша профиль сызу
- •3.5 Горизонтальдар арқылы құламаның тіктігін анықтау
- •3. 6 План мен карта арқылы жердің ауданын анықтау
- •IV Тарау. Картография. Картография және оның қолданылуы туралы жалпы мәселелер. Ауылшаруашылығын карталандыру және оның атқаратын міндеті.
- •4.1. Картография туралы анықтама
- •4.2 Карталардың мазмұны
- •4.3.Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау
- •4.4 Карталарды бөлу, жіктеу (классификация)
- •4.5 Картаның математикалық элементтері
- •4.6 Картаның масштабы
- •4.7 Картаның жақтауы
- •4.8 Картадағы жер бедерін бейнелеу
- •4.9 Шартты белгілер және географиялық карталардағы шрифт
- •4.10 Географиялық карталарды жазу
- •4.11 Арнайы карталардың географиялық негіздері
- •4.12 Арнайы карталардағы денелердің сипаты және құбылыстарды кескіндеудің тәсілдері
- •4.13 Картограмма және картодиаграмма
- •4.14 Карта жазудағы негізгі кезеңдер
- •4.15 Картографиялық бастапқы материалдар. Қазақстандағы картографиялық-геодезиялық қызметті ұйымдастыру
- •4.16 Жер бедері (рельеф)
- •4.18 Картаға түсетін ауданды зерттеу
- •4.19 Редакциялық жоспар, картаның бағдарламасы
- •4.20 Құрастыруға дайындық
- •V Тарау. Табиғат жағдайларындағы тақырыптық карталар
- •5.1 Отандағы тақырыптық картографияның пайда болуы және дамуы
- •5.2 Гипсометриялық карталар
- •5.3 Геоморфологиялық карталар
- •5.4 Геологиялық карталар
- •5.5 Климаттық карталар
- •5.6 Гидрологиялық карталар
- •5.7 Топырақ карталары
- •5.8 Геоботаникалық карталар
- •5.9 Зоогеографиялық карталар
- •5.10 Ландшафтты карталар
- •Vі Тарау. Қоғамдық құбылыстар карталары (әлеуметтік – эконмикалық)
- •6.1 Жалпы ережелер
- •6.2 Саяси карталар
- •Саяси - әкімшілік карталар
- •6.4 Әкімшілік карталар
- •6.5 Экологиялық карталар
- •6.6 Экономикалық карталардың сипаттамасы
- •6.7 Өнеркәсіптік карталар
- •6.8 Пайдалы қазбалар орындарының картографиялануы
- •6.9 Энергоресурстарды картографиялау
- •6.10 Транспорттық – экономикалық карталар
- •6.11 Жалпы экономикалық карталар
- •6.12 Басқа әлеуметтік – экономикалық карталар
- •6.13 Тарихи карталар
- •6.14 Теңіз карталары
- •Vііі Тарау. Ауыл шаруашылығының тақырыптық карталары
- •7.1 Тақырыптық картографиядағы жаңа бағыттар
- •7.2 Ауылшаруашылығын картаға түсіру
- •7.3 Жедел – шаруашылық карталарының мәні мен мағынасы
- •7.4 Ауыл шаруашылық карталарын сыныптау жүйесіндегі экологиялық – экономикалық карталар. (сыныпталған жүйелерді қалыптастыру шолуы)
- •7.5 Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы
- •Әдебиеттер
- •010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62а, т.: 39-39-17
Геодезия ғылымының даму тарихы
Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені әлемге аян. Сол себепті жерді зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде жерді «Геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, география, геофизика, геоботаника, геометрия, геомеханика және тағы басқалар.
Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, жер өлшеу мәселесі қоғамның даму тарихына байланысты. Қоғам тарихының әр дәуірінде жер кәсібінің дәрежесі де әртүрлі сатыда болып отырды. Адам қоғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу түріне байланысты. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезиямен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезеңдерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша тоқталамыз.
Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Солардан мысал келтірелік. Б.з.б. 6 ғ. Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық Өлшенулер қолданылған. Ежелгі Мысыр /Египет/ елінде орасан зор құрылыстар салынған. Мысалы Египет патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Египет пирамидалары «әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мұндай құрылыстарды салу арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес.
Біздің заманымыздан 4 ғ. бұрын өмір сүрген грек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер геометрия ғылымын ойлап шығарды» - деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия» деп атаған. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым – Аристотель жер өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған.
3 ғ. өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен гадустық өлшеулердің көмегімен жер радиусын анықтаған.
Бұдан кейін геодезия Үндістан, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін сақталып қалған ірі құрылыстар қатарында жататындар мыналар: Индияда – Чанрагута, Қытайда – Ұлы қорған /қабырға/, Жапонияда – Тодайдзи, Индонезияда – Боробудудр, Арабияда – Құдыс, Медина, Бағдат. Кейнгі Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша құрылыстар қатарына жататындар мыналар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Қожа Ахмет Йассауй мавзолейі, Ұлықбек обсерваториясы және т.б.
Айтылған құрылыстар сол дәуірдегі жоғары дәрежелі мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғары мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу ғылымы да өзіндік роль атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі де дамып, жетілді.
Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельден кейінгі дүние жүзінде білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» атанған данышпан, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әль-Фараби /870-950 ж.ж/ геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия ғылымы адамзат алыс орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын, бір затпен екінші заттың ара қашықтығын, биіктігін, теңдігін, мысалы: ағаштың, үйдің биіктігін, өзеннің тереңдігін анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылды» - деген. Ал «Алмагеске түсініктеме» атты кітабының «сфералық астрономия» деген таруында астрономия мен география мәселелерін математикалық жолмен шешудің жеңіл әдістерін ұсынады. Мысал: Айдың радиусын, жер бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың параллаксін және т.б. анықтау. Осы мыңжылдықтың бас кезіндегі геодезиялық өлшеулер туралы Орта Азия мен Шығыстың ұлы ғалымы Абу Райхан Бируни /973-1050 ж.ж/ үлкен мұра қалдырды. Г. Галилей жасаған көру дүрбісінің /1609 жылы/ көмегімен жүргізілген геодезиялық өлшеулердің дәлдігі жоғары болды. 17 ғ. И. Ньютон өзі ашқан бүкіләлемдік тартылыс заңының көмегімен Жердің шар емес, айналу осінің бағыты бойынша сызылған эллипсоид екенін дәлелдейді.
Ресейдегі геодезиялық жұмыстар 18 ғасырда, Ресейде ғылымдар академиясының ашылуынан басталды. 1701 жылы Петр I жарлығы бойынша «Математика және навигация» мектебі ашылды. Сол жылдары Ремезовтың «Үлкен сызба кітабы» атты атласы жасалған.
1739 жылы Ресейде географиялық департамент құрылып, 1758-1765 ж.ж орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов оның жетекшісі болды. Сол кезде геодезистерді дайындайтын оқу орындары ашылып, геодезиялық аспаптар шығарыла бастады.
Қазан революциясы геодезияның дамуына жаңа дәуір ашты. Жоғары геодезиялық басқарма құру жөнінде В.И.Ленин қол қойған декрет 1919 жылы жарияланды. Одан кейін геодезиялық жұмыстарды ғылыми түрде жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институты және мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары, факультеттер іске қосылды.
Геодезия ғылымының дамуына орыс ғалымдарының /Ф.Н.Красовский, М.С.Молденский, А.А.Изотов, А.С.Чебатарев және т.б./ қосқан үлестері айтарлықтай.
Геодезия ғылымының кең байтақ Қазақстанда алатын орны зор және одан әрі өркендеуіне жақсы жағдай бар деп білеміз. Оған Қазақстанда геодезиядан мамандардың даярлануы тұңғыш Қазақстанның «Қазақ геодезиясы» комитетінің, ондағы жетекші мамандар мен ғалымдардың /В.З.Остроумов, К.Б.Қалабаев, Б.С.Қасенов және т.б./ Республикамызда геодезияның одан әрі дамуына мүмкіндік жасап атқарып жатқан үлесті жұмыстары айқын дәлел.
І Тарау. Топография және геодезия негіздері
