Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баубек жана.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.72 Mб
Скачать

4.20 Құрастыруға дайындық

Құрастыру жұмыстарының тәртібі карта жасау саласындағы ең басты, ғылыми-техникалық құжат, жоғарыда сөз болған, редакциялық жоспар (бағдарлама) материалдардың дайындалуы редакцияның технологиялық жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Дайындық және оның тәсілдері, топографиялық карталарға арналған арнайы нұсқауларда толық және жан-жақты көрсетілген. Фотомеханикалық тәсілде, негізгі материалдар фотоға түсіру арқылы дайындалады. Осы тәсіл негізінен кең тараған. Негізгі материалдарды алдын-ала дайындайды, қалыпты өлшейді, түйінді нүктелерді, басқа элементтерді мұқият тексереді. Қажетті шараларды дұрыс қолданса, техникалық жағынан жақсы жабдықталған кәсіпорындар бойынша материалдарды суретке түсіру қиындық туғызбайды.

Жаңа технологиялық, сүзгілерді қолдану көбейту немесе қайта түсіру (репродукция) сияқты жұмыстар, тіпті айтарлықтай кішірейгеннің өзінде, фото көшірмеден кекіндердің бейнесін алуға әбден болады. Оның сыртында, жасыл және көк түсті де кәсіпорын толық жабдықталмас, онда материалдарда, өзеннің жасыл сызығын жиірек көтеру керек. Кейбір сызықты қоюлатып, басылған элементтерді қайта толтырып т.б. жұмыстарды істеген жөн.

Картаны құрастыру, картографиялық негіздердің координаттарын есептеп шығарудан, түйінді нүктелерді есептеуден басталады. Картографиялық қалыпты (сетки) құруда ауытқу болмауы қажет. Картографиялық материалдарды карта құрауға дайындау қатаң жүргізіледі. Оның мазмұны көшірілгенде түп нұсқадан ауытқымауы керек.

Түп нұсқаны қалыптастыру оның көшірмесін алу ғана емес, картографиялық кескіндерді жаңа бейнеге айналдыру, яғни карта қалай жобаланса, содан ауытқымау.

Бұл карта құру, техникалық тәсілдермен және топтап қортындылау әдістермен, редакциялық жоспардың негізінде жүзеге асырылады.

Картаны басапға дайындау үшін, белгіленген тәртіпке бағынып, құрастыруға арналған түп нұсқаны дайындап, қорытындыланған материалдарды қамтамасыз ету үшін басқа да шараларды жүзеге асырады.

Элементтер бойынша, топографиялық карталардың құрастыруға арналған түп нұсқаларын қалыптастырудың төмендегідей реттері белгіленген:

- гидрографиялық қалып, елді мекендер, жер бедері (рельеф) мемлекеттік, әкімшіліктік деңгейдегі шекара бөліністері, топырақ, өсімдік жамылғылары т.б

Бұл тәртіп, картографиялық материалдардың жағдайына, аудандардың ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Карта жасау жұмысына кірісер алдында төмендегідей мәселелерді есте ұстау керек:

  • редакциялық жоспарға түп нұсқаның мазмұны сәйкес келгені жөн;

  • суреттер, шартты белгілер, белгіленген үлгіден ауытқымайды;

  • картографиялық белгілерді, шрифтерді ұтымды орналастыру;

  • жазулардың, суреттердің көлемі шрифтің белгіленген үлгісіне сәйкестендеріледі.

  • түп нұсқаның дәлдігіне және барныша анықтығына назар аударып, безендіру жұмыстары жүргізіледі.

Карта шығару ісінде, онымен карта құрастырушы айналысады. Ал ғылыми-техникалық жетекші жұмысты картограф – редактор атқарады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Картографиялық зерттеу әдісінің географиялық шындықты оқып үйренудегі анықтаудағы маңызын анықтаңыз?

  2. Картографиялық үлгілеудің мәнін, табиғи және әлеуметтік экономикалық құбылыстардың динамикасы мен дамуын анықтаудағы алатын орнын ашып көрсетіңіз?

  3. Карталардың сапасын талдаудың қандай бағыттары мен бағалау қағидалары негізгі болып табылады?

  4. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардың көмегін қандай картометриялық және морфометриялық есептер шығаруға болады?