- •Картография және топография негіздері
- •Астана – 2016
- •Isbn _____________
- •Геодезия ғылымының мәні және негізгі міндеттері
- •Геодезия ғылымының даму тарихы
- •1.1 Жердің негізгі сызықтары мен жазықтықтары
- •1.2 Жердің пішіні мен мөлшерлері
- •1.3 Координаталар жүйесі
- •1.4 Гаусс проекциясы және оған сәйкес координаталар жүйесі
- •1.5 Жер бетіндегі сызықтарды бағдарлау
- •1.6 Проекция әдісі
- •2.1 Топографиялық пландар мен карталар, көлденең қима-сызбалар және ірі масштабты карталарда қолданылатын масштабтың түрлері
- •2.2 Топографиялық карталардың ішкі картографиялық мазмұнының сипаты
- •2.3 Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. Топографиялық карталардың номенклатурасы
- •1:1 000 000 Масштабты картаның номенклатурасы жеке беттерге бөлудің сызбасы
- •2.4 Топографиялық карталарда қолданылатын координаттар жүйесі. Топографиялық картаның координаттар торлары
- •3.1 Карта арқылы нүктенің географиялық және тік бұрышты координаталарын анықтау
- •3.2 Картадағы сызықтарды бағдарлау
- •3.3 Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін анықтау
- •Картадағы бағыт бойынша профиль сызу
- •3.5 Горизонтальдар арқылы құламаның тіктігін анықтау
- •3. 6 План мен карта арқылы жердің ауданын анықтау
- •IV Тарау. Картография. Картография және оның қолданылуы туралы жалпы мәселелер. Ауылшаруашылығын карталандыру және оның атқаратын міндеті.
- •4.1. Картография туралы анықтама
- •4.2 Карталардың мазмұны
- •4.3.Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау
- •4.4 Карталарды бөлу, жіктеу (классификация)
- •4.5 Картаның математикалық элементтері
- •4.6 Картаның масштабы
- •4.7 Картаның жақтауы
- •4.8 Картадағы жер бедерін бейнелеу
- •4.9 Шартты белгілер және географиялық карталардағы шрифт
- •4.10 Географиялық карталарды жазу
- •4.11 Арнайы карталардың географиялық негіздері
- •4.12 Арнайы карталардағы денелердің сипаты және құбылыстарды кескіндеудің тәсілдері
- •4.13 Картограмма және картодиаграмма
- •4.14 Карта жазудағы негізгі кезеңдер
- •4.15 Картографиялық бастапқы материалдар. Қазақстандағы картографиялық-геодезиялық қызметті ұйымдастыру
- •4.16 Жер бедері (рельеф)
- •4.18 Картаға түсетін ауданды зерттеу
- •4.19 Редакциялық жоспар, картаның бағдарламасы
- •4.20 Құрастыруға дайындық
- •V Тарау. Табиғат жағдайларындағы тақырыптық карталар
- •5.1 Отандағы тақырыптық картографияның пайда болуы және дамуы
- •5.2 Гипсометриялық карталар
- •5.3 Геоморфологиялық карталар
- •5.4 Геологиялық карталар
- •5.5 Климаттық карталар
- •5.6 Гидрологиялық карталар
- •5.7 Топырақ карталары
- •5.8 Геоботаникалық карталар
- •5.9 Зоогеографиялық карталар
- •5.10 Ландшафтты карталар
- •Vі Тарау. Қоғамдық құбылыстар карталары (әлеуметтік – эконмикалық)
- •6.1 Жалпы ережелер
- •6.2 Саяси карталар
- •Саяси - әкімшілік карталар
- •6.4 Әкімшілік карталар
- •6.5 Экологиялық карталар
- •6.6 Экономикалық карталардың сипаттамасы
- •6.7 Өнеркәсіптік карталар
- •6.8 Пайдалы қазбалар орындарының картографиялануы
- •6.9 Энергоресурстарды картографиялау
- •6.10 Транспорттық – экономикалық карталар
- •6.11 Жалпы экономикалық карталар
- •6.12 Басқа әлеуметтік – экономикалық карталар
- •6.13 Тарихи карталар
- •6.14 Теңіз карталары
- •Vііі Тарау. Ауыл шаруашылығының тақырыптық карталары
- •7.1 Тақырыптық картографиядағы жаңа бағыттар
- •7.2 Ауылшаруашылығын картаға түсіру
- •7.3 Жедел – шаруашылық карталарының мәні мен мағынасы
- •7.4 Ауыл шаруашылық карталарын сыныптау жүйесіндегі экологиялық – экономикалық карталар. (сыныпталған жүйелерді қалыптастыру шолуы)
- •7.5 Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы
- •Әдебиеттер
- •010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62а, т.: 39-39-17
4.9 Шартты белгілер және географиялық карталардағы шрифт
Шартты белгілер. Картаға қажетті дүниелерді кескіндемес бұрын, ерекше картографиялық белгілер жүйесі – шартты белгілер қолданылады. Шартты белгіге оның ықшамдылығы, сызуға оңайлылығы, есте жеңіл ұғынуы сияқт талаптар қойылады.
Шартты белгілер қолдану, түрі географиялық денелердің орналасуын көрсетіп қана қоймай, олардың ерекшеліктерін тануға да мүмкіндік береді.
Шарты белгілер түріне қарай негізгі 4 топқа бөлінеді:
1.Нұсқа түріне қарай (контурные);
2.Сызықтық (линейные);
3.Масштабсыз(внемасштабные);
4.Сандық белгілер және жазу.
Нұсқа түріндегі (контур) шартты белгілер картаның масштабына сәйкес денелерді кескіндеуге қызмет етеді. Контурдың ішіне, берілген дененің шартты белгілері қойылады. Сөз болып отырған шартты белгілері орманды, шалғынды, бақша, жайылым сияқт жерлердің белгілері кескінделеді.
Сызықтық (линейные) шартты белгілер жол, байланыс, өзен, шекара сызықтарын белгілеу жатады. Карталарда белгілеуге өте қиындық туғызатын, дирмен, завод, фабрика, құдық тағы басқалар, масштабтан тыс, шартты белгілер деп аталады. Шартты белгілерді нұсқалық (контурные) және масштабтан тыс деп бөлу кей жағдайларда заңдылыққа сыймайды. Мысалы, елді мекендер ірі масштабтағы карталарда контурлық белгілермен кескінделеді. Масштаб кішірейтілген сайын елді мекендер жүйеленіп көрсетіледі.
Ал жалпы географиялық шлоу карталарында масштабсыз шартты белгілермен кескінделеді. Сандық белгілер, көп жағдайда шарты белгілерге қызмет көрсетеді.
Мысалы, елді мекендердегі тұрғындар санын жолдың енін белгілеу т.с.с. Шартты белгілер арнайы кестеде белгіленеді. Оның көлемі (размер) картаның бағдарламасына немесе нұсқау брйынша айқындалады. Жалпы географиялық карталардағы шартты белгілердегі, жер бедеріне сәйкес болады.
Мысалы; су, өзен, көлдер жасыл көк бояумен. Орман, тоғай, бүталы жерлер беткі бедері қоңырмен, темір жол қарамен боялады. Картаның бояуы оның көрнектілігіне және оны жылдам оқуға игі ықпалын тигізеді.
Сурет 4.39 б
Топографиялық картадағы кейбір белгілер
4.10 Географиялық карталарды жазу
Карталарда қолданылатын әріптер тек қана картада әр түрлі географиялық денелерді шартты белгілермен өрнектеу, оны тануға қиындық келтіретіні сөзсіз.
Сондықтан, карталарда қосымша қажетті жазулар беріледі. Картадағы барлық жазулар географиялық денелердің нақты атауына байланысты бөлінеді, яғни түсіндірме және сандық белгілер болып. Нақты атауға мұхит, теңіз, көл, өзен, арық, құрлық, арал, тау жоталары, елді мекен және басқалары жатады. Түсіндірме және сандық белгілер, егер картадағы шартты белгілер дененің толық сипатын бере алмаса ғана қолданылады. Қысқаша айтқанда, түсіндірме жазуды өз кезегінде номенклатуралық атаулардың тізімі деуге болады. Аталған жазулар географиялық денелердің түрін түсіндіреді. Бірақ оның атын аталмайды. Мысалы, шаруа қожалығының аты т.с.с
Түсіндірме жазудағы қысқартылған сөздер, түрлі мәлімет береді. Мысалы, ақ ауылшаруашылық кәсіпорны «КФ» -құс фермасы, «СФ» -сиыр фермасы т.с.с.
Зауыт, фабрикалардың шартты белгілері өндірістің саласын да көрсете алады. Мысалы, шартты белгілермен берілген фабриканың жанына «ағаш» деп жазылса, оның ағаш өңдейтін өндіріс орны болғаны. Сондай-ақ «маш»-машина өндірісі т.с.с
Картада көрсетілген дененің сандық дәрежесі бойынша орналастырылады. Мысалы, ауылдық елді мекендер атауы, сол жердегі үйдің рет нөмірімен көрсетіледі.
Жер бедерін көлденең сызықпен кескіндегенде, сызықтардың арасына, белгілі бір санның мәні жазылады. Шартты белгімен қатар, мысалы көпірдің (ірі масштабтағы) ұзындығы көрсетілген, қанша жүк көтере алатынын нұсқайтын саны көрсетіледі.
Жазудың дәлдік дәрежесі картаның масштабына байланысты. Оның масштабы ірі болған сайын, оған географиялық денелер молырақ сияды. Сондай-ақ, олардың анықтамасы үлкен әріппен жазылады.
Кіші масштабқа ауысқан сайын, шрифтерің көлемі азаяды да, анықтамалық жазулар да қысқырып отырады.
Картадағы анықтама беретін жазулар масштабтың көлеміне байланысты болады. Сондай-ақ, оның мазмұнына да, қай саласына арналғанына да тәуелді. Оның сыртында, картографиялық кескіндеменің көлемінен қаншалықты жазуға орын алғанын байланысты болады.
Атап айтқанда, картаны тез игеріп, жылдам оқу үшін, ондағы жазудың карта көлемін 10-15% аспағаны жөн.
Елді мекендердің атаулары, тәртіп бойынша, осы жердің оң жағына немесе картографиялық тордың параллельінің бойымен немесе картаның солтүстік және оңтүстік шегіне параллель орналастырады. Жазулар шартты белгілейді.
Сонымен қатар, оның яғни жазулардың кескіндермен қиылысуына жол берілмейді. Бұл жол, жазудың қажеттігіне күдік туғызбауы керек. Ірі су қоймаларының, ірі аралдарының, мүйістері мен таусілемдердің атауы жазбалары олардың пішініне сәйкес ұзындық бойымен жазылады. Ұсақ су қоймаларының және аралдардың атауы пішінен (контурные) тыс, параллель бойымен немесе көлденең сызыққа параллель беріледі.
Өзендер атауы мүмкіндікке орай, ағысқа параллель көрсетеді, Тау шыңдары картаның солтүстік және оңтүстік шегіне параллель осы денелерінің орналасқан жерінен оңға қарай орналасады.Жазулар қалай орналастыру туралы нұсқау, карта жасау кезінде пайдаланатын ережеде көрсетіледі.
Жазулар дұрыс орналастырмаса, ол картаны күңгірттендіріп, пайдалану сапасын төмендетеді. Көптеген карталарда жазу қара сиямен жазылады. Сондай-ақ, түрлі-түсті бояу да қолданады.
Картаның ең басына оның атауы жазылады. Ал төмен жағына, дененің жазықтағы кескіні орналастырылады. Ол картада құрастырушының және редактордың аты-жөнінен тұрады. Сондай-ақ, шығарманың атауы, яғни картаны шығарушының қанша беттен тұратыны, таралым саны, бағасы және басқа анықтамалар орын тебеді.
Картаны жарыққа шығарар алдында картографиялық шрифтарды таңдау, оның дәлдігі, мазмұнына үлкен әсер етеді.
Географиялық денелердің анықтама жазулары, картаның жалпы көрінісінен айрықша көрініп тұрғаны жөн.
Сонымен қатар, географиялық денелерінің көлемі және мәніне үндесіп, картаның жалпы мазмұнымен сәйкестік тапқаны дұрыс. Бұл жерде шрифтің суреті, әріптің үлкенді-кішілі көлмі үлкен маңызға ие.
Шрифтердің суреті географиялық денелердің бәрінде біркелкі болмайды.
Карталарда, 5-10 және одан да көп әр түрлі шрифтардың суретін кездестіруге болады. Шрифтерге қойылатын талап, әріптің анықтығы, қарапайымдылығы, тұтастығы түстердің бір-бірінен айқын көрінуі географиялық денелердің жазуының басқа жазбалардан нақты көрінуі.
Жазудағы әріптің көлемі географиялық денелердің көлемімен мәніне байланысты болады. Елді мекендердің атауының жазуындағы әріптің көлемі, сол елді мекеннің мөлшерінен әкімшілік атауымен, тұрғындардың санымен байланыстырылады. Шрифтің және суреттердің көлеміне өзеннің оның қатынасна қаншалықты қолайлылығымен өлшенеді.
Сонымен, картадағы жазулар географиялық денелердің жеке атауларын белгілеп қана қоймай шартты белгілердің де міндетін атқарады.
