- •Картография және топография негіздері
- •Астана – 2016
- •Isbn _____________
- •Геодезия ғылымының мәні және негізгі міндеттері
- •Геодезия ғылымының даму тарихы
- •1.1 Жердің негізгі сызықтары мен жазықтықтары
- •1.2 Жердің пішіні мен мөлшерлері
- •1.3 Координаталар жүйесі
- •1.4 Гаусс проекциясы және оған сәйкес координаталар жүйесі
- •1.5 Жер бетіндегі сызықтарды бағдарлау
- •1.6 Проекция әдісі
- •2.1 Топографиялық пландар мен карталар, көлденең қима-сызбалар және ірі масштабты карталарда қолданылатын масштабтың түрлері
- •2.2 Топографиялық карталардың ішкі картографиялық мазмұнының сипаты
- •2.3 Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. Топографиялық карталардың номенклатурасы
- •1:1 000 000 Масштабты картаның номенклатурасы жеке беттерге бөлудің сызбасы
- •2.4 Топографиялық карталарда қолданылатын координаттар жүйесі. Топографиялық картаның координаттар торлары
- •3.1 Карта арқылы нүктенің географиялық және тік бұрышты координаталарын анықтау
- •3.2 Картадағы сызықтарды бағдарлау
- •3.3 Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін анықтау
- •Картадағы бағыт бойынша профиль сызу
- •3.5 Горизонтальдар арқылы құламаның тіктігін анықтау
- •3. 6 План мен карта арқылы жердің ауданын анықтау
- •IV Тарау. Картография. Картография және оның қолданылуы туралы жалпы мәселелер. Ауылшаруашылығын карталандыру және оның атқаратын міндеті.
- •4.1. Картография туралы анықтама
- •4.2 Карталардың мазмұны
- •4.3.Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау
- •4.4 Карталарды бөлу, жіктеу (классификация)
- •4.5 Картаның математикалық элементтері
- •4.6 Картаның масштабы
- •4.7 Картаның жақтауы
- •4.8 Картадағы жер бедерін бейнелеу
- •4.9 Шартты белгілер және географиялық карталардағы шрифт
- •4.10 Географиялық карталарды жазу
- •4.11 Арнайы карталардың географиялық негіздері
- •4.12 Арнайы карталардағы денелердің сипаты және құбылыстарды кескіндеудің тәсілдері
- •4.13 Картограмма және картодиаграмма
- •4.14 Карта жазудағы негізгі кезеңдер
- •4.15 Картографиялық бастапқы материалдар. Қазақстандағы картографиялық-геодезиялық қызметті ұйымдастыру
- •4.16 Жер бедері (рельеф)
- •4.18 Картаға түсетін ауданды зерттеу
- •4.19 Редакциялық жоспар, картаның бағдарламасы
- •4.20 Құрастыруға дайындық
- •V Тарау. Табиғат жағдайларындағы тақырыптық карталар
- •5.1 Отандағы тақырыптық картографияның пайда болуы және дамуы
- •5.2 Гипсометриялық карталар
- •5.3 Геоморфологиялық карталар
- •5.4 Геологиялық карталар
- •5.5 Климаттық карталар
- •5.6 Гидрологиялық карталар
- •5.7 Топырақ карталары
- •5.8 Геоботаникалық карталар
- •5.9 Зоогеографиялық карталар
- •5.10 Ландшафтты карталар
- •Vі Тарау. Қоғамдық құбылыстар карталары (әлеуметтік – эконмикалық)
- •6.1 Жалпы ережелер
- •6.2 Саяси карталар
- •Саяси - әкімшілік карталар
- •6.4 Әкімшілік карталар
- •6.5 Экологиялық карталар
- •6.6 Экономикалық карталардың сипаттамасы
- •6.7 Өнеркәсіптік карталар
- •6.8 Пайдалы қазбалар орындарының картографиялануы
- •6.9 Энергоресурстарды картографиялау
- •6.10 Транспорттық – экономикалық карталар
- •6.11 Жалпы экономикалық карталар
- •6.12 Басқа әлеуметтік – экономикалық карталар
- •6.13 Тарихи карталар
- •6.14 Теңіз карталары
- •Vііі Тарау. Ауыл шаруашылығының тақырыптық карталары
- •7.1 Тақырыптық картографиядағы жаңа бағыттар
- •7.2 Ауылшаруашылығын картаға түсіру
- •7.3 Жедел – шаруашылық карталарының мәні мен мағынасы
- •7.4 Ауыл шаруашылық карталарын сыныптау жүйесіндегі экологиялық – экономикалық карталар. (сыныпталған жүйелерді қалыптастыру шолуы)
- •7.5 Жедел шаруашылыққа бағытталған ауыл шаруашылық карталарының тақырыбы
- •Әдебиеттер
- •010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62а, т.: 39-39-17
Картадағы бағыт бойынша профиль сызу
Профиль сызу үшін горизонталь масштаб карта масштабына сәйкес алынады, ал вертикаль масштаб 10 есе ірі болып келеді. Қима әлбетте миллиметрлік қағазға сызылады. Картадағы бағыт /АВ/ өзгеріссіз миллиметрлік қағазға түсіріледі де, бағыттың картадағы
План
Профиль А - В
Сурет 3. 32
Горизонтальдармен қиылысқан нүктелері белгіленіп, олардың абсолюттік биіктіктері жазылады /3. 32 – сурет/. Сол нүктелерден биіктіктеріне сәйкес перпендикуляр тұрғызылып, олардың ұштары сызықтармен қосылады, сонда жердің профилі анықталады.
3.5 Горизонтальдар арқылы құламаның тіктігін анықтау
Құлама тіктігі мен ылдилығы мына формуламен анықталады:
ί = tg ٧ = h / d; / 2. 2. /
мұнда h - қима биіктік , белгілі шама;
d – көршілес горизонтальдар ара қашықтығы, тікелей өлшенеді.
/2. 2/ формуласы арқылы әр қатарға тән арнайы графиктер жасалынып, олар картаның сыртқы рамасының төменгі жағына сызылады (Сурет 3.33).
Іс жүзінде беткейдің тіктігін, ылдилығын жоғарыда көрсетіген формуламен әрдайым есептеп жатпай-ақ, мына төмендегі салынды графиктерін пайдаланып оңай табуға болады.
а/ б/
Сурет 3.33
Бұл графикте циркуль - өлшегіш арқылы А және В нүктелері арасындағы салындыға сәйкес беткейдің тіктігі ٧ = 1°30 ' және еңістігі ί = 0,026 көрсетілген.
3. 6 План мен карта арқылы жердің ауданын анықтау
Көптеген инженерлік есептерді шығару үшін жер учаскесінің аудандарын анықтау қажет. Оларды анықтаудың бірнеше тәсілдері бар.
Егер ауданы анықталатын карта бетіндегі учаске геометриялық фигураларға /үшбұрыш, төртбұрыш т. б./ бөлінсе, онда ол учаскенің ауданы сол фигуралардың аудандарының қосындысына тең болады (Сурет 3.34, а).
Ауданы жоғары дәлдікпен палетка арқылы да анықтауға болады. Палетка дегеніміз – бетіне квадраттар торы сызылған жылтыр қағаз (калька). Палетка торының мөлшерін карта масштабына сай етіп алып, өлшенетін учаскенің үстіне салады да, контурға сәйкес келетін палетка торларының санын есептейді (Сурет 3.33 б). Бұл тәсілдің кемшілігі шеткі торлар мөлшерінің көзбен анықталуында.
Сурет 3.34
Картадағы учаскелердің ауданын бұдан да жоғары дәлдікпен анықтау үшін механикалық тәсіл - арнаулы аспап планиметр қолданады (Сурет 3.34, в) планиметр полюстік және айналдыру рычагтарынан тұрады. Планиметрмен ауданды өлшеу кезінде полюстік рычаг карта бетінде бекітіледі де, айналдыру рычагі контур бойынша жылжып отырады. Айналдыру рычагінің бір ұшында есептік дөңгелегі орналасқан. Анықталатын ауданның мәні төмендегі формула арқылы есептеледі:
S = c ( n2 – n1 ); / 2. 3 /
Мұндағы С - планиметрдің ең ұсақ бөлігінің мәні;
n1 және n2 - планиметрдің есептік дөңгелегінен айналдыруға дейінгі (бастапқы) және айналдырудан кейінгі /соңғы/ есептері.
Егер карта бетінде ауданы белгілі бір геометриялық фигура болса онда планиметрмен сол фигураның контурын бірнеше рет айналдыру арқылы оның ең төмендегі формулаға сүйеніп анықтауға болады.
C =Sбел /( n 2 – n 1 )орт. = Sкоор. тор. /( n 2 – n 1 )орт. ; /2. 4/
Әдетте С – ті анықтау үшін картадағы координаталар торын 10 х 10, 5х5 см пайдаланады. Планиметрдің ең ұсақ бөлігінің мәні /С/ айналдыру рычагының ұзындығы мен масштабқа тікелей байланысты.
Бақылау сұрақтары:
Картографиялық жинақтаудың түрлерімен оларға қойылатын негізгі талаптар қандай?
Жалпы географиялық карталарда жер бедерін кескіндеу үшін қандай картографиялық кескіндеу тәсілдері қолданылады?
Тақырыптық картада бейнеленген құбылыстардың сандық және сапалық сипаттарын ашып көрсету үшін қандай картографиялық кескіндеу тәсілдері қолданылады?
Физикалық географиялық тақырыптық карталардың негізгі түрлерін, құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктерін анықтаңыз?
Географиялық атластардың негізгі түрлерін, атқаратын қызметін анықтаңыз?
Мектептің географиялық атластарындағы карталардың математилық негіздеріне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз?
