Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баубек жана.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.72 Mб
Скачать

3.1 Карта арқылы нүктенің географиялық және тік бұрышты координаталарын анықтау

Карталарда географиялық координаталар тобы карта рамасының ішкі жағында қос параллель сызықтармен көрсетілген. Олардың бойлық / λ / және / φ / сейкес минуттық мөлшері қара және ақ бояулармен кезек боялып арнайы шкалаларға бөлінген. Осы шкалаларды өзара қоссақ, карта бетінде әр минут сайын жүргізілген меридиан және параллель сызықтары , яғни географиялық координаталар торы пайда болады.

Карта рамкасының (Сурет 3.28) оңтүстік – батыс бұрышында оның бойлығы / λ=18°00'/ мен / φ=54°00' / көрсетілген. Минуттық рамадан кейін сыртқы, әшекейлік мәні бар рама жүргізіледі. Нүктенің бойлығы /λА/ мен ендігі /φА/ табу үшін сол нүкте арқылы картаның сыртқы рамасымен қиылысқанша параллельдер мен меридиандар жүргізіліп , минуттық рама көмегімен қиылысу нүктесінің географиялық координаталары анықталады. Мысалы:

λ=18°01'10''

φ=54°41'20''

Демек, минуттық раманың көмегімен картадағы кез - келген нүктенің географиялық координаталарын анықтауға болады.

Сурет 3.28№

Нүктенің тік бұрышты координаталары / Х,У/ картадағы километрлік торлар көмегімен анықталады. (3.28 – суреттегі В нүктесі 4 – зонада), экватордан солтүстікке қарай 606,6 км жерде және осьтік меридианның шығыс жағында 310,6 км жерде орналасқан яғни , Хв = 6064,6 км; Ув = 4 310,8 км.

3.2 Картадағы сызықтарды бағдарлау

Сызықтарды бағдарлау дегеніміз – азимуттар, дирекциондық бұрыштар арқылы жүру бағытын, елді – мекендерді, нысананы т. б. таба білу. АВ сызығының дирекциондық бұрышын /αАВ/ анықтау үшін (Сурет 29) километрлік тордың солтүстік бағытынан АВ түзуіне дейінгі бұрышты транспортирмен өлшеу қажет. Егер өлшенген бұрыш 60°-қа тең болса, онда осы АВ түзуінің негізгі және магниттік азимуттарын картаның төменгі жағында көрсетілген үш меридианның өзара орналасу схема – сын пайдалана отырып есептеуге болады (Сурет 3.29).

Сурет 3.29

Яғни АВ сызығының негізгі азимуты /1. 2/ формулаға сәйкес келіп есептеледі.

Сурет 3.30

Ан = 60° - 2°20'= 57° 40 ' – ке тең болады да, магниттік азимуты формуласы арқылы есптеліп Ам = 57° 40' - 6° 00' =51° 40' – ке тең болады. Бұл жерде δ = 6° - магнит стрелкасының бұрылу бұрышы, ал γ = 2°20' меридиандардың өзара жақындасуы бұрышы.

3.3 Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін анықтау

Нүктелердің биіктігін картадағы горизонтальдарға қарап анықтауға болады:

Сурет 3.31

Егер биіктігі анықталатын нүкте (А және В) горизонттальдың тікелей үстіне орналасса, онда оның биіктігі сол горизонталь биіктігіне тең болады (Сурет 3.31), Демек: НА = 125,0 м НВ = 123,0 м.

Ең жиі кездесетін жағдай, ол нүктелердің горизонтальдардың арасына орналасуына. Мысалы: 2.10, а – суретіндегі С нүктесі. Осы нүктенің биіктігін анықтау үшін 2. 10 – суретіндегі δ және В схемасына көз салайық. М – нүктесі 150 және 155 м–лік биктігі горизонтальдар арасында жатыр делік. Осы схемадан М нүктесі арқылы жүргізілген екі горизонтальдың арасын қосатын ең қысқа кесінді (АВ), яғни салынды (заложение) d = АВ және ℓ = ВМ кесіндісін анықтауға болады.

Ал осы АВ кесіндісінің профиліне қарап төменгі 150 м–лік гогризонттальден М нүктесінің биіктігі өсімшесін /h/ есептеп шығаруға болады. 2. 10 , в – суретінде көрсетілген

ВАА 1 және ВММ 1 екі үш бұрыштар арқылы Δ h – тың мөлшерін есептеп шығаруға болады. ВАА 1 және ВММ 1 үшбұрыштарының ұқсастығынан мынадай пропорция жасауға болады:

Δ h / h = ℓ/ h

Осыдан Δ h = (ℓ · h) / d есептеліп шығарылады.

Ал М нүктесінің биіктігі НМ мына төмедегі формуламен анықталады:

Нм = НА + Δ h; / 2. 1 /