Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есеп (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.46 Кб
Скачать

Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық диагностикасы

Әр шаруашылықта жануарлардың ішкі аурулары өте үлкен шығын әкелуі мүмкін, ішкі ауруларды болдырмау өте маңызды болып келеді. Өндірістік машықтануды өту кезінде, «SC FOOD» шаруашылығында да ішкі аурулармен кезіктік. Жас бұзаулар мен жаңа туған төлдерде негізінен жиі кездесетіні диспепсия. Ауру салдарынан бұзаулардың азықтануы нашарлайды, бұл әрине төлдің организмінің резистенттілігіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар үлкен малдарда да, және жас бұзауларда да асқазан- ішек жолдары аурулары (мес қарын тимпаниясы, газ жиналулар, өңештің бітелуі т.с.с )жиі кездеседі. Бұның себебі, әрине, азықтануына тікелей байланысты.

Сонымен қатар тыныс алу жолдары ауруларынан жиі жас малдарда кездесетіні- ринит. Ол негізінен жас малды азықтандыру кезінде түрлі механикалық жаралар, суық тиу, немесе шаң тозаң әсері салдарынан туындауы мүмкін.

Аурулармен қатар машықтану барысында біз анамнез деректерін жинап, малды тіркеу, бекіту сияқты жұмыстар атқардық. Шаруашылықтың артықшылығы, ветеринарлық блок ішінде автоматтандырылған арнайы станоктардың болуы. Яғни малды бекіту үшін артық күшті қажет етпейді. Сонымен қатар әр жайылымда механикалық станоктармен жабдықталған.

Шаруашылықта жаңа туған малды витаминдеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, гиповитаминоз, ақуыз алмасуының бұзылуына жол бермеу, организм резистенттілігін арттыру мақсатында «Витам» витаминді- аминқышқылды кешен енгізіледі. Жалпы, жануардың резистенттілігі төмен болған жағдайда, ол тек қана ішкі аурулар емес, сонымен қатар жұқпалы ауруларға а өте төзімді болады, сол себепті витаминдеуге аса жоғары көңіл бөлінеді.

Ондірістік машықтану өту барысында бақылағаным;

  • Жазғы кезде мал үнемі жайылым жағдайында жүреді, жайылым аумағы үлкен, сол себепті мал түрлі азықпен (шөппен) қоректену кезінде асқазан-ішек жолдарының ауруларына жиі шалдығады

  • Асқазан- ішек жолдарының ауруларын емдеу экономикалық жағынан шаруашылыққа тиімді, себебі азық құрамын өзгертіп, негізінен дәстүрлі ем шараларын қолданады

  • Ал тыныс алу жолдарының ауруларына назар аса аударылмайды. Жеке бақылауым бойынша, көп малда тыныс жолдары аурулары созылмалы түрге өткен, негізінен ем шаралары жүргізілмейді. Тек бұзауларды жайылымнан айдап әкелер алдында тұрақтарға астарына шөп сеуіп қояды

  • Бұзауларды витаминдеу жұмысы жақсы қолға алынған

Ішкі ауруларды шаруашылық қатты бақылауға алмайды. Жас төлдерге витамиднеу жүргізіп, АСД-2 фракциясын береді. Жазда туған бұзауларды витаминдеу, антибиотиктермен егіп, тыныс алу жоларының ауруларын алдын алу шараларын осылай жасайды.

Нәжіс, зәр, асқазан жолдарыңың құрылымдары зертханаға жіберіп, зерттелмейді.

Қосымшалар ____ беттер.

Ветеринарлық хирургия

Өндірістік машықтану барысында ветеринарлық хирургия пәнінен бірталай жұмыстар жасап, үйрендік. Шаруашылық барлық хирургиялық құралдармен, дәрі дәрмектермен қамтылған.

Машықтану кезінде құрал жабдықтарды стерильдеу, малды операцияға дайындау, асептика және антисептика талаптарын қадағалау, новокаин блокадалары, жараның дәрежесін анықтау, тігіс салу т. с. с. жұмыстарды орындап үйрендім.

Ең жиі кездескен аурулар; кератоконъюктивит, абсцесстер, актиномикоздар, жыныс жолдарының жыртылуы, және механикалық жаралар. Шаруашылық асыл тұқымды малды сатумен айналысқандықтан, пішу жұмыстарын шаруашылықта жүргізбейді, Абердин- Ангус тұқымды ІҚМ мүйізсіз мал болғандықтан, мүйіз аурулары да кездескен жоқ.

Кератокоъюктивит кезінде В.В. Авроров бойынша ретробульбарлы новокаин блокадасын салдық. Шаруашылықтың 60 пайызға дейін малы кератоконъюктивитке шалдыққан, олардың ішінде көздері қатты зақымдаоған барлық малдарға ем шаралары кезінде новокаин блокадасы қойылды.

Әртүрлі салдардан ( малшылардың салғырт қарауы, шарбақтардың дұрыс орнатылмауы т.с.с) малдарда көп жағдайда түрлі жарақаттар пайда болады, ол жараларға инфекция енуінен абсцесске ұшырайды. Абсцесстерге өз қолымызбен ем шараларын жасадық, пілте салдық. Немесе кесілген жараға тану жұмыстары жасалды. Жануарлардың бас аумағында, негізінен жақта, актиномикоздарды емдеу жүргіздік.

Негізінен шаруашылықта болған көптеген аурулар хирургиялық жолмен өңделіп, ем жүргізіледі. Барлық хирургиялық құралдар, мнелер, шприцтер стерильденіп, өңделеді.

Қазырғы таңда шаруашылық керекті құрал- саймандармен, дәрі- дәрмекпен, бинт, мақта,антисептикалық ерітінділермен толықтай қамтамасыз етілген.

Барлық жұмыс мал дәрігерінің ңұсқаулығымен жасалып отырды.

Қосымшалар ________беттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]