- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Паразитология және инвазиялық аурулар
- •Ветеринария менеджменті
- •Ветеринарлық – санитарлық сараптау
- •Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық диагностикасы
- •Ветеринарлық хирургия
- •Жануарлар паталогиясы
- •Ветеринарлық акушерлік және гинекология
- •Ветеринарлық фармокология және токсикология
- •Қорытындылар мен ұсыныстар
Ветеринария менеджменті
«SC FOOD» ЖШС шаруашылығында шаруашылықтың және Азат ауылының ветеринариялық қызмет жасайтын мамандары:
Бас маман- Мезинбаев Болат Кусманович
Шаруашылықтың бас мал дәрігері- Белихин В. В
Шаруашылық Зоотехнигі- Фомин А. В
Шаруашылық Вет. Технигі- Камашев Аслан
Азат ауылдық округінің бас мал дәрігері- Смыков Қазбек
Азат ауылының мал дәрігері- Рахимжанов Данияр
Ұрықтандырушы- Айтенов Дамир
Ауылдық округтың бас мал дәрігері шаруашылыққа келіп, міндетті іс шараларды жүргізеді (қан алу, тубиркулиндеу, вакциндеу).
Мал дәрігерлерінің басты міндеттері:
Шаруашылықта жүқпалы ауруларды болдырмау, алдын алу шараларын тиімді жүргізу
Ветеринарлық – санитарлық талаптардың бұзылуын болдырмау
Шаруашылықтан сапалы әрі таза өнім алу
Малдың жарақаттануын болдырмау, аурулардың алдын алу
Міндетті жоспарлы іс- шараларды уақытылы атқару
Қазақстан Республикасының ветеринарлық заңын мұқият сақтау
Мал дәрігерлері Ауылдық округтің Бас мал дәрігерімен келісіп, атқаратын ветеринарлық шараларға бірігіп жоспар құрады. Әр атқарылған жұмысқа АКТ толтырылады. Ауырған малға жасалған емдік шаралар амбулаторлық журналға толтырылады. Мал дәрігерлері өз міндеттерін толығымен атқарады.
Жаңа туған бұзауларға идентификациялық тату салып, ветеринарлық паспорттолтырылады.
Шаруашылықта күнделікті ем шаралар, індетке қарсы шаралар т.с.с жүргізіліп отырады.
Қосымшалар _________ беттер.
Ветеринарлық – санитарлық сараптау
«SC FOOD» ЖШС шарушылығында ветеринарлық- сараптау пәні бойынша, шаруашылық қарамағындағы жекеменшік сойыс бөлімімен таныстым. Ол шаруашылық территориясынан 2 км жерде орналасқан. Негізі шаруашылық етті бағыттағы мал өсіогенімен, мал сойып, ет өткізумен айналыспайды, яғни, малды тірідей сату жұмыстарымен айналысады. Сойыс бөлімі басшылық нұсқауымен етті өткізу керек кезінде, және жұмысшыларды азықтандыру үшін малды сойғанда пайдаланады.
Сырты қоршалған. Басқа малдардың кіруіне мүмкіндік жоқ.Ғимарат бір қабаттан тұрады, ол малды алдын ала тексеру және сою бөлмесінен тұрады. Орталықтандырылған су құбыры бар. Сойыс бөлмесі жарық, қабырғалары сырланған, сәкісі бетондалған.
Жануарды сою туралы үкімді бас маман Мизенбаев Б. К. шығарады, ветеринарлық анықтаманы Азат ауылдық округінің бас мал дәрігері Смыков Қ. береді. Алдымен сояр алдында малдарға клиникалық байқау жұмыстары жүргізіледі. Осы атқару барысында малдың жалпы күйіне ,көзге көрінетін кілегей қабықтарының жағдайына , түсіне назар аудардық. Ал сойғаннан соң сараптау жүргізу кезінде ұшаның дәрежесіне , беткейлік лимфа түйіндеріне, қабырға аралық бұлшықеттеріне көңіл аудардық. Бұлшық еттері жақсы дамыған жерлері финнозға (тілді), ішкі ағзаларды паразитарлық және індеттік аурулардың кезінде болатын негізгі патологиялық өзгерістердің бар-жоғына көз жеткізу үшін мұқият тексерістен өткізеді.
17.08.16 ж. күні, шаруашылықта сойылған мал етін Степногорск каласының Орталық базарының ет бөлімі қарамағындағы зертханаға бардық. Зертхана көлемі 100 м. кв. құрайды. Зертхана ішінде меңгеруші бөлмесі, ет және ет өнімдерін қарау залы, зертханалық зерттеулер жасайтын бөлме, сүт, сүт өнімдерін және бал текскру бөлмесі бар. Зертхана іші барлық ветеринарлық- санитарлық талаптарға сай, базар ішіндегі ет сату орыны гигиеналық талаптарға сай.
Субөнімдер арнайы темір табақшаларда сақталады, әр ет сату орны салқындатқыш камералармен жабдықталған.
Жалпы, шаруашылық барлық ветеринарлық санитарлық талаптарға сай.
