Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есеп (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.46 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе……………………………………………………………3

Індеттану және инфекциялық аурулар…………………………5

Паразитология және инвазиялық аурулар ……………………7

Ветеринария менеджменті ……………………………………..9

Ветеринарлық - санитарлық сараптау………………………..10

Жұқпалы емес аурулардың клиникалық диагностикасы…….11

Ветеринарлық хирургия………………………………………..13

Жануарлар патологиясы………………………………………..14

Ветеринарлық акушерлік және гинекология………………….15

Ветеринарлық фармакология және токсикология……………16

Ветеринарлық гигиена және санитария……………………….17

Қорытындылар мен ұсыныстар………………………………..18

Тіркемелер………………………………………………………20

КІРІСПЕ

Мен, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің, 5 курс студенті, Кажнаби Сымбат. Өндірістік машықтануды Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Азат ауылында, «SC FOOD» ЖШС асыл тұқымды шаруашылықта өттім. Машықтану 05.07.16-02.10.2016жж аралығында өтті.

Шаруашылық негізі 2008 жылы «Корпорация Строй –Контракт» холдингінің аграрлық бағында Жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізінде құрылған. Астана қаласынан 145 км қашықтықта орналасқан. Абердин- Ангус тұқымды ет бағыттағы ІҚМ ұсталынады.

2400 бас малды ұстауға арналған арнайы базалармен қамтамасыз етілген. 2009 жылы үкіметтен 120 миллиард көлемде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін несие алынған соң, щаруашылықтың негізгі бағыты анықталды. Қазақстан Республикасында етті бағытты ІҚМ өсіру үшін, малды ұстаудың 3 технологиясы біріктірілді.

  1. Малды байламай еркін ұстау

  2. Үшжақты қора-жайда(базалар) ұстау ( қора- жайлар үш жағынан қоршалып, алдыңғы қақпасы еркін кіріп- шығу үшін ашық)

  3. Әр қора- жайдың аумағы қоршауға алынып, ішінде малдар емін- еркін жүреді

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының климаттық ерекшелігіне байланысты малдарды жазғы уақытта жайылымдарда бағып ұстау қолайлы. Шаруашылықты орналастыру жерін таңдаған кезде, барлық факторлар негізге алынды, соның ішінде аумағының кеңдігі, эпизоотологиялық жағдайы, Астана қаласынан қашықтығы және т.с.с.

Шаруашылыққа алынар малдың тұқымы да мұқият таңдалды. Малдардың төзімділігі мен ҚР Солтүстік аймағының климаттық жағдайына байланысты Абердин- Ангус тұқымды ІҚМ таңдалды. Бұл тұқымның бұқалары- 900-1200кг дейін, сиырлары- 500-700 кг дейін болады, ал күнделікті салмақ қосуы- бұқашаларда- 1000-1200 г, ал тайыншаларда- 850-1100 г болып келеді.

2011 жыл 11 қазан күні Австралиядан 404 бас 7-9 айлық Ангус тұқымды ұрғашы тайшалар Астана қаласына әкелініп, содан соң шаруашылыққа жеткізілді. Кейін қараша- желтоқсан айларында АҚШ-тан тағы 569 ұрықтанған тайшалар мен 49 өндіруші бұқалар әкелініп, ал 2012 жылы көктемде 540 бас бұзау алынды. 2012 жылдың мамыр айында Канададан 12-14 айлық ұрғашы мал партиясы жеткізілді.Қазіргі таңда шаруашылықта жалпы 2260 бас мал бар.

Шаруашылықтың мақсаты

  • Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын дамыту

  • Сапалы әрі мол өнім алу

  • Қазақстан Республикасының экспорттық жағдайын жақсарту, шет елдерге сапалы өнім шығару

Шаруашылықта жұмыс күші өте тиімді пайдаланады, арнайы малды ұстау технологиясының арқасында көп жұмыскерлерді қажет етпейді, яғни, барлығы дерлік автоматтандырылған. Жұмыс уақыты 8.00- 17.00.

Өндірістік машықтану уақытында біз, шаруашылықтың бас маманы Мизенбаев Болат және бас мал дәрігер Белихин В. В қарамағында болдық.

Өндірісті- машықтану өтудің күгтізбелік жоспары

Ай

Жоспар

Шілде

  1. Шаруашылықпен танысу

  2. Бұзауларға дезинсекция жұмыстарын жүргізу

  3. Мамыр- шілде айлары бұзауларына идентификациялық мөр салу

  4. Инфекциялық кератоконъюктивитке қарсы бұзауларды вакциндеу

  5. Бұзауларды витаминдеу

  6. Ректальды тексеру арқылы қысыр сиырларды бөліп алу

  7. Көз ауруларын емдеу

  8. Күнделікті ем шаралары

Тамыз

  1. Шілде- тамыз айларының бұзауларына мөр салу

  2. Инфекциялы кератоконъюктивитке қарсы бұзауларды ревакциндеу

  3. Бұзауларды витаминдеу

  4. Кератоконьюктивиттерді емдеу

  5. Күнделікті ем шаралары

Қыркүйек

  1. Кератоконьюктивиттерді емдеу

  2. Мал тұратын қора- жайларды толық дезинфекциялау

  3. Бруцеллезге серологиялық реакция жасау үшін қан алу

  4. Туберкулезге аллергиялық реакция қою

  5. Топалаңға қарсы вакциндеу

  6. Қарасанға қарсы вакциндеу

  7. Дегельминтизация жұмысын жасау

Індеттану және инфекциялық аурулар

«SC FOOD» ЖШС шаруашылығында өндірістік машықтануды өту барысында шаруашылықтың індеттік жағдайы жалпы жақсы, аса қауіпті жұқпалы аурулар кездескен жоқ, бірақ, шаруашылықтың ең өзекті мәселесі- инфекциялық кератоконъюктивит. Бұл ауру бірнеше жыл бойы шешімін таба алмай келе жатыр. Шілде айында машықтануға келген кезде солылмалы ауырып келе жатқан малдардан басқа, ауру қарқыны бәсеңдеу болатын, ал тамыз- құркүйек айларында кысқы және жазғы бұзаулардың шамамен 60 пйызға дейіні ауруға шалдыққан. Олардың ішінде екі көзі қатты зақымдалған немесе кормей қалғандары да бар. Аурумен күресу үшін «Moraxella bovis бактериялары және 1 типті герпес вирус антигені негізінде жасалған инфекциялық кератоконъюктивитке қарсы ассоцирленген вакцина» қолдануды бастады. Көздері қатты зақымдалған малдарға В.В. Авроров бойынша ретробульбарлы новокаин блокадасы қойылады, кең спекторлы микропқа қарсы ұнтақтар мен жақпа майлар қолданылады.

Басқа індеттік аурулар кездеспегенімен, жыл сайын сақтық шаралар жүргізіліп отырады.

  • Жылына 2 рет бруцеллезге серологиялық зерттеулер жасау үшін қан алынады.

  • 2 айдан асқан барлық малға туберкулезге тексеру мақсатында туберкулиндеу жұмыстары жүргізілері. Ол үшін сүтқоректілерге арналған тазартылған ППД туберкулині қолданды.

  • Жылына екі рет Сібір жарасына қарсы 55– МВжМБҒЗИ штамынан әзірленген СТИ тірі вакцинасы егіледі

  • Қарасанға қарсы концентрленген гидрооксиалюминді формолвакцинасы егіледі

  • Пастереллез, салмонеллез, парагрип-3 және инфекциялық ринотрахеитке қарсы қансарысуы егіледі

  • ИНфекциялық ринотрахеит, парагрип-3, вирусты диарея және пастреллезге қарсы Комбовак вакцинасы егіледі

Жылына екі рет жалпы дезинфекция (мал жайылымға кетерде және келерде) жұмыстары жүргізіледі және егер жоспардан тыс малды жайылымнан әкелетін болса дезинфекция жүргізіледі. Ол үшін Ган дезинфектанты қолданылады.

Індетке қарсы шаралар жоспарын шаруашылықтың бас мал дәрігері Белихин В. В ауылдық вет.инспектормен келісіп бірге жасайды.

Өндірістік машықтану кезінде біз жоғарыда аталған барлық жұмыстарды өз қолымызбен жасап үйрендік, университет қабырғасында алған білімімізді практика жүзінде бекіттік. Әр шаруашылық өз бағытына қарай, жұмыс жасау ерекшеліктері, теориялық біліміміз бен практикалық іс- шаралар арасында өзгешеліктер болатынына көзіміз жетті.

Қосымшалар ________ беттер.

Паразитология және инвазиялық аурулар

Өндірістік машықтану өту кезінде шаруашылық малдарының арасында инвазиялық аурулардан жиікездескені ол Вольфартиоз. Бұл ауру жиі жайылымдағы қоршауларға жарақаттануы салдарынан, сирек туу кезінде жыныс мүшелерінің жарақатына Вольфарт шыбындары салған балаңқұрттардан пайда болады. Әр жағдайға байланысты, бұл ауруды емдеген кезде механикалық тазалау да, және Вольфазоль спрей қолданылады, Вольфарт балаңқұрттары өлген соң Кубатол Пикс аэрозолімен жараны өңдейді.

Сонымен қатар жиі кездесетін жайылымның иксодид кенелері. Олар негізінен жайлаған жерлері- алқым асты және малдың арқа тұсында. Кенелерді түсіру үшін Ивермек- гель препаратымен өңдедік.

Барлық малдарға Ивермек препаратымен дегельминтизация жұмысы жүргізілді (1 мл- 10 кг). Жалпы шаруашылықта дегельминтизация жылына екі рет, жайылымға шығарда және жайылымнан келер алдында 2 апта бұрын жүргізіледі. Дегельминтизация жұмыстарының нәтижесінде негізінен шаруашылықта инвазиялық аурулар кездеспейді.

Жайылымдағы иттерде Отодектоз ауруы жиі байқалды. Бұл аурумен күресу үшін «БАРС» кұлақ тамшыларын қолдандық.

Және біз кератоконъюктивит ауруы, телязиоз салдарынан болуы мүмкін деген (шілде айында өршу кезінде) жорамал жасадық. Бірақ, мал дәрігері телязиоз ауруына ешкандай ем шарасын жүргізбеді.

Шілде айының басында дезинсекция жұмыстарын жүргіздік. Ол үшін «Безфенольный каменноугольный Креолин для ветеринарного применения» қолдандық.

Жалпы машықтану кезінде бақылағаным

  • Шаруашылықта дезинсекция жұмыстары үшін тиімділігі төмен Креолин қолданылады, ал көз ауруларын емдеген кезде « Дегеоть Берестовый» қолданады

  • Дегельминтизация үшін Ивермек препаратымен жүргізіледі

  • Киды қи қоймасына шығарып, биотермиялық жолмен өңдейді

Машықтануды өткен кезде тк шарушылық аумағында болғандықтан, басқа да мал түрлерімен жұмыс жасауға мүмкіндік болмады. Негізінен жаз уақытында жиі кездесетін ауруларынемдеу және күресу жолдарын үйрендік. Шаруашылық малдары толығымен дегельминтизацияланған, сол себепті гельминтоздар тудыратын аурулармен кездескен жоқпыз.

Негізі шаруашылықта инвазиялық ауру салдарынан өлім болған жоқ және жалпылама инвазиялық ауруларға шалдығу тіркелген жоқ.

Қосымшалар _________ беттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]