- •Қатерлі ісікті емдеу жолдары әр түрл і, олардың өзіне тән қағидалары бар.
- •Қатерлі ісікті сәулелік әдіспен емдеу қағидалары
- •Қатерлі ісікті химиопрепараттармен емдеу қағидалары
- •Химиопрепараттардың қолдану тәсілдері, кезеңдері
- •Гормондық емнің химиотерапиядан айырмашылығы
- •Ісікке қарсы фотодииамнкалық ем
- •Ісікке қарсы фотосенсибилизаторларды қолдану
Ісікке қарсы фотодииамнкалық ем
Сәулеге өте сезімтал химиялық заттарды фотосенсибилизятор дейді. Бұлар сәуле шоқтарының бәрін бірдей сіңірмейді тек, сәуленің бір деңгейдегі толқынын жұтып, лазер сәулесін, содан кейін түсін өзгертеді (сәуле шығарады).
Фотосенсибилизаторлы қасиеті бар затты адам денесіне тамыр арқылы енгізеді. Ол зат ісік клеткасымен қосылып, оның бойында ұсталады, сіңіріледі. Енді оған лазер сәулесін түсірсе, жаңағы сіңген химиялық зат сәуле шоқтарының салдарынан, белсенді оттегі,радикалдар пайда болады да, кейінгілер ісік клеткасының өніп-өсуіне едәуір кедергі жасап, ісікті бұза бастайды.
Фотосенсибнлнзаторлы заттар, ісік тінінде көпке дейін ұсталып, тоқталады, ал сау клеткаларда мұндай қасиет болмайды да, олардан тез арада ажырап кетеді. Міне, осыны ескеріп, лазер сәулесін ісікке түсірсе, онда емдік нәтиже нақты білінеді, әрі сау клеткалар аз зақымданады.
Магнитті-лазерлік емнің қуысты мүшелерде нәтиже көрсеткіштері басымырақ келеді, сондықтан да бұл тәсіл кеңірек, өңеш, асқазан мен ішек және қуық ісіктерінде жиі қолданады.
Ісікке қарсы фотосенсибилизаторларды қолдану
Порфорин негізінде, фотосенсибилизаторлар көп өндіріледі; солардың ішіндс гематопорфириннің белсенділігі өте жоғары. Осылар - Ресейде фотогем, Канадада, АҚШ-та фотофрин, Германиада - фотосан деген атпен шықты. Олардың уыттық қасиеті едәуір төмен, адамға зияндық әкелмейді. Клиникалық сынақтан фотогем және фотофрин толығынан қазір өтті және қолдануға рұқсат берілді.
Ресейде фотосено клиникалық онкологияда колдана бастады.
Лазерлік сауле көздері, қазір жиі қолданып жүрген лазерлі қондырғылардың көбісі алтын буынан өткізіледі. Осындай аспаптың бір түрін «Ауран» (Аргон) дейді. Қазіргі кезде бөлме ішінде де пайдалынатын кішкене көлемді лазерлі аппарат «Кристалл» бар. Бұларды жоғарғы энергиялық «газоразрядты» және «светодиодты» лампалар орнатылған.
Емдеу әдісі.
1. Лазерге түспестен 2-3 күн бұрын, көк тамыр арқылы науқасқа фотосенсибилизатор енгізсді.
2. Лазер 15-20 минутқа созылады.
3. Кейде, тіпті, бір-ақ сәуле шоқтарын берсе де жеткілікті болады. (аурулардың көбісі емханалық жағдайда емделінеді).
4.Егер ісік кішіреймесе, онда тағыда емді қайталауға болады. (1-1,5 айдам кейін.).
5.Жалпы лазер сәулесі тері, ерін, ауыз қуысындағы, көмей, өкпе, қуық, асқазан мен ішек және әйелдер жыныс мүшелеріндегі рак ауруында қолданады.
6. Егер хирургиялық, химио-сәуле әдістері қолданбаса, онда, ерін рагында бұл тәсіл өте тиімді. Әсіресе, ісік қайтадан қозса, теріде бөгелме ісіктер таралса.
7. Қуысты мүшелерді қайтадан қалпына келтіру мақсатыда емнің пайдасы зор.
8. Косметикалық операцияларда табылмайтын тәсіл.
Фотодинамикалық әдістің артықшылығы мен кемшілігі
Артықшылығы
•өте арзан, әрі жеңіл жүреді,
• ауырсыну сезімін туғызбайды,
• асқынулар аз болады,
• пайдаланған аурулардың тең жартысында емдік нәтиже алынады.
Лазер сәулесі 3-см ден артық жерге өте алмайды, сондықтан ол беткей орналасқан ісіктерде қодданады.
Кемістігі:
• жарық сәулеге (күнге) ете сезімтал келеді. Осыған орай осы тэсіл қолданған кезде:
• бір аптадай өте жарыққа шықпай, күн көзінен сақталып жүру,
• ашық алаңда қара көзілдірік киіп, қалың киім киіну,
• күн сәулесінің өтіп кеткенін теріден байқауға болады: ол қызарып, жылтырап,
кейіннен ісінеді.
• өте сирек жағдайда жөтел пайда болып, науқастың ентігуі,
• іші ауырып, жұтынғанда ауырсынуды сезінуі.
Адьювантты мақсатпен қолданыста болатын дәрілердің тізімі өте көп: кортикостероидтар, қалтырау (дірілдету) құбылысын басатын және гистаминге қарсы қолданатын дәрілер, транквлизаторлар, нейролептиктер, антидепрессанттар т.б.
Кортикостероидтар простогландивдерді (сезімталдықты төмендететін ферменттер) тежейді, қабыну үрдісін және ісінуді кемітеді. Егер ісіктін қосымша ұялары суйектерде, жұлында, ми да орналасып, жүйке талшыктарын қысса, бул дәрі өте тиімді.
Дірілді басатын дәрілер - карбамазептин, вальпромид т.б. ісік ауруы жүйкеге тараған кезде, пәрменді келеді. Олар көңіл-күй нашарлағанда және психологиялық күйзелісте көмегін тигізеді.
Транквлизаторлар, нейролептиктер ауру ашуланьш, жүйкесі көтерілгенде, жақсы әсерін береді, қорқынышты, үрейлі сезімдерді бәсеңсітеді.
Антидепрессанттар (амитриптилин) ағзаны ұйқы басқанда, ешнәрсеге көңіл шаппағанда жагымды әсер береді - ұйқы жақсарып, көңілі көтеріледі.
Осы дәрілер ең алғаш аз мелшерде беріліп, мөлшерін біртіндеп өсіреді де, ең жоғарғы нәтижеге жеткен соң, біртіндеп төмендетіледі де, бір апта, немесе бір апт ішінде мүлдем тоқтатылады. Созылмалы ем де өзгеріп отырады, ол үшін үнемі дәрігерлік бақылау қажет.
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
Теориялық пәндер кафедрасы
Тақырыбы: «Медицинада рак ауруына қолданылатын емдер»
Орындаған:ЖМ-101тобының
студенті Аманқұл Жанерке
Түркістан 2011
