- •Қатерлі ісікті емдеу жолдары әр түрл і, олардың өзіне тән қағидалары бар.
- •Қатерлі ісікті сәулелік әдіспен емдеу қағидалары
- •Қатерлі ісікті химиопрепараттармен емдеу қағидалары
- •Химиопрепараттардың қолдану тәсілдері, кезеңдері
- •Гормондық емнің химиотерапиядан айырмашылығы
- •Ісікке қарсы фотодииамнкалық ем
- •Ісікке қарсы фотосенсибилизаторларды қолдану
Гормондық емнің химиотерапиядан айырмашылығы
1. Гормонды әдіс, химиотерапия сияқты бірнеше курстан тұрмайды. Оны үзіліссіз ұзақ уақыт беріп, тек ісіктің асқнуы кезінде тоқтатады. Емдік мақсатпен бұл тәсіл азында 12-18 ай жүргізіледі, ал сақтандыру шарасы ретінде 5 жыл бойы сүт бездеріндегі ісікте қолданылады.
2. Химиотерапиялық дәрілерге қарағанда гормондар жеңіл жүреді, бұлардың уыттық қасиеттері едәуір төмен, бауырдың, бүйректің, жүреқантамырларының қызметтері тікелей тежелмейді. Жұқпалы ауру туғызбайды; құсық, жүрек айну, шаш түсу мүлдем болмайды.
3. Гормон дәрілері денені ысытып, қынапты құрғатып, терілерде бөртпелер, қышымалар пайда болып, ал алғашқы кездерде сүйек, буындарды ауыртуы мүмкін. Тек, жыныстық қатынас қызметі нашарлайды, бірақта негізгі мүшелердің (журек, бауыр, бүйрек т.б.) жұмысына тікелей зиянды ыкпалын тигізбейді.
Қатерлі ісіктің биологиялық емі
Қатерлі ісіктердің пайда болу, өніп-өсу, даму үрдістеріне ағзаның рөлі өте зор. Бұл үрдіс ісік ауруына қоректік затпен қатар, гормондар және цитокиндерді әкеледі.
Цитокиндср - деп салмағы өте аз (<50 мм/к), төменгі молекулалары, суға ерігіш белок қоспаларын айтады. Қазіргі таңда осындай 300 молекулалар белгілі. Бұлар жүйке, иммунды және ішкі секретті бездердің клеткаларымен тығыз қарым-қатынаста болып, тек ағзаның өзіне тән емес, басқа өгей клеткалармен кездескенде пайда болады..
Цитокиндердің ісікке және вирустарға қарсы қасиеттері бар, олар иммундык жүйенің бслсенділігін күшейтеді.
Цитокиндер биологиялық затқа жатады. Олар ісікті жояды, немесе ісік клеткасының туғызған қолайсыз үрдістерін кайтадан қалыпты жағдайға келтіреді. Мұны биологиялық ем деп айтады. Биопрепараттар тікелей клеткаға әсерін тигізіп, онық дамылсыз өсуіне, қан-тамырларын жою арқылы ықпал жасайды, Химиопрепараттарға қарағанда биопрепараттардың көптеген жағымды әсерлері бар.
Олар:
• шипалы қасиеттері жоғары, тек ісік клеткасына ғана бағытталған,
• уытты қасиеттері және асқыну жүйелігі өте төмен,
• емдік әсері ұзағырақ келеді,
• оларды ендіру арзанға түседі.
Қазіргі кезде, онкологияда биопрепараттардан - интерлейкиндер, интерферондар, моноклональді антителалар, клетка жиынтығын қоздыратын заттар қолданады.
Интерлейкиидер. Интерлейкин-2, лимфощптерден өядіріліп, иммундык жүйеге жан-жақты қоздырғыш әсерін тигізеді. Интерлейкин-2-нің, Ресейде-ронколейкин, ал АҚШ-пен Европада - пролейкин деген дәрісі қолданады.
Ронколейкин гендік инженерия арқылы нан ашытқысы- Зассһаготусез сегеуізіае-ның гендік құрамына, ИЛ-2 деген адамның генін кіргізуден кейін пайда болған дәрі.
Ронколейкин асқынған іріндікте, қабынуларда, жұқпалы ауруларда, ауыр жарақаттанғанда, оқ тигенде пайдаланады. Қатерлі ісіктерде, оның клеткаларына тікелей зиянды әрекет жасап, ұзақ уақыт ауруды қоздырмайды. Бүйрек, қуық рактарында, меланомада құнды дәрі болып саналады. Оның шипалы қасиеті, ток және тік ішектегі, мидағы, лимфа бездеріндегі т.б. бөгелме ісіктерде анықталған. Интерферон-а-ны, ісікке қарсы дәрілермен қосарланып қолданса, белсенділігі едәуір күшейеді. Жеқіл қабынады, асқьшу аз болады, кейде тұмау қозу мүмкін.
Интерферон, белок - протеин, бөгде антигенге төзімділікті күшейтеді, ал оларға бөгде антиген әсерін тигізсе (вирустардың, микробтардың, ісіктердің), сонда ол қан және сүйек миларының клеткаларынан өнеді.
Онкологияда а-иитерферон жиі қолданады. Роферон (аг), иытерферон (а) және иитрон (а2Ұ - интерферон) миелоидты лейкозда, Капоши саркомасында, төменгі дәрежедегі В-клеткалы лимфомада өте шипалы келеді. Буйрек, қуық, тік ішек рактарында жэне мелапомада, олардың пәрменділігі қазір толық дәлелденгендіктен, жиі қолданылады. Көбінесе осы ісіктерде, ісікке қарсы дәрілермен қосарланып колданылады, ал енді бүйрек рагында интерлейкинмен сабақтас ұсынылады.
Асқынулардан тұмаудың клиникалық белгілері: дене қызуы, суйек-буындарда ауырсыну сезімі болуы мүмкін.
Моноклональді антителалар (МКА) - деп, тек белгілі бір антигенге қарсы іс-әрекеті бар заттарды айтады. Соның ішінде қатерлі ісік те ағзаға мүлдем бөгде тін боп саналады. Мұның өзінше полисахаридті, немесе белокты антигені болады. Ағзада бұларға карсы антителалар пайда болады, бірақ олардың ісік клеткаларына карсылығы жеткіліксіз келеді. Сондықтан қолдан, жасанды түрде антителаларды ендіру қажет. Міне, осы мақсатпен тышқандардан тәжірибе жүзінде, ісік алып (плазмоситома), оны адам ағзасының клеткасымен қосып (гибридомды технология) антитела өндіреді.
Ісікке қарсы іс-әрекет. МКА-ның ісік клеткасына қарсы іс-әрекеттері әлі осы күнге шейін толық зертгелмеген. Бірақ, оның бір жағы белгілі, ол иммунологиялық жүйені қалыптастырып қана қоймай, онкоген рецепторларын істен шығарады, сөйтіп ешқандай реакция ісік клеткасына бармай, ісікті қоздырғыш гормонды, иммунды ықпалды үзіп тастайды. Химиопрепараттардан ерекше айырмашылығы, сау клеткаларға ешқандай зияндығын тигізбейді.
Клиникалық онкологияда МКА ісік клеткаларын радио изотоппен байланысып барын, тікелей өлтіреді, немесе ағзадағы алмасу үрдісінен пайда болған және ісікті өзінен пайда болған уыттарды жояды, сөйтіп адамға деген көптеген жеңілдік туғызады.
МКА тек ісік клеткаларының антигенімен байланысып, оны жойып,. басқа жеріне ол ешқандай әсер етпейді.
Қазіргі таңда, МКА-ның мынандай түрлері қолданыста:
• герцептин (трастузумаб),
• мабтер (ритускимаб),
• эдреколомаб (панорекс).
Ісікке қарсы қолданылатын вакциналар
Көп жылдар аралығында бірнеше елдерде ісікке қарсы вакцина туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізілуде; кейбір ауруларда (меланомада) олардың жағымды қасиеттері сезілуде (дерттің қайталануы байқалмайды). Вакциналар ісікке қарсы қолданатын дәрілерге қарағанда уыттық қасиеті жоқ. Бірақта, өкінішке орай клиникалық тәжірибеде олардың қолдануы сирек, оның технологиясы әлі толық зерттелінбегеннен.
Ісікке қарсы лазерлік және фотодинамикалық емдер
Сәуле шоқтарының ішінде, лазерлік сәуле тек біртектес (моно хромды) электромагнитті толқын, ол бір бағытта қолданады. Егер оның күші жоғары келсе, онда ол ұлпа мен тіндерді бұзады, талқандайды, ал егер төмен болса, онда ұлпадан сумен басқа иондардың байланысын бұзып, молекулалық деңгейде өзгерістер туғызады. Сәуленің осы қасиеттері онкологияда диагностикалық және емдік мақсатта пайдаланылады. Емдік ниетте лазер жеке қолданылуы мүмкін (хирургиялық операцилар) немесе қосарланып кешенді тәсіл ретінде.
Төменгі қуатты лазер сәулесі магнитті өрісте фотосенсибилизатормен қосарланса, онда тәсілдің емдік қасиеті едәуір жоғарылайды (магнитті лазер емі).
