Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қатерлі ісікті.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.21 Кб
Скачать

Химиопрепараттардың қолдану тәсілдері, кезеңдері

Ісікке карсы дәрілер: паллиативтік және радикалдық мақсатпен қолданады. Соның ішінде, кейінгі әдіс тек ісік ауруы дәрілерге өте жоғары сезімталдықта болғанда ғана, ал қалған жағдайдың барлығында (ісік асқынғанда) - паллиативті мақсатга пайдаланады.

Химиопрепратар кешенді әдіс ретінде сәуле шоқтарымен, немесе операциялық жолдармен қосарландырады. Олардың реті дәрігердің мақсатына, және ісік ауруының түрі мен орналасқан жеріне байланысты.

Егер операциядан кейін қолданса, бұл тәсіл адьювантты, ал операция алдында қолданса - неоадьювантгы химиотерапия дейді.

Бұларда екі түрлі мақсат бар:

Біріншісінде - сылынбай қалған ісік калдықтарына әсер ету және бөгелме ісіктерден

сақтандыру,

Екіншісінде - ісік көлемін кішірейтіп, оған операция жасау мүмкіншілігін жасау.

Химиотерапия әдістері: дәрілерді тері асты, бұлшықет, қантамырлары арқылы, кейде тікелей қуысқа да енгізеді.. Ісік жатқан жерге дәрінің мөлшерін көбейту

мақсатында химиопрепарат тікелей артерия тамырына перфузия және инфузия тәсілдерімен де енгізіледі.

Қазір бұл тәсілдер, қайтадан кеңінен пайдалануға мүмкіншілігі туып отыр, себебі дәрінің көлемін өлшейтін аспап -дозатор - ойланып табылды.

Ісікке қарсы дәрілерді қолданбайтын кездер:

жүкті әйелге,

ісік асқынғанда,

екпе-жүрек ақаулары (кемістігі) барларға,

бауыр, бүйрек жүйелерінің қызметтері нашарлағанда,

асқынған қант ауруында,

қан азайғанда (гемоглобинніқ көрсеткіші бОг/л-ден төмендегенде) лейкопения

(3000), тромбоцитопения (100 000) кездерінде,дәріге аллергиялык реакция болған уақыттарда.

Қатерлі ісікті гормонмен емдеу

Қазір стероидты гормондардың ісік ядросындағы дезоксирибонуклеин қышқылына қоздырғыш әрекетті жоюдың мақсаты, емдік бағдарламада ең негізгі көрсеткіш болып саналады. Ол үшін гормондарды рецепторлармен байланыстырьш, оның физиологиялык іс-әрекеттерін жойады.

Гормонның рецепторы деп, гормонға тәуелді мүшелердің клеткасындағы белоктың гормонмен байланысып, ядроға, немесе цитоплазмаға керекті гормонды жеткізуін айтады. Осы заттар кеп болып, микроскоптың көз алаңында 10%-дан асса, онда ісік гормонға тәуелді (гормон позитивті ісік). Мұндайда қолданған дәрі 50-70% жағдайда жақсы емдік көрсеткіш береді. Ал енді ісіктегі гормон рецепторы кем болса, онда ондай ісіктерді гормонегативті ісік дейді, онда емдік мақсатпен пайдаланған гормон тиімсіз келеді.

Гормонды дәрілердің қатары және топтары кеп, олардың шипалық қасиеттері сан алуан. Жалпы бұларға тән белгі - олардың эстрогендерді төмендетуі, сондықтан да бұларды кейде антиэстрогендер деп те атайды. Антиэстрогендерге жататындар:

1.Антиэстрогендер (тамоксифен),

2 Антиандрогендер (касодекс, флугамид),

3. Ароматаза реакциясын (кетостероидтардыд өндірілуі) тежейтіндер,

4. Рилизинг гормондары, яғни агонистер (мишық деңгейіне тікелей әсерін тигізіп, тропты гормондардаың өндірілуін тоқтататындар).

Антиэстрогендер (тамоксифен, торемифен, ралоксифен) және антиандрогендер (касодекс, флутамид) ісік клеткасындағы рецептормен байланысьш, эстрогендер мен андрогендердің ісікке деген жағымсыз әсерін, олардьщ мөлшерін төмендету арқылы

бәсеңдетеді.

Ароматоза реакциясы - деп цитохром Р-450 ферментінін жұмсақ тіндерде (бұлшық еттердегі) андрогендерді эстрогендерге айналдыруын айтады. Егер осы ферментгі тежесе, онда ароматаза реакциясы тежеліп, андрогендерден эстроген аз шығады. Эстроген неғұрлым азайса, осы гормонға байланысты ісіктерде, қолданылатын дәрілердін емдік қасиеті жоғарлайды. Егде жастағы және жас эйелдерде эстроген өндіретін аналық жыныс безі сылынғанмен, ағзада кетостероидтар (эстрогендер) бүйрек усті безінен, немесе ароматоза реакциясы арқылы жұмсақ тіндерден шыға бастайды, міне осыларды басу үшін ароматаза реакциясын бәсеңдету қажет. Осы мақсатпен аримедекс, фемара, экземестан қолданады.

Тропты гормондарды (гонадотропиндер - ФСГ, ЛГ) тежеу үшін золодекс, бусерелип пайдаланады. Бұларды гонадотропин-рилшинг гормондар дейді. Қалыпты жағдайда гипоталамустан (таламус асты) кіші миға (мишыққа) импульс берілу арқылы, мишықтан тропты гормондар шығады, ал кейінгілер эстроген мен андрогендердің енуіне себеп болады. Егер мишықтағы гормон рецептор тежелсе, онда тропты гормондар шықпайды, жоғарыда аты аталған дәрілер (золодекс, бусерелин) мишық деңгейінде рецепторлармен байланысып тропты гормонның тежелуіне әкеледі.

Қуық асты без рагында антиандрогендер емдік қасиет көрсетеді. Олар стероидты (андокур) және стероидты емес (касодекс флутамид, анандрон) болып екіге бөлінеді.

Тамоксифен (зитазониум, нолвадекс) ең негізгі эстрогенге қарсы (антиэстрогенді) препарат. Оны 1963 жылы А.Валполь жүктіліктен сақтандырғьш дәрі ретінде шығарды. Ол эстроген рецепторларымен байланысып, оларды реакцияға 50-70% жағдайда қатыстырмай қояды. Ісік тамырларының өсуін тоқтатады. Апоптоз (клеткалардың табиғи өлуін) реакциясын тездетеді.

Тәжірибеде тамоксифен, эстроген рецепторы оңды болып келгенде қолданады жәнеол туралы белгісіз болған жағдайларда да тиімді.

Дәрінің қолайсыз белгілері - етеккір тоқтальш, немесе озгеріп, қынапта қан көрініп, дене ысынуы, қан ұю үрдісі жеделдетіліп, ұйыған қан түйіршігі қан арқылы басқа мүшелерге таралуы (тромбоэмболия) мүмкін.

Жатыр эндометриясында рак ауруына ұшырау мүмкіншілігі тездетіледі, бірақ жүрек жеткіліксіздігінен болған елімдерді кемітеді. Түймедақ ретінде шығарыльш (10, не 20 мг) қолданылады. 5 жылға жуық мерзімде пайдаланылады.

Ралоксифен - эстрогенге қарсы қолданатын дәрі, көбінде, әйелдердің сүйектері, буындары ауырғанда қолданады. Егде жастағы әйелдерде 70% жағдайда сүт безінің рагынан сақтандырады. Тамоксифен сияқты эндометрий рагын болдырмайды. Түймедақ түрінде 60 мг-нан бір рет, немесе 2 рет тәулігіне қолданады.

Касодекс - андрогенге қарсы стероидты емес препарат. Асқыну аз кездеседі. Туймедағы 50мг, тәулігіне бір ретген пайдаланады.

Флютамид - андрогенге қарсы қолданатын стероидты дәрі. Қуық асты бездегі ракта шипалы, кейде ол жүректі айнытады, денені кыздырады; іш өтуі мүмкін. 250 мг-ды түймедағы күніве 3 ретген ұсынылады.

Экземестан (аромазин) - екінші буындағы ароматазаны тежейтін стероидты препарат. Тамоксифенге карағанда жеңіл, шипалы қасиеті өте жоғары (25 мг-нан тәулігіне бір реттен колданады). Менопауза жасындағы аурудың ароматазасымен байланьш, андрогендерді эндрогендерге айналдырмайды, ісік тоқталып, ұзақ уақытың ішінде қайтадан қозбайды.

Гонадотропты гормондарды ароматаза арқылы тежейтін гормондардың ішінен тәжірибеде жиі колданыста болатындары золодекс, бусерелин. Олардың сирек пайдаланудың себебі- үнемі ағзада артық мөлшерде болуы керек. Бұлай тұрақты етіп сақтау өте қиын, әрі медицина қызметкерлеріне қолайсыз келеді. Сондықтан стероидты түрін стероидты емес түрлерімен қосарландырып қолданса, онда гормондардың емдік қасиеті жоғарлайды. Осындай тәсілмен андрогендерді, эстрогендерді тежеуге болады. Осы тәсіл куық асты бездегі ракта кеңінен қолданылады, мұны «максималды андрогендік бөгеу (блокада)» - МАБ дейді.

Көрсетілген әдіс «алтын стандарт» ретінде онкологияда мәлім.

Қалған гормондардың ішінде прогестиндер, эстрогендер және андрогендер жеке дара әдіс ретінде сирек пайдаланылады. Дегенмен, арнайы жағдайларда, әсіресе, ісік асқынғанда, басқа гормондар әсер етпесе т.б., оларды қолдануға болады.

Сонымен, қатерлі ісіктердің барлығында емес, тек сүт, қуық асты бездердегі, жатырдағы рак ауруларында гормондарды хирургиялық емнен кейін, не оның аддында қолдануға болады. Жеке дара гормонды әдіс онкологияда пайдаланбайды.