Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қатерлі ісікті.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.21 Кб
Скачать

Қатерлі ісікті химиопрепараттармен емдеу қағидалары

Қатерлі ісікті химиопрепараттармен емдеу - қазіргі кезде кең тараған әдістің біріне жатады. Бүл әдіс қатерлі ісіктің әбден ұлғайған, асқынған сатыларында пайдаланылатын негізгі ем. Оларды табиғи және синтезді жолмен дайындалатын арнайы дәрілер мен әртүрлі гормондық препаратгар. қатерлі ісктің бастапқы сатыларында химиялық дәрі-дәрмекті жеке әдіс ретінде қолдануға болмайды, себебі бул әдіспен қазіргі кезде ісікті радикалды емдеу мүмкін емес, Сондықтан оны басқа емдеу әдістерімен үйлестіріп қолданады, ал кейбір қатерлі ісіктерге жеке ем ретінде де пайдаланылады (саркома Юнга, лимфогранулематоз, лейкоз т.б.). Қатерлі ісікті емдеуде ісікке қарсы препараттар мен гормонды заттар қолданылады.

Химопрепараттардың қатерлі ісікке әсер ету жолдары мен оны қолдану

қағидалары.

Олар:

1- цитостатикалық әсері - клеткалардың табиғи бөлінуіне кедергі келтіріп, оны

тоқтатуы,

2- цитотоксикалық әсері - клеткаларды уыттандыруы, талқандауы,

3- мутагендік әсері - тектік (гендік) өзгертуі,

  1. тератогендік әсері - ұрықтық ісікті қоздыруы.

Негізгі қағидалары:

1 - ісікке қарсы химиопрепаратты спектрлі әсерлеріне қарай талдау,

2- оньң тиімді мөлшері (дозасы) мен режімін және қолдану тәсілін таңдау,

3- емдеу кезінде, ауыр асқынуларды болдырмау үшін, әртүрлі факторларды есепке алып, оньщ мөлшері мен қайталануын қалыптастырып түзету,

Ісікке қарсы препараттардың тиімділігі:

• оның мөлшеріне (дозасына) байланыстығы (бір дүркін енгізгендегі және жалпы

көлемі),

• енгізу не қолдану ретіне (тиімділігі, енгізу саны, аралық мерзімі, емдеу курсының

ұзақтығы және олардың аралығы),

• ісіктің өсу қарқынына (жылдам өсетін ісік, баяу өсетін ісікке қарағанда сезімталды

болады),

• алдында қолданған емге (сәуле, дәрі-дәрмек), ісіктің көлеміне, салмағына

байланыстығы (ісіктің сезімталдығын өзгертеді),

• жалпы науқастың жағдайына (аурудың соңғы ақтық жағдайы, өмірге керекті

ағзалар мен жүйелердің бұзылуы).

Емдеу тәсілі:

1.Жүйелі (системалы)- тері астына, бұлшықетке, қантамыр және тік ішек

арқылы.

2. Аймақты — цитостатиктерді басқа мүшелерге әсер еткізбей, тек ісікке

шалдыққан белгілі бір аймаққа енгізу (инфузия, перфузия).

3. Бір жерге енгізу (жергілікті) - май не ерітінді түрде, беткей орналасқан

ісіктерге, қуыстарға (іш, кеуде, қуық) жағып не енгізу.

Химотерапияның түрлері:

• монохимотерапия - бір препаратты қолдану,

• полихимиотерапия - бірнешеуін бір-біріне үндестіріп, не гормондарм бірге

қолдану,

• адьювантты терапия, немесе профилактикалы ем - хирургиялық және сәулелік емнен кейін, оларды толықтыратын қосымша әдіс ретінде. Алғашқы ісік ошағын айықтырғаннан кейін, көрінбейтін кішігірім бөгелме ісіктерді болдырмау үшін алдын алу жолдары. Бұл әдістің негізгі мақсаты - науқастың өмірін ұзарту, ісіктің қайта пайда болмауын тежеу, ісіктің қайталанбау мерзімін (рецидивсіз) ұзарту болып

саналады.. ДД¥-ның (ВОЗ) шешімі бойьшша, химиотерапияньщ емдік әсерін бағалау үшін мына 4 өлшем (критерий) қабылданған:

• ісіктің толық жойылу жартылай жойылуы - 50 пайыздан аса азайуы,

• ісіктің өсуін тұрақтандыру - 50 пайызына дейін азайуы,

• ісіктің одан әрі дамуы - бұрынғы ісік ошағының ұлғайып, басқа да

зақымданулардың пайда болуы.

Химопрепаратгардың жіктелуі:

1. Алкилдендіруші топ (хлорэтиламиндер, этилениминдер, эпокоидтер, алкилсульфонапар) бензотэф, тиотэф, новоэмбихин, лейкоран, дегранол, допан, циклофосфан, сарколизин, этимқдин, миелосан

2. Антиметаболиттер тобы - метатрексат, 5-фторурацил, фторафур

3. Алкалоидтар, өсімдіктен алған препараттар - колхамин, винбластин,

винкрестин.

4. Антибиотиктер - актиңомицин С, Д, оливомицин, рубомицин т.б.

5. Гормондар - метилтестесторон, синэстрол, хонван т.б.

1. Алкилді препараттар клетканың ядросындағы дезоксирибонуклеин (ДНК) қышқылымен әрекеттесіп, химиялық алкилді реакция туғызып, олардьщ тіршілігін бұзып, өсірмей ұқяды. Бұлар қосымша тағы иммундық жүйені тежейді. Сонымен алкилді химиялық реакция деп, кез келген органикалық қосындыдағы сутегі атомының, бір валентті көмірсутегі май радикалымен алмасуын айтады. Кейінгіні алкилді топ дейді.

Алкилді топтатағы негізгі дәрілер:

-циклофосфамид

-сарколизин

-тиофосфамид

-гидрофосфамид платин коспалары •

-нитрозомочевиндер және т.б. Бұлардың көбісі жергілікті жерді, теріні, бұлшықеттерді тітіркендіреді, сондықтан тамыр арқылы егу керек.

Алкилді топтағы химиопрепаратгардын негізгі зиянды әрекеттері:

1. Ас қорыту жолдарына,

2. Қан клеткаларына,

3. Бұйрекке,

4. Жүйке жүйелеріне әсер етеді.

5. Кейбіреулері мутациялық және тератогендік (клетканы мүлдем басқаша етіп

өзгертуі) қасиеттері бар.

Алкилді топтағы химиопрепараттардың бірнеше қосымша топтамалары бар, солардың бірі платин қоспалары, бұлар (цисплатин және карбоплатин) көптеген ісіктерде бірінші ретте (деңгейде-ақ) қолданады.

Цисплатин өте белсенді, әрі улы дәрі. Басқа алкилді дәрілермен қатар ол қанды, асқазанды, бүйректі, жұйкені, есту жүйелерін зақымдайды. Карбоплатин кішкене

жумсақтау жүреді (цисплатинмен салыстырғанда.) Оксалиплатин - жаңа препарат, оны аурулар жеңіл көтереді, бүйрек және есту жүйелері аз зақымданады және ісікке қарсыкасиеті жоғары.

Нитрозомочевина топтарындағы дәрілер (кармустин, ломустин, араноза, мюотофоран) меланомада, ұйқы без (стрептозотоцин) өкпе, лимфа бездеріндегі қатерлі ісіктерде пайдаланады. Бұлардың бәрі май бар жерде еріп кетеді,яғни қан, ми тосқауылдарынан өтеді, сондықтан олар орталық ми жүйесіндегі ісіктерде (мюстофоран, нидран) жиі қолданады. Қан жүйесіне кешіктіріп барып зиянды ықпал тигізуіне байланысты (емнен кейін 6-8 апта өткен соң) аталмыш дәрілерді алған ауруларға ем біткен соң екі апта ішінде қанға талдау жасалыну қажет.

Антиметаболиттерге тән қасиет, ол клетка ішіндегі зат алмасу үрдістеріне қажетті заттарға - метаболиттерге ете - ұқсас келеді. Бұларсыз зат алмасу үрдісі жүрмейді, ал антиметоболиттер осы заттарды үзіп тастайды да, алмасу үрдісін бұзады (пурин, пиримидин, тимидив қышқылдары өнбей қалады). Клиникалық тәжірибеде осы топтың негізгі дәрілері -метатрексат, 5-фторурацил. Жатады.

Ісікке қарсы антибиотиктер (ІҚА) - нуклеин қышқылын тежейді, ал бұл кышқылсыз ДНК пайда болмайды. ДНК-мен химиялық реакцияға ІҚА түсіп, ферменттердің әрекеттерін тежеп, жоққа шығарады.

Ісікке қарсы антибиотиктерге саңырауқұлақтың тіршілігінен өнген дәрілер кіреді. Олардың дәрілік қасиетгері 15-тен астам саңырақұлақтарда табылған; жиі колданылатындары: доксорубицин, эпирубицин, митомицин С, блеомицин, дактиномицин,митоксантрон.

Антибиотиктердің ішінде доксорубицин (адриамицин) көптеген ісік ауруларында (өкпе, сүт, қалқанша бездері, өңеш, бауыр, жьныс-несеп мүшелеріндегі ракта, сүйек және жұмсақ тін дердегі саркомаларда, гемобластоздарда) қолданады. Қан және

асқазан мен ішек клеткаларына зиянды әрекет етумен қатар антибиотиктер жүрек жұмысын нашарлатады, теріге тисе оны күйдіреді, өліетгендіреді.

Өсімдіктерден өндірілген ісікке қарсы дәрілер:

• винбластин,

• винкрестия, • навельбин,

• виндезин,

• колхамин,

• этопозид,

• иринотекан,

• топотекан,

• таксол,

• таксотер, т.б.

Бұлар ісік ауруларында ең бірішш ретте және кейінгі кезектерінде кеңінен қолданып жүр. Әсіресе, таксол, таксотер сияқты дәрілер клетканың бөліну алдындағы үрдістерді немесе бөліну кезеңіндегі химиялық реакцияларды тежейді

Таксол (паклитаксол), таксотер (доцетаксел), таксан өте белсенді дәрілер, бірінші және екінші кезеңдер де (реттерде) жиі қолданады. Ісікке қарсы әсерлері олардың клеткадағы бөліну үрдісін тежеуіне байланысты. Қолданғанда - аллергиялық реакция - бет қызарып, ентігу, қышыма болуы мүмкін, сондықтан кортикостероидтар (циметидиндер) қолданады. Қан жүйесіне, асқазан мен ішек жолдарына зиянды әсері бар.

Сүт, жыныс бездеріндегі ісікте, өкпе (майда клеткалы рак), бас, мойын, қатерлі ісіктерінде емдік көрсеткіштері өте жақсы