- •Қатерлі ісікті емдеу жолдары әр түрл і, олардың өзіне тән қағидалары бар.
- •Қатерлі ісікті сәулелік әдіспен емдеу қағидалары
- •Қатерлі ісікті химиопрепараттармен емдеу қағидалары
- •Химиопрепараттардың қолдану тәсілдері, кезеңдері
- •Гормондық емнің химиотерапиядан айырмашылығы
- •Ісікке қарсы фотодииамнкалық ем
- •Ісікке қарсы фотосенсибилизаторларды қолдану
Кіріспе
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында, тәжірибелік және клиникалық жетістіктердің арқасында
онкологиялық аруларды анықтау мен емдеу түбегейлі өзгеріске түсті.
Қазіргі кезде қатерлі ісікті анықтау мен емдеу ең күрделі мәселе. Оның себебі арудың дәрігерге кеш
келіп , қатерлі ісіктің барын уақытында анықталмауында. Бұған дәлел қазіргі кезде дәрігерлердің диагноз қоюдағы қателігі 25 – 30 % құрайды. Оның себебі мына төмендегі жағдайларды толық білмеуінен:
- қатерлі ісіктің табиғи биологиялық қасиеттерін және дерттің ең алғашқы өсу кезеңдегі белгілерін,
- диагностикалық тәсілдердің нәтижелерін бір –бірімен салыстыра алмай, негізгі қорытынды шығара алмауынан,
- қатерлі ісікті қабыну аурулармен шатастырып, ұзақ уақыт бақылап, диагностикалық әдістерді толық қолданбай, олармен ұзақ уақыт шұғылдануынан .
- онкологиялық күдіктің жалпы дәрігерлер арасында төмен болғандықтан және білім деңгейінің сапасыздығынан.
Қатерлі ісікті емдеу жолдарының қағидалары
Емдеу шараларын жоспарлау
Қатерлі ісікті емдеу әртүрлі әдістермен жүргізіледі, ал оларды қолдану үшін тиісті жоспар жаса луы тиіс. Ол үшін қатерлі ісіктердің биологиялық және патофизиологиялық өлшемдерін білу керек. Сонымен қатар әр емдеу әдісінің өзіне тән көрсеткіштері мен қарсы көр сеткіштері бар. Ең бірінші мақсат емді жоспарлау кезінде қандай емді қолдануға болады, ол радикалды немесе паллиативти ем бе? Соны ажырата алуымыз керек. Көпшілігінде, қатерлі ісіктің алғашқы даму сатысында (1 – П) радикалды хирургиялық жолмен емдеу тәсілі, дерттің анатомиялық мүше мен ағзаларда орналасуына қарай көзделеді. Кейбір қатерлі ісіктің П Ш даму сатысында арнайы емдер қолданылады ( сәуле, химиялық препараттар). Қазіргі кезде барлық қатерлі ісікке қарсы стандартты ем жоспарланып, барлық онкологиялық ұжыыымдарда бірдей, өзгертілмей емдеу әдістері орындалып отыр.
Осылай емдеу жоспары толық, өзгертілмей орындалса, қатерлі ісікпен ауырған адамның, тиісті ем алып, бітіргеннен кейінгі өмір сүру мерзімін салыстырмалы бір деңгейлік жүйедегі (уницифирленген ) көрсеткішін анықтауға мүмкіндік тудырып, қай әдістің тиімділігін анықтап, одан әрі қалай қолдануға жол ашады. Қатерлі ісікті емдеу жоспарын жасау кезінде, олардың келесі топтарға бөлінуін білген шарт болады.
топқа ісіктің негізгі ошағын, айналасындағы бездерімен түгел жоюға немесе олардың көлемін азайтуға бағытталған емдер( хирургиялық, сәулелік)
топқа ағзаның кез келген жерінде жасырын орналасқан ісік ошақтарына жалпылай әсер ететін емдер(химипрепараттар мен гормондар),
топқа ісікке қарсы әсерлерін жанамалап тигізетін емдер ( әр түрлі дәрі дәрімектер , радиоактивті сәулелер, гипотермия, гипергликемия, оксигенотерапия т.б)
Қатерлі ісікті емдеу жолдары әр түрл і, олардың өзіне тән қағидалары бар.
Негізгі әдістер: хирргиялық, сәулелік және дәрі – дәрімекті. Қатерлі ісіктің орналасуы мен даму сатысына байланысты осы аталған әдістерді қоспалы, қосарландырған ( сәуле + операция) және кешенді ( сәуле + операция+ химио – гормонды әдістер) қолданылады. Осылардан басқа қосымш а емдеу әдістері бар ( гипергликемиялық, гипертемиялық, гипербарикалық, оксигенотерапиялық, иммундық және басқалар).
Хирургиялық әдіс радикалды және паллиативти болып бөлінеді . Хирургиялық операцияның түрлері:
Резекция – мүшенің не ағзаның бір бөлігін, айналасындағы лимфа бездер імен қоса сылып алу.
Экстирпация – мүшені не ағзаны түгелдей, айналасындағы лимфа бездерімен қоса сылып алу.
Ампутация – бір көлемде мүшелерді кесін тастау.
Экзоартикуляция – мүшені буыннан ажыратып кесіп тастау.
қашықтықтан 4-5см. Сау жеріндегі деңгейде кесіп , оған қоса аймақтық лимфа бездерін түгел, бір аумақта тұтас сылып тастау;
Абластиканы сақтау - операция кезінде, қатерлі ісіктің клеткаларын қалдырмау жолдары: ісікті дәкелі орамалмен орау, оны мыжымау, операция кезінде түйінді тіліп ашып көрмеу, күре тамырларын алдын-ала байлау.
Антибластиканы қолдану – әр түрлі дәрі – дәрімекпен, операциядан кейін қалған клеткаларға әсер ету жолдары ( операция алдында сәулені қолдану, басты қан тамырларын байлау, диатермиялық токты пайдалану ( электрлі және лазерлік хирургия ), қолғапты хирургиялық аспапты ауыстырып отыру және де спирт,аутоцитовивакол, ацетон, химиопрепараттармен т.б өңдеу),
(Ванах, Дюкен, Холстед,операциялары),
Анатомиялық қынап - қап, әрбір мүшелердің анатомиялық қынаптары ( қабы)
Соңғы кездері онкологиялық хирургияда – лазерлі, ісікті мұздату (криогенді) әдістерін қолдануда. Бұлар беткей орналасқан қатерлі ісікті емдеуде қолданылады ( тері төменгі ерін, бастың шашты бөлігі т.б.)
Қатерлі ісікті хирургиялық жолмен емдеуді жоспарлауда мынадай екі күрделі мәселені шешу керек:
Ісіктің даму сатысын, анатомиялық өсу түрін, мофологиялық құрылысын,
Науқастың қандай көлемдегі операцияны көтере алатындығын анықтау.
Ісіктің даму сатысына қарай әр түрлі көлемде операция жасалынады ;
. жалпы қағидаға сай келетін қалыпты(типті) операциялар,
. кең жайылған ісікте – қоспалы операция ,
.операция көлемі кеңейтілген операция.
Бұлардың бәрінде жалпы қабылданған қағидадан басқа да, аумақтағы лимфа бездерін қоса алу.
Қатерлі ісікті сәулелік әдіспен емдеу қағидалары
Қатерлі ісікті сәулемен емдеу басты емнің біріне жатады. Бұл кезде әртүрлі сәуле шығаратын заттарды қолданады, олар қатерлі ісіктің негізгі ошағына және аймақтық лимфа бездеріне әсер етеді. Сәулемен емдеу радикалды және паллиативті болып бөлінеді. Радикалды ем — ол қатерлі ісік клеткаларының емір сүруін толық тоқтатьп, одан айықтыруы. ал паллиативті ем - ісіктің өсуін тежеп, көлемін азайтып, қосарланған ауыр белгілерін жоғалтып, не төмендетіп, аурудың өмірін ұзартып, оның сапалы өмір сүруіне мүмкіншілік жасау. Осы көрсетілген екі әдіс тек қатерлі ісік морфологиялық түрде зерттеліп, ісік құрамы анықталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Сондықтан, хирургиялық әдістің қағидасындай, сәуле тәсілінін де өзіндік өзгешілігі бар.Олар:
1. Иондағыш сәулемен қатерлі ісіктің құрылысын зақымдап, бұзуы,
2. Қатерлі ісік ошағына иондағыш сәуленің максимальді (басым) әсер етуі,
3. Қатерлі ісік айналасындағы қалыпты тіндерді иондағьпп сәуленің зиянды әсерінен сақтау, яғни оны бузбауы,
4. Сәуленің әсерінен болатын емдеу кезінде және емнен кейінгі асқынуларды азайту.
5. Иондағыш сәулені қолдану уақтысында, айналасындағы ортаны және емдеу ісіне қатынасатын адамдарды қорғау.
