- •Бизнес-жоспар Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу
- •Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
- •1. Жобаның тұжырымдамасы
- •2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- •3. Өндірістер бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
- •4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
- •4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
- •4.4 Маркетинг стратегиясы
- •5. Техникалық жоспарлау
- •5.1 Техникалық процесс
- •5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
- •5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
- •5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
- •6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
- •7. Жобаны іске асыру
- •7.1 Іске асыру жоспары
- •7.2 Жобаны іске асыру шығындары
- •8. Пайдалану шығыстары
- •9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •10. Қаржыландыру қажеттілігі
- •11. Жобаның тиімділігі
- •11.1 Cash-flow проекциясы
- •11.2 Пайда мен залалдардың есептері
- •11.3 Баланс проекциясы
- •11.4 Қаржы индикаторлары
- •12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
- •12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2 Қоршаған ортаға әсер
- •Қосымшалар
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасында сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашу қарастырылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс алу болып табылады..
Өнімнің негізгі түрлері ІҚМ сүті мен еті болып табылады..
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар - облыстың және Петропавл қаласының халқы болып табылады..
Өнімнің басымдылығын мыналар құрайды:
- жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану;
- экологиялық;
- демократиялық бағалар.
Сиыр қораға арналған орын-жайдың жалпы алаңы 1 060 шаршы метрді құрайды.
Бұл бизнес – жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігінің көрсеткіші ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде жобаның бастапқы өлшемдері өзгеруі мүмкін. Шығаруға жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың айырықша ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Сиыр,
ешкі, қой және басқа да жылы қандылардың
сүті емшек бездерінде – желінінде қан
арқылы келетін азықтық заттардың күрделі
құрылымдалуы арқылы пайда болады.
1 л сүтті синтездеу үшін желіннен
400-500 л қан өтуі тиіс. Сүт және сүт
өнімдері өзінің азықтық құндылығымен
ерекшеленеді.
Сүт және көптеген сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдер санатына жатады, өйткені микроағзалардың дамуы үшін өте қолайлы орта болып табылады. Оған жаңа сауылған сүт жатпайды, сауылғаннан кейін 2-3 сағат бойы құрамында микробқа қарсы табиғи заттарының болуы арқасында оның сақталу тұрақтылығы жоғары болады. Бұзаулағаннан кейін 6-8 күн бойы оның сүті уыз болады, түсі сарғылт, қоймалжың, ерекше иісі және дәмі қышқылтым болып келеді.
Сүт өнімдері мынадай топтарға бөлінеді: сүт өнімдері – сүт, кілегей, қышқыл сүтті сусындар, қаймақ, ірімшік, сыр; сүт консервілері; май; балмұздақ.
Қазақстан Республикасында 6 сүтті мал тұқымы және 2 сүт-ет бағытындағы аралас өнімді тұқымы тараған.
Сүтті мал тұқымының 5-і бейімделген болып табылады.
Қара-ала сиырлар барынша көп және Ресейден, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан әкелінген болып табылады. Қазіргі уақытта малдың осы тұқымы елдің барлық табиғи-климаттық аймақтарында өсіріледі. Сиырлардың өнімділігі 2,2-6,0 мың кг сүт көлемінде және одан жоғары аралықты қамтиды.
Қырдың қызыл тұқымды сиыры негізінен республиканың солтүстігінде және ішінара батыс өңірінде (Ақтөбе облысы) тараған. Республикада осындай тұқымды сиырдан орташа 2,0-4,0 мың кг сүт алынады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қырдың қызыл тұқымды сиырларының сүт өнімділігін арттыру мақсатында оларды эстондық қызыл, латвиялық күрең, даттық англер және қызыл тұқымдылармен будандастыру жүргізілді. Соңғы 20 жылда будандастыруда қызыл-ала голштиндар пайдаланылады. Селекциялау жұмысы сауымында 4,5-5,0 кг сүт беретін қырдың қызыл малынан мол сүт алуға бағытталған.
Латвиялық күрең тұқым бір асыл тұқымды табынның шеңберінде ғана ұсталады және тауарлы сүт өндірісінде ерекше орын алмайды.
Симментал, қара ала, әулиеата тұқымдарының сүттілігін ұлғайту үшін селекцияға қатысқан Айрышир тұқымы қазіргі уақытта жойылған.
Сүт бағытындағы өнімді малдардың арасында Оңтүстік Қазақстан және ішінара Жамбыл облыстарында кеңінен тараған отандық әулиеата қара-ала тұқымын бөліп көрсетуге болады.
Бұл тұқымның ерекшелігі Оңтүстік Қазақстанның ыстық ауа райына, таулы алқаптар мен таулы шалғындарда жайылымда ұстауға бейімділігі, сондай-ақ қан арқылы жұғатын ауруларға (тейлериоз, приоплазмоз) тұрақтылығы болып табылады. Осы тұқымның негізінде қара-ала тұқым мен Еуропадан, Солтүстік Америка мен Канададан әкелінген голштиндер генефондын пайдалана отырып ішкі сүтті қара-ала тұқымды алуға арналған селекция жүргізілуде.
Сүтті-етті тұқымдар отандық алатау және бейімделген симментал тұқымдары арқылы ұсынылады.
Алатау тұқымы жергілікті қазақтың малын Еуропадан әкелінген швиц тұқымымен будандастыру арқылы алынды және 1950 жылы дербес тұқым ретінде танылды. Республиканың оңтүстік-шығысында кеңінен тараған. Көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарда майлылығы 3,8-4,0% 4 000 – 5 500 мың кг сүт сауылады. Жас малдар денесінің ірілігімен ерекшеленеді және жақсы бордақыланған тайыншалар 18 айда 500 кг таза салмаққа жетеді, оның массасының 1 кг өсіміне 6,5-7,0 жемазық бірлігі жұмсалады.
Алатау тұқымында сауылымында 5,0 кг сүт, тұқымдық ядросында тиісінше 7,0-11,0 мың кг сүт беретін американыдық селекцияның швицтерін пайдалана отырып ішкі тұқымдық күрең «Ақ-Ырыс» түрі алынды.
Ірі қара малдың симментал тұқымы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кеңінен тараған елімізге бейімделген ертеден келе жатқан түрлерінің бірі. Симментал малының негізгі массиві қазақ, қалмық, қырдың күрең тұқымдарын Ресейден, Украинадан, Австриядан , Швейцария мен Германиядан әкелінген бұқалармен будандастыру арқылы (1932-1950 жж.) алынды.
Қазіргі уақытта монбельярд, немістің ала, айыршир және қызыл-ала голштин тұқымдарымен күрделі будандастыру жолымен ішкі тұқымдық қызыл ала түрі алынды (2009ж.).
