- •Бизнес-жоспар Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу
- •Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
- •1. Жобаның тұжырымдамасы
- •2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- •3. Өндірістер бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
- •4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
- •4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
- •4.4 Маркетинг стратегиясы
- •5. Техникалық жоспарлау
- •5.1 Техникалық процесс
- •5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
- •5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
- •5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
- •6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
- •7. Жобаны іске асыру
- •7.1 Іске асыру жоспары
- •7.2 Жобаны іске асыру шығындары
- •8. Пайдалану шығыстары
- •9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •10. Қаржыландыру қажеттілігі
- •11. Жобаның тиімділігі
- •11.1 Cash-flow проекциясы
- •11.2 Пайда мен залалдардың есептері
- •11.3 Баланс проекциясы
- •11.4 Қаржы индикаторлары
- •12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
- •12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2 Қоршаған ортаға әсер
- •Қосымшалар
Бизнес-жоспар Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу
2016 жыл
Мазмұны
Кестелер тізімі 4
Суреттер тізімі 5
Резюме 6
Кіріспе 8
1. Жобаның тұжырымдамасы 9
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 10
3. Өндірістер бағдарламасы 12
4. Маркетингтік жоспар 13
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 13
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 17
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 18
4.4 Маркетинг стратегиясы 20
5. Техникалық жоспарлау 21
5.1 Техникалық процесс 21
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 21
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 22
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 24
7. Жобаны іске асыру 25
7.1 Іске асыру жоспары 25
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 25
8. Пайдалану шығыстары 26
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 27
10. Қаржыландыру қажеттілігі 28
11. Жобаның тиімділігі 29
11.1 Cash-flow проекциясы 29
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 29
11.3 Баланс проекциясы 29
11.4 Қаржы индикаторлары 29
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 31
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 31
12.2 Қоршаған ортаға әсер 31
Қосымшалар 33
Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі – Солтүстік Қазақстан облысы) сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар – облыс пен жақын орналасқан аудандар тұрғындары болып табылды..
Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесіндегі жылы ғимаратты сатып алу жоспарлануда.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың тг. |
2 012 |
Негізгі капиталға инвестициялар |
76 906 |
Негізгі капитал |
3 730 |
Барлығы |
80 636 |
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың тг . |
Сома |
Кезең |
Үлес |
Өз қаражаты |
28 073 |
01-06.2012 |
35% |
Қарыз қаражаты |
52 563 |
01-06.2012 |
65% |
Барлығы |
80 636 |
|
100% |
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы |
теңге |
Пайыздық ставка, жылдық |
7% |
Өтеу мерзімі, жыл |
7,0 |
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу |
ай сайын |
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай |
9 |
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай |
9 |
Негізгі борышты өтеу түрі |
тең үлестермен |
Жобаның 7 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:
Жылдық пайда (7 жыл), мың тг. |
16 959 |
Активтердің рентабельділігі |
20% |
11% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 5 жылда 33 874 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR) |
20% |
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге |
33 874 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл |
5,4 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл |
6,7 |
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты кіріс алуына мүмкіндік береді;
сүтті мал тұқымын өсіретін жаңа фермалар құру;
Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
халықтың сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
Кіріспе
Қазақстан - барынша аз еңбек және қаржы шығынымен шаруашылықтарға үлкен кіріс әкелетін малды ұстаудың жайылымдық нысандарын дамыту үшін табиғи мүмкіндікіері мен жергілікті халықтың тарихи қалыптасқан дағдылары мол маңызды мал шаруашылы аудандарының бірі.
Қазақстан өзінің ерекше табиғи жағдайларымен және жергілікті халықтың еңбек дағдыларымен ертеден бері ірі мал шаруашылығы аудандарының бірі болып саналады.
Тың және тыңайған жерлерді игергенге дейін елуінші жылдардың ортасында мал шаруашылшығы республиканың ауыл шаруашылығының басты саласының бірі болып табылады. Егіншіліктің тез дамуына қарамастан тың жерлерді игерген уақыттан бастап Қазақстан экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы қазірдің өзінде зор.
Ірі қара мал өсірілетін негізгі аудан – Солтүстік Қазақстан – республиканың егіншілік барынша игерілген бөлігі. Бұл жерде барлық ірі қара мал басының шамамен 501 пайызы орналасқан.
Ірі қара мал өсіретін екінші бір маңызды аудан Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның таулы өңірі. Бұл жерде барлық мал басының шамамен 30 пайызы бар. Республикада өсірілетін ірі қара мал тұқымынан сүтті-етті қырдың қызыл, алатау, талас тұқымдарын және ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырларын ерекше атап өтуге болады.
Мал шаруашылығы Қазақстанда барлық жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 43% құрайды. Мал шаруашылығы Қазақстанның негізгі стратегиялық экономикалық міндеттерінің бірі болып табылады және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуының, тамағы мен кірісінің негізгі көзі болып қала береді.
Республиканың маңызды малшаруашылық салалары қой шаруашылығы және мал шаруашылығы болып табылады, сондай-ақ шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы мен түйе шаруашылығы да дамыған. Республиканың шығысында марал шаруашылығы дамыған.
Табиғи мал жайылымдарының сипаттамасы ең алдымен қой шаруашылығын, етті мал шаруашылығын дамытуды алдын ала айқындайды, Республикада өндірілген еттің шамамен 65% осылардың үлдесінен тиеді.
