Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары

Десмопрессин

(Desmopressin)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 0,1 мг, 0,2 мг егуге арналған ерітінді

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қантсыз диабеті, жедел полиурия, гипофиз аймағына операциядан кейінгі полидипсия, біріншілік түнгі несептің ұсталмауы (тек интраназальды қолдану үшін); к/т енгізу үшін — гемофилия А, Виллебранда ауруы (Iib типінен басқа); никтурия. Интраназальды — 10–40 мкг/тәу бір немесе бірнеше қабылдауға, 3 айдан 13 жасқа дейінгі балаларға — 5–30 мкг/тәу. Т/а, б/е, к/т ересектерге — 1–4 мкг/тәу, балаларға — 0,4 мкг/тәу.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, туа пайда болған немесе психогенді полидипсия, анурия, әртүрлі этиологиядағы сұйықтықтың жиналуы, плазманың гипоосмолярлығы, қан айналымының жетіспеушілігі, несеп айдағыштармен ем жүргізу қажет. К/т енгізу үшін — тұрақсыз стенокардия, Виллебранда типінің Iib ауруы, жүктілік.

Сақтандыру.

Сулы улану қауіпін және гипонатремияны төмендету үшін сұйықтықты қолдануды төмендету (әсіресе балаларға, жасөспірімдерге, егде жастағы кісілерге). Ринит кезінде тілдің астына тағайындалынады (себебі мұрын ішінде сіңірілу бұзылған).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Транзиторлы бастың ауруы, жүректің айнуы, іштің спастикалық ауруы, дисальгоменорея, шамалы артериальды гипертензия, толқынулар, АҚ шамалы төмендеуі, компенсаторлы тахикардия (к/т енгізген кезде), аллергиялық реакциялар (сонымен қатар анафилактикалық шок); ісінулер, жергілікті гиперемия, егілген жердегі ауру.

Саудаға тіркелген атауы: Десмопрессин.

Соматотропин

(Somatropin)

Шығарылу түрі. Егіге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ 18 МЕ, 36 МЕ егуге арналған ерітінді 5 мг/1,5 мл, 10 мг/1,5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Эндогенді өсу гормонының жетіспеушіліг кезіндегі балалардың өсу үдерісінің бұзылыстарында, өсудің тоқтауымен жүретін балалардағы бүйректің созылмалы жетіспеушілігі, синдром Шерешевского — Тернера, остеопороз, дене салмағының төмендеуімен жүретін иммунды жетіспеушілік синдромы.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қатерлі ісіктер, эпифиздің жабылуы, жүктілік, емшекпен емізу (емделу кезінде емшекпен емізуден бас тарту керек).

Сақтандыру.

Қант диабеті науқастарына (инсулинге қажеттілік жоғарлауы мүмкін) немесе осы ауруға отбасылық бейім келетін науқастарға тағайындағанда сақтықты сақтау керек. Қандағы және несептегі глюкоза деңгейін бақылау қажет. Бас миының қатерсіз ісігінің салдарынан, өсу гормоны жетіспейтін науқастарда, ісік өсуінің үдеуі мен қайталануын шеттету үшін жиі зерттеулер жүргізу қажет. Емделу кезінде гипотиреоз дамуы және ем ықпалының төмендеуі мүмкін (қалқанша безінің қызметтік жағдайын кезекті бақылап отыру қажет және тиреоидты препараттармен орын басу терапиясын дұрыс жүргізу). Түтікше сүйектері басының эпифизеолиздары көбінесе эндокринді бұзылыстары бар, тағыда өсу гормоны жеткіліксіз науқастарда кездеседі. Өсу гормонымен емдеу кезіндегі балалардағы ақсақтануды байқауда, толық зерттеуді талап етеді. Ауыр немесе қайталанушы бас ауруларында, көрудің бұзылыстарында, жүрек айнуларында, құсу жағдайларында, көру жүйке дискісінің ісінуін анықтау үшін, көз түбін тексеру ұсынылады (фундоскопия), оның болуы бас ішінің гипертензиясына сілтейді. Бұндай жағдайларда өсу гормонымен емдеуді доғару қажет. Қайта қолдану кезінде, бас ішінің гипертензиясының симптомдарына қатаң мониторинг жүргізу керек. Липоатрофия дамуына байланысты енгізілетін жерді ауыстыру керек. Ең жақсы нәтижелер емді ерте жаста бастаған кезде байқалады. Емді жыныстық дамуға дейін және сүйектердің өсу аймағының жабылуына дейін жалғастырады. Емді қалаған нәтижеге қол жеткізгеннен кейін доғарады.

Ерекше нұсқаулар: Кейбір препараттар нәрестелер үшін улы болатын консервант ретінде қолданылатын бензил спиртінен тұрады. Еріткен кезде шайқауға болмайды!

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, қатты және жиі бас ауруларымен жүретін бас миының ішкі қысымының жоғарлауы, жүректің айнуы, құсу, көрудің бұзылуы, гипотиреоз симптомдарымен жүретін қалқанша безі қызметінің тежелуі, гипергликемия, лейкемия, ортан жілік сүйек басының эпифизеолизі, ісіну синдромы; жергілікті реакциялар — май тіндер көлемінің өзгеруі, егілген жердегі аурулар мен қышынулар.

Саудаға тіркелген атауы: Соматотропин.

Хорионды гонадотропин

(Chorionic Gonadotropin)

Шығарылу түрі. Ампуладағы егуге арналған лиофилизирленген ұнтақ 500 МЕ, 2 000 МЕ, 5 000 МЕ

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гипоталамо-гипофизарлы бұзылыстар кезіндегі жыныс бездерінің гипофункциясы: әйелдерде — гипофизарлы-овариальды дисфункциямен байланысты бедеулік, сонымен қатар алдын ала эндометрия фолликулаларының жетілуі мен пролиферациясын белсендіру, етеккір циклінің бұзылыстар, жоқ болуы, бала табу жасындағы дисфункциональды жатырдан қан кетулер, сары дене қызметінің жетіспеушілігі, жүктіліктің І үшайында болатын үйренгіштік және қауіп төнуші түсіктер, жасанды ұрықтану кезінде бақыланатын «суперовуляция»; еркектерде — гипогонадотропты гипогонадизм, әтектік көріністер, гипогенитализм, аталық безінің гипоплазиясы, адипозогенитальды синдром, сперматогенездің бұзылыстары (олигоспермия, азооспермия), крипторхизм. К/т. Әйелдерге — овуляцияны демеу үшін және жасанда ұрықтану әдістерін қолданғанда: 5000–10000 МЕ бір күннен кейін соңғы менотропинді енгізгеннен кейін немесе урофоллитропинді 5-9 күннен кейін соңғы кломифенді енгізгеннен соң; сары дененің жетіспеушілігі кезінде — 1500 МЕ әр екінші тәулікте, овуляция күнінен бастап, күтілетін етеккір күіне дейін немесе жүктілік болу дәлелденгенше (соңғысында қайта қолдану мүмкін жүктіліктің 10-шы аптасына дейін). Еркектерге — гипогонадотропты гипогонадизм кезінде 1000–4000 МЕ аптасына 2–3 реттен бірнеше апта бойы немесе айлап терапиялық ықпалға қол жеткізгенше; бедеулік кезінде сперматогенезді демеулеу кезінде 6 ай бойы және одан көп; егер шәуетте сперматозоидтар саны жеткіліксіз болса (5 млн/мл аз) емді менотропинді немесе урофоллитропинді қосу арқылы 12 айға дейін жалғастырады. Препубертатты жастағы крипторхизмде — 1000–5000 МЕ аптасына 2–3 реттен қалаулы ықпалға қол жеткізгенше, бірақ 10 мөлшерден артық емес; жасөспірімдердегі гипогонадизмді диагностика жасағанда — 2000 МЕ тәулігіне 1 реттен 3 күн бойы.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, сонымен қатар басқа да гонадотропиндерге, гипофиздің гипертрофиясы немесе ісіктері, жыныс мүшелерінің гомонға тәуелді ісіктері немесе қабыну аурулары, жүрек және бүйрек жетіспеушіліктері, бронхиальды демікпе, қояншық, бас сақинасы; әйелдерде — аналық безінің гипербелсену симптомы немесе оның қауіпі, диагностика жүргізілмеген дисфункциональды жатырдан қан кетулер, жатыр фибромасы, аналық безінің кистасы немесе гипертрофиясы, оның поликистозымен байланысты, тромбофлебит асқыну сатысында; еркектерде — қуық үсті безінің қатерлі ісігі, ерте жыныстық даму (крипторхизмді емдеу үшін).

Сақтандыру.

Емді эндокринді бұзылыстар терапиясының тәжірибесі бар мамандандырылған дәрігердің бақылауымен жүргізеді. Овуляцияны демеу үшін қолдануда мөлшер тәртібін жеке талдау ұсынылады және оның түзетулері ықпалға, қан сары суындағы эстрадиол мен прогестерон құнарлығының өлшемдерінің реттелуіне, аналық безінің УДЗ, дененің базалды температурасының анықталуына және дәрігер ұсынылған жынысты қатынас тәртібін сақтауға байланысты болады. Аналық безінің гипертрофиясы немесе киста түзелулерінде емді уақытша доғаруды (кистаның жарылып кетуін болдырмас үшін), жыныстық қатынастан бас тартуды және келесі курсқа дейін мөлшерін төмендетуді талап етеді. Шамалы аналық безінің гипертрофиясы кезінде немесе қанның сары суында эстрадиол құнарлығының шамадан тыс жоғарлауында бұл циклде, соңғы тәулікте менотропинмен немесе урофоллитропинмен овуляцияны демеумен емдеу жүргізілмейді. Еркектерде бедеулікті емдеу уақытында, емнің алдында және енгізгеннен кейін қанның сары суында тестостерон құнарлығын өлшеу қажет және сперматозоидтардың саны мен қозғалысын анықтау керек. Ерте жыныстық даму кезінде крипторхизмді емдеуде, емді доғарады және басқа емдеу әдістерін қолданады. Аталық безінің түсу динамикасы болмаған жағдайда, 10 мөлшерден кейін емді жалғастыру ұсынылмайды. Жасөспірімдерде гипогонадизм диагностикасын енгізуге дейін және емдеу курсынан кейін бір күннен соң, қанның сары суындағы тестостерон құнарлығын бақылау арқылы жүргізеді (аталық безінің қызметі қалыпты болғанда, құнарлығы емнен кейін екі есеге жоғарлауы тиіс). Мөлшерді немесе емдеу ұзақтығын негізсіз жоғарлату, еркектерде шәуетте сперматозоидтардың саны азаюымен жүруі мүмкін.

Ерекше нұсқаулар: Ерітінділерді тікелей қолданар алдында натрия хлоридтің изотониялық ерітіндісінде еріту арқылы жасайды. Эндогенді ХГ болуының иммунологиялық анализдерінің теріс оң болуы және несепте 17-гидроксикортикостероидтар мен 17-кетостероидтар құнарлығының жоғарлау мүмкіндіктерін ескеру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде ұрыққа қалаусыз әсерлерін ескеру керек (жүкті әйелдер мен экспериментальды жануарларға енгізген мәліметтер бойынша).

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: бастың ауруы, тітіркенгіш, мазасыздану, шаршау, әлсіздік, депрессия.

Аллергиялық реакциялар: бөртпелер (есекжем типтері, эритематозды), ангионевротикалық ісінулер, диспноэ.

Басқада: антиденелердің түзілуі (ұзақ қолданғанда), сүт безінің ұлғаюы, енгізілген жердің ауырсынуы.

Несеп жыныс жүйесі жағынан: әйелдерде — аналық безінің гипертрофиясы, овариальды кисталардың түзілуі, аналық безінің гипербелсену синдромы, көп ұрықты жүктілік, шеткі ісінулер; еркектерде — ерте жыныстық даму, шап түтікшесінде аталық безінің ұлғаюы, олардың кейін түсуін қиындатады, жыныс бездерінің дегенерациясы, ұрық шылбырының атрофиясы.

Саудаға тіркелген атауы: Прегнил, Гонадотропин хорионический.

Октреотид

(Octreotide)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 2 мг, 3 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Акромегалия (дофамин агонистерінің тиімсіздігінде немесе хирургиялық ем жүргізу мүмкін емес кездерінде, сәулелі ем), гастроэнтеропанкреатиттік жүйенің эндокринді ісіктері (карциноидты ісіктердің карциноидты синдром белгілерімен жүретін симптомдарын шеттету, вазоактивті гиперпродукциямен сипатталынатын интестинальды пептидті ісіктер), глюкагономдар, гастриномдар (Золлингера — Эллисон синдромы), инсуломалар, соматолибериномалар, ЖҚТБ науқастарындағы рефрактерлі диарея, ұйқы безіне операция жасауда (асқынулардың алдын алу үшін), қан кетулер (сонымен қатар қайталанудың алдын алу) бауыр циррозымен ауыратын науқастардағы өңештің варикозды кеңеюі. Т/а, к/т (инфузионды). Акромегалия кезінде және гастроэнтеропанкреатиттік жүйенің ісігінде т/а — 50–100 мкг-нан тәулігіне 1–2 реттен (100–200 мкг-нан тәулігіне 3 реттен); ЖҚТБ науқастарындағы рефрактерлі диарея кезінде т/а — 100 мкг-нан тәулігіне 3 реттен (250 мкг-нан тәулігіне 3 реттен). Ұйқы безіне операция жасағаннан кейінгі асқынулардың алдын алу мақсатымен бірінші мөлшер 100 мкг-нан т/а енгізеді 1 сағат алдын лапаротомияға дейін, кейін операциядан кейін т/а — 100 мкг-нан тәулігіне 3 реттен 7 күн бойы қатарынан. Өңештің немесе асқазанның варикозды кеңеюінен қан кетулерді тоқтату үшін — 25 мкг/сағ үздіксіз жолымен к/т инфузия 5 күн бойы.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік және емшекпен емізу (емделу кезінде доғарады).

Сақтандыру.

Қанда глюкоза деңгейінің айтарлықтай тербелісін, аз мөлшерде жиі енгізу арқылы азайтуға болады; гастроэнтеропанкреатиттік эндокринді ісіктерді емдеу кезінде, симптомдардың бірден қайталану мүмкіндіктерін ескеру керек, ал инсуломамен ауыратын науқастарда — гипогликемияның айқындылығы мен ұзақтығының жоғарлауы болуы мүмкін. Глюкоза құнарлығын жүйелік бақылап отыру қажет, әсіресе бауыр циррозындағы өңештің варикозды кеңейген көктамырларынан қан кетулерде, себебі қант диабетінің 1-ші типі (инсулинге тәуелді) даму тәуекелі жоғарлайды; болған диабетте инсулинге қажеттілік өзгереді.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, анорексия, іште спастикалық аурулар, метеоризм, диарея және стеаторея, жедел ішек бітелу симптомдары, бауыр қызметінің бұзылуы, өт тастарының байлануы (ұзақ қолданған кезде), жедел панкреатит, гипер- немесе гипогликемия, шаштың түсуі; жергілікті — ауырсыну, қышынудың немесе күйдіруді сезіну, қызару, ісіну.

Саудаға тіркелген атауы: Октрид, Сандостатин®.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]