- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
Қалқанша безінің синтездейтін және бөліп шығаратын негізгі гормондарына левотироксин (тироксин) немесе лиотиронин (трийодтиронин) жатады. Бұл гормондардың негізгі ықпалдарына метаболизм жылдамдығын тездету жатады. Олар сонымен қатар, жүрекке тікелей әсер ету нәтижесі болып келетін кардиобелсендіруші ықпал көрсетеді. Тиреоидты гормондар кез келген гипотиреоз кезінде (операциядан кейінгі, диффузды зоб кезінде, Хашимота тиреоидитінде және т.б.) және операциядан кейінгі супрессивті ем үшін және/немесе қалқанша безінің қатерлі ісігінде біріктірілген емде қолданылады. Нәрестелердегі гипотиреоз кезінде, қалыпты дамуды қамтамас ету үшін тез арада емді қажет етеді.
Антитиреоидты заттар тиреотоксикозды емдеу үшін және науқастарды тиреоидэктомияға алдындағы операцияға дайындауда дәрімен емдеу үшін қолданады. Негізгі дәрілік ем ретінде антитиреоидты заттарды келесі жағдайларда қолдану тиімдірек:
· тиреоидты гормондардың жоғарлауымен жүретін бірінші анықталынған аурулар; · қалқанша безінің көлемі түйінсіз белгілерсіз 40 мл; · жүрек қан-тамырлар жүйесі жағынан ауыр тиреотоксикоз асқынуларысыз; · одан басқа, егер ауру әйелдерде диагноздалса, одан жуыр арада жүктілікті жоспарлауы бар ма жоқ па екендігін анықтау (жүктілік кезде тиреостатиктерді қабылдау қалаусыз).
Калия йодид
(Potassium iodide)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мкг, 200 мкг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алу шараларында (эндемиялық зоб және т.б.) йод жетіспеушілігі бар аймақтарда, сонымен қатар балаларға, жасөспірімдерге, жүктілікте және емізулі әйелдерде, қалқанша безінің резекциясынан кейінгі зобтың қаталануының алдын алуда; балалардағы зоб ауруын және басқада йод жетіспеушілік ауруларын емдеу (сонымен қатар нәрестелерде), жасөспірімдер мен ересектерде; гипертиреоз, қалқанша безінің резекциясына дайындау, тиреотоксикалық криз; қақырықтың қиын бөлінуінде (жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында, бронхиальды демікпе, өкпенің актиномикозы); радиобелсенді йодты қалқанша безінің сіңірілуін шеттетуде және радиациядан қорғау; мерез (үшінші кезеңде инфильтраттардың сіңірілуі) — көмекші ем ретінде; офтальмологияда: катаракта, қасаң қабақтың және шыны тәріздес дененің бұлғырлануы, көз қабығына қанның құйылуы, конъюнктива мен қасаң қабақтың зеңді зақымданулары; стоматологияда: сілекей бездерінің қабыну аурулары, ксеростомия.
Ішке, тамақтан соң, жеткілікті сумен ішу. Зобтың алдын алу шаралары: 1 қабылдауға, ересектерге және балаларға 12 жастан — 100–200 мкг/тәу, нәрестелерге және 12 жасқа дейінгі балаларға — 50–100 мкг/тәу, алдын алу шараларын бірнеше жыл бойы жүргізіледі, кейде — өмір бойы; жүкітілік және емшекпен емізулі кезде — 150–200 мкг/тәу; резекциядан кейінгі зобтың қайталануының алдын алу шараларында — 100–200 мкг/тәу. Зобты емдеу: ересектерге — 200–600 мкг/тәу, нәрестелерге, балаларға және жасөспірімдерге — 50–200 мкг/тәу, емдеу курсы — 6–12 ай және одан жоғары (емдеуші дәрігердің шешімі бойынша). Муколиттік заттар ретінде: 2–3 ас қасықтан 1–3% ерітінді (0,3–1 г) 3–4 реттен тәулігіне. Үшіншілік кезеңдегі мерезді емдеуде: 1 ас қасықтан 3% ерітінді тәулігіне 3 реттен. Радиопротективті заттар ретінде: ересектерге және 2 жастан үлкен балаларға — 0,125 г-нан тәулігіне 1 реттен, 2 жасқа дейінгі балаларға — 0,04 г-нан тәулігіне 1 реттен.
Гипертиреоз: ішке, 250 мг-нан тәулігіне 3 реттен.
Офтальмологияда: 2 тамшыдан 3% ерітінді (көз тамшысы) тәулігіне 3–4 реттен конъюнктивальды инстилляция ретінде, курс — 10–15 күндей.
Стоматологияда: ішке, 1 ас қасықтан 0,5–2% ерітінді тәулігіне 3 реттен 1 ай бойы.
Кері көрсеткіштері
Йодқа жоғары сезімталдық, қалқанша безінің айқын және жасырын гиперфункциясында (150 мкг/тәу жоғары мөлшер үшін), қалқанша безінің улы аденомасы, түйінді зоб және басқа да қалқанша безінің қатерсіз ісіктері (300 мкг/тәу жоғары мөлшері үшін, операция алдындағы йодотерапиядан басқа), герпетиформалы Дюринг дерматиті, өкпе туберкулезі, нефрит, геморрагиялық диатез, нефроз, фурункулез, безеу бөртпелері, пиодермия.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
жүктілік, емшекпен емізу.
Емге дейін қалқанша безінің қатерлі ісікпен зақымдалуын шеттету қажет. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарға сақтықпен тағайындалынады (қандағы калий деңгейін кезекті бақылап отыру қажет).
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Жүктілік және емізулі кезде тек физиологиялық (алдын алу шаралары үшін) мөлшерде ғана қолдану мүмкін. Жүктілік кезде қолдану, ұрықтың қалқанша безінің қызметін тежеу (гипотиреозға) және оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезеңінде — нәрестелерде бөртпелердің пайда болуы және қалқанша безі қызметінің төмендеуі (күніне 300мкг жоғары мөлшерде емшекпен емізуді доғару керек) болады.
Жанама әсерлері
АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, диспепсиялық көріністер, гастралгия, диарея. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: мазасыздану, бастың ауруы.
Аллергиялық реакциялар: ангиоэдема, тері мен кілегей қабаттарында геморрагияның болуы, сілекей безінің ісінуі, есекжем.
Басқалары: қалқанша безі қызметінің өзгеруі (гипертиреоз, гипотиреоз), гиперкалиемия, паротит, йодпен улану (естің шатасуы, ретсіз жүректің жиырылуы; ұйып қалу, шаншу, қолда және аяқта ауырсыну немесе әлсіздік; айтусыз әлсіздік, аяқта әлсіздік немесе ауырлық; йодизм (ұзақ қолданғанда, әсіресе жоғары мөлшерде): ауызды немесе тамақты күйдіру, ауызда металл дәмінің шығуы, жоғары сілекейдің бөлінуі, тістің және иектің ауруы, конъюнктиваның қызаруы, қабақтың ісінуі, ринит, қызба, артралгия, акне, дерматит (эксфолиативті ж.т.б.), эозинофилия.
Саудаға тіркелген атауы: Антиструмин Дарница, Йодид Фармак, Йодомарин®, Йодонорм, Калия йодид 200.
Левотироксин НАТРИЯ
(LEVOTHYROXINE SODIUM)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 25 мкг, 50 мкг, 75 мкг, 100 мкг, 125 мкг, 150 мкг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Гипотиреоз, ішке, ересектерге алғашқыда 50–100 мкг-нан күніне (25– 50 мкг-нан 50 жастан үлкендерге) таңертенгі асқа дейін, 25-50 мкг-ға әр 3-4 аптада жоғарлату, қалыпты метаболизм белгіленгенше (кәдімгі ұстап тұрушы мөлшер күніне 100–200 мкг-нан); жүрек ауруларында күніне 25 мкг-нан немесе 50 мкг-нан күн ара, біртіндеп 25 мкг-нан әр 4 аптада қадаммен жоғарлату арқылы. Тауы пайда болған гипотиреоз немесе жас шақтағы микседема (жоғарыда қара), ішке, 1 айға дейінгі балаларға, бастапқыда 5–10 мкг/кг күніне, 1 айдан үлкен балаларға, бастапқыда 5 мкг/кг-нан күніне, біртіндеп 25 мкг-нан әр 2-4 аптада қадаммен жоғарлату, улану симптомдарының жеңіл көріністері пайда болғанша, кейін мөлшерін шамалы төмендетеді.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық. Тиреотоксикоз.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Жүрек-тамыр бұзылыстары (жүрек жетіспеушіліктерінемесе миокардтың инфаркт белгілерінің ЭКГ-сы); гипопитуитаризм немесе бүйрек үсті безінің жетіспеушілігіне бейім болу (левотироксинді тағайындар алдында кортикостероидтармен түзету жүргізеді); егде жастағылар; ұзақ гипотиреоз; қантсыз диабет, қант диабеті (инсулин немесе пероральды антидиабеттік препараттардың мөлшерін жоғарлату қажетілігі мүмкін); жүктілік, емшекпен емізу.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы А.
Емшекпен емізу: төс сүтіне аз мөлшерде өтеді.
Жанама әсерлері
(Көбінесе шамадан тыс жоғары мөлшер кезінде) стенокардиялық ауырсынулар, аритмия, жүректің соғуы, тахикардия, қаңқа бұлшық еттерінің спазмы, диарея, құсу, дірілдеу, мазасыздану, қозу, ұйқының қашуы, бастың ауруы, толқынулар, жоғары тершеңдік, шамадан тыс салмақты жоғалту және бұлшық ет әлсіздігі.
Саудаға тіркелген атауы: Левотироксин натрия.
Тиамазол
(Thiamazole)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 5 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Диффузды улы зоб, қалқанша безінің гиперфункциясы, гипертиреоз (базедова ауруы), диссеминирленген автономды қалқанша безі; зоб бойынша операцияға дайындау; радиобелсенді йодпен емдеу кезінде алдын ала және аралық емдеуде. Ішке — 40–60 мг/тәу, жеңіл тиреотоксикоз кезінде — 30 мг/тәу (бір рет немесе 4 қабылдауға) 2-3,5 апта бойы. Эутиреоидты жағдай басталған уақыттан бастап, біртіндеп (орта есеппен 3-8 апта бойы) ұстап тұратын мөлшерге дейін төмендетеді (5-10 мг/тәу), қабылдауды 1-1,5 жылға жалғастырады.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, айқын лейкопения, гранулоцитопения, сонымен қатар дәрімен демеуленген, жүктілік, зобтың өте үлкен көлемі, бездегі түйіндердің болуы, зобтың көкіректің артында орналасуы, емшекпен емізу (емшекпен емізуден бас тарту).
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Ерте емді доғарғанда аурудың қайталануы мүмкін. Үнемі дәрігерлік бақылау мүмкіндіктері болмаған кезде, емді жүргізу қалаусыз.
Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.
Жанама әсерлері
Жүректің айнуы, құсу, бауыр қызметінің бұзылыстары, бастың ауруы, қызба, буындарда, бұлшық еттерде ауырсынулар, лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық қаназдық, струмогенді ықпал, гипотиреоз, операциядан кейінгі қалқанша безінің қан кетулерінің жоғарлауы, аллергиялық тері реакциялары.
Саудаға тіркелген атауы: Тиазолил, Тиамазол, Тирозол.
Пропилтиоурацил
(Propylthiouracil)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Гипертиреоз. Ішке, ересектерге 300–600 мг-нан күніне эутиреоидты жағдайға қол жеткізгенше; кейін мөлшері баяу ұстап тұрушы мөлшерге дейін төмендетіледі 50–15 мг-ға дейін.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, лейкопения, агранулоцитоз, гипотиреоз, бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары, белсенді гепатит, бауыр циррозы.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Үлкен көлемдегі зоб; жүктілік және емшекпен емізу; бауыр жетіспеушілігі – бауыр қызметі нашарлағанда емді доғару (өлімге әкелген жағдайлар туралы мәліметтер бар); бүйрек жетіспеушілігі – мөлшерін төмендету. Емделу кезінде қанның жасушалық құрамын және қалқанша безі қызметінің жағдайын үнемі бақылау қажет (қандағы тиреоидты гормондардың және/немесе тиреотропиннің деңгейін анықтау). Қанның формалық элементтер санының патологиялық өзгерістерінде және трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы кезде дәрігердің кеңесі қажет. Себебі агранулоцитоз бірнеше сағаттың ішінде дамиды, науқас оның белгілерімен хабардар болуы тиіс (қызба, дімкәстік, тонзиллярлы ангина, стоматит) және тез арада дәрігерге қаралуы қажет және қанның зерттеулері жүргізілуі тиіс. Зобтың және гипотиреоздың пайда болуы (созылмалы мөлшерден тыс қолдану) емді доғаруды талап етеді.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Жүктілік кезеңде қолдану кезінде, түсікті болдырмас үшін, мөлшері төменгі дәрежеде болуы керек.
Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезінде қолданғанда, ұрықта немесе нәрестеде гипотиреоздың немесе зобтың дамуын болдырмау үшін, мөлшері төмен дәрежеде болуы тиіс.
Жанама әсерлері
Сирек — агранулоцитоз, асқазанның ауруы, артралгия, парестезия, қалқанша безінің ұлғаюы, аллергиялық реакциялар (терідегі бөртпелер, есекжем); өте сирек (жоғары мөлшерді қолданғанда) — бауырдың зақымдалуы, сонымен қатар транзиторлы холестаз, тромбоцитопения, лимфаденопатия; жеке жағдайларда — жүйке-бұлшық бұзылыстары, полиартрит, дәмнің және иіс сезінудің бұзылыстары, васкулит, қызыл жегі тәрізді синдром, түйінді периартериит, жүректің айнуы, құсу, бастың айналуы, эритропоэздің бұзылыстары, гемолиз, Кумбса реакциясының оң болуы, интерстициальды пневмония, шеткі ісінулер, алопеция.
Саудаға тіркелген атауы: Пропилтиоурацил.
