- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
18.6. Овуляцияны белсендірушілер
Антиэстрогенді препарат кломифен, овуляцияның бұзылуы салдарынан болатын әйелдердегі бедеулікті емдеуге қолданылады. Ол гипоталамус рецепторларын тежеу арқылы гонадотропиннің босап шығуын демейді, осы арқылы қайта реттелу механизмі байланысына араласады. Науқастар қатаң тексерілуі керек және жүргізілетін емде болатын жанама әсерлермен толық танысуы тиіс, оған көп ұрықты жүктілік тәуекелі жатады (сирек егіздер). Көп науқастар емге жауап беру кезінде, бірінші курстан кейін ықпалға қол жеткізеді; 3 курс жеткілікті болуы керек; ұзақ циклді ем ұсынылмайды (6 циклден көп), себебі олар аналық безінің қатерлі ісігінің тәуекелін жоғарлатады.
Кломифен
(Clomifene)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мг, 100 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ановуляторлы бедеулік. Ішке, ересектерге (әйелдерге) — күніне 50 мг-нан 5 күн бойы, етеккірдің бірінші 5 күнінен бастап, 2-ші күні немесе кез келген күні, егер цикл тоқтаса; овуляция болмаған кезде екінші курсты бастайды – күніне 100 мг-нан 5 күн бойы.
Кері көрсеткіштері
Бауыр аурулары; аналық безінің кисталары; гормондарға тәуелді ісіктер немесе себебі белгісіз жатырдан қан кетулер; жүктілік (емнің алдында тексеру керек).
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Көрудің бұзылуы (қабылдауды доғару және көзді тексеру) және аналық безінің гиперстимуляция синдромы (емді тез доғару); аналық безінің поликистозды синдромы (емделу кезінде кисталар ұлғаюы мүмкін); жатырдың фибромиомасы, жатырдан тыс жүктілік, көп жүктілік тәуекелі жоғарлайды (ультрадыбысты мониторинг жүргізілу), емшекпен емізу кезінде.
Емделудің алдында және емделу кезінде үнемі гинекологтың бақылауы қажет, аналық безінің қызметін тексеру, қынап зерттеулерін жүргізу, «қарашық» феноменін тексеру қажет ж.т.б. аналық безінің ұлғаюы кезінде немесе олардың кистозды трансформациясы кезінде, кломифенмен емдеуді аналық бездерінің көлемі қалпына келгенше тоқтатады. Емді ең аз мөлшерден бастайды немесе емдеу кезеңін қысқартады. Емдеу тұсында бауыр қызметін бақылау керек. Жоғары физикалық және психикалық көңіл қоюды талап ететін мамандармен байланысты адамдарды жұмыстан босатпастан тағайындауға болмайды.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Пайда мен тәуекелді салыстыру қажет.
Жанама әсерлері
Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: бастың ауруы, бастың айналуы, депрессия, жоғары қалжырау, мазасыздану, ұқының қашуы, көрудің бұзылуы. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу.
Несеп жүйесі жағынан: аналық безінің кистозды ұлғаюы, дисменорея, поллакиурия, полиурия, көп ұрықты жүктілік.
Басқалар: толқынулар, дене салмағының жоғарлауы, іштің төменгі жағының, көкірек тұсының, аталық безінің (еркектерде) ауруы, гипертермия, қайтымды шаштың түсуі, терінің аллергиялық реакциялары.
Саудаға тіркелген атауы: Климофен.
18.7. Прогестагендер
Прогестоген тобының препараты деп, табиғи прогестерон белсенділігіне ұқсас дәрілерді айтамыз. Прогестерон – аналық безінің сары денесімен бөлініп шығатын гормон, ол эндометрияның секреторлы өзгерістеріне әкеледі, жатырдың тегіс бұлшық еттерін босатады, қынап пен сүт безі өзегінің эпителиясын өзгертеді. Табиғи прогестогендер (микронизирленген прогестерон, дидрогестерон) ретсіз келетін етеккір циклінде, етеккір синдромының симптомдарында, сүт безінің дөрекіленуінде және ауырсынуында, эндометрияның гиперплазиясында қолданылады. Эндометриозды дәрілік емдеу қажеттілігі кезінде, жасанды прогестогендермен ұзақ емдеу тиімді болуы мүмкін, левоноргестрел, норэтистерон және медроксипрогестерон сияқты дәрілермен. Олар сол сияқты ауыр дисменореяны емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Эстрогендермен ұзақ ем қабылдайтын постменопаузадағы әйелдерде, интакты жатыры сақталған кезде, прогестогенді қосу керек (эндометрияның гиперплазиясының алдын алу шаралары үшін). Жасанды прогестогендер сонымен қатар пероральды ұрықтануға қарсы және біріктірілген ұрықтануға қарсы дәрілер ретінде қолданылады.
Дидрогестерон
(Dydrogesterone)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 10 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Эндогенді прогестиннің жетіспеушілігінде (сонымен қатар дисменорея, эндометриоз кезінде); екіншілік аменореяны емдеуде (эстрогендермен біріктіріліп); ретсіз келетін етеккір циклін реттеу үшін; дисфункциональды жатырдан қан кетулерді емдеуде; етеккір алдындағы синдромды емдеу үшін; лютеинді жетіспеушілікпен байланысты бедеулікті емдеу; прогестиннің жетіспеушілігімен белгіленген үйренгіштік түсік пен түсік қауіпінің алдын алу шараларында; постменопауза кезеңінде теңестірілмеген эстрогендер әсерін шеттету. Бедеулік: 10 мг/тәулігіне циклдің 11-ші күнінен 25-ші күніне дейін. Ем үзіліссіз 3-6 кезекті және оданда көп цикл бойы жүргізіледі: жүктілік болған кезде, емді бірінші ай бойы жалғастырады, үйренгіштік түсік кезінде ұсынылатын ем сияқты. Түсік қауіпі: 40 мг-нан бір реттен, кейін 10 мг-нан әр 8 сағат сайын симптомдар жойылғанша. Симптомдар жойылған соң, емді тиімді мөлшерде 7 күндей жалғастырады, кейін мөлшерді біртіндеп төмендетеді. Егер бұл кезде симптомдар қайта басталса, емді алдыңғы тиімді мөлшермен жалғастырады. Үйренгіштік түсік: 10 мг-нан тәулігіне 2 реттен жүктіліктің 20-шы аптасына дейін. Дисменорея: 10 мг-нан тәулігіне 2 реттен циклдің 5-ші күнінен 25-ші күніне дейін. Аменорея: эстрогендермен бірге біріктіріліп (тәулігіне 1 реттен циклдің 1-ші күнінен 25-ші күніне дейін) — 10 мг-нан дидрогестерон тәулігіне 2 реттен циклдің 11-ші күнінен 25-ші күніне дейін. Ретсіз келетін етеккір: 10 мг-нан тәулігіне 2 реттен циклдің 11-ші күнінен 25-ші күніне дейін. Эндометриоз: 10 мг-нан тәулігіне 2–3 реттен циклдің 5-ші күнінен 25-ші күніне дейін және/немесе үзіліссіз. Дисфункциональды жатырдан қан кетулер: 10 мг-нан тәулігіне 2 реттен 5-7 күндей эстрогенмен біріктіріп (тоқтату үшін) немесе 10 мг-нан тәулігіне 2 реттен циклдің 11-ші күнінен 25-ші күніне дейін (алдын алу шаралары үшін). Постменопаузада: 10 мг/тәулігіне 14 күн бойы 28 күндік цикл ішінде (эстрогендерді үзіліссіз қабылдау кестесінде) немесе сол мөлшерде эстрогендердің соңғы қабылдауының 12-14-ші күндерінде (эстрогендермен циклді емдеу кестесінде). Прогестаген препараттарына дұрыс жауап реакциясы болмағанда (биопсия мәліметтері мен УДЗ бойынша) мөлшерін 20 мг/тәулігіне жоғарлатады.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық. Дубина-Джонсон синдромы, Ротор синдромы.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Эстрогендермен біріктіріп қолданған кезде: бүйрек қызметі бұзылғанда, жүрек қан-тамырлар ауруы, қант диабеті, қояншық, бас сақинасы.
Орын басушы гормональды терапия, алдын ала жалпы медициналық және гинекологиялық зерттеулерсіз тағайындалмайтынын ескеру керек. Ретімен маммография жүргізілу ұсынылады. Гинекологиялық зерттеулерде анықталынған аномальды қан кетулер және патологиялық өзгерістер, эндометрияның зерттеулеріне көрсеткіш болып келеді.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Көрсеткіштер бойынша жүктілік кезінде тағайындалуы мүмкін.
Емшекпен емізу: Ана сүтімен бөлінеді. Анасы емделген кезде емшекпен емізу ұсынылмайды.
Жанама әсерлері
Метроррагия (атқылап қан кетулер, мөлшерін жоғарлатумен шеттелетін).
Асқорыту жүйесі жағынан: жүрек айнулары мүмкін, диарея, іштің қатуы. Эндокринді жүйе жағынан: сүт бездерінде дискомфорт сезімінің болуы, гинекомастия, либидоның өзгеруі, шаштың түсуі, гирсутизм, жатыр қан кетулері.
Зат алмасу жағынан: ісінулер болуы.
ОЖЖ жағынан: бас аурулары мүмкін, депрессия, ұйқышылдық.
Дерматологиялық реакциялар: акне болуы мүмкін, хлоазма, меланодермия.
Аллергиялық реакциялар: есекжем болуы мүмкін, тері бөртпелері.
Саудаға тіркелген атауы: Дюфастон.
Прогестерон
(Progesterone)
Шығарылу түрі. Капсулалар 100 мг, егуге арналған ерітінді
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Орын басушы гормональды терапия (аменорея, дисменорея, менопауза және перименопаузалы кезең, бедеулік, жүктілікті аяғына жеткізбеу, гирсутизм, эндометриоз, жатырдың, сүт безінің қатерлі ісігі, простатит, экстракорпоральды ұрықтандыру, ұрықтануға қарсы, эстрогендер секрециясының диагностикасы.
Аменорея мен дисфункциональды жатырдан қан кету кезінде: б/е, тәулігіне 5–10 мг-нан 6-8 күндей бойы.
Сары дененің жетіспеушілігі кезінде: тәулігіне 12,5 мг-нан б/е, овуляция уақытынан 2 апта бойы (қажет кезде — жүктіліктің 11-ші аптасына дейін). Эндогенді эстрогендердің түзілуін диагностика жасауда: б/е, 100 мг-нан бір рет. Лютеин фазасының жетіспеушілігі кезінде: ішке, сумен ішу, 200–300 мг-нан тәулігіне, екі қабылдауға (таңертен және кешке) 10 күн бойы (көбінесе циклдің 17-ші күнінен 26-шы күніне дейін).
Эстрогендерді қабылдау кезінде менопаузада орын басуша гормональды терапияда: 2 капсуладан тәулігіне 10-12 күндей.
Аналық безінің (жоқ) қызметі жоқ (аналық жасуша доноры) әйелдердегі прогестерон толық болмаған кезде: қынап ішіне (эстрогенді терапия кезінде) 1 капс. тәулігіне циклдің 13-14 күндері, кейін 1 капс. 2 реттен тәулігіне циклдің 15-ші күнінен 25-ші күндері, 26-шы күні жүктілікті анықтаған жағдайда, мөлшерін әр аптада 1 капс. жоғарлатады, ең жоғары (тәулігіне 6 капсуладан) 3 қабылдауға бөлінген; курс — 60 күндей.
Экстракорпоральды ұрықтандыру циклін жүргізу уақытында лютеин фазасын ұстап тұруда: 4–6 капсуладан тәулігіне, хоринды гонадотропинді егу күнінен бастап, жүктіліктің 12 аптасына дейін.
Өздігінен немесе демеуленген етеккір циклінде лютеин фазасын ұстап тұруда,сары дене қызметінің бұзылыстарымен байланысты бедеулікте: 2–3 капсуладан тәулігіне, циклдің 17-ші күнінен бастап 10 күн бойы; етеккір болмаған жағдайда және жүктілік диагностикасында ем жалғастырылуы керек.
Үйренгіштік және түсік қауіпінің алдын алу шараларында, прогестеронның жеткіліксіздігінен болатын: 1–2 капсуладан тәулігіне 2 реттен күн ара жүктіліктің 12 аптасына дейін.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, көкірек пен репродуктивті мүшелердің ісігі, бауыр қызметінің бұзылыстары, генезі белгісіз қынаптан қан кетулер, тромбозға бейім болу, тромбофлебит немесе тромбоэмболиялық аурулардың жедел түрі, толық емес түсік, порфирия, айқын бауыр қызметінің бұзылыстары (ішке қолдануға арналған капсулалар).
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Бронхиальды демікпе, жүрек жетіспеушілігі, гипертензия, бүйрек қызметінің бұзылуы, ОЖЖ-нің ауруы, сонымен қатар депрессия, қояншық, бас сақинасы; қант диабеті, гиперлипидемия, жатырдан тыс жүктілік, емшекпен емізу. Емделу кезінде көңіл қою концентрациясы төмендейді (авто көлік жүргізуде сақ болу керек).
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Қолдану шектеулі. Пайда мен тәуекелді салыстыру қажет.
Жанама әсерлері
Ішке қолданғанда: ұйқышылдық және бастың айналуы, етеккір циклінің бұзылуы (қысқаруы, аралық қан кетулер). Егуде: тромбоэмболия (сонымен қатар өкпе артериясы және бас миының тамырлары), тромбофлебит, қасаң қабақ көктамырларының тромбозы, галакторея, калькулезді холецистит, холестазды гепатит, апатия, ұйқышылдық, дисфория, көрудің бұзылуы, анорексия, дене салмағының өзгеруі, ісінулер, гирсутизм, алопеция, сүт безінің ұлғаюы, аллергиялық реакциялар, енгізілген жерде ауырсынулар.
Саудаға тіркелген атауы: Депо Провера, Крайнон®, Прогестерон, Утрожестан.
Норэтистерон
(Norethisterone)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 5 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Етеккір алдындағы синдром, мастодиния, секреторлы фазаның қысқаруымен байланысты болатын етеккір циклінің бұзылыстары, дисфункциональды жатырдан қан кетулер (сары дене гормонының жетіспеушілігі кезіндегі орын басу мақсатымен), біріншілік және екіншілік аменорея, эндометрияның кистозды грандулярлы гиперплазиясы, эндометриоз, аденомиоз, лактацияны басу, ұрықтануға қарсы. Ішке. Етеккір синдромы мен мастодинияны емдеу үшін — 5 мг-нан циклдің 16-шы күнінен 10 күн бойы, ауыр декомпенсирленген түрінде және тиімділігі жеткіліксіз кезде — 5 мг-нан, циклдің 5-ші күнінен бастап 21-ші күніне дейін. 40 жастан кейінгі әйелдердегі эндометриоз кезінде — циклдің 16-шы күнінен 25-ші күніне дейін 5–10 мг-нан тәулігіне 6 ай бойы, аденомиозда — 5 мг-нан тәулігіне циклдің 5-ші күнінен 25-ші күніне дейін 6 ай бойы немесе 2,5 мг-нан бастап тәулігіне циклдің 5-ші күнінен, біртіндеп мөлшерін әр 2-3 аптада 4-6 ай бойы 2,5 мг-нан жоғарлату; кезекті етеккір келуінің мерзімін өткізу — 5 мг-нан 1–2 реттен/тәулігіне, болжалдаған етеккір мерзімінің 3 күн алдын бастау, 10-14 күн бойы, дисфункциональды жатырдан қан кетудің доғарылуы — 5–10 мг-нан 6-12 күн бойы, қайталанудың алдын алу — 5 мг-нан күніне циклдің 16-шы күнінен 25-ші күніне дейін, безді-кистозды гиперплазия операциясынан кейін — 5–10 мг-нан циклдің 16-шы күнінен 25-ші күніне дейін 4-6 ай бойы. Лактацияны ескерту үшін — 20–10 мг-нан, біртіндеп мөлшерін төмендету арқылы. Ұрықтануға қарсы мақсатымен — тек эстрогендермен біріктіру арқылы, 1,25–2,5 мг-нан циклдің 1–5-ші күндерінен 21 күн бойы, кейін 7 күн үзіліс жасау.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, сүт безі мен жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі, тромбофилиялық жағдайлар, сонымен қатар анамнезенде, тізенің және геморроидальды көктамырлардың айқын варикозды өзгерістері, холецистит, гепатит, бауыр қызметінің бұзылыстары, қызметтік отбасылық гипербилирубинемия (Ротора, Дубина — Джонсона синдромдары), бауыр ісігі, тері қышынулары, ұшық, ауыр бүйрек жетіспеушіліктері, жүрек-тамыр патологиясы, бронхиальды демікпе, қояншық, жүктілік.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Қояншық; бас сақинасы; қант диабеті; гипертензия; жүрек немесе бүйрек аурулары және тромбоэмболияға бейім болу; депрессия; емшекпен емізу.
Емнің алдында қынаптан қан кету себептерін анықтап алу керек, оның қызметтік сипаттамасын белгілеу және қатерлі ісіктердің жоқ екендігіне көз жеткізу.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Қолдану шектеулі. Пайда мен тәуекелді салыстыру қажет.
Жанама әсерлері
Акне, есекжем, сұйықтың жиналуы, дене салмағының жоғарлауы, асқазан-ішек жолдары жағынан болатын бұзылыстар, либидоның өзгеруі, сүт безі жағынан болатын дискомфорт, етеккір алдындағы симптомдар, ретсіз келетін етеккір циклі, депрессия, ұйқының қашуы, ұйқышылдық, бастың ауруы, бастың айналуы, таздану, гирсутизм, анафилактоидты реакциялар, қояншық пен бас сақинасы барысының асқынулары; сирек: сары ауру.
Саудаға тіркелген атауы: Норколут.
