Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар

Қант диабеті екі түрге бөлінеді. Ұйқы безінің бета-жасушаларының аутоиммунды бұзылыстарынан болған инсулиннің жеткіліксіздігі салдарынан болатын 1-ші типті диабет немесе инсулинге тәуелді қант диабеті. Науқастар инсулиннің енгізілуін қажет етеді. Инсулин секрециясының төмендеуінен және/немесе инсулинге шеткі тұрақтылықтың дамуынан болатын 2-типті дибет немесе инсулинге тәуелді емес қант диабеті. Кейбір жағдайларда науқастың жағдайын тек емдәммен ғана бақылауға болады, бірақ көбінесе пероральды диабетке қарсы заттарды немесе инсулинді тағайындауды қажет етеді. Қолданылатын көмірсулардың энергетикалық құнарлығы мен саны, дене салмағы мен физикалық күш түсу деңгейіне сәйкес болуы керек. 2-типті диабет кезіндегі семіздік, инсулинге тұрақтылықтың бірде бір даму факторына жатады, сондықтан дене салмағы шамадан тыс болғанда, арықтау ұсынылады. Күрделі көмірсулар мен клечаткаға бай және майы аз емдәм тағайындалынады. Физикалық жаттығулар және физикалық белсенділікті жоғарлату салмақтың төмендеуіне ықпал етеді және ағза жасушаларымен глюкозаның қабылдануының жақсару салдарынан, қанда глюкоза деңгейі төмендейді.

Емдеу мақсаты — қандағы глюкоза деңгейін жақсы бақылау мүмкіндіктеріне қол жеткізу және асқынуларды, сонымен қатар микротамырлар асқынуын (ретинопатия, альбуминурия, невропатия) шеттету немесе ең төменге дейін төмендету. Қант диабеті жүрек қан тамыр аурулар тәуекелінің күшті факторы болып келеді; сонымен қатар, темекі тарту, гипертензия, семіздік және гиперлипидемия сияқты басқа да тәуекел факторлары әсер етуі мүмкін.

Инсулинді енгізу 1-ші типті қант диабетінің жалғыз емдеу жолы табылады. 1-ші типті қант диабетінің жалпылай қабылданған емдеу кестесіне қарқынды инсулинотерапия жатады. Қарқынды инсулинотерапияға ұйқы безінің бета-жасушасының физиологиялық секрециясын еліктететін инсулинді бірнеше рет егу тәртібі жатады. Инсулинді сәйкес тәртіппен енгізу әр науқасқа жеке талдануы керек. Инсулиннің мөлшері әр қашанда бірдей болмайтынын ескеру керек, ол науқастың өмір сүруіне байланысты өзгеріп отырады. Инсулинге қажеттілік өмір сүрудің өзгерерістері (емдәм және жаттығулар), кортикостероидтар сияқты дәрілердің қабылдануы, инфекция, күйзелістік жағдайлар, жарақаттар, хирургиялық араласулар әсер етуі мүмкін; пубертат және жүктілік кезде (екінші және үшінші үшайда) инсулинге қажеттік жоғарлауы мүмкін; бауыр және бүйрек жетіспеушіліктерінде, кейбір эндокринді ауруларда (мысалы, Аддисон ауруы, гипопитуитаризм) немесе целиакия мөлшердің төмендеуін қажет етеді. Жүктілік кезде инсулинге қажеттілікті үнемі бақылап отыру керек.

Науқастар қандағы глюкоза деңгейін өздері тест-сызығының көмегімен бақылап отыруы керек. Науқастар күні бойы қандағы глюкоза деңгейінің құнарлығын 4-тен 10 ммоль/л-де ұстап отыруға тырысуы керек; глюкоза құнарлығын 4 ммоль/л төмен түсіріп жібермеуі қажет, гипогликемия тәуекеліне байланысты. Қандағы глюкоза деңгейінің шыңы мен төмендеуін науқастарға белгілеуіне кеңес беру керек және инсулиннің мөлшерін реттеу. Қандағы глюкоза деңгейін тиімдірек етіп, инсулиннің мөлшерін жеке таңдау керек, гипогликемияға өткізбестен, оны біртіндеп жоғарлату арқылы.

Қан үшін глюкоза-сызығы тесті болмаған кезде, несепте глюкоза деңгейін анықтайтын тест-сызығын қолдануға болады. Бұл әдіс көптеген 2-ші типті қант диабетіндегі науқастардың дербес талдамы. Оның сенімділігі төмендеу, қандағы глюкозаны анықтауға қарағанда, бірақ қарапайым және арзан тұрады. Барлық науқастар глюкоза құнарлығын не қанда, не несепте анықтауы тиіс.

Гипогликемия — инсулин немесе пероральды қант диабетіне қарсы заттарды қабылдайтын барлық қант диабетімен ауыратын науқастардағы потенциальды асқыну. Гипогликемия салдарына естің шатасуы, тырысулар, кома және мидың инфаркты жатады.

Көбінесе инсулин қабылдайтын науқастардың, гипогликемия симптомдарына сезімталдығы төмендейді және ол өте қауіпті, әсіресе авто көлік айдайтын жүргізушілер үшін. Гипогликемия симптомдарын шығару үшін қажетті, өте қатаң бақылау табалдық глюкоза деңгейін төмендетеді; гипогликемия көріністерінің жиіленуі, науқастарды сақтандырушы симптомдардың сезінуін қиындатады. Бета-тежегіштер де гипогликемияны сезінуді қиындатуы мүмкін (және одан шығуды баяулатады). Симптомдарға сезімталдықтың қалпына келуі үшін, гипогликемиялық көріністерінің жиілігін минимумға жеткізу керек; оған сәйкес келетін инсулин мөлшерін талдау, енгізу уақыты мен жиілігі, сонымен қатар тамақты қабылдау жиілігі мен мөлшері жатады.

Гипогликемиядан қашу үшін, әсіресе көлік жүргізушілер сақ болуы керек. Олар жолға шығар алдында және ұзақ жол жүрген кезде, шамамен әр 2 сағатта қандағы глюкоза құнарлығын тексеруі тиіс; глюкозамен қамтамас етілуі қажет. Гипогликемия жағдайында көлік жүргізуші транспорт көлігін қауіпсіз жерге тоқтатып, қантты қабылдап, өзіне толық келгенше күтуі керек (15 минут немесе одан да көп уақыт қажет болуы мүмкін). Әсіресе көлік жүргізу қауіпті, гипогликемия бұзылыстарын сезінгенде. Кейбір жағдайларда физикалық белсенділіктерде қосымша көмірсуларды қабылдау қажет болуы мүмкін, гипогликемияны шеттету үшін. Қандағы глюкозаны жаттығудың алдында, жаттығу кезде және жаттығудан кейін бақылануы тиіс. Гипогликемия пероральды диабетке қарсы дәрілерді қабылдайтын науқастарда да болуы мүмкін, әсіресе сульфонилмочевина препараттарын қабылдайтындарда, бірақ ол сирек кездеседі және ол мөлшердің тыс екендігіне көрсетеді. Сульфонилмочевина препараттары туғызған гипогликемия, бірнеше сағатқа дейін сақталуы мүмкін, емдеу емханада жүргізілуі тиіс.

Диабеттік кетоацидоз – потенциальды өлім жағдайы, инсулиннің абсолюттік немесе салыстырмалы жоқ болуынан туындаған және жоғарлаған инсулинге қажеттілікті инсулин мөлшері теңгермегенде туындаған, мысалы ауыр инфекция кезінде немесе ауыр интеркуррентті ауырлар. Диабеттік кето­ацидоз негізінен 1-ші типті қант диабетімен ауыратын науқастарда дамиды. Ол сонымен қатар 2-ші типті қант диабеті науқастарында да болуы мүмкін, оларда кейде уақытша инсулинге қажеттік дамуы мүмкін. Диабеттік кетоацидоз гипергликемиямен, гиперкетонемиямен және дегидратациямен және электролиттік бұзылыстармен жүретін ацидемиямен сипатталынады. Бұндай жағдайлардың емделуі емханада жүргізілуі тиіс, қысқа әсерлі инсулинді және электролиттік ерітінділерді көктамырға енгізу қажет.

Инфекциялар көбінесе қант диабеті нашар бақыланылатын науқастарда дамиды. Оларды тез арада және тиімді емдеу қажет, кетоацидозға жол берместен.

Хирургиялық араласулар. Инсулинге қажеттілікті бағалауға аса көңіл бөлу қажет, егер диабетпен ауыратын науқасқа операция жасалуы керек болса, онда көбінесе 12 сағат бойы препаратты көктамырға енгізу қажет. Қысқа әсерлі инсулинді көктамырға баяу глюкоза мен калия хлорид (науқаста гиперкалемия жоқ екендігіне көз жеткізіңіз) ерітіндісінде енгізу, мөлшерін қандағы глюкоза құнарлығының 7-12 ммоль/литр арасында өлшеміне қарай реттейді. Көктамырға енгізілген инсулиннің әсері бары бірнеше минутқа созылады, сондықтан инфузияны доғаруға болмайды, егер тек науқаста гипогликемия дамымаса. Инсулинге тәуелді диабет науқастарына көбінесе хирургиялық араласулар кезінде инсулинтерапия тағайындалынады (пероральды гипогликемиялық заттар инсулинотерапия кезінде алып тасталынады).

Инсулин парентеральды енгізілуі керек, себебі ол асқазан-ішек жолдарының ферменттерімен әсерсізденеді. Көбінесе инсулин иықтың, санның, жамбасқа немесе іштің тері астына енгізіледі. Ең тиімді енгізілу жеріне іш аймағы жатады. Аяқ-қолдың тері астына енгізілуде сіңірілу жоғары болуы мүмкін, егер олармен егуден кейін қарқынды физикалық жұмыстар орындалса. Қазіргі кезде инсулинді енгізу үшін жиі жаңа инсулин мөлшерін ыңғайлы реттейтін шприц-қаламдары қолданылады. Егер инсулинді енгізу үшін шприцтер қолданылса, олардың өлшеуіші енгізілетін инсулин құнарлығының өлшеуішіне сәйкес келетінін тексеру керек.

Инсулин препараттарының негізгі үш типтері бар, тері астына егілгеннен кейін әсер ету ұзақтығына байланысты жіктелетін. Қықа әсерлі инсулиндер тез әсер етеді, мысалы, ерігіштік немесе бейтарап инсулин. Орта әсерлі инсулиндер, мысалы, изофан инсулин немесе инсулин-мырыш суспензиясы. Әсер етуі баяу басталатын ұзақ әсерлі инсулиндер, мысалы, кристаллды инсулин-мырыш суспензиясы (инсулин гларгин (лантус)).

Қысқа әсерлі ерігіш инсулинді тері астына еккеннен кейін 30-60 минуттан кейін әсер етебастайды, әсер ету шыңы 2-4 сағаттан кейін және әсері 8 сағатқа дейін. Ерігіш инсулинді көктамырға енгізуді шұғыл жағдайлардағы және операция алдында қолдану үшін қалдырады. Көктамырға енгізу кезінде ерігіш инсулиннің жартылай өмір кезеңі өте қысқа, 5 минут шамасында.

Орта әсерлі инсулиндерді тері астына енгізгенде әсер етуі шамамен 1-2 сағаттан кейін басталады, ең жоғарғы әсері 4-6 сағаттан соң дамиды және әсер ету ұзақтығы 16-24 сағат. Олар күніне екі реттен, қысқа әсерлі инсулиндермен тағайындалуы мүмкін немесе күніне бір рет, әсіресе егде жастағы науқастарға. Оларды ерігіш инсулинмен бір шприцте араластыруға болады, бір бірінің құрамына әсер етпейді.

Ұзақ әсерлі инсулин (лантус), шамадан тыс ұзақ әсер етеді (24 сағаттан артық), баяу құнарлығымен тәулік бойы (шыңсыз) және қандағы глюкоза деңгейін гипогликемиясыз бақылауды қамтамас етеді. Ол қант диабетінің 1-ші, сол сияқты 2-ші типімен ауыратын науқастарға тәулігіне 1 реттен қолданылады.

Әсер ету ұзақтығы әртүрлі инсулиндердің әр науқаста әртүрлі болып келеді, сондықтан әр науқасқа жеке жақындау керек. Инсулиннің түрі, мөлшері және енгізілу жиілігі әр науқастың қажеттілігіне байланысты болып келеді. 1-ші типті қант диабетінің дебютімен жүретін науқастарға емді қысқа әсерлі (күніне 3 реттен негізгі тамақ қолдану алдында) және орта әсерлі инсулинмен (таңертен тамақтың алдында және ұйықтар алдында) немесе ұзақ әсерлі инсулинмен (тәулігіне 1 рет кешке) біріктіріп қолданады. 2-ші типті қант диабеті науқастарына, егде жастағышамалы ауыр аурулар жағдайында, инсулинтерапия емі біріктірілген алдын ала қысқа және орта әсерлі инсулиндерді араластыру арқылы (микст-инсулин деп аталатын) жүргізіледі, мысалы, 30% ерігіш инсулин мен 70% изофан-инсулинді біріктіріп, күніне екі реттен таңертен және кешке тамақтың алдында енгізеді. Қысқа әсерлі ерігіш инсулиннің мөлшерін түсқайта (постпрандиальды) болатын науқастардағы гипергликемияда қолданады.

Пероральды диабетке қарсы (гипогликемиялық) заттарды 2-ші типті қант диабет науқастарына қолданады, оларға гликемияны бақылау үшін емдәммен шектеу және жоғары физикалық күш түсу жеткіліксіз. Әртүрлі пероральды диабетке қарсы препараттардың түрлері бар. Сульфонилмочевина мен бигуанидтер өкілі кеңінен қолданылады.

Сульфонилмочевина препараттары негізінен инсулиннің секрециясын жоғарлату арқылы әсер етеді, сондықтан егер ұйқы безінің бета-жасуша белсенділігінің қалдықтары сақталғанда әсері болады. Сонымен қатар, олар шеткі тіндердің инсулин рецепторларының инсулинге сезімталдығын жоғарлатады және бауырда глюконеогенез бен гликогенолизді тежейді. Глибенкламид препараттарын қолдану 2-ші типті қант диабетінің асқыну тәуекелін төмендетеді, сонымен қатар қант диабетімен байланысты өлімді төмендетеді. Кейде олар 4 сағаттан кейін және тамақ қабылдағаннан кейін гипогликемияның дамуына әкелуі мүмкін. Жанама әсерлеріне көбінесе көмірсулары төмен теңестірілмеген емдәм салдарынан болатын гипогликемия, препаратты шамадан тыс қолданғанда, тек емдәм жеткілікті науқастарға препаратты алдын ала тағайындағанда. Гипогликемиялық ықпалы мөлшерге тәуелді және көбінесе мөлшердің тыс екендігін көрсетеді, ол көбінесе ұзақ әсерлі препараттарды қолданғанда дамиды, әсіресе егде жастағыларда. Сульфонилмочевина препараттарының кемшілігіне дене салмағының жоғарлауына ықпал етуі жатады. Оларды жүктілік кезде және емшекпен емізу кезінде қолдануға болмайды және егде жастағылар мен гипогликемия дамуының тәуекеліне байланысты бүйрек және бауыр жетіспеушіліктерінде сақтықпен қолдану керек.

Бигуанидтер өзінің әсерін глюконеогенезді тежеу және шеткі бұлшық еттер мен май тіндерінің глюкозаны пайдалануын жоғарлату арқылы көрсетеді. Эндогенді инсулиннің қатысуымен ғана тиімді, сондықтан ұйқы безінің қызметтік жасушалы аралша қалдықтары сақталған диабет науқастарнына қолданады. Дене салмағы жоғары және инсулинге тұрақтылық 2-ші типті қант диабеті науқастарына қолданылады. Емнің басында көбінесе асқазан ішек жолдарында жанама әсерлер байқалады, олар кейде ең жоғарғы терапиялық мөлшерде (күніне 3г-нан) қолданғанда сақталуы мүмкін. Асқазан ішек жолдарының жанама әсерлерінің көрінісін төмендету үшін, емді аз мөлшерден бастап (500-850 мг/тәулігіне), біртіндеп жоғарлатады. Препаратты мөлшерден тыс қолданғанда, қосымша аурулары бар кезде және маскүнемдікте бигуанидтер сүт-қышқылды ацидоздың дамуына әкелуі мүмкін, ол көбінесе бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда дамиды; ол тіпті бүйрек жетіспеушілігінің жеңіл дәрежесінде де тағайындалмауы керек. Бигуанидтердің ең негізгі үлкен ерекшелігі, олар гипогликемия туғызбайды. Оларды инсулинмен бірге қолдануға болады (бұл кезде дене салмағының жоғарлауы мен гипогликемия байқалуы мүмкін) немесе сульфонилмочевина препараттарымен (бірақ гипогликемиялық ықпалы жоғарлауы мүмкін) бірге береді.

Глибенкламид

(Glibenclamide)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 3,5 мг, 5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабеті. Ішке, ересектерге бастапқыда 5 мг-нан 1 реттен күніне немесе таңертеңгң астан кейін (егде жастағыларға 2,5 мг-нан), жауапқа қарай мөлшерді реттеу (ең жоғарғы 15 мг-нан күніне).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық; кетоацидоз; порфирия; жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек жетіспеушілігі; бауыр жетіспеушілігі; егде жастағылар; ауыр инфекцияларда, жарақаттарда, хирургиялық араласуларда инсулинге ауыстыру керек;

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Сирек кездеседі, асқазан-ішек жолдарындағы бұзылыстар және бастың ауруы; бауыр жағынан болатын бұзылыстар; алғашқы 6-8 аптада болатын жоғары сезімталдық реакциясы; сирек мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, қызба және сары ауру; гипогликемия, әсіресе егде жастағыларда; қан жағынан болатын сирек бұзылыстар, лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения, гемолитикалық қаназдық және апластикалық қаназдық сияқты өзгерістер.

Саудаға тіркелген атауы: Манинил.

Гликлазид

(Gliclazide)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 30 мг, 80 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

2-ші типті қант диабеті, монотерапия және инсулинмен біріктірілп қолдану немесе басқа пероральды гипогликемиялық препараттармен бірге. Ішке, 30 минут алдын немесе тамақпен бірге. Терапиялық мөлшерді 40–320 мг құрайды (гликемия деңгейіне байланысты). Басында 40–160 мг-нан таңертен, кейін — 320 мг/тәулігіне. 160 мг-нан жоғары мөлшерді бірнеше қабылдауға тағайындайды (ең аз дегенде 2 рет қабылдауға). Инсулинмен біріктіргенде тәулігіне 60-180 мг-нан ұсынылады. Түрлендірілген босап шығатын таблеткалардың бастапқы мөлшері — 30 мг-нан; кейін мөлшерін жоғарлатуға болады 2 аптадан кейін; ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 120 мг (1 реттен тәулігіне таңертенгі аспен).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, 1-ші типті қант диабеті, сонымен қатар жастық шақтағы, кетоацидоз, диабеттік (кетоацидозбен) және гиперосмолярлы кома, үлкен жарақаттар және күйіктер, бауыр жетіспеушіліктері және бүйрек жетіспеушілігінің ауыр түрлері, гипо- және гипертиреоз, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жас балаларға (балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталынбаған).

Мөлшерді талдау кезінде, әсіресе инсулинтерапиямен біріктіргенде, қант профилін және гликемия динамикасын анықтау қажет, кейін үнемі қандағы қант деңгейін анықтау көрсетілген. Гипогликемияның алдын алу шаралары үшін препаратты қабылдауды тамақ қабылдаумен байланыстыра білу қажет, аштықтан қашу және толығымен алкоголді қолданудан бас тарту керек. Бір мезгілде бета-тежегіштерді қолдану гипогликемия симптомдарын көрсетпеуі мүмкін. Аз көмірсулардан тұратын төменгі калориялы емдәмді ұстау ұсынылады. Көлік жүргізетін жүргізушілермен, жоғары көңіл қоюды талап ететін мамандармен байланысты адамдарға сақтықпен тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

АІЖ жағынан: өте сирек — диспепсиялық көріністер (жүректің айнуы, құсу, ішітің ауруы), шамадан тыс сирек — сары ауру.

Жүрек қан-тамырлары мен қан жағынан: қайтымды цитопения, эозинофилия, қаназдық. Тері беткейі жағынан: сирек — терінің аллергиялық реакциялары, фотосенсибилизация. Зат алмасу жағынан: гипогликемия.

Жүйке жүйесі және сезім мүшесі жағынан: әлсіздік, бастың ауруы, бастың айналуы, дәмді сезінуінің өзгеруі.

Саудаға тіркелген атауы: Гликлазид, Глюмикрон, Диабетон®MR, Реклид®.

Глимепирид

(Glimepiride)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

2-ші типті қант диабеті. Ішке, жеткілікті сұйықтықпен ішу, бір рет көп тамақ қолдану алдында (көбінесе таңертенгі астың алдында). Бастапқы тәуліктік мөлшер — 1–2 мг-нан, кейіннен біртіндеп мөлшерін жоғарлатуға болады (2-3 апта бойы) 4–6 мг-ға дейін. Ең жоғары тәуліктік мөлшер — 6 мг. Бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда (гипогликемиялық әсерге анғұрлым сезімтал) бастапқы мөлшер 1 мг-нан, кейін біртіндеп дәстүрлі мөлшер ұсынылады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, 1-ші типті қант диабеті, диабеттік кетоацидоз, диабеттік кома алды және кома, бүйрек және бауыр қызметінің жетіспеушілігі, кахексия, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жас балаларға (балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталынбаған).

Егер қандағы глюкоза құрамы емдәм және физикалық жаттығулардан қалпына келмесе ғана ем тағайындалынады. Емнің басында мөлшерді тағайындар алдында аш қарынға және әр 4 сағат сайын глюкоза құнарлығын анықтау ұсынылады; әрі қарай глюкоза деңгейін аш қарынға және тәуліктік несептегі глюкозаны бақылау қажет, кезеңді (әр 3-6 ай сайын) гликозилирленген гемоглобинді анықтау. Тиімділігі болмаған кезде немесе әсері әлсірегенде (екіншілік тұрақтылық) инсулинмен біріктіріліп қолданылады. Үнемі қолдану кезінде, әртүрлі күйзелістік жағдайлар нәтижелерінен гипергликемия дамуы мүмкін — қызба, жарақат, инфекциялық аурулар, хирургиялық араласулар (бұндай кездерде уақытша инсулин тағайындалынады). Гипогликемияның даму тәуекелінің жоғары болуы әлсіреген және қалжыраған науқастарда, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде, гипофизарлы немесе бүйрек жетіспеушілігінде жоғары болып келеді. Гипогликемия мүмкіндіктерін алкоголь, тамақ қабылдауды босату, тамақтанудағы калорий жетіспеушілігі, ауыр және ұзақ физикалық күш түсулер жоғарлатуы мүмкін. Көлік жүргізетін жүргізушілермен, жоғары көңіл қоюды талап ететін мамандармен байланысты адамдарға сақтықпен тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Жүрек қан-тамырлары мен қан (қанның түзілуі, гемостаз) жағынан: сирек — АҚ төмендеуі, тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, эритропения, панцитопения, гемолитикалық және апластикалық қаназдық. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: бастың айналуы, бастың ауруы, өтпелі көрудің бұзылыстары.

АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, эпигастральды аймақтың ауыры, іштің өтуі, өт ішінің холестазы.

Зат алмасу жағынан: гипогликемия.

Басқалары: трансаминаза деңгейінің жоғарлауы, гипонатриемия, терінің аллергиялық реакциялары, кешкі тері порфириясы, астения. Сирек — ентігу, гепатит, аллергиялық васкулит, фотосенсибилизация.

Саудаға тіркелген атауы:

Еритін Инсулин

Қарапайым Қысқа әсерлі инсулин

(Insulin)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 100 МЕ/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабеті; шұғыл диабеттік жағдайлар және диабет кезінде хирургиялық араласулар; диабеттік кетоацидоз немесе кома. Тері астына егу, бұлшық етке егу, көктамырға енгізу немесе инфузия, ересектер мен балаларға жеке қажеттілікке сәйкес.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, гипогликемия, бауыр және/немесе бүйрек аурулары (жиналуы мүмкін), емшекпен емізу (төс сүтімен инсулиннің шығарылуының жоғары тәуекелі бар).

Сақтандыру.

Еритін инсулин шұғыл жағдайлар үшін және операция алдында көк тамырға енгізу арқылы қолдану үшін қорда сақталады. Көктамырға енгізу кезінде ерігіш инсулиннің жартылай өмір кезеңі өте қысқа, 5 минут шамасында.

Бүйрек жетіспеушілігі кезінде мөлшерін төмендету керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Гипогликемия, постгликемиялық гипергликемия (Сомоджи феномені), ісінулер, көрудің бұзылуы, инсулинге тұрақтылық (тәуліктік мөлшер 200 ЕД жоғары), аллергиялық реакциялар: қышынумен жүретін тері бөртпелері, кейде диспноэ мен гипотониея болады, анафилактикалық шок; жергілікті реакциялар: тері мен тері асты жасұнығының қызару, ісінуі және ауырсынуы (бірнеше күннен – аптаға дейін өздігінен қайтады), егуден кейінгі липодистрофия (егілген жердегі майдың түзілуінің жоғарлауы — гипертрофиялық түрі немесе майдың атрофиясы — атрофиялық түрі), инсулиннің сіңірілуінің бұзылысымен жүретін, атмосфералық қысымның өзгеруінен болатын ауырсыну сезімі.

Саудаға тіркелген атауы: Хумалог®, НовоРапид®Пенфилл®.

Орта әсерлі Инсулин

(Insulin)

Шығарылу түрі. Егуге арналған суспензия 100 МЕ/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабеті. Тері астына егу, ересектер мен балаларға жеке қажеттілікке сәйкес.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, гипогликемия, бауыр және/немесе бүйрек аурулары (жиналуы мүмкін), емшекпен емізу (төс сүтімен инсулиннің шығарылуының жоғары тәуекелі бар).

Көктамырға енгізу кері көрсетілген.

Сақтандыру.

Бүйрек жетіспеушілігі кезінде мөлшерін төмендету керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Мөлшерден тыс қолданғанда — гипогликемия; ошақталған және сирек жалпыланған аллергиялық реакциялар; егілген жердегі липоатрофия.

Саудаға тіркелген атауы: Хумулин МЗ, Хумулин ®НПХ Пен, НовоМикс®30Пенфилл®.

Еритін инсулин мен орта әсерлі инсулиннің қоспасы 

(Insulin)

Шығарылу түрі. Егуге арналған суспензия 100 МЕ/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабеті. Тері астына егу, ересектер мен балаларға жеке қажеттілікке сәйкес.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, гипогликемия, бауыр және/немесе бүйрек аурулары (жиналуы мүмкін), емшекпен емізу (төс сүтімен инсулиннің шығарылуының жоғары тәуекелі бар).

Көктамырға енгізу кері көрсетілген.

Сақтакндыру.

Бүйрек жетіспеушілігі кезінде мөлшерін төмендету керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Мөлшерден тыс қолданғанда — гипогликемия; ошақталған және сирек жалпыланған аллергиялық реакциялар; егілген жердегі липоатрофия.

Саудаға тіркелген атауы: Актрафан, Хумулин.

Метформин

(Metformin)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, метформин гидрохлорид 500, 850 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабеті. Ересектерге, бастапқыда 500 мг-нан таңертегі аспен ең аз дегенде 1 апта бойы, кейін 500 мг-нан таңертенгі және кешкі аспен бірге ең аз дегенде 1 апта бойы, кейін 500 мг-нан таңертенгі, түскі және кешкі аспен ең аз дегенде 1 апта бойы немесе 850 мг-нан әр 12 сағатта тамақпен бірге немесе тамақтан соң (ең жоғарысы күніне 2 г-нан бірнеше қабылдауға).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Бүйрек жетіспеушілігі (бүйрек жетіспеушілігіне күдіктенгенде доғару керек); тіндік гипоксия мүмкіндіктерінде доғару (мысалы, сепсис кезде, тыныс алу жетіспеушілігінде, жуырдағы миокардтың инфарк­ты, бүйрек жетіспеушілігі; йодтан тұратын рентгеноконтрасты заттарды қолдану кезінде (метформинді қолданбау керек, бүйрек қызметі толық қалпына келмегенінше) және жалпы жансыздандыруда (метформинді 2 күн алдын доғару және бүйрек қызметі қалпына келген соң қайта қолдану), алкогольді тәуелділік; жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жас балаларға (балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталынбаған), егде (65 жастан үлкендерге) жастағыларға (метаболизмінің баяу салдарына байланысты пайда/тәуекел қатынасын бағалау қажет).

Емнің басында және емделу кезінде бір немесе екі рет жылына қанның сары суындағы креатинин деңгейін анықтау керек; ауыр инфекцияларда, жарақатта, хирургиялық араласуларда инсулинге ауыстыру тиіс.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

АІЖ мүшелері жағынан: ем курсының басында (5–20%) — анорексия, диарея, жүректің айнуы, құсу, метеоризм, абдоминальды ауру (тамақты қолдану кезінде бәсеңдейді); ауызда металл дәмінің болуы (3% жағдайларда).

Жүрек қан-тамыр жүйелері мен қанда (қанның түзілуі мен гемостаз): бірен жағдайларда — мегалобласты қаназдық (В12 витамині мен фоли қышқылының сіңірілуінің бұзылу салдарынан).

Зат алмасу жағынан: өте сирек жағдайларда — лактатты ацидоз (әлсіздік, ұйқышылдық, гипотензия, рефлекторлы брадиаритмия, респираторлы бұзылыстар, іштің ауруы, миалгия, гипотермия), гипогликемия.

Тері беткейі жағынан: бөртпелер мен дерматит.

Саудаға тіркелген атауы: Глюконил, Метфогамма®, Метформин, Сиофор®.

Гликвидон

(Gliquidone)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 30 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Орта және егде жастағы науқастардағы 2-ші типті қант диабетінде гликемияны емдәммен теңгере алмаған кезде.

Ішке, тамақ алдында, бастапқы мөлшерде 15 мг-нан бір реттен (таңертен); кейін мөлшерін біртіндеп (120 мг/тәулігінен артық емес) және қабылдау жиілігін жоғарлату (қажет кезде 3 ретке дейін).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар сульфанил- және басқа сульфонамидтерге); прекоматозды және комалық жағдайларда; ацидозбен және кетоацидозбен асқынған диабет; қант диабетінің 1-ші типі; жүктілік және емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Емдеу кезінде қанда және несепте глюкоза құрамын бақылау, емдәмді сақтау міндетті түрде. Тамақты қабылдауды босату немесе мөлшерді жоғарлату айқын гипогликемиялық ықпалға әкелуі мүмкін. Хирургиялық араласуларда, дене қызуының жоғарлауымен жүретін инфекцияларда, науқасты уақытша инсулин қабылдауға ауыстыру қажеттілігі мүмкін. Ауыр бүйрек жетіспеушілігі кезінде үнемі дәрігердің бақылауы қажет. Алкогольға тұрақтылықтың төмендеу мүмкіндіктерін ескеру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Зат алмасу жағынан: сирек — гипогликемия. АІЖ мүшелері жағынан: сирек — тәбеттің төмендеуі, жүректің айнуы, құсу, диспепсия. Басқалары: сирек — бастың ауруы, терінің аллергиялық реакциялары (дерматит), қышыну, лейкопения, тромбоцитопения.

Саудаға тіркелген атауы: Глюренорм.

Глюкагон

(GLUCAGON)

Шығарылу түрі. Лиофилизирленген флакондағы ұнтақ еріткішімен бірге 1 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

ГипогликемияВ, гипогликемиялық кома, жасанды гипотония жағдайында барийді қолданумен АІЖ-на рентгенологиялық зерттеулер жүргізу, ангиография, компьютерлі томография, ядерлі-магниттік резонанс, технецпен белгіленген эритроциттерді қолдану арқылы аш ішектен қан кетулерді диагностика жасау, гистеросальпингография, бета-адренотежегіштерменD және кальций антагонисттерімен улануD, өңештің бөгде заттармен обструкциясындаD. Гипогликемия: к/т, б/е немесе т/а 0,5–1 мг-нан енгізіледі (қажет кезде — 12 минуттан кейін қайталайды).

Бета-адренотежегіштермен улану: есептелу бойынша инфузия 0,005–0,15 мг/кг, кейін к/т тамшылатып 1–5 мг-нан сағатына жылдамдықпен.

Кальций антагонисттерімен улану: бір рет к/т 2 мг мөлшерде, ұстап тұрушы мөлшер жеке талданады, науқастың жағдайына байланысты. Өңештің бөгде денелермен обструкциясы: к/т 0,5–2 мг-нан (қажет кезде — қайта 10-12 минуттан кейін).

Балаларға: гипогликемияны шеттету к/т, б/е немесе т/а 0,025 мг/кг дене салмағына есептегендегі мөлшерде енгізеді, бірақ 1 мг артық емес (қажет кезде — 12 минуттан кейін қайталайды).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, гипергликемия, инсулинома (парадоксальды гипогликемиялық реакция дамуы мүмкін), феохромоцитома (катехоломиндердің қанға шығарылуын белсендіру арқылы, гипертензия туғызуы мүмкін), шошқа және/немесе сиыр ақуызына аллергия болуы.

Сақтандыру.

Қант диабеті кезінде гипергликемия даму тәуекелі жоғарлайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолданылуы тек өмірге қажеттілігі бойынша.

Емшекпен емізу: Қолданылуы тек өмірге қажеттілігі бойынша.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, тоқтамайтын құсулар, гипокалиемия симптомдары (айқын бұлшық ет әлсіздігі, анорексия, аритмия, миалгия, жеке бұлшық ет топтарының сіресулері), дегидратация, аллергиялық реакциялар (бастың айналуы, жарықтан қорқу, терідегі бөртпелер мен қышынулар, тыныстың бұзылуы).

Саудаға тіркелген атауы: Глюкагон.

Пиоглитазон

(Pioglitazone)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 15 мг, 30 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабетінің 2-ші типі, емдәмнің, физикалық жаттығуларда және төмендегі аталған заттармен монотерапияның ықпалы болмаған кезде, монотерапия немесе сульфонамид туындыларымен, метформинмен немесе инсулинмен біріктіріп қолдану. Ішке тәулігіне 1 рет тамақ қолдануына байланысты емес. Мөлшерін жеке талдайды. Бастапқы мөлшер 15–30 мг-нан, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 45 мг/тәулігіне, біріктірілген ем кезінде — 30 мг/тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қант диабетінің 2-ші типі, диабеттік кетоацидоз, бауыр ауруының асқыну сатысында, АЛТ деңгейі, қалыпты мөлшерден 2,5 есе жоғары болғанда, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

18 жасқа дейін, себебі бұл топтағыларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталынбаған.

Ісінулері бар және бауыр ферменттерінің деңгейі шамалы жоғары науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Біріктірілген терапиядағы гипогликемияның дамуы сульфонамидтердің немесе инсулиннің мөлшерін төмендетуді қажет етеді. Бүйрек жетіспеушілігінде мөлшерді түзетудің қажеті жоқ. Сары аурудың пайда болуы кезінде емді доғарады. Пременопауза кезеңіндегі науқастардағы ановуляторлы циклде қабылдаулар овуляцияны туғызуы мүмкін және жүктіліктің даму тәуекелін жоғарлатады (сенімді ұрықтануға қарсы шаралар қолдану керек).

Ерекше ұсыныстар: Емді гликозирленген гемоглобин деңгейін бақылаумен, емдәм мен физикалық жаттығуларды біріктіріп жүргізу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Гипогликемия, ісінулер (4,8% жағдайлары монотерапия кезінде және 15,3% — инсулинмен біріктіргенде), қаназдық (1–1,6% жағдайларда), билирубин, АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатаза мен гамма-глютамилтрансфераза деңгейінің төмендеуі.

Саудаға тіркелген атауы: Актос, Глификс, Пиоглар, Пионорм.

Репаглинид

(Repaglinide)

Шығарылу түрі. Таблетки 0,5 мг, 1 мг, 2 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабетінің 2-ші типі емдәм мен физикалық күш түсу тұсында, сонымен қатар метформинмен біріктіріп емдеу (емдәм және физикалық жаттығулардың тиімсіздігінде, әлде репаглинидпен немесе метформинмен монотерапияның тиімсіздігінде). Ішке, 15–30 минут тамақ алдында, көбінесе негізгі тамақтың алдында тәулігіне 3 реттен. Мөлшерін жеке талдайды. Бастапқы мөлшері — 0,5 мг-нан. Мөлшерін жоғарлатуды ем басталғаннан кейін 1-2 аптадан соң жүргізеді, гликемия деңгейіне сүйеніп. Ең жоғарғы бір реттік мөлшер — 4 мг-нан, тәуліктік — 16 мг. Егер науқас басқа пероральды гипогликемиялық заттар қабылдаса немесе гликозилирленген гемоглобин деңгейі жоғары болса немесе ол 8% тең болса, ұсынылатын бастапқы мөлшер – 1 мг болады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қант диабетінің 1-ші типі, диабеттік кетоацидоз комамен немесе онсыз, бауыр және/немесе бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Балалар мен 75 жастан үлкендерге тағайындалмайды, себебі бұл категория жастарындағы топтарда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталынбаған. Бүйрек немесе бауыр қызметі бұзылған науқастарға, қалжыраған науқастарға және үлкен операциялық араласулар алдында сақтықпен тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Гипогликемия, көру өткірлігінің бұзылыстары, диспепсия, бауыр ферменттері белсенділігігінің транзиторлы жоғарлауы, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Ново Норм.

Акарбоза

(Acarbose)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мг, 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабетінің 2-ші типі емдәм тиімсіз болған кезде (курс ең кем дегенде 6 айды құрау керек), сонымен қатар төменгі калориялы емдәммен сульфонилмочевина туындыларымен біріктіргенде тиімсіз болғанда.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, диабеттік кетоацидоз, бауыр циррозы; ішектің өткір және созылмалы қабыну аурулары, асқорыту мен сіңірілу бұзылыстарының асқынуында; АІЖ жоғары газ түзеу патологияларында, жаралы колит, ішек бітелуі, сонымен қатар жартылай немесе соған бейім болуда, үлкен көлемдегі жарықтар, бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қызба, жарақат кезінде, операция алдында және операциядан кейінгі кезеңде қолданылуы мүмкін, тек күтілетін ықпал потенциальды тәуекелден жоғары болғанда. Жас балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі балаларда анықталынбаған).

Емді бірінші жылы – 3 айда 1 рет және кейін – кезеңді қандағы глюкоза және/немесе несепте гликозилирленген гемоглобин мен трансаминаза деңгейін бақылау арқылы жүргізеді. Мөлшерді 300 мг/тәулігіне дейін жоғарлату кейін жүргізіледі, бірақ ол әлсіз айқын постпрандиальды гипергликемияны төмендеуінің бір мезгілде гиперферментемия тәуекелінің жоғарлауымен (қандағы АСТ және АЛТ құнарлығының жоғарлауы) жүреді. Бір мезгілде сульфонилмочевина препараттарымен немесе инсулинмен бірге қолдану кезінде гипогликемия дамуы мүмкін, оны тамаққа қантты (глюкозаны, тек сахарозаны емес) қосу арқылы, әлде к/т декстрозаны енгізу арқылы немесе глюкагонды қолдану арқылы (ауыр жағдайларда) түзетеді.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

АІЖ мүшелері жағынан: сары ауру, абдоминальды аурулар, метеоризм, диарея. Басқада: сирек — өздігінен, транзиторлы трансаминаза деңгейінің жоғарлауы (АСТ және АЛТ), гематокрит деңгейінің төмендеуі (гемоглобин құнарлығының өзгеруісіз), қан плазмасындағы кальций, В6 витаминінің құнарлығының төмендеуі.

Саудаға тіркелген атауы: Глюкобай®.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]