Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

18.2. Андрогендер

Андрогендер жыныс бездерімен (еркектердің аталық безі мен әйелдердің аналық безімен) және бүйрек үсті безінің қыртысты қабатымен синтезделінеді. Еректер мен әйелдердің ағзасында ұқсас андрогендер синтезделінеді, бірақ әйелдерге қарағанда еректердің ағзасында андрогендердің құнарлығы айтарлықтай жоғары болып келеді. Еркектерде олар жыныс мүшесінің түзілуі мен дамуына, екіншілік жыныс белгілерінің дамуына, қалыпты репродуктивті қызметі мен жынысты қатынасты орындауға жауап береді, сонымен қатар пубертат кезінде сүйек-бұлшық ет аппаратының өсуі мен дамуын белсендіреді. Физиологиялық қажеттіліктен жоғары мөлшер, қалыпты еркектерде андрогендер гонадотропин секрециясын баяулатады және сперматогенезді тежейді. Тестостерон гипофиздің (екіншілік гипогоназизм) немесе аталық безінің (біріншілік гипогонадизм) зақымдалуы кезіндегі гипогонадизмде орын басушы терапия ретінде қолданылады. Андрогендер бедеулікті емдеу немесе сперматогенездің бұзылуында тиімсіз, егер олар гипогонадизммен байланысты болмаса; оларды гипогонадизм себебін анықтамастан тағайындауға болмайды және емді тек мамандар жүргізуі тиіс. Андрогендерді гипопитуитаризммен ауыратын науқастарға тағайындаған кезде, олар қалыпты жыныстың дамуына және потенцияға ықпал жасайды, бірақ фертильге әсер етпейді. Фертилниге қол жеткізу үшін көбінесе гонадотропинді тағайындайды немесе пульс-терапия гонодотропин-рилизинг-гормонды, сперматогенезді белсендіретін, сол сияқты андрогендер өнімін. Андрогендер еркектердегі біріншілік гипогонадизм кезіндегі фертильді баяулатпайды. Ұл балалардағы жынысты даму тежелуін тестостеронның көп мөлшерімен емдеу кезінде сақ болу керек, себебі олар эпифизарлы өсу аумағының жабылуын тездетеді және ергежейлікке әкелуі мүмкін.

Нандролон

(Nandrolone)

Шығарылу түрі. Егуге арналған майлы ерітінді 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы инфекциялық аурулар, ауыр жарақаттар, үлкен операциялық араласулар, стероидты миопатия, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі қаназдық, миелофиброз, миелосклероз, сүйек кемігінің миелоидты аплазиясы (кәдімгі емге рефрактерлі), қатерлі ісіктердегі метастаздармен сүйек кемігінің зақымдалуы, миелотоксикалық дәрілік препараттарымен және ауыр металл тұздарымен; әйелдердегі постменопауза кезеңіндегі операция жасалмайтын сүт безінің карциномасы (метастаздармен) немесе овариоэктомиядан кейін; соматотропты гормон жетіспеушілігі туғызған балалардағы бойдың өспеуі.

Б/е, терең. Нандролона деканоат: қаназдық кезде (бір мезгілде темір препаратымен) — 100–200 мг (әйелдерге — 50–100 мг) 1 рет аптасына; анаболиялық үдерістерді белсендіру үшін — 50–200 мг (әйелдерге — 50–100 мг) 1 рет 1-4 аптада; 2-13 жастағы балаларға — 25–50 мг-нан 1 реттен 3-4 аптада. Емдеу курсының ұзақтығы (1–4-апталық енгізу арасындағы үзілісте) — 12 аптаға дейін, қайталау курсы — 8 аптадан кейін соңғы препаратты егуден кейін. Емді ақуызға бай емдәм тұсында жүргізеді. Сүт безінің карциномасы кезінде (нандролона фенпропионат) — 50–100 мг-нан 1 реттен аптасына; емдеу курсы жеке.

Кері көрсеткіштері

Карцинома немесе қуық үсті безінің гипертрофиясы, еркектердегі сүт безінің қатерлі ісігінде, әйелдердегі гиперкальцемиямен жүретін сүт безінің карциномасы (остеокласты белсендіретін қабілеті және сүйек тінінің резорбциясын туғызады), жүктілік (эмбриотоксикалық, фетотоксикалық қабілеті бар, қыз бала ұрығының мускулинизациясын туғызу мүмкін), ЖИА, айқын атеросклероз; жүрек жетіспеушілігі және ісіну синдромымен жүретін басқа жағдайлар, жедел және созылмалы бауыр аурулары, сонымен қатар алкоголмен зақымдалған, нефрит, нефротикалық синдром, емшекпен емізу (емшекпен емізуден бас тарту).

Сақтандыру.

Астениялық дененің қалыптасуы, егде жастағы еркектер, ер балалардағы жасөспірім (жынысты даму кезеңінде).

Жүктілік: FDA категориясы Х. Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ. Емшекпен емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері

Еркектер мен әйелдерде  — атеросклероздың үдеуі (ЛПТТ құнарлығы жоғарлайды және ЛПЖТ құнарлығы төмендейді), темір жетіспеушілікті қаназдық, шеткі ісінулер, диспепсиялық бұзылыстар (іштің және эпигастральды аймақтың ауруы, жүректің айнуы, құсу), бауыр қызметінің бұзылуы срыаурумен жүретін, лейкозтәрізді синдром (лейкоцитарлы формуладағы өзгерістер, ұзын түтікшелі сүйектердегі ауырсынулар), қан кетуге бейім болып келетін гипокоагуляция, гепатонекроз (қара нәжіс, қан құсу, бастың ауруы, дискомфорт сезімі, тыныстың бұзылуы), гепатоцеллюлярлы карцинома, бауыр пурпурасы (зәрдің өзгеруі, нәжістің түссізденуі, есекжем, нүктелі немесе макулезді геморрагиялық тері мен кілегей қабатының бөртпелері, фарингит немесе ангина), холестазды гепатит (қасаң қабақтың және терінің сары түске боялуы, оң қабырға астының ауруы, несеп түсінің боялуы, нәжістің түссізденуі). Әйелдерде — вирилизм (шүртекейдің ұлғаюы, дауысының жуандауы, дис- және аменорея, еркек тәрізді түктің өсуі), гиперкальциемия (ОЖЖ тежелуі, жүректің айнуы, құсу, қалжырау). Еркектерде: препубертатнты кезеңде — вирилизм (безеу бөртпелері, жыныс мүшесінің ұлғаюы, приапизм, екініші жыныстық белгілердің түзілуі), идиопатиялық терінің гиперпигментациясы, бой өсуінің баяулауы немесе тоқтауы (түтікті сүйектердің өсінді эпифизарлы аймағының кальцификациясы); постпубертатнты кезеңде — қуықтың тітіркенуі (кіші дәретке отырудың жиілеуі), сүт безінің тығыздануы, гинекомастия, приапизм, егде жаста — гипертрофия және/немесе қуық үсті безінің карциномасы.

Саудаға тіркелген атауы: Ретаболил.

ТЕСТОСТЕРОН

(TESTOSTERONE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 250 мг/мл ампулада (энантат); капсула 40 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Еркектерде андрогендердің жетіспеушілігі: жыныстық дамудың тежелуі, олигоспермия, піштіргеннен кейінгі синдром, жыныс мүшелерінің дамымауы, гипопитуитризм, сперматогенездің бұзылуы кезіндегі бедеулік, климаксты синдром, бедеулік, остеопороз.

25 мг күнделікті немесе 50 мг-нан 1-2 күнде немесе 100-200 мг-нан 1 рет 15 күнде, ұстап тұрушы мөлшер – 5-10 мг-нан күнделікті немесе күн ара. Әйелдерде: сүт безінің қатерлі ісігі - 50-100 мг-нан күн ара бірнеше ай бойы, ұстап тұрушы мөлшер 100-200 мг-нан 1-2 аптадан. 40 жастан кейінгі әйелдердегі гиперэстогенизм кезіндегі дисфункциональды қан кетулер – 10-25 мг күн ара. Жатырдың миомасы, эндометриоз, климакс (эстрогендермен біріктіріліп), предменструальды күш түсу синдромы, сүт безінің қатерлі ісігі, остеопороз – 10 мг-нан күн ара немесе 100 мг-нан 1 рет 2-3 аптада.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, белгіленген немесе болжалданған қуық үсті безі және/немесе сүт безінің қатерлі ісігі, нефроз немесе нефриттің нефротикалық фазасы, гиперкальциемия, ісінулер, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, қант диабеті, қуық үсті безінің несеп бөлуінің бұзылыстарының симптомдарымен жүретін гипертрофиясы, жүрек және коронарлы жетіспеушілік, анамнезенде миокардтың инфаркты, егде жастағы еркектердегі атеросклероз, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Астениялық дененің қалыптасуы, егде жастағы еркектер, ер балалардағы жасөспірім (жынысты даму кезеңінде).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы Х. Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ. Емшекпен емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері

Жиі. Тек әйелдерде: аменорея немесе олигоменорея, вирилизм. Тек еркектерде: несеп жүйесінің инфекциясы, қуықтың тітіркенуі, гинекомастия, сүт безінің ауруы, жиі және ұзақ эрекциялар, приапизм, жергілікті – эритема, бөртпелер. Ер балаларда – вирилизм (акне, жыныс мүшесінің ұлғаюы, жиі эрекция, қасағасына ерте түктің өсуі).

Сирек. Еркектер мен әйелдерде: астения, ісінулер, сүт безінің ауруы, эмоциональды құбылмалық, эритроцитоз, жүректің айнуы, құсу, бастың ауруы, холестазды сары ауру, гиперкальциемия, АГ, акне, алопеция, либидоның төмендеуі/жоғарлауы, диарея, қасағада түк өсуінің жоғарлауы, асқазанның ауруы, ұйқының бұзылуы. Еркектерде – қуық үсті безінің қатерсіз гиперплазиясы, эпидидимит, АІЖ-қан кетулер, жергілікті - аллергиялық қатынасты дерматит, терінің индурациясы, аталық безінің атрофиясы.

Сирек. Еркектер мен әйелдерде: үлкен мөлшерде ұзақ қолданғанда – депрессия, бауырдың некрозы, бауырдың ісігі, лейкопения, гепатит, пурпура.

Саудаға тіркелген атауы: Небидо, Тестостерона пропионат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]