- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
Кортикостероидтар деп, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатымен синтезделінетін және оның жасанды аналогтарының гормондарын айтады. Дені сау адамдардың бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында синтезделінетін негізгі гормондарына глюкокортикоидтар белсенділігіне ие гидрокортизон және әлсіз минералокортикоидтар белсенділігіне ие және минералокортикоид альдостерон жатады. Глюкокортикоидтар белсенділігіне ие жасанды глюкокортикоидтарға бетаметазон, дексаметазон және преднизолон жатады. Жасанды минералокортикоидтарға флудрокортизон жатады [ӘДҰ Модельді тізіміне кірмейді], ол глюкокортикоидты қасиетке ие, бірақ қолданылатын күшті минералокортикоид белсенділігі бар. Кортикостероидтардың фармакологиясы күрделі, олардың ықпалдары әртүрлі. Глюкокортикоидтардың физиологиялық мөлшері (эквивалентті 50–60 мг-нан аспайды гидрокортизонның немесе 10–15 мг преднизолонның) және минералокортикоидтардың (0,025–0,1 мг флудрокортизонның) көбінесе эндогенді гормондардың жетіспеушілігі кезінде орынын толықтыру үшін қолданылады. Үлкен мөлшерде (терапиялық) глюкокортикоидтар жиі қабынуды төмендету және иммунды жауапты тежеу үшін қолданылады.
Мөлшерден тыс немесе ұзақ қолданған кезде, кортикостероидтардың кейбір физиологиялық ықпалдарын күшейтеді, ол минералокортикоидты және глюкокортикоидты жанама әсерлердің дамуына әкеледі. Глюкокортикоидтардың жоғары мөлшері Кушинга синдромының дамуына әкеледі (дәрілік гиперкортицизм синдромы): бет келбетінің өзгеруі (ай тәрізді бет, орталық семіздік), стрии, қант диабеті, терінің ірінді зақымданулары және тырнақтың зеңді зақымдануы, остеопороз, артериальды гипертензия. Дәрілік Кушинга синдромы емді доғарғаннан кейін көбінесе қайтымды болып келеді, жедел бүйрек жетіспеушілігінің симптомдарын болдырмас үшін, препараттарды қолдануды біртіндеп доғарады (Алып тастауды қара). Глюкокортикоидты остеопороз әсіресе егде жастағыларда өте қауіпті, себебі остеопорозды ортан жілік сүйегінің және омыртқаның сынуына және ортан жілік мойынының аваскулярлы некрозына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар бұлшық ет массасының жоғалуына және пептиттік жаралардың дамуында байланысы көрінеді. Жаралар жазылуының бұзылысы мүмкін, инфекцияның дамуы мен терінің жұқаруы мүмкін; инфекцияның таралуы иммунитеттің тежелу салдарымен байланысты болуы мүмкін. Психикалық бұзылыстар кездеседі, өзін өзі өлтіруге тәуекел болатын параноидты және депрессивті жағдайлар сияқты, әсіресе анамнезенде психикалық бұзылыстары бар науқастарда; сонымен қатар жиі эйфориялар кездеседі. Балаларға кортикостероидтарды қолдану кезінде, өсудің тежелуіне әкелуі мүмкін. Жүктілік кезінде кортикостероидтарды енгізу, ұрықтың бүйрек үсті безінің дамуына әсер етуі мүмкін. Кез келген парентеральды енгізу салдарынан болған нәрестелердегі бүйрек үсті безінің қызметінің тежелуі туылғаннан кейін өздігінен шешіледі және сирек клиникалық маңызды болып келеді. Минералокортикоидты жанама әсерлерге: гипертензия, натрия мен судың және калийдің жоғалуы жатады. Бұл ықпалдар флудрокортизонда айқын байқалады, сонымен қатар шамалы гидрокортизонда, преднизолонда аз байқалады және дексаметазонда мүлдем аз. Глюкокортикоидтарды жүйелік қолданған кездегі жанама әсерлер, мөлшерге тәуелді және оларды қолдану ұзақтығына байланысты болатын, гипаталамо-гипофизарно-бүйрек үсті безінің (ГГБҮБ) жүйесін тежеу сияқты; сондықтан ең аз тиімді клиникалық мөлшерде қысқа мерзім уақытында қолдану керек.
Терапиялық мөлшерде глюкокортикоидтар гипофизден кортикотропиннің босап шығуын тежейді (адренокортикотропты гормон, АКТГ), оның салдарынан бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында эндогенді кортикостероидтың секрециясы айтарлықтай төмендейді. Ем аяқталғаннан кейін бүйрек үсті безі қызметінің тежелуі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Егер глюкокортикоидтар мөлшерінде жоғары болса, преднизалонға қарағанда 10–15 мг-ға немесе олардың эквиваленті, 3 ай кезеннен асық тағайындалса, препараптты бірден доғарса бүйрек үсті безінің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін (Жүйелік кортикостероидтарды алып тастау – төменде қара). Бұндай емнен кейін препаратты біртіндеп доғару керек, доғару кестесі әртүрлі факторларға байланысты болады, глюкокортикоид мөлшеріне, емдеу ұзақтығына, ем тағайындалған негізгі аурудың сатысына және түрін байланысты болып келеді. Тіпті емді біртіндеп алған күннің өзінде де, соңғы 12 айда күйзеліс немесе жарақат сияқты жағдайлар кезінде, кортикостероидтарға қажеттілік жоғарлайды, кейде дәрілік емді қажет ететін бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Кортикостероидтардың кортизол секрециясын тежегіш әсері, біріншіден препараттың тәуліктік жиынтық мөлшеріне және барлық мөлшерді тәулігіне бір рет қолданумен, тағы оны біркелкі күні бойы 2-3 қабылдауға тарту кезіне тәуелді болып келеді. Гормональды препараттарды доғару, глюкокортикоидтарды тағайындауды қажет еткен сол аурудың өзінің асқынуына әкелуі мүмкін.
Күйзеліс кезіндегі кортикостероидтармен жасырыну. Кортикостероидтармен ұзақ жүргізілген ем туғызған бүйрек үсті безі жауабының төмендеуінің компенсациясы үшін, уақытша кортикостероидтар мөлшерін жоғарлату қажет немесе егер терапия доғарылса, кез келген интеркуррентті ауруларда, жарақаттар немесе хирургиялық араласулар кезінде кортикостероидтарды уақытша қайта енгізуді қажет етеді. Сондықтан дәрігер білу керек, анестезия жүргізу кезінде немесе операциядан кейінгі кезеңде қысымның тез түсіп кетуінен қашу үшін, науқастан кортикостероидтарды қабылдай ма жоқ, әлде қабылдаған ба екендігін алдын ала біліп алу керек. Хиругиялық емге дейін 3 ай алдын күнделікті 10 мг-нан артық преднизалонды қабылдаған (немесе осы мөлшердің эквиваленті) науқастардағы сай келетін орын басушы кортикостероидтардың мөлшері мынандай. Кіші араласулар жалпы жансыздандырумен – кәдімгі кортикостероидтың мөлшері ішке немесе 50–75 мг-нан гидрокортизон бұлшық етке таңертен операция күні немесе гидрокортизон 50–100 мг-нан көктамырға индукциялық наркоз кезінде; операциядан кейін кортикостероидтың кәдімгі мөлшері ішке ұсынылады. Үлкен араласуларда — кортикостероидтың кәдімгі мөлшері ішке таңертен операция күні және гидрокортизон 50–100 мг-нан көктамырға индукциялық наркоз кезінде, кейіннен көктамырға гидрокортизонның 50–100 мг мөлшерін 3–4 реттен күніне 48-72 сағат бойы операциядан кейін; кәдімгі операциядан кейінгі мөлшері кортикостероидың ішке гидрокортизонның егуін доғарғаннан кейін ұсынылады.
Инфекциялар. Глюкокортикоидтардың ұзақ курстары инфекцияларды қабылдауға бейімділікті жоғарлатады және олардың ауырлығын ұлғайтады; инфекциялардың клиникалық көріністері біртектілік емес, анық болмайды. Ауыр инфекциялар, мысалы септицемия және туберкулез, оларды анықтағанша тереңдеген сатыларында дамиды. Амебиаз немесе стронгилоидоз, зеңді немесе вирусты инфекциялар (тәуекел тобындағы немесе күдікті симптомдары бар топтағы науқастарға кортикостероидты терапияны тағайындау алдында анықтау керек) қосылуы немесе асқынуы мүмкін. Егер науқас алдын жел шешекпен ауырмаса, онда олар пероральды немесе парентеральды кортикостероидтарды орын басу мақсатамен қабылдамаған кезде, олар ауыр жел шешектің тәуекел тобына жатқызылады. Тез жүретін түрлер көріністеріне пневмония, гепатит және диссеминирленген тамыр ішіндегіқанның ұюы жатады; бөртпелер негізгі көріністері болып саналмайды. Осы кезде немесе оны соңғы 3 айда жүйелік кортикостероидтарды қабылдаған қатынастағы иммунды емес науқастарға жел шешек иммуноглобулинімен пассивті иммунизация қажет [ӘДҰ Модельді тізіміне кірмейді]; жел шешек иммуноглобулинін қатынастан кейін 3 күн ішінде енгізген дұрыс, 10 күннен асырмастан. Анықталынған жел шешекпен ауыратын науқастарға мамандандырылған көмек және шұғыл ем қажет. Кортикостероидтарды қабылдауды доғаруға болмайды, кейде мөлшерін жоғарлату қажет болуы мүмкін. Ауыр жел шешек мүмкіндіктері топикалық, ингаляциялық немесе тік ішекке арналған кортикостероидтарды қабылдаумен байланысы шамалы. Кортикостероидтарды қабылдайтын науқастар, қызылшамен ауыратын науқастармен қатынаспау керектігіне кеңес беру және егер қатынас болған жағдайда тез арада медициналық көмек сұрауы қажет. Мүмкін алдын алу шаралары үшін бұлшық етке қалыпты иммуноглобулинді енгізу қажет болуы мүмкін [ӘДҰ Модельді тізіміне кірмейді].
Жүйелік кортикостероидтарды алып таста. Жүйелік кортикостероидтарды алып тастау жылдамдығы бір қатар факторларға байланысты болады, оған мөлшері, емдеу ұзақтығы, науқастың жеке жауабы және аурудың қайталану мүмкіндіктері жатады. Егер гипаталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің қаншалықты тежелуі белгісіз болса, алып тастауды біртіндеп жүргізеді, АКТГ мен кортизол секрециясының қалпына келуіне мүмкіндік беру үшін. Науқастарға түсіндіру керек, дәрігердің рұқсатысыз глюкокортикоидтарды қабылдауды доғаруға болмайтынын. 3 аптадан артық мөлшері 10 мг-нан жоғары болып келетін преднизалонды немесе оның эквивалентін қабылдаған науқастарда мөлшерді біртіндеп төмендету керек. Бірден алып тастау 3 аптадан кем және аз мөлшерде қабылдаған науқастарға ғана мүмкін. Кортикостероидтарды доғарған кезде мөлшерін физиологиялық мөлшерге (преднизолонның эквиваленттік мөлшері 10-150мг күніне немесе 40-60 мг гидрокортизон) дейін бірден төмендетуге болады, әрі қарай мөлшерді ақырын төмендету керек: презнизолонның мөлшерін 2,5 мг-ға немесе 10 мг-ға гидрокортизонды әр апта төмендетуге болады, кешкі мөлшерден бастап. Доғару кезінде глюкокортикоидтарды тағайындауға әкелген негізгі аурудың барысын бағалау керек, аурудың қайталанбауы үшін.
Бетаметазон
(Betamethasone)
Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Туа пайда болған бүйрек үсті безінің гипоплазиясы, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі (көбінесе минералокортикоидтармен бірге); шок (анафилактикалық, эндотоксикалық, гемодинамикалық); тиреоидит (жедел, созылмалы), тиреотоксикалық криз, қатерлі ісік салдарынан болған гиперкальциемия; ревматоидты артрит асқыну фазасында, жедел ревмокардит, жүйелік қызыл жегі, склеродермия және т.б. дәнекер тіндерінінң жүйелік аурулар, буындардың және жұмсақ тіндердің қабынумен зақымдалуы, сонымен қатар буын маңы (жарақатты артрит, жедел аяқ қақпаны және т.б. генезді остеоартриттер, остеохондрит, бурсит, фиброзит, тендинит, тендовагинит, тендосиновит, Бехтерева ауруы, миозит); трансплантатты қабылдамау реакциясының алдын алу шараларында; нефротикалық синдром; ауыр аллергиялық, сонымен қатар анафилактоидты реакциялар (дәрілік заттар туғызған, қан құюмен байланысты, аллергиялық риниттер, Квинке ісінуі, сары су ауруы және т.б.); бронхиальды демікпе (сонымен қатар астматикалық статус), саркоидоз, бериллиоз, Леффлера синдромы, аспирационды пневмонит; ми ісінуі (жарақаттық, операциядан кейінгі, метастазды, инсульттан кейінгі); нейродермит, дерматит (қарапайым, эксфолиативті, күн сәулелі, маұралық, радиациялық, буллезды герпетиформалы, қатынасты, атопиялық, қан айналым жетіспеушілігдегі кезіндегі аяқтағы), экзема (балалардағы, атопиялық, теңгелік), теңге қотыр, тері қабаттарының баздануы, ұялы шаштың түсуі, коллоидты тыртықтар, Гайда түйінді қышыма, қышыну (егде жастағы, аногенитальді), көп түрлі экссудативті эритема, эритродермия, көпіршікті, зеңді микоз және т.б. тері аурулары; қайталанушы афтозды стоматит; арнамалы емес жаралы колит, Крона ауруы; қаназдық (аутоиммуннды гемолитикалық, туа пайда болған апопластикалық), идиопатиялық және екіншілік тромбоцитопения ересектердегі, балалардағы жедел лейкемия, лимфомалар (ходжкин, ходжкин емес), лимфолейкоз (созылмалы); аллергиялық конъюнктивит және қасаң қабақтың жарасы, кератит, иридоциклит, ирит, хориоретинит, диффузды хориоидит, ретробульбарлы неврит, нәрестелердегі дистресс-синдромның алдын алу шараларында, күл ауруы кезіндегі круп, туберкулезді менингит, сіреспе (микробтарға қарсы дәрілермен бірге); сүт безінің, қуық үсті безінің қатерлі ісігі.
Ересектер мен жасөспірімдерге — к/т баяу құю немесе басында тамшылатып 4–8 мг/тәулігіне (қажет кезде — 9–20 мг-ға дейін), кейін ұстап тұрушы мөлшерде — 2–4 мг; б/е — 4–6 мг (9 мг-ға дейін) тәулігіне. Бас миының ісінуінде — к/т 2–4 мг-нан, бір рет, комада — 2–4 мг-нан 4 реттен тәулігіне. Бүйрек аллотрансплантатын қабылдамау реакциясы кезінде — к/т тамшылатып, 60 мг 24 сағат бойы. Балаларға — б/е, 0,021–0,125 мг/кг тәулігіне немесе 0,625–3,75 мг/м2 әр 12–24 сағатта. Буын ішіне және периартикулярлы (ересектерге) — үлкен буындар — 2–4 мг (9 мг-ға дейін), кіші — 0,8–2 мг-нан 1 реттен 3 аптада. Зақымдалған жерге, синовиальды қапшыққа — 2–3 мг-нан, сіңір қынапқа — 0,4–1 мг-нан; жұмсақ тіндерге — 2–6 мг-нан; ганглиге — 1–2 мг-нан; мүйізгек — 0,4–1 мг-нан; т/а зақымдалған ошаққа — 0,1 мг/см 2 (артық емес), апталық мөлшерде 2 мг-нан артық емес; қажет жағдайда жергілікті жансыздандырушы дәрілермен араластырады (1% лидокаин, прокаин ерітіндісі).
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, жүйелік микоз, АИВ-инфекциясы, туберкулездің белсенді түрлері, жел шешек, жай ұшық, сонымен қатар көздің, ауыз қуысының және т.б. вирусты аурулары, вакцинация кезеңі, АІЖ пептиттік жаралары, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары (асқыну фазасында), дивертикулит, эзофагит, гастрит, жаңа ішек анастомозы, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, тромбофлебит, артериальды гипертензия, қант диабеті, Иценко — Кушинга ауруы, остеопороз, миастения, гипоальбуминемия, бауыр мен бүйректің ауыр қызметінің бұзылыстары, психоздар, жабық бұрышты глаукома, жүктілік (сонымен қатар преэклампсия, эклампсия), емшекпен емізу (әсіресе жоғары мөлшерлерде); буын ішінде, зақымдалған ошаққа: тырақсыз буын, болатын артропластика, буын маңының инфекциясы, инфицирленген зақымдалған ошақтар, қанның ұюының бұзылыстары; сыртқа: безеу (ашық қызыл, кәдімгі), біріншілік вирусты, зеңді, бактериальды, сонымен қатар туберкулез, тері мен бастың шаш өсетін бөлігінің инфекциясы; 1 жасқа дейінгі балалардағы бөртпелер (тері қатпарларының баздануы тұсында), дерматиттер мен дерматоздар.
Сақтандыру.
Қант диабеті, қасаң қабақтың жай ұшығында, жүйелік қызыл жегі (асептикалық некроз тәуекелі жоғарлайды), остеопорозда, тромбоз тәуекелі бар науқастарға (антикоагулянттарды тағайындау тұсында), егде жастағыларға (артериальды гипертензия, остеопороз, әсіресе посклимактериялық кезеңде), балаларға, тек сәйкес антибактериальды терапия тұсында – абсцесс, ірінді инфекцияларда, туберкулез кезінде сақтықпен тағайындайды. Гипотиреоз, бауыр циррозы кезінде (әсіресе ұзақ қолдану кезінде), салыстырмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде (бірнеше ай бойы, препаратты алып тастағаннан соң) әсердің күшейетінін ескеру қажет. Ұзақ қолданған кезде балалардың өсу және даму қарқынын бақылау керек, кезекті офтальмалогиялық тексерулер (глаукоманы, катарактаны және т.б. анықтау үшін), гипоталамо-гипофизарно-адренал дүйесінің қызметін бақылау, қандағы және зәрдегі глюкозаның құрамын (әсіресе қант диабетімен ауыратын науқастарда), сары судағы электролиттерді, нәжістегі жасырын қанды анықтау. Емделу кезінде иммунизациядан, спирттік ішімдіктерді қолданудан қашу. Мөлшерден тыс қолданудан қашу үшін, мөлшерді беткей алаңының квадратына есептеу керек.
Әрекетесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: ФДА категориясы С. Плацент арқылы өтеді, терапиялық құнарлықта теріс әсерлері анықталынбаған.
Емшекпен емізу: кіші мөлшерлері қауіпсіз, жоғары мөлшерлері – баланың өз гомонының өнімі тәжелуі мен өсуінің тоқталу тәуекелінен - ұсынылмайды.
Жанама әсерлері.
Гипокалиемия, бұлшық ет әлсіздігі, миопатия, остеопороз, өздігінен болатын сынықтар, артериальды гипертензия, миокардиодистрофия, аритмия, тромбоз және тромбоэмболия, АІЖ эрозивті-жаралы зақымданулары, стероидты диабет, иммунитеттің төмендеу және инфекциялық аурулардың белсенуі, гипоталамо-гипофизарлы-адренал жүйесінің супрессиясы, гирсутизм мен безеудің пайда болуы, етеккір ретінің бұзылуы, Иценко — Кушинга синдромы, дене салмағының өсуі, ұйқының бұзылуы, эйфория, қозу немесе депрессия, мазасыздану, психоз, глаукома, катаракта, стероидты экзофтальм, алып тастау синдромы (ұзақ қолдануды бірден доғару кезінде); сирек — натрия және судың жиналуы (ісінулер); жергілікті — қышыну, гиперемия, күйдіру, құрғақтық, пигментацияның бұзылуы, дерматит (периоральды, аллергиялық), терінің былжырауы және атрофиясы, стрии, тері бөртпелері, терінің және кілегей қабаттың екіншілік инфекциясы.
Саудаға тіркелген атауы: Дипроспан.
Гидрокортизон
(Hydrocortisone)
Шығарылу түрі. Егуге арналған суспен.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі. Жедел аллергиялық реакциялар. Шок (анафилактикалық, геморрагиялық, жарақаттық), шокпен асқынған миокард инфаркты, ортостатикалық коллапс Аддисон ауруы кезіндегі, Морганьи-Адамса-Стокса синдромы, бас миының қан айналымы бұзылғандағы және мидың қабыну ауруларындағы кома, бауыр комасы, жедел бауыр жетіспеушілігі улану кезіндегі, кеңірдектің ісінуі. К/т ересектерге, бастапқы мөлшері 100-500 мг-нан, қайта әр 2-6 сағатта жағдайына байланысты. Нәрестелер мен балаларға мөлшер жеке тағайындалынады, орта есеппен ол 5-10 мг/кг құрайды, бірақ ол тәулігіне 25 мг-нан аспауы керек. Б/е, терең бұлшық етке 125-250 мг/тәулігіне.
Бронхиальды демікпе – ауыр асқынуларда – 400 мг/тәулігіне)А, бронхообструктивті синдромда (ӨСОА асқынуында – 100 мг-нан к/тА (25.1 бөлім).
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, жүйелік зеңді инфекциялар, жедел психоздар, артериальды гипертонияның ауыр түрі, ауыр барысындағы декомпенсирленген қант диабеті, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары асқыну сатысы, терінің инфекциялық (туберкулез, микоз, вирусты аурулар, мерез және б.) және және жаралы зақымданулары, жарақаттар, терінің ісік аурулары, остеопороз, Кушинга ауруы, тромбофилиттік жағдайлар, бүйрек жетіспеушілігі, ұшық қызбасы, көздің вирустың және зеңді аурулары, көздің туберкулезі, трахома, көз эпителиясының зақымдануы, ЖҚТБ, болатын артропластика, ішек анастомозы қойылған операциядан кейінгі жағдайлар, жасы кіші балалар (бензил спиртінің болуынан).
Сақтандыру.
Емделу кезінде вакцинация жүргізу ұсынылмайды. Үлкен мөлшерлерді енгізу тек 48-72 сағат ішінде ғана болады. Буын ішіне енгізілу 3 аптада 1 рет жүргізілуі тиіс, қатаң асептикалық және антисептикалық жағдайларда және буынның инфекциялық үдерістерінің жоқ екендігін анықтағаннан кейін. Жамбастың б/е енгізу терең жүргізіледі, бұлшық ет атрофиясының дамуын болдырмас үшін. Ұзақ емделген кезде қандағы калий құрамын (және оның тағайындалуын) бақылау және ЭКГ зерттеулерді жүргізу керек. Емді доғарудың салдарынан пайда болған екіншілік гипокортицизмнің дамуының алдын алу үшін, мөлшерді біртіндеп төмендету қажет. Глюкокортикоидтар кейбір инфекциялық үдерістердің көрінісін суреттеуі мүмкін, тұрақтылықтың төмендеуіне байланысты жаңа инфекцияның қосылуы мүмкін. Кортикостероидтармен емдеген кезде немесе жасушалы, гуморальды иммунитетті немесе нейтрофилдердің қызметін тежейтін алдын жасырын жүрген вирусты, бактериальды, зеңді, протозойдты инфекциялар және құрт инвазияларында. Инфекция тәуекелі және оның ауыр барысын препараттың үлкен мөлшері жоғарлатады. Емнің алдында науқастан анықтап алу керек, алдын науқаста жара аурулары болмағанын, асқазаннан оккультативті қан кетулердің салдарынан болған қаназдыққа мән беру керек. Нәсепті үнемі қантқа зерттеулер жүргізу. Дене салмағы мен АҚ бақылап отыру керек. Науқасты ескерту керек, стероидтарды бірден доғаруға болмайтындығын. Инфекция кезінде немесе операция алдында мөлшерін жоғарлату керек. Туберкулез кезінде туберкулостатикалық заттармен бірге қолдану керек. Қан диабеті кезінде тек абсолюттік көрсеткіштер бойынша тағайындайды немесе инсулинге болатын тұрақтылықтың алдын алу үшін. Инфекциялық аурулар кезінде тек сақтықпен негізігі химио- антибиотиктермен бірге ғана тағайындалынады. Ұзақ қолданған кезде гипокалемия мүмкіндіктерінің алдын алу үшін калии препаратын тағайындайды. Катаболизмді төмендету үшін және остеопороз тәуекелінің даму мүмкіндіктерінің дамуын болдырмау үшін нероболды қолдану қажет болады. Емделу курсы кезінде үнемі артериальды қысым мен несептің, қанның анализін тексеріп отыру керек. Препаратты доғару біртіндеп мөлшерін төмендету арқылы жүргізілуі тиіс. АКТГ қолдануды жақсылап ойланып тағайындау қажет (тері сынамасы). Кортикостероидтармен емделу кезінде, белгілі категориядағы науқастарға оральды антидиабеттік заттарды, сонымен қатар антикоагулянттарды тағайындау мөлшерін қайта қарастыру керек. Диуретикалық заттармен бірге қолданған кезде, ағзаның электролит алмасуына мән беру қажет (калийді толықтыру). Бір мезгілде салицилаттармен қолданғанда, кортикостероидтардың мөлшерін төмендеткен кезде салицилаттардың мөлшерін де төмендету керек. Егер анамнезенде психоз көрсетілген болса, үлкен мөлшерлерді сақтықпен тағайындау керек.
Әрекетесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді. Бірінші үшайда кері көрсетілген. Терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.
Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.
Жанама әсерлері
Сирек кездесетін жанама әсерлері.
Аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок, бронхоспазм (гидрокортизонмен балаларды парентеральды ұзақ емдеген кезде дамиды). Көз тәжірибесінде – катарактаның пайда болуы, көздің ішкі қысымының жоғарлауы.
Жиі кездеспейтін жанама әсерлер.
Эйфория, депрессия, психоздар. Препаратты ұзақ қолданған кезде: Кушинга синдромы; ортан жілік сүйегі басының некрозы; қант диабеті; пептиттік жаралар мен қан кетулер.
Саудаға тіркелген атауы: Гидрокортизон, Примакорт, Солу-Кортеф.
Дексаметазон
(Dexamethasone)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 0,5 мг, 1,5 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Аддисона-Бирмера ауруы, жедел және баяу жүретін тиреоидит, гипотиреоз, үдемелі офтальмопатия, тиреотоксикозбен байланысты, туа пайда болған адреногенитальды синдром; аллергиялық құраммен жүретін аурулар (бронхиальды демікпе, ангионевротикалық ісінулер, сары су аурулары, ревматоидты артрит асқыну фазасында, нефротикалық синдром; арнамалы емес жаралы колит, дәнекер тінінің аурулары); аутоиммунды гемолитикалық қаназдық, тромбоцитопения, қан түзілуінің аплазиясы мен гипоплазиясы, агранулоцитоз; жедел эритродермия, пемфигус (кәдімгі), жедел экзема (емнің басында); онкологияда (қатерлі ісіктер) паллиативті ем кезінде; ауыр инфекциялық аурулар (міндетті түрде антибиотиктермен біріктіру). Мөлшерлеу жеке, аурумен анықталынады, оның белсендігімен және науқастың жауабымен. Орта тәуліктік мөлшер – 0,75-9 мг. Ауыр жағдайларда – үлкен мөлшерлер, 3-4 қабылдауға бөлінген. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 15 мг. Ықпалға қол жеткізген соң, мөлшерді 0,5 мг-ға төмендету 3 күн ұстап тұрушы мөлшерге дейін 2-4,5 мг/тәулігіне. Ең кіші тиімді мөлшер – 0,5-1 мг/тәулігіне. Балаларға 0,0833 – 0,3333 мг/кг немесе 0,0025-0,01 мг/м2 /тәулігіне 3-4 қабылдауға.
Кері көрсеткіштері.
Дексаметазонға жоғары сезімталдық. Жүйелік микоздар. Буынның және буын айналасындағы жұмсақ тіндердің инфекциялық зақымдалуы, семіздіктің III-IV сатысы (препаратты ішке тағайындау кезінде); көздің вирусты және зеңді зақымданулары; трахома; глаукома; қасаң қабақтың аурулары, эпителидің ақауларымен біріккен; жедел ірінді конъюнктивит; жедел инфекция түрлері арнамалы емес терапиямен.
Сақтандыру.
Интеркуррентті инфекцияларда, септикалық жағдайларда және туберкулез кезінде сәйкес антибиотиктермен бірге дексаметазонды тағайындау қажет. Күнделікті қолданғанда емнің 5-ші айында бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының атрофиясы дамуы мүмкін. Препарат кейбір инфекциялардың симптомдарын көрсетуі мүмкін. Емдеу кезінде иммунизация жүргізілмеуі тиіс. Спецификалық емес жаралы колит, дивертикулит, жуырда жасалған ішек анастомозында, асқазан мен ұлтабар жара ауруларында, бүйрек жетіспеушілігінде, жүйелік остеопорозда, миастенияда, артериальды гипертонияда, сонымен қатар айқын қант диабетімен, артериальды гипертензия, психикалық ауруларда, гипоальбуминемия кезінде сақтықпен қолдану керек. Гипотиреозда, сонымен қатар бауыр циррозында препарат әсері күшеюі мүмкін. Эмоциональды тұрақсыздық кезде немесе психотикалық тенденцияларда аталған көріністер күшеюі мүмкін. Қасаң қабақтың ұшығымен ауыратын науқастарға препаратты тағайындағанда, оның перфорациясы болу мүмкіндіктерін ескеру керек. Емдеу кезінде көз қысымын және қасаң қабақ жағдайын бақылау қажет. Препаратты қолдануды бірден доғарғанда, әсіресе жоғары мөлшерді қолданғанда ГКС алып тастау синдромы дамиды (гиперкортицизммен байланыссыз): анорексия, жүректің айнуы, тоқырау, жаппай қаңқа-бұлшық ет ауырсынулары, жалпы әлсіздік. Препаратты доғарғаннан кейін бірнеше ай салыстырмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі сақталады. Егер осы кезде күйзелістік жағдайлар дамыса, уақытша ГКС (көрсеткіштер бойынша) тағайындалынады, қажеттілік кезде минералокортикоидтармен бірге қолданылады.
Балаларда ұзақ емдегенде өсу мен даму қарқыные қатаң қадағалау қажет. Емдеу кезеңіндегі балалар, қызылшамен немесе жел шешек науқастарымен қатынаста болса, оларға алдын алу шаралары ретінде арнайы иммуноглобулиндер тағайындайды.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді. Бірінші үшайда кері көрсетілген. Терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.
Емшекпен емізу: аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.
Жанама әсерлері
Жиі кездеспейтін жанама әсерлер.
Күйдіру сезімі (к/т енгізгеннен кейін); гипер- немесе гипопигментация, тері астының атрофиясы және тері атрофиясы; буынның ісінуі мен терідегі бөртпелер (буын ішіне енгізгеннен кейін); асептикалық абсцесстер; тәбеттің жоғарлауы және дене салмағының жоғарлауы, көз қысымының жоғарлауы.
Сирек кездесетін жанама әсерлері.
Анафилактикалық шок; артропатия; соқырлық (бет тініне және басқа енгізгеннен кейін), бүйрек үсті безінің қызметі мен АДГ өндірілуінің тежелуі.
Саудаға тіркелген атауы: Дексаметазон.
Преднизолон
(Prednisolone)
Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 30 мг/мл; таблетки 5 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Шок (күйік, жарақаттар, операциялық, миокардтың инфаркты кезінде); аллергиялық реакциялар (ауыр түрлері), анафилактикалық шок; дәнекер тінінің жүйелік ауруы; жүйелік васкулиттер; бронхиальды демікпе, демікпелі статус; Аддисон ауруыа; адреногенитальды синдром; аутоиммуннды гепатит; гломерулонефрит; иммуннды гемолитикалық қаназдық, тромбоцитопения, гематобластоз, гематосаркома; көпіршікті, экзема, қышыну, эксфолиативті дерматит, теңге қотыр, қышымалар, майұралы дерматит, эритродермия; эпикондилит, тендовагинит, бурсит, иық жауырын периартриті; келоидтар; ишиалгия; Дюпюитрен контрактурасы.
Мөлшерлеу тәртібі жеке.
К/т, шок кезінде 30-90мг-нан (150-300 мг-ға). Б/е 30-90 мг-нан. Қайта енгізу 30-60 мг к/т немесе б/е. Балаларға 2-12 айлық. 2-3 мг/кг, 1-14 жасқа 1-2 мг/кг.
Буын ішіне. Ірі буындарға 25–50 мг-нан енгізу, орта көлемді буындарға — 10–25 мг-нан, ұсақ буындарға — 5–10 мг-нан. Тіндерді инфильтрация жасау үшін — 5 -тен 50 мг-ға дейін.
Ішке. Орын басуша терапия кезінде бастапқы мөлшер 20–30 мг/тәулігіне (қажет жағдайда — 15–100 мг/тәулігіне), ұстап тұрушы — 5–15 мг-нан. Мөлшерін біртіндеп төмендетеді. Балалар үшін бастапқы мөлшер — 1–2 мг/кг дене салмағына тәулігіне 4–6 рет қабылдауға, ұстап тұрушы — 0,3–0,6 мг/кг/тәулігіне.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімьалдық, жара аурулары асқыну фазасында, декомпенсирленген қант диабеті, ауыр артериальды гипертензия, остеопороз, Иценко — Кушинга ауруы, туберкулездің белсенді түрі, глаукома, жүйелік микоздар, жедел вирусты инфекция, психикалық аурулар кезіндегі продуктивті симптоматика. Көздің вирусты және бактериальды аурулары, біріншілік глаукома, эпителидің зақымдалуымен жүретін қасаң қабақтың аурулары. Терінің бактериальды, зеңді, вирусты зақымданулары, туберкулез, мерез, тері ісігі, жүктілік.
Сақтандыру.
Препаратты келесі аурулармен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек:асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, остеопороз, Кушинга ауруы, қант диабеті, тромбоэмболияға бейім болу, бүйрек жетіспеушілігі, ауыр артериальды гипертония, жүйелік микоздар, вирусты инфекциялар, вакцинация кезеңі, туберкулездің белсенді түрі, глаукома, қояншық, психикалық аурулар кезіндегі продуктивті симптоматикасы, эпителидің зақымдалуымен жүретін қасаң қабақтың ауруларында, мерез, тері ісіктері. Аса сақтықты препаратқа жоғары сезімталдық кезінде, инфекциялық ауруларда, сонымен қатар жас балалар мен жасөспірімдерге сақтықпен тағайындау керек. Кортикостероидтарды ұзақ қолдағаннан кейін, бірден алып тастау кезінде бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Сондықтан доғаруды біртіндеп жүргізу керек.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді. Бірінші үшайда кері көрсетілген. Терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.
Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.
Жанама әсерлері
Орын басушы терапиядан басқа, кортикостероидтармен емдеу адамның физиологиялық жағдайымен салыстырғанда әрқашанда оларды мөлшерден тыс қолданумен жүреді. Асқынудың ауырлығы мен жиілігі препараттың қолдану мөлшеріне және жеке сезімталдыққа байланысты болып келеді.
Жиі кездесетін жанама әсерлер.
Ісінулер, артериальды қысымның жоғарлауы, АКТГ және эндогенді кортизолдың өндірілуінің төмендеуі. Кушинга синдромы; терінің атрофиясы, жараның жазылуының төмендеуі; гипокалиемия, натрий мен судың жиналуы, гипергликемия стероидты қант диабетінің дамуыеа дейін, катаболизмнің дамуы, остеопороз; бұлшық еттің атрофиясы және балалардың өсуінің тежелуі; инфекциядан иммунологиялық қорғану механизмінің басылуы және инфекцияның белсенуінің тәуекелі жоғалауы, мысалы туберкулез сияқты.
Жиі кездеспейтін жанама әсерлері.
Ұйқының қашуы, депрессия және созылмалы психикалық ауруларының асқынуы; глаукома, катаракта, тромбоздар; пептиттік жаралар және қан кетулер.
Сирек кездесетін жанама әсерлер.
Шамалы бас ми қысымының жоғарлауы.
Саудаға тіркелген атауы: Медрол, Метилпреднизолон, Преднизолон, Солу-Медрол.
КОРТИЗОН
(Cortisone)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісінулер, ринит, артриттер, коллагеноздар, ревмокардит, бронхиальды демікпе, дерматиттер, гемолитикалық қаназдық, Верльгофа ауруы, созылмалы белсенді гепатит, гепатонекроз, лимфома, сүт безінің қатерлі ісігі, қуық үсті безінің қатерлі ісігі, нефротикалық синдром, миастения, кез келген генезді қабыну синдромы, лейкопения. Б/е енгізеді 25–50 мг-нан 1–2 реттен тәулігіне. Ересектерге жоғары мөлшер: бір реттік — 150 мг, тәуліктік — 300 мг. Балалар үшін бастапқы мөлшер 12,5–25 мг-нан 2 реттен тәулігіне. Ұстап тұрушы мөлшер жеке талданады.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, миокардтың инфаркты, жүрек жетіспеушілігі, артериальды гипертензия, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, жоғары қан кетулер, остеопороз, қант диабеті, вирусты және зең аурулары, туберкулез, жабық бұрышты глаукома, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары, қалқанша безінің патологиясы.
Сақтандыру.
Препаратты келесі аурулармен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек:асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, остеопороз, Кушинга ауруы, қант диабеті, тромбоэмболияға бейім болу, бүйрек жетіспеушілігі, ауыр артериальды гипертония, жүйелік микоздар, вирусты инфекциялар, вакцинация кезеңі, туберкулездің белсенді түрі, глаукома, қояншық, психикалық аурулар кезіндегі продуктивті симптоматикасы, эпителидің зақымдалуымен жүретін қасаң қабақтың ауруларында, мерез, тері ісіктері. Аса сақтықты препаратқа жоғары сезімталдық кезінде, инфекциялық ауруларда, сонымен қатар жас балалар мен жасөспірімдерге сақтықпен тағайындау керек. Кортикостероидтарды ұзақ қолдағаннан кейін, бірден алып тастау кезінде бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Сондықтан доғаруды біртіндеп жүргізу керек.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді. Бірінші үшайда кері көрсетілген. Терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.
Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.
Жанама әсерлері
Артериальды гипертензия, ісінулер, жүрек жетіспеушілігі, аритмия, АІЖ кілегей қабатының жара зақымданулары, АІЖ қан кетулер, остеопороз және өздігінен болатын сүйектің сынықтары, стероидты қант диабеті, Кушинга синдромы, миалгия, артралгия, бұлшық ет атрофиясы, аллергиялық реакциялар; енгізілген жерде қызару және ауырсыну.
Саудаға тіркелген атауы: Кортизон.
МЕТИЛПРЕДНИЗОЛОН
(METHYLPREDNISOLONE)
Шығарылу түрі. Таблеткалар 4 мг, 16 мг, егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 40 мг/мл, 125 мг/2мл, 250 мг/4мл
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Первичная или вторичная адренокортикальды жетіспеушілігінің бірінші немесе екіншілік жетіспеушілігі (минералокортикоидтармен біріктіріп қолдану), Аддисон ауруы, тауы пайда болған бүйрек үсті безінің гиперплазиясы, ірінсіз тиреоидит, гиперкальциемия қатерлі ісік үдерісімен байланысты, шок (анафилактикалық, күйікті, жарақаттық, кардиогенді), мидың ісінуі, ауыр жарақаттар, жедел немесе ревматизмді аурулардың асқынуында қосымша терапия: теңге қотырлы артрит, ревматоидты артрит (ювенильді қоса), анкилозды спондилит, жедел немесе баяу жүретін бурсит, жедел арнамалы емес тендосиновит, жедел аяқ қақпанының артриті, жарақаттан кейінгі остеоартрит, остеоартрит кезіндегі синовит, эпикондилит; коллагеноздар (асқыну немесе ұстап тұрушы терапия): жүйелік қызыл жегі, жедел ревмокардит, жүйелік дерматомиозит (полимиозит); тері аурулары: көпіршіктер, буллезды герпетиформалы дерматит, Стивенса — Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, микоздар, теңге қотыр, майұралы дерматит; аллергиялық аурулар: маусымдық және үнемі аллергиялық ринит, сары су ауруы, бронхиальды демікпе, аллергиялық реакциялар дәрілік заттармен туындаған, қатынастағы дерматит, атопиялық дерматит; анафилактикалық және анафилактоидты реакциялар, трансфузия кезіндегі есекжем; көз аурулары: аллергиялық қасаң қабақ жаралары herpes zoster ophthalmicus, алдыңғы сегменттің қабынуы, диффузды увеит және хориоидит, симпатикалық офтальмия, аллергиялық конъюнктивит, кератит, хориоретинит, көру жүйесінің невриті, ирит және иридоциклит; тыныс алу жолының аурулары (сәйкес химиотерапиямен бірге): симптоматикалық саркоидоз, Леффлера синдромы, бериллиоз, өкпе туберкулезі, аспирациялық пневмония; гематологиялық аурулар: ересектердегі идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ересектердегі екіншілік тромбоцитопения, жүре пайда болған (аутоиммуннды) гемолитикалық қаназдық, эритробластопения, туа пайда болған гипопластикалық қаназдық, агранулоцитоз, жедел лимфатикалық және миелоидты лейкоздар; ересектердегі лейкемия және лимфомалар; миелома, өкпенің қатерлі ісігі (цитостатиктермен біріктіріп қолдану); АІЖ аурулары: жаралы колит, Крона ауруы, орналасқан энтерит, гепатит; жүйкелік аурулар: таралған склероз, миастения, туберкулезді менингит (сәйкес химиотерапиямен); трихиноз; мүшелерді қондырған кезде иммунологиялық сыймсыздықты басу; цитостатикалық терапия жүргізген кезде жүректің айнуы және құсу. Метилпреднизолон ацетатының сулы суспензиясын келлоид, орналасқан гипертрофиялық зақымдануларда және инфильтраттарда, қызыл тегіс теміреткеде, теңге қотыр түйіншекке, созылмалы нейродермитте, дискоидты қызыл жегіде, липоидты дибеттік некробиозда, алопецияда, апоневроздардың және сіңірдің кистозды ісіктерінде зақымданған тінге енгізеді.
Ішке (таңертен, тамақтан соң), егуге (к/т, б/е, синовиальды қапшыққа және қынапқа, буын ішіне, тері зақымдалған аймаққа) және тік ішекке. Ересектерге ішке 4–60 мг/тәулігіне бір рет немесе бөлінген мөлшерде. Басиапқы мөлшерде — 12–40 мг/тәулігіне. Жеке жағдайларда — 100 мг/тәулігіне. Ұстап тұрушы мөлшер — 4–12 мг/тәулігіне. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 250 мг-нан. Балаларға: бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі кезінде ішке 0,14 мг/кг немесе 4 мг/м 2 тәулікте 3 қабылдауға, б/е — осы мөлшер екі тәуліктен кейін немесе 0,039–0,0585 мг/кг/тәулігіне күн ара; басқа көрсеткіштер бойынша — ішке 0,417–1,67 мг/кг немесе 12,5–50 мг/м 2 тәулікте үш мөлшерге бөлу, б/е — 0,139–0,835 мг/кг немесе 4,16–25 мг/м 2 тәулік әр 12–24 сағата. Ересектерге б/е енгізу үшін — 4–60 мг/тәулік (депо-түрі — 40–120мг). К/т («пульс-терапия») енгізу 30 мг/кг метилпреднизолон сукцинатты 30 минут бойы, қажет жағдайда — қайта әр 6 сағатта. Буын ішіне — синовиальды қапшыққа және қынапқа — 20–60 мг-нан, құрсақ және плевральды қуысқа — 100 мгға дейін, эпидуральды — 80 мг-ға дейін, к/т — 100–500 мг-нан, зақымдалған тері аймағына — 20–60 мг-нан. Ұстап тұратын клизмамен жаралы колит кезінде 40–120 мг-ды енгізеді, жүректің айнуы мен құсуды шеттету үшін ересектерге — 250 мг мөлшерде 20 минут алдын және 6 сағаттан кейін цитостатиктерді қабылдағаннан соң, балаларға — 25 мг/тәулігінен артық емес. Өздігінен аурудың беті қайтқан кезде емді доғарады.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, жедел және созылмалы бактериальды немесе вирусты аурулар қосымша химиотерапялық қорғаныссыз жүретін, жүйелік зең аурулары, белсенді туберкулез, ЖҚТБ, жасырынды туберкулез, ішек анастомозы (жуырда болған анамнезенде), тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі немесе гипертензия, бүйрек немесе бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары, эзофагит, гастрит, жедел немесе жасырын пептиттік жаралар, қант диабеті, миастения, глаукома, ауыр остеопороз, гипотиреоз, психикалық бұзылыстар, полиомиелит (бульбарлы-энцефалиялық түрінен басқа), БЦЖ егуінен кейінгі лимфомалар, жүктілік, емшекпен емізу, вакцинация кезеңі; буын ішіне енгізу үшін — жасанды буын, қанның ұю жүйесінің бұзылуы, буын ішінің сынығы, периартикулярлы инфекциялық үдеріс (сонымен қатар анамнезенде); нәрестелердегі респираторлы дистресс-синдромының алдын алу шараларына — амнионит, жатырдан қан кетулер, анасының инфекциялық аурулары, плацентарлы жетіспеушілік, ұрық қапшығының ерте жарылуы.
шала туылған балаларға кері көрсетілген.
Сақтандыру.
Ұзақ енгізілген кезде гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің қызметін, қанның сары суындағы глюкоза деңгейін бақылау керек, офтальмологиялық зерттеулер жүргізу қажет. Дельта тәрізді бұлшық етке егу ұсынылмайды. Т/і және б/е енгізу кезінде, егетін жерді ауыстыру керек. Буын ішіне аппликация жасауды 3 аптада 1 рет жүргізеді. Метилпреднизолон ацетатының суспензиясын интратекальды енгізу кері көрсетілген: бензил спиртінен құралады (метилпреднизолон натрия сукцинаттың кейбір түрлері сияқты), жүйке тіні үшін потенциальды қауіпті жергілікті қолдану кезінде. Микроорганизмдер туғызатын инфекцияның таралуына немесе қосылуына (вирустарды, зеңдерді, қарапайымдылар сияқты) ықпал етуі және паразиттердің (құрттар)таралуына мүмкіндік жасайды. Бұл асқынулардың қауіпсіздігі метилпреднизолонның мөлшерін жоғарлатқанда немесе басқа иммунодепресанттармен біріктіргенде жоғарлайды. Арнамалы емес жаралы колит кезінде, дивертикулада, ауыр миастенияда сақтықпен тағайындайды. Метилпреднизалонның иммунодепрессивті мөлшерін қабылдайтын науқастарды, жел шешек және қызылшамен ауыратын науқастармен қатынаста болу қауіпті екендігін ескерту керек. Ұзақ қолданғанда балаларда өсуінің баялауы мүмкін. Емдеу курсын мөлшерін біртіндеп төмендету арқылы аяқтау керек. Алып тастау іштің және буынның ауруымен, әлсіздікпен, жүректің айнуымен, бастың ауруымен,бастың айналуымен, дене температурасының жоғарлауымен, тәбеттің жоғалуымен, дене салмағының төмендеуімен жүруі мүмкін.
Ерекше нұсқаулар: Ұзақ қолданған кезде қолданатын тамақтың құнарлығын төмендету керек, калийдің қолданылуын жоғарлату, натрийді – төмендету. Балаларға мөлшерді есептеу дене салмағына емес, дене беткейіне есептеген жақсы м2. Басқа егуге арналған ерітінділермен араластыруға болмайды.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді. Бірінші үшайда кері көрсетілген. Терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.
Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.
Жанама әсерлері
Иценко — Кушинга синдромы, бүйрек үсті безінің атрофиясы, етеккір циклінің бұзылыстары, гирсутизм, бедеулік, балаларда өсудің тежелуі, стероидты диабет, глюкозурия, дене салмағының жоғарлауы, теріс азотты тепе-теңдік, натрий мен судың жиналуы, ісінулер, калийді жоғалту, гипокалиемиялық алкалоз, көмірсуларға тұрақтылықтың төмендеуі, перфорация мен қан кету мүмкіндіктерімен жүретін асқазан мен ұлтабардың пептиттік жаралары, жүректің айнуы, құсу, жаралы эзофагит, панкреатит, іштің кебуі, бастың ауруы, бастың айналуы, бас іші қысымының жоғарлауы, мишықтың жалған ісігі, психикалық бұзылыстар, тырысулар, гипертензия, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, гипотония, тромбофилия, инфекциялық ауруларға тұрақтылықтың төмендеуі, уытсыздандырылған абсцесстер, көз іші қысымының жоғарлауы, экзофтальм, артқы субкапсулярлы катаракта, соқырлық, бұлшыұ ет әлсіздігі, стероидты миопатия, бұлшық ет салмағының төмендеуі, остеопороз (әсіресе әйелдерде және балаларда), сңірдің үзілуі, компрессиялық омыртқаның сынуы, иық және ортан жілік сүйек басының асептикалық некрозы, ұзын сүйектердің патологиялық сынулары, Шарко типті артропатия, эпидермистің жұқаруы мен атрофиясы, тері мен тері асты жасұнығының дермасы, регенерацияның нашарлауы, петехия, стрии, стероидты акне, пиодермия, кандидоздар, гипо- және гиперпигментация, экхимоздар, аллергиялық реакциялар: есекжем, анафилактикалық шок, бронхоспазм.
Саудаға тіркелген атауы: Медрол, Метилпреднизолон.
МАЗИПРЕДОН
(Mazipredone)
Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 30 мг/мл
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Анафилактикалық реакциялар, бронхиальды демікпенің ауыр түрлері, әр алуан шок түрлері, жедел бүйрек жетіспеушілігі, жұқпалы аурулар кезіндегі уланулар, бауыр комасы, балалардағы ауыр ларинготрахеобронхит, дәнекер тіндерінің диффузды аурулары, жүйелік васкулиттер, гломерулонефриттер, аутоиммуннды гепатит, Крон ауруының ауыр түрлері және спецификалық емес жаралы колит, жүре пайда болған аутоиммуннды гемолитикалық қаназдық, гемобластоздар. К/т. Ургенттік жағдайларда (шок, демікпелі статус және т.б.) — к/т баяу құю немесе тамшылатып, ересектерге — 30–90 мг (мөлшерін 200 мг-ға дейін және одан жоғары көтеруге болады), балаларға — 1–3 мг/кг.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық, асқазан немесе ұлтабардың жара ауруларының асқыну фазасында, Иценко — Кушинга синдромы, қант диабетінің декомпенсация сатысында, айқын остеопороз, психикалық бұзылыстар, жүктілік, емшекпен емізу; терінің бактериальды (сонымен қатар мерездік, туберкулездік), вирусты, саңырауқұлақтық зақымдалуы, терінің ісікті немесе ісік алды аурулары; жаңа туылған кезеңде (құрамында бензил спирті болуына байланысты).
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Жедел жұқпалы аурулар, туберкулез, декомпенсирленген бауыр циррозының портальды гипертензия синдромымен, ауыр артериалды гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, терминальді бүйрек жетіспеушілігінің остеодистрофия синдромымен. Негізгі мөлшерді таңертенгі уақытта ішке қолдану керек. Емді біртіндеп доғару керек, кешкі және күндізгі мөлшерін басында төмендетеді. АҚ, шеткі қанның жасушалық құрамын, қандағы қант пен электролиттердің құрамын қатаң бақылау керек. Егде жастағылар мен қалжыраған науқастарға қосымша анаболикалық стероидтарды тағайындау көрсетілген.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Плацента арқылы өтеді. Кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері.
Артериалды гипертензия, васкулит, стероидты диабет, глюкозурия, стероидты катаракта, миопатия, АІЖ эрозивті-жаралы зақымданулары, ұйқының бұзылуы, психоздар, семіздік, бүйрек үсті безінің атрофиясы, бұлшық ет салмағының төмендеуі, сұйықтықтың жиналуы, остеопороз, жұқпалы ауруларға тұрақтылықтың төмендеуі, етеккір циклінің бұзылыстары, «алып тастау» синдромы, лейкоцитоз, гипокалиемия, гипокальциемия, теріс азот тепе-теңдігі, тіндердің жазылу үдерісінің баяулауы, тері қышынулары, бөртпелер, терінің құрғауы мен атрофиясы, перианальды дерматит, гипопигментация, гипертрихоз, экхимоздар.
Саудаға тіркелген атауы: Деперзолон.
