Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар

МЕТОКЛОПРАМИД

METOCLOPRAMIDE

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, метоклопрамид гидрохлорид 10 мг [ӘДҰ ұсынылған]. Инъекция (егуге арналған ерітінді), метоклопрамид гидрохлорид 5 мг/мл, ампулада 2 мл  [ӘДҰ ұсынылған]. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Асқазан –ішек жолдарының аурулары кезінде жүректің айнуы мен құсу, цитотоксикалық заттармен емдегенде немесе сәулемен емдеу кезінде; гастроэзофагеальды рефлюкс; гастропарез; премедикация және операциядан кейінгі кезең; асқазан-ішек жолдарын интубация жасау кезінде; бас сақинасы кезіндегі жүректің айнуы мен құсу. Балаларда қолдану этиологиясы белгілі құсуды шеттету мүмкін болмаған кездегі ауыр жағдайларда шектелген, сәулемен емдеу және химиотерапия кезіндегі құсуларда, ішектің интубациясында, премедикацияда.

Көк тамырға баяу (1–2 минут барысында), ересектерге 10 мг 3 реттен күніне; жасөспірімдерге 15–19 жастағы (дене салмағы 60 кг төмен) 5 мг 3 реттен күніне; балаларға 1 жасқа дейін (10 кг дейін) 1 мг дейін күніне екі рет, 1–3 жас (10–14 кг) 1 мг-нан 2–3 реттен күніне, 3–5 жас (15–19 кг) 2 мг 2–3 реттен күніне, 5–9 жас (20–29 кг) 2,5 мг 3 реттен күніне, 9–14 жас (30 кг және жоғары) 5 мг 3 реттен күніне (кәдімгі ең жоғарғы мөлшер, әсіресе балалар үшін және жас адамдарға – 500 мкг/кг күніне). Премедикация, көк тамырға баяу, ересектерге 10 мг, бір рет. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 60 мг;

Асқазан-ішек жолдарына интубация жасауды жеңілдету үшін, ішке, немесе бұлшық етке, немесе көк тамырға баяу ересектерге 10–20 мг бір рет 10–15 минут зерттеу алдында; жас өспірімдерге 15–19 жастағыларға 10 мг; балаларға 3 жасқа дейін –1 мг, 3–5 жастағыларға – 2 мг, 5–9 жастағыларға – 2,5 мг, 9–14 жастағыларға – 5 мг.

Кері көрсеткіштері

Асқазан-ішек жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы, қан кету немесе перфорация, асқазан-ішек жолдарына операция жасағаннан кейін 3–4 күн; тырысу бұзылыстары, феохромоцитома, экстрапирамидалық бұзылыстары, пролактино тәуелді ісіктер.

Сақтандыру

Егде жастағылар, балалар және жас адамдар; бауыр жетіспеушілігі; бүйрек жетіспеушілігі; басқа ауруларға ұқсас болуы мүмкін, мысалы ми құрлысының жоғары қозуы кезінде; асқазан-ішек жолдарына хирургиялық араласулар кезінде 3–4 күндей тағайындаудан бас тарту керек; Паркинсон ауруы; қояншық ауруы; депрессия; порфирия; бронхиальды демікпе, артериальды гипертензия, егде жастағылар, кіші жастағы балалар (дискинетикалық синдромның даму тәуекелінің жоғары болуы).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне енеді, пайда мен тәуекелді бара-бар қою; адамдарда асқынулар тіркелмеген. Жанама әсерлері

Экстрапирамидалық бұзылыстар (әсіресе балалар мен жас өспірімдерде); ұзақ қолданғанда – кешкі дискинезия; гиперпролактинемия жағдайлары суреттелген; ұйқышылдық, мазасыздану, бастың айналуы; бастың ауруы; диарея, депрессия, гипотензия және гипертензия; сирек – қатерлі нейролептикалық синдром; бөртпелер, қышыма, ісінулер; көк тамырға енгізгеннен кейінгі миокард өткізгіштігінің бұзылыстары; сирек метгемоглобинемия (әсіресе ауыр глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа жетіспеушілігі кезінде).

Саудаға тіркелген атауы: Кепамид, Метоклопрамид, Церулин, Церукал®.

ДОМПЕРИДОН

(DOMPERIDONE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 10 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Әр түрлі генездегі құсу мен жүректің айнуыВ – 40-80 мг/тәулігіне. АІЖ атониясы – 40-80 мг/тәулігіне. Ықылық, құсу, жүректің айнуы, метеоризм, асқазанның атониясы (жарасыз диспепсия – 40-80 мг/тәулігіне.) Өт шығару жолдарының дискенезиясы – 20 мг/тәулігіне. Холецистит, холангит, рефлюкс-эзофагитА - 80 мг/тәулігіне. АІЖ рентгеноконтрасты зерттеулер жүргізгенде перистальтиканың күшеюі – 50 мгВ .

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, АІЖ қан кету, механикалық ішектің жүрмеуі, асқазанның немесе ішектің перфорациясы, пролактинома, емшекпен емізу кезеңі, жүктілік, жас балаларға (5 жасқа дейін).

Сақтандыру

Бауыр мен бүйрек жетіспеушілігі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: адамға зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан анасы үшін потенциальды пайда, ұрық үшін тәуекелден жоғары болғанда қолданады.

Емшекпен емізу: емшек сүтіне өтеді, домперидонды қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек. Жанама әсерлері

Ауыздың құрғауы, ішек шаншуы, іштің қатуы. Балаларда және ГЭК өткізгіштігі жоғары науқастардағы экстрапирамидалық бұзылыстар. Аллергиялық реакциялар. Астения, ұйқышылдық, бастың айналуы, жүрек соғуының жиіленуі. Галакторея, гинекомастия.

Саудаға тіркелген атауы: Дамелиум, Мотилиум®, Мотинорм.

ПРОМЕТАЗИН

(PROMETHAZINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, 25 мг [ӘДҰ ұсынылған].

Инъекциялар (егуге арналған ерітінділер, прометазин гидрохлорид 25 мг/мл, ампулада 2 мл) [ӘДҰ ұсынылған]. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жүректің айнуы, құсу, лабиринттік бұзылыстар, шайқалу; премедикация [қолданулар, ӘДҰ ұсынылған]. Аллергиялық аурулар. Педиатрияда: экссудативті диатез, экзема, демікпелі бронхит, жалған круп, аллергиялық дерматит, сары су ауруы салдарынан нәрестелерде тері беткейінің және шырышты қабаттың өзгерістері. Көк тамырға баяу (егуге арналған сумен араластырып 2,5 мг/мл жеткізу), ересектерге ішке 12,5–25 мг. Қайталау әр 4 сағаттан артық емес (кәдімгі ең жоғарғы мөлшер 100 мг 24 сағат ішінде). Шайқау, алдын алу шаралары, ішке, ересектерге 20–25 мг ұйықтар алдында саяхатқа шығар кезде, қажет жағдайда саяхат күні қайталау; балаларға 2–5 жас 5 мг дейін түнде және саяхат күні, қажет кезде; 5–10 жас 10 мг түнде және саяхат күні, қажет кезде. Кері көрсеткіштері

Порфирия; жоғары сезімталдық (егер басқа фенотиазиндерге), МАО баяулатқыштарымен бірге қолданғанда, ерте жастағы балаларға (3 айға дейін).

Сақтандыру

Аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы; зердің бөлінуі ұсталғанда; глаукома; бауыр аурулары, қояншық;  егде жастағылар және 2 жасқа дейінгі балалар (жанама әсерлерінің дамуы жиі болады).

2 жасқа дейінгі балаларға прометазинді қолдану түнгі апноэ ұстамаларының жиілігін жоғарлатады. Емделу кезінде жүктілік тестінің жалған оң нәтижесі болуы мүмкін. Қозғалыстағы механизмдерді басқару мүмкіндігінің, көлік жүргізу бұзылыстары.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: прометазинді қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек. Емшек сүтіне өтіп, балада айтусыз толқыну мен тітіркену туғызуы мүмкін. Анасының прометазинді қолдануына байланысты 2 жасқа дейінгі балаларда күтпеген өлім синдромына әкелуі мүмкін.

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық, бастың айналуы, седация (парадоксальды қозулардың болуы мүмкін, әсіресе балаларға және егде жастағыларға үлкен мөлшерде тағайындағанда); бастың ауруы, психомоторлы бұзылыстар, зәр шығарудың ұсталуы, ауыздың құрғауы, көрудің анықсыздығы, асқазан-ішек жолдары жағынан болатын бұзылыстар; жоғары сезімталдық реакциясы; бөртпелер, фотосенсибилизация реакциясы; сары ауру; қан жағынан болатын бұзылыстар; егуден кейінгі жүрек қан тамырлары жағынан болатын жанама әсерлер; көк тамырға енгізген жерде болатын венозды тромбоз, бұлшық етке енгізгенде болатын ауырсыну.

Саудаға тіркелген атауы: Пипольфен®.

ОНДАНСЕТРОН

(ONDANSETRON)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 4 мг, 8 мг, егуге арналған ерітінділер 4мг/2мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жүректің айнуы және құсу (алдын алу шаралары) цитотоксикалық химиотерапия кезінде (алғашқы және курсты қайталағанда, цисплатиннің жоғары мөлшерлерін қолданғанда), сәулемен емдегенде (дененің барлық беткейін сәулелендіргенде, біртіндеп бір реттен жоғары мөлшерде немесе құрсақтық аймақты күнделікті сәулелендіру), операциядан кейінгі кезеңде. Цитостатикалық препараттармен емдегеде құсу тәуекелі дамуы және сәулемен емдеу:

- 8 мг препаратты емнің алдында көк тамырға енгізу түрде немесе пероральды таблетка түрінде (ауыз арқылы) 1-2 сағат бұрын емнің алдында, кейіннен ондансетронды қолдану арқылы 12 сағаттық үзіліспен. Алғашқы 24 сағатта құсудан қорғау үшін, кейіннен препаратты таблеткада 8 мг мөлшерде 2 реттен тәулігіне 5 күндей емнің басынан қабылдау керек.

- 8 мг мөлшерде көк тамырға баяу енгізу түрінде тікелей химиотерапия курсын жүргізер алдында, кейіннен екі рет көк тамырға 8 мг мөлшерде 4 сағаттық үзіліспен енгізу немесе үнемі көк тамырға 24 сағат бойы 1 мг/сағатына мөлшерде енгіу;

- бір реттік мөлшер 32 мг ондансетронның, 50-100 мл көлемдегі изотониялық натрий хлорид ерітіндісінде ерітілген және 15 минут химиотерапияның алдында көк тамырға енгізіледі.

Келесі құсу ұстамаларының алдын алу үшін препаратты таблетка түрінде 8 мг мөлшерде 2 реттен тәулігіне 5 күндей химиотерапия басталғаннан кейін қолдану.

Балаларға ондансетронды 5 мг/м мөлшерде бір реттік иньекция ретінде егуге болады, 2 рет тікелей химиотерапия алдында жүргізеді, кейін препаратты таблетка түрінде 4 мг мөлшерде 12 сағаттан кейін иньекция жасағанннан соң бередң. Құсудың алдын алу шаралары үшін перпараттың 4 мг мөлшерін 2 реттен тәулігіне 5 күндей береді.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бауыр қызметінің жетіспеушілігі, құрсақ ішіне хирургиялық операциялар жасау кезінде, жүктілік (әсіресе бірінші 3 ай), төспен емізу кезінде (емдеу кезінде доғарады), жас балаларда: 2 жасқа дейін анестезия жағдайында, 4 жасқа дейін — химиотерапия кезінде, барлық жастағы топтар — сәулемен емдеу кезінде.

Сақтандыру

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы анықталынбаған. Жүктілік кезде қолдануға тыйм салынған.

Емшекпен емізу: ондасетронды қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Іштің қатуы, диарея, ауыздың құрғауы, ықылық тию, АЛТ мен АСТ транзиторлық жоғарлауы, бауыр жетіспеушілігі (өлімге әкелуі мүмкін, әсіресе гепатотоксикалық ісіктерге қарсы емнің және антибиотиктер тұсында), бастың ауруы, бастың айналуы, көрудің бұзылуы (анықтылығы, аккомодациялық бұзылыстар), жылуды сезіну және бетке қанның толқынуы, ОЖЖ тежелуі, парестезия, әлсіздік, тырыспалы талмалар, экстрапирамидалық симптоматикалар, гипокалиемия, тахикардия немесе брадикардия, гипотензия, естен тану, көкіректің ауруы (ангинозды тип), ЭКГ бқзылыстар, ІІ дәрежелі тежелуге дейін, қызба, аллергиялық реакциялар: есекжем, бронхтың тарылуы, ангионевротикалық ісінулер, анафилаксия

Саудаға тіркелген атауы: Зондан, Сетронон, Эметрон.

ТРОПИСЕТРОН

(TROPISETRON) Шығарылу түрі.

Капсула 5 мг, егуге арналған ерітінді 5мг/5мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ісіктерге химиотерапия жүргізген кезде жүректің айнуы мен құсудың алдын алу шаралары үшін.Трописетронды курспен тағайындайды 6 күннен. Тәуліктік мөлшер 5 мг құрайды. Бірінші күні (химиотерапияны бастар алдында) препаратты көк тамырға тамшылатып немесе баяу құю арқылы енгізеді. Ерітіндіні дайындау ұшін 5 мл препаратты (1 ампуланы) 100 мл изотониялық хлорид натрия ерітіндісінде, Рингер ерітіндісінде, 5% глюкоза ерітіндісінде немесе 5% фруктоза ерітіндісінде ерітеді. Келесі 5 күндей препаратты ішке тағайындайды. Капсуланы таңертен қабылдау тиіс, тікелей оянғаннан кейін (болмаса таңертенгі астан бір сағат бұрын) және сумен ішу керек. Балаларға дене салмағы 25 кг төмен болғанда тағайындалатын трописётронның мөлшері 0,2 мг/кг құрайды.

Кері көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық, жүктілік. Емізулі аналар, трописетрон қабылдаушы, емшекпен емізуден бас тарту керек.

Сақтандыру

Бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылған, сонымен қатар егде жастағы науқастарға трописетронның қалыпты мөлшерін төмендетудің қажеті жоқ. Артериальды гипертензиямен иауыратын науқастарға трописетронды тағайындағанда сақтықпен қолдану керек (жоғары артериальды қысыммен). Дәрілік емге бағынбайтын, жоғары артериальды қысыммен ауыратын науқастарға, трописетронның тәуліктік мөлшері 0,01 г жоғарламауы керек, себебі ол әрі қарай артериальды қысымның жоғарлауына әкелуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы анықталынбаған. Жүктілік кезде қолдануға тыйм салынған.

Емшекпен емізу: трописетронды қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, бастың айналуы, шаршау сезімі, іштің ауруы, іштің қатуы, диарея.

Саудаға тіркелген атауы: Трописетрон.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]