- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
15.1 Антисептиктер
ЙОД
(Iodine)
Шығарылу түрі.
Спирттік ерітінді 5%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Терінің қабыну және инфекциялық аурулары, жырылу, тілігу, микрожарақаттар, жаралар; қабынған инфильтраттар, миозит, невралгия, операциялық жердің, жара шеттерінің, хирург саусақтарының дезинфекциясы.
Сыртқа, зақымдалған жердің айналасына. Зақымдалған жерді тәулігіне 1 рет тазарту, клиникалық көріністер болғанша.
Кері көрсеткіштері
Йодқа жоғары сезімталдық, өкпе туберкулезі, нефрит, нефроз, сыздауық, безеу бөртпелері, созылмалы пиодермия, гемморрагиялық диатез, есекжем.
Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.
Жанама әсерлері
Йодизм (тұмау, Квинке ісінуі, сілекейдің ағуы, көздің жасаурауы, теріде безеу бөртпелері ж.т.б.), терінің тітіркенуі, кебектенудің жоғарлауы.
Саудаға тіркелген атауы: Йод.
Нитрофурал
(Nitrofural)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 20 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Жедел және созылмалы дизентерия, созылмалы ірінді отит, инфицирленген жаралар, жаралар, күйіктер, тесілулер, стоматит, ангина, конъюнктивит, мұрын қуысты қосалқыларының, буынның және плевральды қуыстардың ірінді-қабынуы.
Жергілікті; ішке, тамақтан соң, үлкен мөлшерде сумен ішу. Ірінді жаралар, тесілулер, ІІ және ІІІ дәрежелі күйіктер, гранулацияға ұшыраған тері бетінің теріні қондыруға дайындау — зақымдалған тері аймағын сулы ерітіндімен бүркеу және ылғалды тану; операциядан кейінгі остеомиелит — қуыстарды сулы ерітіндімен жуу кейін ылғалды тану; плевра эмпиемасы — плевральды қуыстан ірінді сорып алғаннан кейін жуу және 20-100 мл сулы ерітіндіні енгізу; хирургиялық операциядан кейінгі анаэробты инфекция — жараны сулы ерітіндімен тазалау. Ересектердегі жедел бактериальды дизентерия — ішке, 100 мг-нан тәулігіне 4–5 реттен 5-6 күндей. Қажет кезінде 3-4 күннен кейін курсты қайталау. Ауыз қуысын шаю үшін 1 таблетканы (20 мг) 100 мл суда ерітеді.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, бүйрек қызметінің бұзылуы, аллергиялық дерматиттер.
Сақтандыру
Жанама әсерлерінің айқындылығын азайту үшін антигистаминді және В тобының витаминдерін тағайындау ұсынылады.
Жанама әсерлері
Жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, бастың айналуы, невриттер, тері қышынулары, дерматит.
Саудаға тіркелген атауы: Фурацилин.
Суттегі ТОТЫҒЫ
(Hydrogen peroxydЕ)
Шығарылу түрі.
Ерітінді 3%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ластанған жаралардың бетін біріншілік тазарту, жараны іріннен және ұйыған қаннан тазалау, беткейлік жаралардағы капиллярлардан, тіс ойығынан және мұрыннан қан кетулерді тоқтату.
Сыртқа. Зақымдалған аймақтарды (тері, кілегей) ерітіндімен ылғандалынған мақтамен немесе дәке тампондарымен немесе аэрозолмен тазалайды.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық.
Сақтандыру
Препараттың көзге түсуінен қашу керек; бітейтін танулардың астын жэәне қуыстарды бүркеу үшін қолдану ұсынылмайды.
Ерекше ұсыныстар.
3% ерітіндісін сыртқа қолданғаннан басқа, сонымен қатар токсикологиялық тәжірибеде ішке антидот ретінде перманганат калиймен уланғанда (3% сірке қышқылымен біріктіріп) тағайындайды.
Жанама әсерлері
Аллергиялық реакциялар (сирек), жара аймағының күйдіру сезімі.
Саудаға тіркелген атауы: Перекись водорода.
Повидон – йод
(Povidone-iod)
Шығарылу түрі.
Ерітінді 1% флаконда.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Амбулаторлық және стационарлық қолдану — операция алдында терінің және шырышты қабаттың антисептикалық тазарту; егу алдында, қан алу кезінде, пункция, биопсия, трансфузия, инфузия және басқа да инвазивті емшараларда теріні тазарту; асептикалық және инфицирленген жараларды тазарту, хирургиялық науқастардағы дренаж, катетер, зонд кезіндегі асқынуларды емдеу және алдын алу шараларында; терінің, ауыздың және мұрын өңештің кілегей қабаттың бактериальды, зеңді және вирусты инфекцияларында; стоматологиялық емшаралар кезде науқастардың ауыз қуысын уытсыздандыру; операция алдында науқастарды толық немесе жартылай тазарту (сонымен қатар «уытсыздандырумен шомылдыру»); туу жолдарын уытсыздандыру, «кіші» гинекологиялық операциялар (жасанды жүктілікті үзу, жатыр ішіне шиыршықты енгізу, жаралар мен полиптерді коагуляция жасау), кіндікті тазарту және нәрестелердегі конъюнктивиттің алдын алу шаралары; жынысты қатынастағы серіктерді емдегенде еркектердің жынысты мүшесінің терісін тазарту.
Тұрмыста қолдану — терінің жарақаттануы, тілінгенде, сызданғанда, тері қатпарларының баздануы, ірінді ауруларында, безеулер, бөртпелер, стоматит кезінде антисептикалық тазарту.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, гипертиреоз, қалқанша безінің аденомасы, Дюринга герпетиформалы дерматит, бүйрек жетіспеушілігі, радиактивті йодпен емделудің алдыңғы кезеңінде, емшектегі жас бала (шала туылған, жаңа туылған және емшектегі бала).
Сақтандыру
Көзге түсуден қашу керек. Йодқа жоғары сезімталдық пайда болғанда (қышыну, гиперемия) препаратты қолдануды доғару керек. Қалқанша безінің гиперфункциясының симптомсыз жүруі кезіндегі жағдайларда, әсіресе егде жастағыларда, дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қолданылады. Нәрестелер мен повидан-йодты балауыз түрінде қолданған аналардағы емшекпен тамақтандырылатын балалардың қалқанша безінің қызметіне бақылау жүргізу қажет.
Үлкен жараларға немесе үлкен алаңды күйіктерге жаққанда жүйелік жанама әсерлердің дамуына әкеледі, метаболиттік ацидоз, гипернатриемия және бүйрек қызметі жағынан бұзылыстардың болуы мүмкін.
Әрекеттесуі:
Зарарсыздану, сынаптан тұратын, тотықтырғыштардан, сілті тұздарынан және қышқылды реакция заттарынан, жергілікті қолданылатын ферменттерден тұратын (йод ферменттердің белсенділігін төмендетеді) препараттармен сыймсыз.
Жүктілік: екінші және үшінші айлық жүктіліктен бастап қолдануға болмайды, ұрықтың қалқанша безіне әсер ететін йод саны сіңірілуімүмкін.
Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезеңінде қолдануға болмайды (қажет жағдайларда жеке медициналық бақылаумен ғана жүргізіледі), йод төс сүтінде жиналады.
Жанама әсерлері
Жергілікті аллергиялық реакциялар, сонымен қатар қышыну, гиперемия.
Саудаға тіркелген атауы: Бетадин, Вокадин.
Хлоргексидин
(Chlorhexidine)
Шығарылу түрі.
Ерітінді 0,05%, 5%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Операциялық аймақ пен хирург қолын тазалау, циститтер, жаралы инфекция, гингивит, жынысты қатынас ауруларының алдын алу шараларында, хирургиялық аспаптарды уытсыздандыру.
Қуықтың инфекциясы кезінде хлоргексидинВ антисептикалық әсер етеді, бірақ Pseudomonas spp. қарағанда тиімсіз.
Тек жергілікті қолданылады.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, дерматиттер, аллергиялық реакциялар.
Сақтандыру
Йод препараттарымен бірге қолдану ұсынылмайды.
Әрекеттесуі:
Бір мезгілде хлоргексидинді катион тобынан тұратын препараттармен біріктіру (бензалкония хлорид, цетримония бромид). Хлоргексидин сабындармен, сілтілермен, детергенттермен, анион тобынан тұратын (сапониндер, натрия лаурилсульфат, натрия карбоксиметилцеллюлоза, коллоидтармен, гуммиарабикамен) фармацевтикалық сыймсыз. Хлоргексидин бейтарап ортада қолданылады; pH 5-8 кезінде белсенділігінің айырмашылығы шамалы; pH 8 жоғары болғанда тұнбаға түседі. Хлоргексидинді қатты суда қолданғанда бактерицидтік қасиеті төмендейді. Этанол хлоргексидиннің антисептикалық белсенділігін жоғарлатады.
Жүктілік:
Қалаусыз
Емшекпен емізу:
Қалаусыз
Жанама әсерлері
Терінің қышуы мен құрғауы, дерматиттер, 3-5 минут ішінде қолдың жабысқақтығы, тістің боялуы, тіс тасының жиналуы, дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде).
Саудаға тіркелген атауы: Хлоргексидина биглюконат, Гексикон.
Этанол
(Ethanol)
Шығарылу түрі.
Ерітінді 70% (денатурирленген)
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Тұндырманы дайындау, сыртқа қолданатын сығындылар мен дәрілік түрлерді дайындау — сүрту, компресстер.
Сыртқа — теріге мақта тампоны, сүрткіш көмегімен жағады.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық.
Сақтандыру
Компресс үшін (күйдіруден қашу үшін) этанолды сумен араластыру 1: 1 қатынасында.
Жүктілік:
Кері көрсетілген (ұрыққа тератогенді ықпал көрсетеді).
Емшекпен емізу:
Кері көрсетілген.
Жанама әсерлері
ОЖЖ тежейді (резорбтивті ықпал).
Саудаға тіркелген атауы: Спирт этиловый.
Бор ҚЫШҚЫЛЫ
(Acidum boricum)
Шығарылу түрі.
Спирттік ерітінді 3%, ұнтақ.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Конъюнктивит, ылғалданушы экзема, дерматит, пиодермия, қызару, жедел жне созылмалы отит, кольпит, педикулез.
Сыртқа. Офтальмологияда (көздң жуу) — 2% сулы ертінді; ылғалданушы экзема, дерматит — 3% ерітіндімен сүрту. Спирттік ерітіндісін 0,5%, 1%, 2% және 3% тамшы немесе турунд түрінде қолдану, ерітіндіде ылғалданылған, — жедел және созылмалы отит, пиодермия кезінде зақымданылған теріні тазалау үшін, экземе, қызару.
Бор қышқылының ұнтағын ортаңғы құлақтың операциясынан кейінгі инсуффляциясы үшін қолданады.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, бүйрек қызметінің бұзылыстары.
Сақтандыру
Қуыстарды жууға ұсынылмайды — олардың кілегей қабатынан сіңірілуі мүмкін (өлімге әкелген жағдайлар суреттелген).
Жүктілік:
Кері көрсетілген
Емшекпен емізу: Кері көрсетілген
Жанама әсерлері
Жедел және созылмалы интоксикация жүректің айнуы сияқты, құсу, диарея, тері бөртпелері, эпителидің десквамациясы, бас ауру, естің шатасуы, олигоурия және сирек жағдайларда шок жағдайлары.
Саудаға тіркелген атауы: Борная кислота.
