Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар

НЕГІЗГІ Висмут нитратЫ

(Bismuth subnitrate)

Шығарылу түрі.

Май 5%, 10%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тері мен кілегей қабатының қабыну аурулары (дерматиттер, жаралар, эрозия, экзема). Сыртқа, жұқа қабатпен зақымдалған теріге жағу.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бүйрек жетіспеушіліг.

Жанама әсерлері

Күйдіру, тітіркендіру, қышыну.

Саудаға тіркелген атауы: Висмута нитрат основной.

Танин

(Tannin)

Шығарылу түрі.

Ерітінді 1%, 2% май 10%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ауыздың, мұрынның, аңқаның, кеңірдектің қабыну үдерістері; күйіктер, жаралар, тілмелер, ойылулар; алкалоидтармен және ауыр металл тұздарымен улану. Сыртқа, шаю және жағу ретінде қолданады. Ауыздың, мұрынның, аңқаның, кеңірдектің қабыну үдерістері кезінде — шаю ретінді (1–2% сулы немесе глицеринді ерітінді). Күйіктер, жаралар, тілмелер және ойылу кездерінде 3–5–10% май және ерітінді ретінде қолданылады. Алкалоид тұздарымен және ауыр металл тұздарымен уланған кезде асқазанды жуу үшін 2л 0,5% сулы ерітіндісі қолданылады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру

Ішке танинді (диарейге қарсы зат ретінде) қолданбайды, себебі ол біріншіден асқазанның кілегей қабатындағы ақуыздармен байланысады және аз мөлшерде ішекке жетеді; үлкен мөлшерде ішке қолданған кезде тәбеттің жоғалуына әкеледі және асқорытудың бұзылыстарын туғызады. Тік ішектің жыртылуы кезінде тағайындамайды (клизма ретінде), себебі тромбаның түзілуі мүмкін. Алкалоидтармен жедел уланған кезде, кейбір алкалоидтармен (морфин, кокаин, атропин, никотин, физостигмин) танин тұрақсыз байланыс түзейді, сондықтан жуу кезінде оларды асқазаннан тез және таза алып шығу керек.

Жанама әсерлері

Тітіркену, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Танин.

13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар

Метилурацил

(Methyluracil)

Шығарылу түрі.

Май 10%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жаралар, күйіктер, трофикалық жаралар. Майды зақымдалған тері бетіне күнделікті 5-10 г-нан жағады.

Кері көрсеткіштері

Гемобластоздар, лейкоздың лейкемиялық түрі, миелолейкоз, лимфогранулематоз.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар

Саудаға тіркелген атауы: Метилурацил.

Резорцин

(Resorcin)

Шығарылу түрі.

Спирттік ерітінді 2%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тері аурулары (экзема, майұра, зеңді зақымданулар), қышыну. Сыртқа, спирттік ерітінді ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Тері мен кілегей қабаттың аумақты зақымдануы, тері бетінің зақымдануы.

Жанама әсерлері

Әлсіздік, бастың айналуы, коллапс, тыныстың бұзылуы.

Саудаға тіркелген атауы: Резорцин.

Салицил ҚЫШҚЫЛЫ

(Salicylic acid)

Шығарылу түрі.

Майь 2% 50 г; спирттік ерітінді 1%, 2%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Терінің қабыну, инфекциялық және басқа да зақымданулары кезінде монотерапия және біріктірілген препараттар құрамында қолданылады, сонымен қатар күйіктерде, теңге қотырда, экземада, дискератозда, ихтиозда, кәдімгі безеуде, сүйелде, мүйізгек, майлы майұра; шаштың түсуі; аяқтың тершеңдігі. Жергілікті, зақымданған теріге жағады (май — жұқа қабатпен) және таза сулы орамалмен жабады немесе маймен сңірілген таза дәкемен танады. Дәкені танар алдында жараны некрозды тіндерден тазартады, көпіршіктерді жарады, асептикалық ерітіндімен жуады. Дәкені 1 рет 2-3 күнде ауыстырады, толық ірінді-некрозды массадан тазаланғанша. Майдың бір дәкеге кеткен шығыны жараның көлеміне байланысты және орта есеппен 0,2 г-нан 1 см-ден 2 жаралы бетке жұмсалады. Емдеу курсының ұзақтығы орта есеппен 6-20 тәуліктен тұрады. Сыртқа, зақымдалған беткейді спирттік ерітіндімен 2-3 рет тәулігіне тазартады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Жанама әсерлері

Жергілікті тітіркендіру (қышыну, жағылған жерде күйдіру), аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Салициловая кислота, Салициловой кислоты раствор спиртовый.

МЫРЫШ ГиалуронатЫ

(Zinc hyaluronate)

Шығарылу түрі.

Ерітінді, гель.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Нашар жазылатын инфицирленген жаралар, трофикалық жаралар, ойықтар, жылан көздері. Гель: жеңіл және орта ауырлықтағы безеулер (сонымен қатар комедондар және папулопустулезді безеулер). Ерітінді жара бетіне тамшылатып жағылады, толығымен біркелкі ылғандандырылғанша. Көлеміне сәйкес алдын ала препарат ерітіндісімен суланған дәкемен жабу мүмкін. Дәкені күніне 1-2 рет ауыстыру. Гель: Сыртқа, жұқа қабатпен жабады 2 реттен күніне, зақымданған тері беткейін алдын ала тазартқаннан кейін (лосьонмен, 3% сутегінің асқын тотығы немесе 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, лактация кезеңі.

Сақтандыру

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезінде қолдануы туралы мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезінде қолдануы туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Емнің басында сирек жағдайларда жеңіл күйдірулер болуы мүмкін, кейін емнің барысында өздігінен қайтатын; терінің қызаруы, тарылу сезімі болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Куриозин.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]