Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар

Бетаметазон

(BETAMETHASONE)

Шығарылу түрі.

Май, крем 0,1%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аллергиялық дерматит: атопиялық дерматит, қатынасты дерматит, нейродермит, эксфолиативті дерматит, есекжем, герпитиформалы дерматит, майұра дерматиті, күн сәулелі, сәулелі дерматиттер; Гайданың түйінді қышымасы, экзема, теңге қотыр (аумақты түйіншік түрден басқа); терінің қышынуы (кандидоз кезіндегі аногенитальды қышынудан басқа); дискоидты қызыл жегі; жалпыланған эритродермия (біріктірілген терапияның құрамында). Жергілікті зақымдалған теріге 2-6 рет тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жалпыланған микоздар, гұшықты аурулар, мерездің терідегі көріністерінде, тері туберкулезі, бактериальды, зеңді, вирусты тері аурулары, көктамырлардың варикозды кеңеюімен байланысты тізенің трофикалық жаралары, безеулер, бір жасқа дейінгі балаларға – бөртпелер (тері қатпарларының баздануы кезіндегі).

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плацент арқылы өтеді, терапиялық құнарлықта теріс ықпалдары дәлелденбеген.

Емшекпен емізу: Кіші мөлшерлері қауіпсіз, үлкен мөлшерлері – баланың өз гормондарын тежеу тәуекелі.

Жанама әсерлері

Қышыну, гиперемия, күйдіру, құрғату, пигментацияның бұзылуы, дерматит (периоральды, аллергиялық), терінің малшылануы мен атрофиясы, стрии, тері бөтпелері, тері мен кілегей қабаттардың екіншілік инфекциялары.

Саудаға тіркелген атауы: Акридерм, Дипроспан, Целестодерм

Мометазон

(Mometasone)

Шығарылу түрі.

Май, крем 0,1 %

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Теңге қотыр, атопиялық дерматит және т.б. дерматоздар, сонымен қатар бастың шаш өсетін жерлеріндегі; аллергиялық ринит, маусымдық және созылмалы (емдеу және алдын алу шараларында). Май немесе кремді жұқалап зақымдалған жерге тәулігіне 1 реттен жағады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік және емшекпен емізу, жас балаларға (12 жасқа дейін).

Сақтандыру

Белсенді немесе жасырын жүретін туберкулезде, емделмеген зең, бактериальды немесе вирусты инфекцияларда, көздің Herpes simplex зақымдалуы кезінде сақтықпен тағайындайды. Мұрынның немесе тамақтың орналасқан инфекциясының дамуы кезіндегі жағдайларда, мометазонды біртіндеп доғарады. Балаларды емдеу қатаң көрсеткіштер бойынша жүргізіледі және дәрігердің бақылауымен, себебі жүйелік жанама әсерлер болуы мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Күйдіру, қышыну, шаншу және ашыту сезімдері, парестезия, фолликулит, безеу тәрізді бөртпелер, терінің атрофиясы, гипертрихоз, гипопигментация, периоральды дерматит, аллергиялық қатынасты дерматит, терінің былжырауы, екіншілік инфекция, стрии, терінің бөртпелері.

Саудаға тіркелген атауы: Элоком, Назонекс

ҚАРА МАЙ + дерматол + аэросил + ҮПІЛМӘЛІК МАЙЫ

Трибромфенолят висмутЫ+ҚАРА МАЙ

(UNGUENTUM WISHNEVSKY)

Шығарылу түрі.

Линимент 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жара, жарақаттарды, ойылу, күйіктерді емдеуде. Зақымдалған теріге жұқа етіп жағады.

Кері көрсеткіштері: Мәліметтер жоқ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]