- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
Бриллиант КӨГІ
(Viride nitens)
Шығарылу түрі.
Спирттік ерітінідісі 1%, 2% флаконда
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Жаңа операциядан кейінгі және жарақаттардан кейінгі тыртықтар, мейбомит, блефарит, пиодермия, сызаттар, тілімдер, терінің үстіңгі беткейінің зақымдалуы. Жергілікті, зақымдалған жерге жағады, сау тіндерді қоса.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық.
Жанама әсерлері
Көздің шырышты қабатына тигенде – күйдірі, жасаурау.
Саудаға тіркелген атауы: Бриллиантовый зеленый.
Калия перманганат
(Potassium permanganate)
Шығарылу түрі.
Сулы ерітінді 1:10 000
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Антисептикалық заттар ретінде — жараларды жуу, жаралы және күйік беткейлеріне жағу, ауызды және тамақты шаю, гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде жуу мен шаю. Алкалоидтармен, морфинмен, никотинмен, синильді қышқылдармен, хининмен, фосформен уланғанда (асқазанды жуу); теріге анилин түскен кезде; көздің улы жәндіктерімен зақымдануларында. Сыртқа (сулы ерітіндіде): жараларды жуу үшін — 0,1–0,5%, ауыз бен тамақты шаю үшін — 0,01–0,1%, жаралы және күйік беткейлеріне жағу үшін — 2–5%, жуу және шаю үшін — 0,02–0,1%.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық.
Сақтандыру
Ішке түскен кезде ауызда бірден ауырсыну пайда болады, өңеш бойынша, іште, құсу, диарея; ауыздың кілегей қабаты мен өңешінде — ісіну, қара-қоңыр түсті, күлгін түсті, кеңірдектің ісінуі мүмкін және механикалық асфиксия, күік шоктары, қозғалыс қозуы, тырысулар. Жиі ауыр пневмония, геморрагиялық колит, нефропатия, гепатопатия, паркинсонизм көріністері болуы мүмкін. Асқазанның қышқылды сөлінің төмендеуі кезінде, айқын цианозбен және ентігумен жүретін метгемоглобинемия дамуы мүмкін. Балалар үшін өлімге әкелетін мөлшер — шамамен 3 г, ересектер үшін — 0,3–0,5 г/кг. Уға қарсы дәрі ретінде Метилен көгін қолданады (50 мл 1% ерітінді), аскорбин қышқылы (к/т — 30 мл 5% ерітінді), витамин B12 — 1000 мкг-ға дейін, B6 (3 мл 5% ерітінді б/е).
Саудаға тіркелген атауы: Калия перманганат.
Метилен КӨГІ
(Methylenum coeruleum)
Шығарылу түрі.
Ерітінді 1%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Күйіктер, пиодермия, фолликулиттер; циститтер, уретриттер және т.б. несеп шығару жолдарының қабыну аурулары; цианидтермен, көмір тотығымен, күкірт сутегісімен, нитраттармен, анилинмен уланғанда; дәрілік метгемоглобинемия, гиперпаратиреоидизм (хирургиялық емдеу кезінде қосымша зат ретінде). К/т, сыртқа. Тері ауруларында — сыртқа 1% спирттік ерітінді. Цистит және уретрит кезінде — сулы ерітіндімен қуыстарды жуу 1:5000 (0,02%); цианидтермен, көміртегі тотығымен, күкірт сутегімен уланғанда — к/т, 50–100 мл 1% сулы ерітінді; метгемоглобин түзеуші улармен уланған кезде — к/т, кіші мөлшерлерде (0,1–0,15 мл 1% сулы ерітінді 1 кг дене салмағына).
Кері көрсеткіштері
Интраспинальды егулер кері көрсетілген. жүктілік, емшекпен емізу.
Сақтандыру
Бала табатын жастағы әйелдерге сақтықпен тағайындайды. Т/а енгуге болмайды. К/т өте баяу енгізу керек (бірнеше минуттық үзіліспен).
Жанама әсерлері
Жүректің айнуы, құсу, ауырсынулар (іште, прекардиальды, бастың ауруы), тәбеттің жоғалуы, психикалық дискомфорт.
Саудаға тіркелген атауы: Метиленовый синий.
Повидон – йод
(Povidone-iod)
Шығарылу түрі.
Ерітінді 1% флаконда; қынап балауыздары 200 мг.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Сыртқа қолданылатын ерітінділер: амбулаторлық және стационарлық қолдану — операция алдында терінің және шырышты қабаттың антисептикалық тазарту; егу алдында, қан алу кезінде, пункция, биопсия, трансфузия, инфузия және басқа да инвазивті емшараларда теріні тазарту; асептикалық және инфицирленген жараларды тазарту, хирургиялық науқастардағы дренаж, катетер, зонд кезіндегі асқынуларды емдеу және алдын алу шараларында; терінің, ауыздың және мұрын өңештің кілегей қабаттың бактериальды, зеңді және вирусты инфекцияларында; стоматологиялық емшаралар кезде науқастардың ауыз қуысын уытсыздандыру; операция алдында науқастарды толық немесе жартылай тазарту (сонымен қатар «уытсыздандырумен шомылдыру»); туу жолдарын уытсыздандыру, «кіші» гинекологиялық операциялар (жасанды жүктілікті үзу, жатыр ішіне шиыршықты енгізу, жаралар мен полиптерді коагуляция жасау), кіндікті тазарту және нәрестелердегі конъюнктивиттің алдын алу шаралары; жынысты қатынастағы серіктерді емдегенде еркектердің жынысты мүшесінің терісін тазарту. Тұрмыста қолдану — терінің жарақаттануы, тілінгенде, сызданғанда, тері қатпарларының баздануы, ірінді ауруларында, безеулер, бөртпелер, стоматит кезінде антисептикалық тазарту.
Инфицирленген тері мен шырышты қабатты тазарту үшін — 10% араластырылмаға ерітіндіні сыртқа қолдану үшін зақымдалған теріге жағады және 1-2 минутқа қалдырады, кейін тазал жуып тастайды. Жағу және ылғалды компресс үшін 10% араластырылмаған ерітінді ұсынылады. Операциялық беткейді антисептикалық тазарту — көпіретін 7,5% (араластырылмаған) ерітіндіні (1 мл 50–70 см2 беткейге) қырылған және суланған теріге жағады және 5 минуттай сүртеді, көпіріті таратады, кейін көпірікті алып тастайды, теріні араластырылмаған ерітіндімен сүртеді және толық кепкенге дейін қалдырады; 7,5% араластырылмаған ерітіндіні сұйық сабын ретінде қолдануға болады. Терімен ұзақтығы 5 минуттан аз қатынаста болғанда (көбінесе 2 реттен 2,5 мин) 3-ші әдісті қолданады — сыртқа қолдану үшін араластырылмаған 7,5% ерітіндіні қолданады (1 мл 50–70 см2 беткейге) 3–5 секундқа, кейін тазартылған сумен сүртеді және тазартуды қайта қайталайды. Науқасты гигиеналық тазарту үшін 10% сулы ерітіндіні қолданады (сыртқа қолдану үшін) 1:100 қатынасында араластырған. Хирургтың және медициналық қызметкерлердің қолын тазарту үшін — 5 мл араластырылмаған 10% сыртқа қолданылатын ерітіндіні алақанымен білегіне дейін 5 минут бойы сүртеді (көбіктенуі үшін кішкене су қосуға болады), кейін жақсылап сумен жуады, емшараны екі реттен қайталайды; 2-ші әдіс — теріні суландырады, сыртқа қолданатын 5 мл 7,5% ерітіндіні алақанымен жағады (немесе щеткамен) көпіргенше, сумен жуады және қайтадан қайталайды; 3-ші әдіс — 5 мл аралсатырылмаған 7,5% көпіретін ерітіндіні қолдың терісіне жағады 5 минут бойы, кейін қолды сумен жуады және емшараны қайталайды; 4-ші әдіс — 5 мл 7,5% ерітіндіні сұйық сабын ретінде қолдың терісіне біркелкі 1 минут бойы жағады, жақсылап жуады және жылы сумен шаяды. Терінің бактериальды және зеңді инфекциялармен зақымдалуында, жаралар мен күйіктерді тазарту кезінде — зақымдалған теріге 10% сулы ерітіндіні 1:10 араластырылған ерітіндісін немесе 10% араластырылмаған ерітіндісін (1–2 сек) жағады және жақсылап жуады. Ауызды және тамақты шаю үшін араластырылмаған немесе алдын ала араластырылған (1 ш.қасықты ½ стакан сумен араластырады) 1% ерітіндіні шаю үшін қолданады, емшараны тәулігіне бірнеше рет жүргізеді.
Қынап балауыздары: йодқа сезімтал микроорганизмдер туғызған, әйелдердің жынысты мүшелерінің инфекциялық-қабыну ауруларында (жедел және созылмалы вагинит, аралас инфекциялар, сонымен қатар Gardnerella vaginalis, зеңдер, трихомонадалар туғызған), хирургиялық араласулардың немесе қынаптың дигностикалық емшараларында инфицирленудің алдын алу шаралары үшін. Вагинит кезінде (жуынғаннан кейін) — 1 қынап балауызынан (200 мг) қынапқа тереңге салады тәулігіне 2 реттен 7–14 күндей. Созылмалы және баяу жүретін вагинит кезінде — 1 қынап балауызынан (200 мг) тәулігіне 1 реттен ұйықтар алдында 14 күндей.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, гипертиреоз, қалқанша безінің аденомасы, Дюринга герпетиформалы дерматит, бүйрек жетіспеушілігі, радиактивті йодпен емделудің алдыңғы кезеңінде, емшектегі жас бала (шала туылған, жаңа туылған және емшектегі бала).
Сақтандыру
Көзге түсуден қашу керек. Йодқа жоғары сезімталдық пайда болғанда (қышыну, гиперемия) препаратты қолдануды доғару керек. Қалқанша безінің гиперфункциясының симптомсыз жүруі кезіндегі жағдайларда, әсіресе егде жастағыларда, дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қолданылады. Нәрестелер мен повидан-йодты балауыз түрінде қолданған аналардағы емшекпен тамақтандырылатын балалардың қалқанша безінің қызметіне бақылау жүргізу қажет.
Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.
Жүктілік: 3 айлық жүктіліктен бастап қолдануға болмайды.
Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезеңінде қолдануға болмайды (қажет жағдайларда жеке медициналық бақылаумен ғана жүргізіледі).
Жанама әсерлері
Жергілікті аллергиялық реакциялар, сонымен қатар қышыну, гиперемия.
Саудаға тіркелген атауы: Бетадин, Вокадин, Повидон-йод.
