Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)

13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар

Клотримазол

(CLOTRIMAZOLE)

Шығарылу түрі.

Май, крем 1%; ерітінді 1% флаконда, қынап таблеткалары

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

ТерініңА және шырышты қабаттың зеңді зақымданулары: дерматомикоз, дерматофития, трихофития, эпидермофития, микроспория, кандидамикоз, стоматит (химиотерапия кезінде онколгиялық науқастарда ауыз қуысының кандидозы), саусақ арасының зеңді эрозиясыВ, зеңді паронихияА, микоздар, екіншілік пиодермия асқынулары; кандидозды вульвит, вульвовагинит (сонымен қатар – жүкті әйелдерде), баланитВ, трихомониаз, кбекті түрлі түсті теміреткіВ, эритразмаС, босанар алдында туу жолдарын санация жасау. Сыртқа: 2-3 рет күніне сүрту. Қынап ішіне 5 г-нан терең қынап ішіне күніне 1 рет 3 күндей. Кандидозды вульвит, баланит – тәулігіне 2-3 рет 1-2 апта бойы. Қынап таблеткасы – 500 мг-нан бір рет; 200 мг-нан 3 күндей, 100 мг-нан – 6-7 күндей. Уретрит- инстилляция 1% ерітіндімен 6 күндей.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Етеккір кезеңінде (қынап таблеткалары үшін). Жүктіліктің I үшайында.

Сақтандыру

Емшекпен емізу кезеңінде

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С (ішке қолдану), категориясы В (сыртқа қолдану).

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Сары судағы АСТ белсенділігінің жоғарлауы – 15%. Ішке қолданған кезде – ауызда жағымсыз сезімдер, жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, диарея. Жергілікті - қышыну, есекжем, күйдіру, ісіну, көпіршіктердің пайда болуы.

Саудаға тіркелген атауы: Амиклон, Кандибене, Клотримазол.

Миконазол

(MICONAZOLE)

Шығарылу түрі.

Крем 2%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Зеңдер туғызған препаратқа сезімтал дерматомикоздар (сонымен қатар екіншілік инфицирленгенде) – крем күніне 2 реттен жағылады, толық симптомдар жойылғанша және бірнеше күндей оның қайталануының алдын алу үшін.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Бауыр жене бүйрек жетіспеушіліг. Емшекпен емізу кезеңі. 12 жасқа дейінгі балаларға.

Сақтандыру

Қант диабеті. Микроциркуляцияның бұзылуы.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Тітіркену, гиперемия, қышыну, күйдіру, бөртпелер, кебектену.

Саудаға тіркелген атауы: Гинезол, Миконаз, Миконазол.

НАТРИЯ ТИОСУЛЬФАТ

(Sodium thiosulfate)

Шығарылу түрі.

Ерітінді 30%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қышыма. 60% ерітіндіні дене терісіне және аяқ қолға сүртеді және кепкеннен кейін 6% күкірт қышқылының ерітіндісімен сулайды.

Мышьякпен, қорғасынмен, снаппен, броммен, йодпен, цианидпен улану; есекжем, артрит, невралгия. Улану кезінде к/т 5–50 мл 30% ерітіндіні енгізеді (уланудың түріне және ауырлығына байланысты) немесе ішке 2–3 г-нан 10% ерітінді түрінде.

Кері көрсеткіштері

Анықталынбаған

Жанама әсерлері

Анықталынбаған

Саудаға тіркелген атауы: Натрия тиосульфат.

Тербинафин

(Therbinafine)

Шығарылу түрі.

Ерітінді 30%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Терінің, шаштың және тырнақтың зеңді зақымданулары, тері мен шырышты қабаттың кандидозы.

Ішке, тамақтан соң, күніне 1 реттен кешке 250 мг мөлшерден немесе 2 реттен күніне 125 мг-нан. Кремді зақымдалған теріге алдын ала тазартылған және кептірілген, сонымен қатар айналасындағы теріге таңертен және/немесе кешке жағады. Терінің зақымдалуы кезінде ортаңғы курс ұзақтығы — 1–2 апта, тырнақ пластинкасы — 3–6 ай. Балаларға мөлшерді дене салмағына қарай есептейді.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, айқын бауыр-жасушалы және бүйрек жетіспеушіліг, қан аурулары, ісіктер, зат алмасу аурулары, аяқ қолдың тамыр патологиясы, жүктілік, емшекпен емізу (емделу кезінде доғарады), жас балаларға (2 жасқа дейін).

Сақтандыру

Түрлі түсті теміретке кезінде тек жергілікті қолдану тиімді, онихомикоз кезінде жүйелік тағайындауда көп тырнақтың зақымдануында ғана тиімділігі анықталған, айқын тырнақ асты гиперкератозда, жергілікті терапия тиімсіз. Емдеу үдерісінде (2 аптадан кейін және соңында) аяқ киімдерді және шұлықтарды зеңдерге қарсы тазартулар жүргізу керек. Айқын бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары мөлшерді төмендетуге нұсқайды. Кремнің көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабатына түсуінен қашу керек. Онихомикозды емдеу кезінде аяқ қолдың тырнақ пластинкасын 6 апта бойы алып тастауды қажет етпейді.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Эпигастри аумағының ауруы мен ауырлықты сезіну, дәмнің бұзылуы, тәбеттің төмендеуі, жүректің айнуы, диарея, холестаз, нейтропения, тромбоцитопения, терінің аллергиялық реакциялары; күйдіру сезімі, терінің қызаруы және крем жаққан жердегі қышынулар.

Саудаға тіркелген атауы: Бинафин, Ламизил.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]