Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

12.7. Антихолестеринемиялық препараттар

Антихолестеринемиялық терапияның негізгі мақсаты атеросклероздың дамуын доғару және белгіленген кардиоваскулярлы аурулармен ауыратын науқастардың өмірін ұзарту, жоғары тәуекелді атеросклерозбен ауыратын науқастардың жүрек-қан тамыр ауруларынан өліп кетуінің және гипертриглицеридемия салдарынан болатын панкреатиттің алдын алу. Жоғары тәуекелді атеросклероз тобындағы науқастарға атеросклероздық көрінісі бар және 40 жастан кейінгі қан диабетімен ауыратын науқастар жатады. Дәрілік терапияны бастамастан бұрын емдәмді түзету, қан қысымын төмендету, темекі тартуды тастау керек. ӘДҰ Комитет эксперттерінің негізгі дәрілердің бағалығын талдауы мен қолдануы гиперлипидемиямен ауыратын науқастардағы липид деңгейін төмендетуі бойынша көрсетеді. Бета-гидрокси-бета-метилглутарил-коэнзим А редуктазаның баяулатқышы, «статиндер» деп аталатын, науқастар жақсы көтере алатын, тиімді липидтер деңгейін төмендететін дәрілерге жатады. Төмен тығыздықты липопротеин құнарлығының және холестериннің төмендеуі, сонымен қатар жоғары тығыздықты липопротеиндердің жоғарлауы атеросклероздың үдеуін баяулатады және үдерістің қайтуын туғызуы мүмкін. Статиндер летальды және летальды емес миокард инфарктының, инсульттың және өлім (барлық себептерден) жиілігін, сондай-ақ аортакоронарлы шунтты жүргізу қажеттілігін төмендетеді. Жалпы холестерин деңгейі 4 ммоль/л (немесе 25 % төмендеуі), төмен тығыздықты липопротеин – 2 ммоль/л (30 % төмендеуі) төмен болуы. Статиндер дислепидемия дәрежесіне тәуелсіз жүрек-қан тамыр ауруларының тәуекелін тиімді төмендетеді. Барлық дәрілер айтарлықтай қымбат болып келеді, бірақ екінші реттік жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу шараларында, сонымен қатар науқастардағы тәуекелдің жоғары кезіндегі бірінші реттік алдын алу шараларында тиімді болып келеді. Аталған дәрілердің біреуі де ең тиімді болып келмейді немесе шамалы арзан емес, басқа топтағы дәрілерге қарағанда, бұлардың біреуі де ӘДҰ Модельді тізіміне кірмейді.

Кесте. Гиперлипидемияның жіктелуі (ӘДҰ)

Фенотип

ОХС

ХС-ЛПТТ

ТГ

Липопро­теиндердің бұзылыстары

Атеросклероз дамуының тәуекелі

I

Жоғары

Төмен немесе қалыпта

Жоғары

Хиломикрондар мол

Жоғары емес

IIA

Жоғары немесе қалыпта

Жоғары

Қалыпта

Мол ЛПТТ

Тез жоғары, әсіресе коронарлы артеряларда

IIB

Жоғары

Жоғары

Жоғары

Мол ЛПТТ және ЛПӨТТ

сондай

III

Жоғары

Төмен немесе қалыпта

Жоғары

Хиломикрондардың молшылдығы және аралық тығыздықты ЛП

Шамалы жоғары, әсіресе коронарлы және шеткі артерияларда

IV

Жоғары немесе қалыпта

Қалыпты

Жоғары

Мол ЛПӨТТ

Жоғары коронарлы атеро­склероз үшін

V

Жоғары

Қалыпты

Жоғары

Мол хиломикрондар және ЛПӨТТ

белгісіз

Көбінесе кеңінен таралған және жүрек қан-тамырлар асқынуларының дамуындағы ІІА, ІІБ және IV типті дислипидемияға қарағанда қауіпті. Егер липидограмма анализін толық жүргізу мүмкін болмаса, бұл типті дислипидемияны тек ХС мен ТГ анықтау арқылы белгілеуге болады. Дислипидемия типін осы көрсеткіштер бойынша анықтау мәліметтері 2 кестеде ұсынылған.

2 Кесте. Липидтік алмасу бұзылыстарының негізгі типтерінің диагностикалық өлшемдері

Дислипидемия типтері

ХС, ммоль/л

ТГ, ммоль/л

IIA

> 5,2

< 2,0

IIБ

> 5,2

> 2,0

IV

< 5,2

> 2,0

АТОРВАСТАТИН

ATORVASTATIN

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, аторовастатин 10 мг, 20 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бірінші реттік гиперхолестеринемия (гетерозиготтық отбасылық және отбасылық емес гиперхолестеринемия, Фредериксон бойынша — ІІа типі), біріккен (аралас) гиперлипидемия (Фредериксон бойынша — IIb және III типтер), дисбеталипопротеинемия (Фредериксон бойынша — III тип – диетаға қосымша ретінде), жанұялық эндогенді гипертриглицеридемия (Фредериксон бойынша — IV тип). Ішке, күннің кез келген уақытында қабылдау, тамақ қабылдауға байланыссыз. Алғашқы мөлшер 10 мг-нан тәулігіне 1 рет. Мөлшерін 4 аптаталық аралықпен өзгерту. Ең жоғары тәуліктік мөлшер  80 мг 1 рет қабылдауға. Әсері 2 аптаның ішінде пайда болады, ең жоғарғы әсері 4 аптаның ішінде байқалады. Балаларға 10-17 жастағы кәдімгі мөлшері 10 мг күніне, ең жоғарғы 20 мг/тәу.

Гомозиготты тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия – гиполипидемиялық терапияға қосымша ретінде, ішке, ересектерге 80 мг 1 рет тәулігіне. Балаларға 10-17 жастағы – 20 мг/тәу.

Миокардтың инфаркттын, инсульттың және өтпелі бас миының қан айналым бұзылыстарының алдын алу шаралары үшін (атеросклероздың үдеуін баяулату үшін) қант диабетінің ІІ типі кезінде және тағы да бір қосымша жүрек-қан тамырлар ауруларының факторы 10 мг-нан күніне бір реттен.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, созылмалы белсенді гепатит, бауырдың кез келген этиологиялық циррозы, белгізісіз себептегі трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы (3 есе жоғары болғанда), жүктілік, емшекпен емізу кезінде, порфирия; репродуктивті жастағы әйелдер, адекватты ұрықтануға қарсы шараларды қолданбағанда.

Сақтандыру.

Емнің басында науқасқа дәстүрлі гипохолестеринемиялық диета тағайындау керек, ол оны емнің барысында сақтауы керек.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

маскүнемдік, анамнезінде бауыр аурулары, статиндерді қолданар алдында гипотиреоз компенсирленуі керек. Қанда трансаминаза деңгейі жоғарлаған кезде статиндерді қабылдауды доғару керек. Статиндерді кез келген миопатия және рабдомиолаза тәуекел факторлары кезінде сақтықпен қолданылуы керек. Егер креатинин киназа деңгейі 5 есе қалыпты деңгейден жоғарласа немесе миопатия күдігі болса, статиндердің қолданылуы доғарылу керек.

Белгісіз бұлшық ет ауырсынулары немесе бұлшық ет әлсіздігі пайда болған жағдайларда, тез арада дәрігерге хабарлау керектігін науқасқа түсіндіру керек.

Әрекеттесуі: Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория - Х.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Миалгия (5,6%-ға дейін), миозит (21%), артралгия (5,1%-ға дейін), қаңқа бұлшық еттерінің жедел некрозы — рабдомиолиз (дене қызуы жоғарлайды, бұлшық еттердің ауырсынуы, айтусыз шаршау немесе әлсіздік) — бүйрек жетіспеушілігіне, іштің қатуына әкелуі мүмкін (0-2,5%), диарея (0-3,8%), метеоризм, жүректің қыжылдауы, асқазан тұсының ауруы, жүректің айнуы, сары су трансаминаза деңгейінің жоғарлауы (0,7%), бастың айналуы, бастың ауруы (2,5-16,7%), әлсіздік, белсіздік, ұйқының бұзылуы, тері бөртпелері. Рабдомиолиз өте сирек кездеседі, бірақ оның жиілігі бүйрек жетіспеушілігі және гипотиреоз кезде жоғарлауы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Липримар.

СИМВАСТАТИН

SIMVASTATIN

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, 10 мг, 20 мг, 40 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бірінші реттік гиперхолестеринемия (гетерозиготтық отбасылық және отбасылық емес гиперхолестеринемия, Фредериксон бойынша — ІІа типі), біріккен (аралас) гиперлипидемия (Фредериксон бойынша — IIb және III типтер), дисбеталипопротеинемия (Фредериксон бойынша — III тип – диетаға қосымша ретінде), жанұялық эндогенді гипертриглицеридемия (Фредериксон бойынша — IV тип). Ішке, күннің кез келген уақытында қабылдау, тамақ қабылдауға байланыссыз. Алғашқы мөлшер 10 мг-нан тәулігіне 1 рет. Мөлшерін 4 аптаталық аралықпен өзгерту. Ең жоғары тәуліктік мөлшер  40 мг 1 рет қабылдауға.

Гомозиготты тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия – гиполипидемиялық терапияға қосымша ретінде, ішке, ересектерге 40 мг 1 рет тәулігіне (түнде жатар кезде) немесе 80 мг/тәу. жеке үш рет қабылдауға (ең үлкен мөлшерін – түнгі мезгілде).

Миокардтың инфаркттын, инсульттың және өтпелі бас миының қан айналым бұзылыстарының алдын алу шаралары үшін. Жеңіл және шамалы гиперхолестеринемия кезінде бастапқы мөлшер 5 мг, айқын кезде - 10 мг/тәу. Мөлшерін 4 аптадан кейін жоғарлату керек, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер 40 мг (кейбір жағдайларда – 80 мг). ИЖА кезінде алғашқы мөлшері 20 мг (бір рет қабылдау. Кешке), қажет жағдайларда әр 4 апта сайын мөлшерін 40 мг-ға дейін жоғарлатуға болады. ЛПТТ 75 мг/б-ке (1,94 ммоль/л), жалпы холестерин – 140 мг/б-ке (3,6 ммоль/л) дейін төмендегенде мөлшерін төмендетеді. СБЖ ауыратын (КК 30 мл/мин төмен кезде) немесе циклоспорин, фибраттар, никотинамид қабылдайтын науқастарда, бастапқы тәуліктік мөлшер 10мг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, созылмалы белсенді гепатит, бауырдың кез келген этиологиялық циррозы, белгізісіз себептегі трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы (3 есе жоғары болғанда), жүктілік, емшекпен емізу кезінде, порфирия; репродуктивті жастағы әйелдер, адекватты ұрықтануға қарсы шараларды қолданбағанда.

Сақтандыру.

Емнің басында науқасқа дәстүрлі гипохолестеринемиялық диета тағайындау керек, ол оны емнің барысында сақтауы керек.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

маскүнемдік, анамнезінде бауыр аурулары, статиндерді қолданар алдында гипотиреоз компенсирленуі керек. Қанда трансаминаза деңгейі жоғарлаған кезде статиндерді қабылдауды доғару керек. Статиндерді кез келген миопатия және рабдомиолаза тәуекел факторлары кезінде сақтықпен қолданылуы керек. Егер креатинин киназа деңгейі 5 есе қалыпты деңгейден жоғарласа немесе миопатия күдігі болса, статиндердің қолданылуы доғарылу керек.

Белгісіз бұлшық ет ауырсынулары немесе бұлшық ет әлсіздігі пайда болған жағдайларда, тез арада дәрігерге хабарлау керектігін науқасқа түсіндіру керек.

Әрекеттесуі: Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория - Х.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Миалгия, миозит, әлсіздік (1,6%), қаңқа бұлшық еттерінің жедел некрозы — рабдомиолиз (дене қызуы жоғарлайды, бұлшық еттердің ауырсынуы, айтусыз шаршау немесе әлсіздік), іштің қатуы (2,3%), диарея (1,9%), метеоризм (1,9%), жүректің қыжылдауы, асқаза тұсының ауруы (3,5%), жүректің айнуы, сары су трансаминаза деңгейінің жоғарлауы, бастың айналуы, бастың ауруы (3,5%), әлсіздік, импотенция, ұйқының бұзылуы, тері бөртпелері, аллопеция, қаныаздық, панкреатит.

Саудаға тіркелген атауы: Зокор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]