Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар

Алпростадил

(Alprostadil)

Шығарылу түрі.

Инфузиялық ерітінділерді дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ 20 мкг; инфузия үшін ерітіндіні дайындауға арналған құнарлық 0,1 мг/0,2 мл (күйзелістік ишемиялық жағдайлар кезінде)

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы артерияның бітелу ауруларының III және IV сатысында (Фонтейннің жіктемесі бойынша). Нейрогенді эрекцияның бұзылуы, тамырлы, психогенді немесе аралас этиологиялық; эрекцияның бұзылуы кезіндегі дифдиагноз. Нәрестелердегі туа пайда болған ductus-тәуелді жүрек ақауларындағы түзетуші операцияларға дейінгі уақытша артериальды түтіктің қызметін ұстап тұру қажеттілігінде (сонымен қатар митральды атрезия кезінде, өкпе артериясының атрезиясында, үш жармалы қақпақшаның, тетраде Фалло). Артерияның созылмалы бітелу аурулары кезінде, артерия ішіне енгізеді (инфузияға арналған құралдың көмегімен) 10-20 мкг мөлшерде 1-2 сағат ішінде күніне 1 реттен; көктамырға - 40 мкг-нан 2 сағат бойы тәулігіне 2 реттен (ампула ішіндегісін алдын ала 50 мл физиологиялық ерітіндіге еріту арқылы). Бүйрек қызметі бұзылған кезде (сары судағы креатинин құнарлығы 1,5 мг/дл жоғары кезде) к/т 20мкг-нан бастап енгізеді. Қажет кезде және жақсы көтере алғанда 2-3 күнен кейін енгізу мөлшерін 40-60 мкг-ға жоғарлатуға болады. Бүйрек және созылмалы жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда сұйықтық көлемі 50-100 мл/күніне аспауы керек. Емдеу курсы – 4 апта. Интракавернозды енгізу кезінде бастапқы бір реттік мөлшерді 1.25-2.25 мкг құрайды аптасына 2-3 рет енгізудің арасы 24 сағаттан кем болмауы керек. Тиімдірек мөлшер деп, енгізгеннен кейін 5-10 минуттан соң ұзақтығы 1 сағаттық адекватты эрекция болған кезді айтады. Орта тиімді мөлшер - 10-20 мкг, ең жоғарғы - 40 мкг. Нәрестелердегі туа пайда болған ductus-тәуелді жүрек ақауларында, үздіксіз кіндікті артериальды катетер арқылы енгізуді немесе бір ірі көктамырдың бастапқы жылдамдығы 0,05-01 (0,4) мкг/кг/мин енгізеді. Терапиялық ықпалға қол жеткізгеннен кейін инфузия жылдамдығын ең кіші ұстап тұрушы мөлшерге төмендетеді.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация, жүрек жетіспеушілігі, жүректің ырғақ бұзылысы, өкпенің ісінуі, өкпедегі инфильтративті өзгерістері, бронхообструктивті синдром, соңғы 6 айда миокардтың инфарктымен ауыру кезінде, бауыр қызметінің бұзылуы (сонымен қатар анамнезенде), анамнезенде АІЖ жедел жаралары, 18 жасқа дейін және 75 жастан үлкендерге. Интракавернозды енгізу үшін – орақ жасушалы қаназдық, миеломды ауру, лейкоз, жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (ангуляция, кавернозды фиброз, Перони ауруы).

Сақтандыру.

Орталық гемодинамика жағдайын бақылау қажет, қанның биохимиялық көрсеткіштері, қанның ұю жүйесі. Нәрестелерде үнемі АҚ бақылау, ЖӨВ жүргізу жағдайлары.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Инфузия үшін ерітіндіні дайындауға арналған құнарлық/лиофилизат: жедел баяу жүретін миокардтың инфаркты, сонымен қатар соңғы 6 айда болған; ауыр немесе тұрақсыз стенокардия түрі, декомпенсирленген СБЖ, артериальды гипотензия, жүрек қан-тамырлар жетіспеушілігі (ерітінді-тасымалдау көлемінің күш салуын бақылауға үлкен мән беру), ісіну немесе инфильтративті өкпенің өзгерістері, бронхообструктивті синдром ауыр дәрежелі тыныс алу жетіспеушіліктерімен жүретін, бауыр жетіспеушілігі (сонымен қатар анамнезенде), жоғары қан кетулердің даму тәуекелімен сипатталынатын жағдайлар (асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, бас ми тамырларының ауыр зақымданулары, қан кетуге бейім болатын пролиферативті ретинопатия, үлкен жарақаттар және т.б.), гемодиализ (емді постдиализді кезеңде жүргізу керек), қант диабетінің 1типі, әсіресе тамырлардың аумақты зақымданулары кезінде (егде жастағы науқастар), қосымша тамырларды кеңейтетін ДЗ терапияда немесе антикоагулянттармен. Неонаталогияда: брадипноэ, артериальды гипотензия, тахикардия немесе гипертермия. Каверноза ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизат: тромбоцитопения, полицитемия, венозды тромбоз (сонымен қатар бейім болу), қанның жоғары қоюлығы, баланит, уретрит.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері Инфузионды енгізу кезінде

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: бастың ауруы, бастың айналуы, парестезия, тырысу синдромы, жоғары қалжырау, дімкәстік сезімі, тері мен шырышты қабаттың сезімталдығының бұзылыстары; сирек — естің шатасуы, психоз. Жүрек қан-тамырлар жүйесі мен қан жағынан (қанның түзілуі, гемостаз): АҚ төмендеуі, тахикардия, кардиалгия, жүрек ырғағының бұзылыстары, AV тежелуі, тері бетінің қызаруы; сирек — жүрек жетіспеушілігінің дамуы немесе тереңдеуі, лейкопения немесе лейкоцитоз. Респираторлы жүйе жағынан: ентігу; сирек — респираторлы дистресс-синдромы, жедел өкпе ісінуі.

АІЖ мүшелері жағынан: эпигастральды аймақта ыңғайсыздықтардың болуы, жүректің айнуы, құсу, диарея, бауыр трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы; сирек — гипербилирубинемия. Несеп жыныс жүйесінің мүшелері жағынан: сирек — бүйрек жетіспеушіліг, гематурия.

Қимыл-тірек аппараты жағынан: артралгия; ұзақ үзіліссіз қолданған кезде (4 аптадан артық) — түтік сүйектерінің қайтымды гиперостозы.

Аллергиялық реакциялар: тері бөртпелері, есекжем, қышыну.

Басқа да: жоғары тершеңдік, гипертермия, дірілдеу, аяқ-қолдың ісінуі, инфузия жасалған көктамырда; сирек — С-реактивті ақуыз титрінің жоғарлауы; енгізілген жердегі реакция — ауырсыну, ісіну, эритема, сезімталдықтың бұзылуы, к/т енгізілген проксимальды жердегі флебит (40% науқастарда).

Өте сирек (1% жағдайларда): шок, жедел жүрек жетіспеушілігі, гипербилирубинемия, қан кетулер, ұйқышылдық, брадипноэ, тыныс қызметінің төмендеуі, тахипноэ, анурия, бүйрек қызметінің бұзылыстары, гипогликемия, жүрек қарыншаларының фибрилляциясы, AV тежелудің II дәрежесі, қарынша үстінің аритмиясы, мойын бұлшық еттеріне күш түсуі, жоғары тітіркенушілік, гипотермия, гиперкапния, тері бетінің гиперемиясы, гематурия, перитонеальды симптомдар, тахифилаксия, гиперкалиемия, тромбоцитопения, қаназдық.

Нәрестелерде: апноэ (жиі 10–12%), дене температурасының жоғарлауы (14%), тері бетінің гиперемиясы (шамамен 10%, әсіресе к/т енгізу кезінде), брадикадия (7%),  АҚ төмендеуі (4%), тырысулар (4%), тахикардия (3%); шамамен 2% — диарея, сепсис; шамамен 1% — жүректің тоқтауы, ісінулер, ҰТБ-синдромы, гипокалиемия; ≤1% — бас миына қанның құйылуы, мойынның шамадан тыс шалқаюы, гипотермия, жүйелік қозуы, енжарлық, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, AV тежелуінің II дәрежесі, суправентрикулярлы тахикардия, қарынша фибрилляциясы, брадипноэ, стридор, гиперкапния, тыныстың тежелуі, тахипноэ, асқазан құрамының регургитациясы, гипербилирубинемия, қаназдық, қан кетулер, тромбоцитопения, анурия, гематурия, перитонеальды симптомдар, гипогликемия, гиперкалиемия; ұзақ емдеу курсы кезінде (бірнеше апта бойы) аяқ сүйектеріндегі гиперостозы байқалған.

Интракавернозды енгізу кезінде

Жергілікті реакциялар: жыныс мүшесінің ауруы (37%), шамадан тыс ұзақ эрекция (4–6 сағатқа дейін — 4%), гематома (3%) және экхимоз (2%) енгізілген жерде (дұрыс енгізілмеу техникасымен байланысты), фиброзды түйіндер пайда болуы және Пейрони ауруы (3–8%), жыныс мүшесінің ісінуі (1%), жыныс мүшесіндегі бөртпелер (1%); 1% төмен — приапизм (0,4%), баланит, енгізген жердегі геморрагия; қабыну, қышыну және енгізілген жердегі ісінулер, несеп шығару жолдарынан қан кетулер, пенильді бұзылыстар, сонымен қатар жыныс мүшесінде ыстықты сезіну, ұйып қалу, зеңді инфекциялар, тітіркенулер, жоғары сезімталдық, фимоз, бөртпелер, эритема, венозды лақтыру, ауырсынумен жүретін эрекция, эякуляцияның бұзылуы.

Жүйелік ықпалдары (сирек): ұманың және тестикуланың ауруы мен ісінуі, несеп бөлудің жиіленуі, несептің ұсталмауы, АҚ тербелуі (жоғарлауы немесе төмендеуі), тахикардия, суправентрикулярлы экстрасистолия, шеткі қан айналымының бұзылыстары, қалжырау, бастың ауруы, гипестезия, аяқтың ісінуі, гипергидроз, жүректің айнуы, ауыздың құрғауы, сары су креатининнің деңгейінің жоғарлауы, балтыр бұлшық етінің тырысулары, бөкседегі әлсіздік, орналасқан ауырсынулар (көкіректе, бөкседе, жамбаста, аяқта, жыныс мүшесінде, іште), мидриаз, тұмау тәрізді синдром.

Саудаға тіркелген атауы: Вазапростан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]