Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар

Тромбаға қарсы дәрілік заттарға антикоагулянттар мен антиагреганттар жатады, препараттар тамыр қуысында тромба түзілуінің алдын алады немесе болған тромбаның өсуін тежейді, сонымен қатар тромболитиктер (фибринолитиктер), бұл препараттар тромбаның ыдырауын қамтамас етеді.

Миокардтың инфаркты

Миокардтың инфаркты кезіндегі фармакотерапия екі кезеңнен тұрады:

Жедел жағдайдың фармакотерапиясы,

Келесі фармакотерапия инфарктан кейінгі жағдай, оған қайта болатын инфаркттың алдын алу шаралары да кіреді

Жедел жағдайдың фармакотерапиясы.

Оттегіні (1.1.3 секция) тек созылмалы кедергі жасайтын өкпе ауруларымен ауыратын науқастардан басқа, барлық науқастарға беру керек.

Ауру мен мазасыздануды басу үшін, көк тамырға баяу ауру сезімін басатын морфин сияқты дәрілер беріледі (2.2 секция). Метоклопрамидті (... секция) морфин туғызатын жүректің айнуын және құсудың алдын алу мақсатымен бұлшық етке тағайындайды.

Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) 150-300 мг ішке (таблетка түрінде шайнау үшін немесе суда еріген дәрі ретінде) жедел түрде беріледі тез арада антиагрегациялық ықпалға қол жеткізу үшін.

Тромболитикалық препарат стрептокиназа немесе алтеплаза сияқты қан айналымын қалпына келтіретін және сонымен қатар миокардтың ишемиясын төмендетуге; инфаркттан кейін 1 сағат ішінде қолдану тиімді (12 сағаттан кейін қолдану мәселелі болады және мамандардың кеңесі қажет). Енгізгеннен кейін стрептокиназаға антиденелер 4 күн ішінде пайда болады және одан кейін тағайындау мәнсіз.

Гепарин алтеплазаға немесе стрептокиназаға қосымша терапия ретінде қолданылады, ре-тромбозды болдырмау үшін; гепариннің енгізілуі кем дегенде 24 сағатқа созылуы тиіс.

Нитраттар (12.1 секция) ишемиялық ауруды басу үшін тағайындалынады. Тілдің астына тағайындалған глицерил тринитрат (нитроглицерин) тиімсіз, көк тамырға нитроглицерин немесе изосорбид динитратты тағайындау мүмкін.

Бета-адернотежегіштерді (12.1 секция) ерте тағайындау тәжірибесі көрсеткендей, ерте өлімді және миокард инфарктының қайталану мүмкіндіктерін төмендетеді; алғашқыда көк тамырға енгізген дұрыс (Мысалы, метопролол к/т болюсты 5 мг, қайта енгізуді әр 5 минут сайын қайталау, қосынды мөлшері 15 мг жеткізу), кейінгі ұзақ ішке қолдану кері көрсеткіштер болмағанда.

ААФ баяулатқыштары (12.4 секция) ол да 24 сағат ішінде тағайындалуы мүмкін (егер науқасқа кері көрсеткіштер болмаса) және дәріні қабылдау 5-6 аптаға дейін созылуы керек.

Аритмия пайда болған жағдайда, олардың терапиясы шұғыл болуы керек, инфаркттан кейінгі аритмияның пайда болу мүмкіндіктері алғашқы 24 сағат ішінде тез төмендейді. Қарыншаның фибрилляциясы тез арада дефибрилляторлармен шеттелуі тиіс. Дефибрилляторлардың тиімсіздігі кезде аритмияға қарсы дәрілер қосылуы керек – лидокаинді енгізу (.... секция)

Барлық науқастардың қанындағы глюкоза деңгейін гипергликемияға мониторинг жасау қажет; диабетпен ауыратын науқастар және қанында глюкоза деңгейі жоғары науқастар инсулин қабылдауы тиіс.

Келесі фармакотерапия

Ұзақ фармакотерапия бағдарламасы іс жүзінде науқастың ауруханада жатқан кезеңінен басталуы тиіс.

Аспирин барлық науқастарға берілуі тиіс, егер кері көрсеткіші болмаса мөлшері 75 мг-нан күніне. Варфарин (аспиринмен немесе онсыз) тиімділігі үлкен болуы мүмкін жалғыз аспиринге қарағанда, бірақ қан кету тәуекелі жоғарлайды. Клопидогрель инфарктан кейінгі кезеңде аспиринмен бірге қолдану мүмкін.

Бета-тежегіштер (...секция) барлық науқастарға кері көрсеткіштері болмаса ең кем дегенде 2-3 жыл кезеңіне тағайындау керек. Метопролол ең жақын дәріге жатады, сол қарынша жетіспеушілігі кезінде ең тиімділерге жататын карведилол немесе бисопролол немесе ұзақ әсер ететін метопрололды тағайындау сұрағы туындайды.

Верапамил (...секция) тиімді болуы мүмкін, егер бета-тежегіштер қолданылуы мүмкін болмаған жағдайда; бірақ, кері көрсеткіштерге сол қарынша қызметінің бұзылулары жатады. Миокардтың инфарктынан кейін басқа кальций түтікшелерінің тежегіштерін тағайындау ұзақ фармакотерапия кезінде маңызды болмайды.

ААФ баяулатқыштары (...секция) барлық науқастарға тағайындалынады, әсіресе сол қарыншаның дисфункциясы кезінде. Егер ААФ баяулатқышы ТУЗА қолдану мүмкіндіктері болмаса, жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға балама ретінде ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қарастыру мүмкін. ААФ баяулатқыштарының немесе ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерінің үлкен мөлшерлері әсер беруі мүмкін.

Нитраттар (12.1секциясы) стенокардиямен ауыратын науқастарға қажет болуы мүмкін.

Статиндердің (12.6 секциясы) қолданылуы инфаркттың қайталану мүмкіндіктерінің жоғары тәуекелі кезінде қарастырылуы мүмкін.

Инсульт

Ишемиялық және гемморагиялық инсульт фармакотерапиясы ның айырмашылығы бар, сол себепті дәл диагноз қажет.

Екі типті инсульттың алғашқы алдын алу шараларына жоғары АҚ төмендету, темекіден бас тарту, дене салмағын төмендету, қанда холестерин деңгейін төмендету жатады. Ишемиялық инсульт кезінде ацетилсалицил қышқылын (аспирин) тәулігіне 150-300 мг-нан 48 сағат бойы инсульттың бас кезеңінен бастап және жеке жағдайларда гепарин сияқты антикоагулянттарды қолданады. Ацетилсалицил қышқылының 75-150 мг-мен жүргізілетін ұзақ терапиясы инсульттың қайталану тәуекелін төмендетеді. Тек мамандандырылған ауруханалар жағдайларында, тәжірибелі мамандар мен талаптарға сай құрал жабдықтармен қамтамас етілгенде тромболитиктерді қолдану мүмкін (алтеплазалар). Тромболитикалық терапияны тек алғашқы 3 сағат ішінде жүргізу мүмкін, инсульттің дамуының басталуынан кейін. Тромболизисті жүргізудегі негізгі кері көрсеткіштеріне: ішкі миға қан құйылу белгілері мен КТ кезінде орта мидың артериясының бассейнде гиподенсивті ошақ көлемі 1/3 –тен үлкен болғанда; кіші неврологиялық жетіспеушілік немесе тромболизистің алдындағы шамалы клиникалық жақсару, ауыр инсульт; систолиялық артериалды қысым деңгейі 185 мм сын.бағ. жоғары және/немесе диастолиялық 105 мм сын.бағ. жоғары және басқалары. Гепарин атеротромботикалық инсульттың прогредиентті барысы кезінде, кардиоэмболиялық инсультте, экстракраниальды артерияның диссекциясының симптомында, венозды синустың тромбозында және протеинов С және S протеин жетіспеушілігі кезінде қолданылады.

Антиагреганттар геморрагиялық инсультте қолданылмайды, себебі олар қан кетуді күшейтуі мүмкін. Бұндай жағдайлардағы инсультте фармакотерапия өте жоғары қан қысымын байқап төмендетуі қажет және мақсатты оперативті ем сұрақтарын қарастыру керек.

Ацетилсалицил қышқылын аортокоронарлы шунт операциясын жүргізгеннен кейін ең аз дегенде бір жыл бойы қабылдауы тиіс. Ол сонымен қатар, варфаринмен емделгеніне қарамастан, ми тамырларының эмболиясы бар, жасанды жүрек қалпақшасы орнатылған науқастарға да тағайындалынады.

Ацетилсалицил ҚЫШҚЫЛЫ

ACETYLSALICYLIC ACID

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, ацетилсалицил қышқылы 100 мг [ӘДҰ ұсынылған], 250, 300, 325, 500 мг. Диспергирленген таблеткалар (ерітілетін таблеткалар), ацетилсалицил қышқылы 75, 250, 300, 500 мг. Ішекте еритін қапшықпен қапталған таблеткалар, ацетисалицит қышқылы 50, 100, 300 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Жүректің ишемиялық ауруыА: ЖИА бірнеше тәуекел факторлары, миокард ишемиясының аурусыз түрі, тұрақсыз стенокардия – 75 – 100 мг 1 рет тәулігіне ішке, миокард инфаркты (инфарктан кейінгі өлімнің төмендеуі және инфаркттың қайталану тәуекелінің төмендеуі – мүмкіндігінше инфарктан кейін тез 150-300 мг 1 реттен тәулігіне беру керек, ең жақсысы суда еритін препарат немесе таблетканы шайнау, әрі қарай 75 – 100 мг-нан 1 реттен тәулігіне ішке ұзақ уақыт).

Жүрек қақпақшаларының протездеуі - 75 – 100 мг-нан ішке 1 реттен тәулігіне

Баллоннды коронарлы ангиопластика және стент орналастыруВ. 325 мг-нан әр 7 сағат сайын интраназальды орналастырылған асқазан зонды арқылы, кейін пероральды 325 мг-нан 3 реттен тәулігіне (көбінесе дипиридамолмен бірге біріктіру, оны бір жұмадан кейін алып тастайды, ацетилсалицил қышқылымен ұзақ емді жалғастырады).

Атеросклеротикалық емес жүрек тамырларының зақымдалуы (Кавасаки ауруы)В - 75 – 100 мг-нан ішке 1 реттен тәулігіне (гамма глобулинмен біріктіру тиімді болып келеді).

Жүректің митралды қақпақшаларының ақаулары. Митралды қақпақшаның пролапсы. 75 – 100 мг-нан ішке 1 реттен тәулігіне. Шығу тегі ревматикалық емес жыбырлауық аритмия. 75 – 325 мг-нан инсульттың алдын алу шараларында науқастар үшін төменгі тәуекел, барлық науқастарда варфаринге қарағанда тиімділігі төмендеу).

Ишемиялық инсультА, қайтымды өтпелі мидың ишемиясы. 150-300 мг/тәулігіне 48 сағат ішінде инсульттің басталуынан кейін, әрі қарай 75-150 мг-нан 1 реттен тәулігіне күніне ұзақ уақыт бойы. Динамикалық ми қан айналымының бұзылуы кезінде ер кісілерде немесе церебральды тромбоэмболия кезінде – 325 мг-нан тәулігіне, ең жоғарғы 1000 мг-нан тәулігіне, кейін алдын алу шаралары үшін – 100-300 мг/тәулігіне.

Аортоартериит (Такаясу ауруы)В. Дресслер синдромыD. Жедел тромбофлебит (терең көк тамырлардың тромбозының тәуекелін төмендету үшін және сан сүйегінің мойыны сынғандағы операциядан кейінгі кезеңдегі ӨАТЭ). Асқынушы ӨАТЭD. Өкпенің инфарктыD.

Белсенді ревматизм; перикардитВ; ревматикалық хореяD – 5-8 г тәулігіне ересектерге, 100-125 мг/кг 4-5 реттен тәулігіне балаларға. 1-2 аптадан кейін балаларға мөлшерін 60-70 мг/кг тәулігіне төмендетеді. Қазіргі кезіде осы көрсеткіштер бойынша тәжірибеде тағайындау шамалы.

Әр түрлі жағдайлардағы орта ауыру синдромыА, қызбаВ. Ересектерге тамақтан кейін 300-900 мг-нан әр 4 сағат сайын қажеттілігіне байланысты, ең жоғарғысы 4 г күніне. Балаларға 15 жасқа дейін тағайындалмайдыРея синдромының дамуына мүмкіндіктері бойынша.

АртриттерВ Жедел кезеңінде, тамақтан кейін, тәулігіне 4-8 г 5-6 рет қабылдауға бөлінген, кейін 5-4 г/тәу. Ювенильді артрит – 130 мг/кг тәулігіне, жедел кезеңінде 5-6 мөлшерге бөлінген, кейін 80-100 мг/кг/тәу. Емдеу ұзақтығы 2 аптадан аз болмауы керек. Қазіргі кезіде осы көрсеткіштер бойынша тәжірибеде тағайындау шамалы.

Кері көрсеткіштері.

Ацетилсалицил қышқылына немесе басқа СЕҚҚЗ-ға жоғары сезімталдық; АІЖ эрозивті-жаралармен зақымдалынуы (асқыну кезеңінде), асқазан-ішек қан кетулері; «аспиринді» демікпе, «аспиринді» триада; геморрагиялық диатездер, гемофилия және басқа да қанның ұю бұзылыстары; аортаның аневризмі; порталді гипертензия; К витаминінің жетіспеушілігі; жүктілік (I және III үш айында); төспен емізу; глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігі; 15 жасқа дейінгі балаларға (вирусты инфекция кезіндегі гипертермияда Рея синдромы дамуы мүмкін; анальгетик немесе антиперетик ретінде қолдану ұсынылмайды); подагра.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Демікпе; аллергиялық аурулар және назалды полиптер; бақыланбайтын гипертензия; подагра, гиперурикемия, нефролитиаз, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары, жүрек жетіспеушілігі. Ұзақ терапия жүргізгенде немесе үлкен мөлшерді қолданғанда гемоглобин деңгейін бақылап отыру керек. Антигипертензивті терапия қабылдайтын науқастарда АҚ деңгейін қатаң қадағалау керек, себебі олардың әсерінің төмендеу тәуекелі бар.

Әрекеттесуі: Қосымша қара...

Жүктілік: ФДА категория - D.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді, баладан қан кету тәуекелі жоғарлайды.

Жанама әсерлері

Жиі болатын: жүректің айнуы, құсу, анорексия, эпигастрии тұсының ауыруы, диарея; сирек, көбінесе жоғары мөлшерін ұзақ қолданған уақытта - АІЖ эрозивті-жаралармен зақымдалуы (алкоголь аспириннің ульцерогендік әсерін күшейтеді), АІЖ қан кету, сонымен қатар басқа да қан кетулер (мысалы, субконъюнктивалды), трормбоцитопения, қаныаздық, бауыр қызметінің бұзылуы. Демікпемен, назалды полиппен немесе атопиялық аллергиялық жағдайлармен ауыратын науқастарға қолданғанда псевдоаллергиялық реакциялар, бронхоспазм, ринит, ангионевротикалық ісінулер сияқты және анафилактоид тәрізді реакциялар болуы мүмкін. Протромбин уақытының төмендеуі мен гепатотоксикалықтығы қанда (200 мкг/мл) деңгейі жоғары болғанда байқалуы мүмкін, бірақ төменгі мөлшерде сирек болуы мүмкін, әсіресе егде жастағыларда. Бүйрек қызметінің бұзылуы – папиллярлы некроз ұзақ уақыт үлкен мөлшерде қолданғанда болуы мүмкін. ОЖЖ-сі жағынан ұзақ қолданғанда бастың айналуы, бастың ауруы, көздің қайтымды бұзылыстары, құлақтың шулауы.

Саудаға тіркелген атауы: Тромбо асс, Асс-тромбин

Стрептокиназа

STREPTOKINASE

Шығарылу түрі

Лиофилизат көк тамырға және күре тамырға енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін, стрептокиназа 1,5 млн МЕ [ӘДҰ ұсынылған],

100 мың МЕ, 250 мың МЕ, 500 мың МЕ, 750 мың МЕ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Жедел миокардтың инфаркты Q тісімен (ST сегментінің жоғарлауы)А. Көк тамырға инфузия, ересектерге 1,5 млн ЕД 30–60 минут ішінде (6-12 сағатқа дейін миокардтың инфаркты басталғаннан кейін). Интракоронарлы, катетермен 20 тыс МЕ, кейін 2000-4000 МЕ/минутына, жалпы мөлшері – 140 – 180 мың МЕ 30-40 минут ішінде немесе 250-300 мың МЕ дейін 30-60 минут ішінде. Енгізуді 1 сағатқа дейін доғармайды, реканализация дамуы тез болған күннің өзінде де.

Өкпе артериясы мен оның тармақтарының тромбоэмболиясыА. К/т тамшылатып 250 мың МЕ 30 минут ішінде, кейін 100 мың МЕ/сағ 24-72 сағат бойы аурудың барысына байланысты.

Өмірге қауіпті тереңдегі көк тамырлардың тромбозыВ. Көк тамырға инфузия, ересектерге 250 мың ЕД 30 минут ішінде, кейіннен 100 мың ЕД әр сағат сайын 24–72 сағат бойы халіне байланысты және қанның ұю көрсеткіштерін бақылау арқылы (гепаринмен біріктіру арқылы). Жамбастың және аяқтың терең көк тамырларының тромбозы кезінде 1,5 млн МЕ 6 сағат ішінде. Балаларға 1–10 мың МЕ/кг 20–30 минут ішінде, кейіннен 1 мың МЕ (кг/сағ) ұзақ уақыт құю. Енгізілген жерде шамалы қан кетуді байқағанда енгізуді доғарады. Ретромбоздың алдын алу шаралары үшін гепаринді тағайындайды. Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы керек

Артерияның тромбозы мен эмболиясы (жедел, жедел үсті, созылмалы шеткі артериялардың тромбозы), созылмалы бітелуші эндартериит, артерио-венозды шунттың облетерациясы, торша тамырларының окклюзиясы ұзақтығы 6-8 сағаттан артық емес артерия үшін және 10 күннен артық емес көк тамыр үшін. Алғашқы мөлшер 250 мың МЕ к/т тамшылатып 30 минут ішінде, кейін 1,5 млн-нан МЕ әр 6 сағат сайын, ең жоғарғы жалпы мөлшер 9 млн МЕ. Ұзақ тромболизис үшін – 250 мың МЕ к/т тамшылатып 30 минут ішінде, кейін 1 млн-нан МЕ инфузия ретінде 12 сағаттан 3 күнге дейін.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Жуыр арада болған қан кетулер, геморрагиялық диатез, АІЖ эрозивті-жаралармен зақымдалуы, операциядан кейінгі кезең (8-12 операциядан кейінгі күндер), жуыр арада босанғанда (10 күн арасында), жарақаттар; ауыр қынаптан қан кетулер; жүктіліктің бірінші 18 аптасында; геморрагиялық инсульт, цереброваскулярлы анамнезіндегі бұзылыстар (әсіресе жуыр арада немесе мүгедектіліктің қалдықтар кезінде); кома; ауыр гипертензия; коагуляцияның бұзылыстары; өңеш көк тамырының варикозы, жаралы колит; жедел панкреатит; ауыр бауырдың зақымдалуы; каверна түзейтін өкпенің жедел аурулары.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр/бүйрек жетіспеушілігі, қант диабеті, бронхиалды демікпе, қанды қақырықты бронхоэктаздар, жүрек-өкпе реанимацияларынан және ӨЖВ кейінгі жағдайлар, нефролитиаз, меноррагия, етек кер кезеңі, егде жастағылар (75 жастан жоғары), тромболизис эмболиялық асқынулар туғызуы мүмкін жағдайлар, мысалы, қарынша үстінің фибрилляциясымен жүретін сол қарынша үстінің көлемі ұлғайғанда (тромбаның бұзылуы эмболияға соқтыру тәуекелі); диабетикалық ретинопатия (шамалы торшаға қан құйылу тәуекелі). Кез келген инвазивті ем шараларында, тіпті егу қан құйылу тәуекелін жоғарлатады.

Жанама әсерлері

Қан кетулер (10,9%-36,7%), қан кетулер көбінесе егу жермен ғана шектеледі, бірақ ішкі қан кетулер миға қан құйылумен бірге болуы мүмкін (егер салмақты қан кетулер туындаса, егуді доғару керек — қан ұю факторлары қажет болуы мүмкін); гипотензия (22,2%), көкірек ішінің ауруы, жүректің аритмиясы (әсіресе миокардтың инфаркты); жүректің айнуы және құсу; аллергиялық реакциялар, бөртпелер, тасқыну, увеиттер, анафилаксия; қызба, қалтырау, арқасының немесе ішінің ауруы; сирек Жуллиана–Баре синдромы.

Саудаға тіркелген атауы: СТПаза, Тромбофлюкс, Эберкиназа.

Клопидогрель

(CLOPIDOGREL)

Шығарылу түрі. Таблетка 75 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Миокардтың инфарктын, инсульттың, шеткі артериялардың тромбозын, атеросклерозбен ауыратын науқастардағы тамырлардан күтпеген өлімнің, транзиторлы ишемиялық атқылаудағы науқастардағы тамырлардың асқынуын немесе анамнезінде ишемиялық инсульттың алдын алу шаралары: ішке ересектерге 75 мг 1 рет қабылдауға. Емді миокардтың инфарктынан кейін бірнеше күннен 35 күнге дейін және ишемиялық инсульттан кейін 7 күннен 6 ай аралығына дейін бастау керек.

Жедел коронарлы синдром ST сегментінің жоғарлауысыз, ішке ересектерге 300 мг бер рет, кейін 75 мг/тәу.

Коронарлы артерияларды стент жасағанда операцияға дейін және операциядан кейін: ішке ересектерге 300 мг бір рет, кейін 75 мг/тәу.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық; геморрагиялық синдром; асқазан мен ұлтабар жара аурулары, спецификалық емес колит жаралары, туберкулез, өкпе ісігі, гиперфибринолиз, жедел қан кетулер (сонымен қатар пептикалық жаралар және ішкі бас миына қан құйылу), жүктілік (2-ші қосымшаны қара), неонаталды кезең.

Сақтандыру.

Бауыр (5-ші қосымшаны қара) және бүйрек (4-ші қосымшаны қара) аурулары, жарақаттар, операция алдындағы жағдайлар, әрекеттесулері: 1-ші қосымшаны қара.

Жанама әсерлері.

Экстракраниалды (1,02%), асқазан-ішек қан кетулері (1,8%), геморрагиялық инсульт (3,3%); АІЖ жағынан асқынулар (27,1%): диарея, жүректің айнуы, құсу; көкіректің ауруы (8,3%); жаппай ауыру (6,4%), пурпура (5,3%), тромбоцитопения (0,26%), жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы (8,7%), тері бөртпелері (6,0%)

Саудаға тіркелген атауы: Плавикс.

АЛТЕПЛАЗА

ALTEPLASE

Шығарылу түрі.

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 50 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Миокард инфарктыА. инфаркттың басталуынан кейінгі алғашқы 6 сағат кезеңінде емнің бас кезінде: 15 мг к/т болюсты, кейін 50 мг көк тамырға инфузия ретінде 30 мин. ішінде, ең аз дегенде немесе өте ұзақ, кейін 35 мг 60 мин ішінде ең кем дегенде (толық мөлшері 100 мг 90 минут ішінде немесе бір шама ұзақ уақыт). Науқастың дене салмағы 65 кг-нан төмен болғанда мөлшерін төмендету керек. Егер ем шаралары 6 сағаттан 12 сағат ішінде басталса: 10 мг к/т болюсты, кейін 50 мг 60 минут ішінде (ең аз дегенде) к/т инфузия түрінде, кейін 10 мг-нан 30 минут ішінде 4 рет құю (ең аз дегенде), толық мөлшері 100 мг 3 сағат ішінде (ең аз дегенде уақыт бойынша). Науқастың дене салмағы 65 кг-нан төмен болғанда, толық жиынтық мөлшері 1,5 мг/кг құрайды.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясыА. К/т 10 мг, баяу, 1-2 минут ішінде, кейін к/т инфузия ретінде 90 мг 2 сағат ішінде (ең аз дегенде). Науқастың дене салмағы 65 кг-нан төмен болғанда, толық жиынтық мөлшері 1,5 мг/кг-ды құрайды.

Ишемиялық инсультС. Препараттың енгізілуі инсульттан кейін 3 сағат ішінде жүргізілуі тиіс. Жалпы мөлшері 900 мкг/кг (ең көп 90 мг), бұл кезде 10% мөлшері болюсты көк тамырға енгізіледі, қалғаны к/т инфузия ретінде 60 минут ішінде (ең аз дегенде). 80 жастан асқандарға қолдануға болмайды.

Кері көрсеткіштері

Геморрагиялық диатез, бір мезгілде тікелей емес антикоагулянттарды қолданбау, қан кетулер (сонымен қатар жуыр арадағы ауыр қан кетулер), ішкі бас миына қан құйылу, геморрагиялық инсульт (сонымен қатар анамнезінде соңғы 6 ай ішінде болғанда), ОЖЖ-гі ісіктер, аневризм, соңғы 2 ай ішінде интракраниалды немесе жұлынды хирургиялық араласулар, геморрагиялық ретинопатия, ауыр жарақаттар, жүрекке ашық массаж(анамнезінде 10 күн ішінде), акушерлік босану, жалпы операциялар, яремді көк тамырдың пункциясы немесе или подключичной вены, ауыр бақыланбайтын АГ, бактериялық эндокардит, перикардит, жедел панкреатит, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары (асқыну мерзімінен бастап 3 ай бойы), бауыр жетіспеушілігі, бауыр циррозы, порталды гипертензия, өңештің варикозды көк тамырларының кеңеюі, 70 жастан жоғарыларға.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жуырда болған үлкен емес жарақаттар, биопсия, тамырлардың пункциясы, бұлшық етке жасалған егулер, кез келген қан кетулермен жүретін тәуекел жағдайлары, жүктілік, егде және жас балалар.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория - С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Қан кетулер (10-36%), көкіректің ауруы, жүрек аритмиясы, гипотензия (5,6%), қызба.

Саудаға тіркелген атауы: Актилизе

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]