Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар

Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі фармакотерапияның мақсаты симптомдар көрінісін жеңілдету, физикалық күш түскенде тұрақтылықты жоғарлату, жиі болатын асқынулар мен өлімді төмендету.

ААФ баяулатқыштар қалыпты мөлшерде осы аталған мақсаттардың бәріне қол жеткізуге мүмкіндіктер жасайды; олар барлық науқастарға көрсетілген және оларды созылмалы жүрек жетіспеушілігінің барлық сатыларында, әрі қарай жағдайдың нашарлауының алдын алуында және жүрек ауруының өркендеуі кезінде қолдануға болады. Сонымен қатар ААФ баяулатқыштарын сол қарыншаның симптомсыз дисфункциясымен ауыратын науқастарға тағайындайды. ААФ баяулатқыштарын қолданғанда болатын құрғақ жөтелді көтере алмайтын науқастар үшін ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистері пайдалы балама болып келеді. Ең көп дәлелге кандесартан жатады.

Несеп айдағыштарда көптеген науқастарға қажет, себебі сұйықтық көлемін төмендетеді. Тиазидті несеп айдағыштар шамалы сұйықтықтардың жиналуымен, өкпе ісінуі жоқ кезде және бүйрек фильтрациясы сақталғандағы, жеңіл және орташа жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдегенде таңдаулы дәрі болып келеді. Бүйрек қызметі төмендегенде (креатин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда) тиазидтер өз әсерін жоғалтады және ілмекті несеп айдағыштар қолданылады. Ауыр сұйықтықтың жиналуы кезінде, көк тамырға фуросемидтің енгізілуі демікпені жеңілдетеді және күш түсуді тез төмендетеді, оны диурездің басталу уақытынан байқауға болады. Тиазидтерді қолданғанда гипокалиемия болуы мүмкін, бірақ қысқа әсерлі ілмекті несеп айдағыштарға қарағанда шамалы; гипотензия дамымау үшін сақтықпен беру керек. Сонымен қатар тиазидті және ілмекті несеп айдағыштарды бірге қолдану мүмкін. Бұл біріктірулерде тұз бен судың экскрециясына әсер ету кезінде синергизм орын алады, ол несеп айдағыштарға тұрақтылық кезіндегі науқастарда жүрек жетіспеушілігінің симптомдарын жеңілдетеді. Бірақ, бұл біріктіру айналымдағы қанның көлемін төмендетеді және электролиттік бұзылыстарға, өмірге қауіпті гипокалиемия болуы мүмкін.

Дигоксин, жүрек гликозиді, жүрек бұлшық етінің жиырылуын жоғарлатады және соғу көлемін жоғарлатады. Жеңіл жүрек жетіспеушілігі кезінде дигоксин симпатикалық жүйке жүйесін тежейді және артериалды вазодилатацияны туғызады. Дигоксин физикалық күш түскенде тұрақтылықты жоғарлатады және асқыну салдарында ауруханаға жатуды төмендетеді, бірақ өлімді төмендетпейді. Дигоксин тахикардиямен ауыратын науқастарға тағайындалады және ААФ баяулатқыштарымен, несеп айдағыштарымен және бета-тежегіштерімен емделген науқастарда симптомдар сақталған кезде, әсіресе СЖЖ-мен бірге жыбырлауық аритмия болғанда.

Альдостеронның антоганисті спиронолактон ААФ баяулатқышы мен несеп айдағыштарды қабылдаған ауыр жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар үшін таңдаулы дәрі болып келеді. Сонымен қатар спиронолактонның төменгі мөлшері (25 мг/тәу) өлімді төмендетеді.

Бета-тежегіштер метопролол, бисопролол және карведилол кез келген дәрежелі жүрек жетіспеушілігі және сол қарыншалы систолиялық дисфункция кезінде маңызды. Бета-тежегіштер ағзада сұйықтықтың жиналу белгілері болмаған жағдайда, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігін төмендетуиақсатымен тағайындалынады. ААФБ тағайындағаннан кейін барып барлық науқастарға қолданады, осы класс препараттарының кері көрсеткіштері болмағанда. Бета тежегіштермен жүргізілетін фармакотерапияның бастамасы өте төменгі мөлшерлермен жүргізілуі тиіс, баяу апталап немесе айлап титрлеу керек. Қолданудың бас кезінде симптомдардың нашарлауы мүмкін.

Вазодилататорлар жүрек жетіспеушілігі кезінде тамырлардың жалпы шеткі қарсыласуын төмендету үшін қолданылады. ААФ баяулатқыштарын немесе ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қолдану мүмкіндіктері болмағанда немесе оларды қолданудың кері көрсеткіштері болғанда изосорбид динитрат (...секция) және гидралазинді тағайындау сұрағы туындайды. Бірақ, бұндай біріктірулерді науқастар нашар көтереді.

Допамин, инотропты симпатомиметик, ауыр жүрек жетіспеушілігін емдеуде, қысқа мерзім кезеңіне тағайындалынады. Мөлшерлеу анықтаушы болып келеді; төмен мөлшерде миокардтың жиырылуын белсендіреді және жүрек лақтырысын жоғарлатады, бірақ жоғары мөлшері [(5 мкг/(кг/мин көп)] жүрек жетіспеушілігін ауырлататын тамырлардың тарылуын туғызады

Кез келген жағдайда белсенді дәрілік емес ем шаралары жүргізілуі тиіс.

СПИРОНОЛАКТОН

(SPIRONOLACTONE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, спиронолактон, 25 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ісіну синдромы жүрек жетіспеушілігіВ кезінде – 25 мг/тәу;

Ісіну синдромы бауыр циррозыВ, нефротикалық синдромда, жүктілік кезіндегі ісінулерде, ішке, ересектерге 100–200 мг тәулігіне 2-3 рет қабылдауға, кейін клиникалық әсеріне байланысты, тәуліктік мөлшерін 25-35 мг-ға дейін төмендетеді немесе тұрақты ісінулерде 200-400 мг 2-4 рет қабылдауға дейін жоғарлатады.

Гипокалиемия (салуретикалармен емдегенде алдын алу шаралары үшін) – 25-100 мг бір рет немесе 2-4 рет қабылдауға.

Бірінші реттік гиперальдостеронизм – қысқа мерзімді операция алдындағы ем 100-400 мг/тәу 2-4 рет қабылдау, оперативті емдеу мүмкіндіктері болмаған жағдайда – ең төменгі тиімді мөлшерлер таңдап алынады. Гиперальдостеронизмнің диагностикасы – 400 мг/тәу бір неше рет 4 күн ішінде қабылдау (қысқа тест) немесе 3-4 аптадай (ұзақ тест).

Артериалды гипертензия (құрама терапияның ішінде) – 50-100 мг/тәу бір рет немесе 2-4 рет 2 жұмадай, кейін біртіндеп мөлшерін 200мг/тәу дейін жоғарлату.

ГирсутизмА, аналық безінің поликистозды синдромы – 100 мг-нан 2 рет тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық; жүктілік (I үш айда); емшекпен емізуде; гиперкалиемия; гиперкальциемия; гипонатриемия; ауыр бүйрек жетіспеушілігі; бауыр жетіспеушілігі; қант диабеті анықталынған немесе жобаланған СБЖ-мен), диабеттік нефропатия; метаболикалық ацидоз; етек кір циклінің бұзылуында немесе сүт безінің үлкеюінде; Аддисон ауруы.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Сақтықты бүйрек қызметі бұзылғанда, диабеттік нефропатияда, қант диабеті кезінде, бауыр жетіспеушілігінде, порфирииде, етек кір циклі бұзылғанда немесе сүт безі ұлғайғанда сақтау қажет. Егде жастағыларға мөлшерін төмендету керек.

Қандағы азот қалдығын және плазма элоктролиттерін (гиперкалемияда доғару керек) дәріні қолданғанда бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория D.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Гиперкалиемия (ААФ баяулатқыштарымен біріктіргенде 5%-ға дейін), гипонатриемия, гиперхлоремиялық ацидоз, дегидратация (тұз-су бұзылыстарының симптомдары); қандағы азот қалдығының уақытша жоғарлауы; бүйрек-тас аурулары; бас ауру, бастың айналуы, қозғалыс бұзылыстары; жүректің айнуы, іштің қатуы, диарея; гинекомастия (100 мг/тәу – қолданған кезде 10-55%), етек кір циклнің бұзылуы; бедеулік; торомбоцитопения; фотосенсибилизация. Тәулігіне 100 мг-нан жоғары қолданғанда, көбінесе антиандрогенді әсері дамиды. ОЖЖ-не әсерін тигізуі мүмкін және жиі АІЖ шырышты қабатын тітіркендіруі мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Альдарон, Верошпирон.

Допамина гидрохлорид

(DOPAMINE HYDROCHLORIDE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған концентрат (егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін концентрат), допамин гидрохлорид 40 мг/мл, ампулалар 5 мл-ден [ӘДҰ ұсынылған], 5 мг/мл, 10 мг/мл, 20 мг/мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел гипотензия (алдын алу шаралары мен емдеу) немесе миокардтың инфаркты кезіндегі шок немесе жүрек хирургиясында (емдеу): ірі көк тамырға егу, ересектерге бастапқыда 2–5 мкг/(кг·мин); біртіндеп 5–10 мкг/(кг·мин) артериалды қысымға, жүрек лақтырысына және диурезге байланысты жоғарлату; ауыр халдегі науқастарға 20 – 50 мкг/(кг·мин). Септикалық шок кезде бүйрек қан айналымын ұстап тұру үшін норэпинефринмен бірге енгізеді.

Ескертпелер: «бүйректік» допамин мөлшері (0,3-0,5 мкг/кг 1 минутына) балаларда, сонымен қатар жетілмеген нәрестелерде бүйрек қан айналымын жоғарлату үшін тиімді.

Кері көрсеткіштері

Тахиаритмия, қарыншалардың фибрилляциясы; жүректің ишемиялық ауруы; феохромоцитома; гипертиреоз.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Анамнезінде тамырлардың бітелу аурулары; қант диабеті; аорта саңылауының тарылуы (тиімсіз болуы мүмкін); өкпе гипертензиясы (жағдайдың асқынуы мүмкін); жабық бұрышты глаукома (жағдайдың асқынуы мүмкін).

Бастапқы кезеңде гиповолемияны қалпына келтіру қажет және терапия кезінде айналымдағы қанның көлемін ұстап тұру керек; гипоксияны түзету, гиперкапнияны және метаболиттік ацидозды алғашқыда немесе терапиямен бірге жүргізу; миокардтың инфаркты салдарынан болған шок кезінде төмен мөлшерде қолдану керек; көбінесе жанама әсерлер егде жаста жоғары болады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы және құсу; шеткі вазоконстрикция; бас айналумен жүретін гипотензия, естен тану, тасқыну; тахикардия, экстрасистола, жүректің соғуы, стенокардиялық ауырсынулар; бас ауру, диспноэ; әсіресе мөлшерден тыс қолданғанда болатын гипертензия. 48 сағаттан артық енгізуге болмайды, тахифилаксия мен тәуелділіктің дамуы мүмкін (2–48 сағаттан кейін тәуелділік дамуы мүмкін).

Саудаға тіркелген атауы: Допамина гидрохлорид.

ДОБУТАМИН

DOBUTAMINE

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 250мг/50 мл; көк тамырға енгізуге арналған ерітінді 250 мг/20мл; егу үшін жасалатын ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 250 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел жүрек жетіспеушілігі (жедел миокардтың инфаркты, кардиогенді шок).

Кардиохирургиялық науқастардағы төменгі лақтырыс синдромы.

Септикалық шок.

Кардиомиопатия ( обструктивті гипертрофиядан басқасы).

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (декомпенсация).

ЖИА диагностикасы (физикалық күш түсудің орынын басады).

Инфузии жылдамдығы, жүрек лақтырысын жоғарлату үшін қажет – 2,5-10 мкг/кг/мин (0,0025 - 0,01 мг/кг). Енгізу жылдамдығын 20 мкг/кг/мин жоғарлатуға болады. Сирек жағдайларда енгізу жылдамдығын 40 мкг/кг/мин дейін жоғарлатуға болады. Балаларға – 5-20 мкг/кг/мин.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, ИГСС, жүрек тампонадасы, констриктивті перикардит, гиповолемия, феохромоцитома (ауыр гипертензия болуы мүмкін), тахиаритмия (аритмияның күшеюі мүмкін), идиопатиялық субаорталды гипертрофиялық стеноз, аорталды стеноз, МАО баяулатқыштарымен бірге қолдану.

Сақтандыру.

Ерітіндіні енгізу алдында қосымша 50 мл 5% декстрозамен немесе басқа ерітіндімен (натрия хлорид, Рингер ерітіндісі лактатпен, натрия лактат) араластыру қажет.

Добутаминнің әсер ету бастамасы мөлшеріне байланысты болады, егер енгізу жылдамдығы шамалы болса клиникалық ықпалдың бастамасына 10 минуттай қажет. Кәдімгі жағдайларда енгізу жылдамдығы жеткілікті болғанда әсер ету бастамасы – 1-2 минут және ұзақтығы 5 минуттан төмен.

Добутаминнің құрамында сульфаттар бар, оны жоғары сезімталдықты жобалағанда ескеруді қажет етеді.

Арнайы педиатриялық мәселелер анықталынбаған.

Қанның сары суындағы калия иондарының құнарлығын анықтау қажет.

Кардиогенді шок кезіндегі айқын гипотензияда аса сақтықпен қолдану керек.

Келесі мәселелерде қолдануға болмайды, тек ерекше жағдайларда ғана:

Перденің ассиметриялық гипертрофиясы (гипертрофиялық субаорталды стеноз немесе обструктивті кардиомиопатия) – миокардтың жиырылу қабілетінің жақсаруынан обструкцияның күшеюі мүмкін;

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Метаболиттік ацидоз, гиперкапния немесе гипоксия (тиімділігінің төмендеуі мүмкін); қарынша үстінің фибрилляциясы (добутаминді қолданар алдында дигоксинді қолдану керек); жабық бұрышты глаукома (жағдайдың асқынуы мүмкін); өкпе гипертензиясы (жағдайдың нашарлауы мүмкін); миокардтың инфаркты (оттегіге қажеттіліктің артуына байланысты ишемияның күшеюі мүмкін); анамнезінде тамырлардың окклюзиялық аурулары болса; Рейно ауруы (аяқ қолдарда қан айналымының нашарлауы мүмкін).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория С. Адамдарда белгілі және бақыланған зерттеулер жүргізілмеген. Егеуқұйрықтар мен қояндарда тератогендік белгілер анықталынбаған.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеуі туралы мәліметтержоқ.

Жанама әсерлері

Артериалды гипертензия. Миокардтың оттегіге қажеттілігі жоғарлайды және аритмия. Шамадан тыс көп қолданғанда тахикардия мен САҚ шамалы жоғарлауы көрсетеді. Аллергиялық реакция. Стенокардия, демікпе, тахикардия, қарынша аритмиясы. Сирек – гипокалиемия.

Саудаға тіркелген атауы: Добутамин.

ФУРОСЕМИД

FUROSEMIDE

Шығарылу түрі.

Белсенді заттар ‑ фуросемид. Таблетка 0.005 г, 0.02 г, 0.04 г [ӘДҰ ұсынылған] 0,08 г, 0,5 г. Егуге арналған ерітінді 10 мг/мл - 2 мл [ӘДҰ ұсынылған]. Енгізуге арналған ерітінді (1 мл‑0,01 г белсенді зат). Енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін концентрат (1 мл‑0,01 г белсенді зат).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Фармакологиялық әсері

"Ілмекті" несеп айдағыштар. Айқын несеп айдағыш, натрийуретикалық, хлоруретикалық ықпал туғызады. Калия, кальция, магния экскрециясын жоғарлатады. Әсері Генле ілмегінің шығатын бөлімінде иондардың реабсорбциясын тежеумен байланысты. К/т енгізгенде шеткі көк тамырларды кеңейтеді, күш түсудің алдын алады, сол қарыншаның толу қысымын және өкпе артериясындағы қысымды төмендетеді. Жүйелік АҚ төмендетеді.

Қолдану көрсеткіші

Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің ІІ-ІІІ дәрежесіндегі ісіну синдромы кезіндеB, бауыр циррозы (порталды гипертензия синдромыB), нефротиялық синдромдаB. Кәдімгі күш түскендегі мөлшер 40 мг бір рет таң ертең ішке, ұстап тұрушы мөлшер 20 мг күніне немесе 40 мг күн ара; тұрақты ісінулерде мөлшерін 120‑160 мг-ға жоғарлатады; әсері болмаған жағдайларда мөлшерін 500 мг-ға дейін жоғарлатады.

Жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі (жүрек демікпесі, өкпе ісінуіВ). Бас миының ісінуіВ. К/т болюсты 0,5-1 мг/кг (200 мг-ға дейін); төмен мөлшерде 20 мг-нан алғашқы дамыған жағдайларда қолданады, қайта қолдану қажет болғанда 1-4 сағаттық ара қашықтықпен тағайындайды.

Гипертониялық криз, ауыр артериалды гипертензия барысыВ (басқа антигипертензивті дәрілермен бірге біріктіру). Ішке 20-80 мг-нан бір реттен таңертен немесе 2 реттен (үлкен мөлшерлер үшін).

Жедел бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі олигурия. Күш түсіруші мөлшер – ішке 250 мг/тәу қажет жағдайда мөлшерін 250 мг-нан әр 4-6 сағат сайын сатылай көтеріп, бір реттік жоғары мөлшерге 2 г. жеткізеді (өте сирек қолданады); к/т баяу (≤ 4 мг/мин), күш түсіруші мөлшер 20-50 мг, қажет жағдайда қайта 1-2 сағаттан кейін әсерге қол жеткізгенше; к/т инфузия 250 мг 1 сағат ішінде, қажетті жауап болмаса жақын арада – 500 мг 2 сағат ішінде, қажетті жауап болмаса жақын арада – 1 г 4 сағат ішінде (тиімділігі болмаған жағдайда гемодиализ көрсетілген), тиімді мөлшерді (1 г-ға дейін) әр 24 сағат сайын енгізуге болады.

Гиперкальциемия. Преэклампсия, эклампсияС, өзгермеген күйінде бүйректен шығатын химиялық қосылыстармен уланғанда форсирленген диурез. К/т ағындатып немесе бұлшық етке бір реттік мөлшерде 40‑80‑120 мг 1 рет тәулігіне, жеке жағдайларда 2 рет тәулігіне.

Кері көрсеткіштер

Дәріге жоғары сезімталдық; ануриямен жүретін жедел бүйрек жетіспеушілігі (СКФ көлемі 3-5 мл/мин төмен); бүйрек комасы және кома алды; ауыр бауыр жетіспеушілігі, бауыр комасы; гипергликемиялық кома; кома алдындағы жағдай; несеп шығару түтікшелерінің стенозы; несеп шығару жолдарының тастармен обструкция болуы; жедел гломерулонефрит; митралды қалпақшаның декомпенсирленген стенозы немесе аорталды қалпақша; орталық венозды қысымның жоғарлауы (10 мм.сын.бағ. жоғары); ИГСС, артериалды гипотензия; жедел миокардтың инфаркты; ЖҚЖ; жедел панкреатит; су-электролит алмасуының бұзылуы (гиповолемия, гипонатриемия, гипокалиемия, гипохлоремия, гипокальциемия, гипомагниемия); гиперурикемия, подагра; дигиталисті улану.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Мөлшерлеу тәртібін жеке дара талдайды, клиникалық жағдайларға байланысты. Емдеу барысында мөлшерлеу тәрітбін диуретикалық жауаптың көлеміне және науқастың жалпы жағдайына байланысты түзетіп отырады. Қуық үсті безінің гиперплазиясы кезінде жанама әсерлердің даму тәуекелі жоғары болады. Гипопротеинемия кезінде ототоксикалық тәуекел жоғары болады. Қант диабеті кезінде глюкозаға тұрақтылық төмендейді.

Жүктілік кезінде (әсіресе I үш айда) тек өмірге маңызды жағдайларда ғана тағайындайды. Фуросемид ерітіндісін бір шприцте кез келген басқа ерітінді дәрілерімен араластыруға болмайды. Гипокалиемияның алдын алу үшін фуросемидті калий сақтаушы несеп айдағыштармен біріктірген жөн.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория – С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Дәріні ұзақ уақыт қолданғанда, сонымен қатар үлкен мөлшерді қолданғанда немесе тағайындағанда гиповолемия, гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия, алкалоз дамуы мүмкін және осы бұзылыстардың салдарынан – артериалды гипотония болуы мүмкін, бастың айналуы, ауыздың құрғауы, шөлдеу, аритмия, бұлшық еттердің әлсіздігі, потенцияның бұзылуы, тырысулар. Сонымен қатар жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазан-ішек жолдарынан қан кету, панкреатит (парентеральді үлкен мөлшерді қолданғанда), асқазан тұсының ауруы, бауыр қызметінің бұзылуы, дерматит, гиперурикемия (подаграның асқынуымен), гипергликемия болуы мүмкін. Сирек жағдайда – ортостатикалық гипотензия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения. Фуросемидтің үлкен мөлшерін қолданғанда бүйректің шығару қызметі айқын бұзылған науқастарда сирек жағдайларда – керең (басқа ототоксикалық әсері бар дәрілермен бірге қолданғанда кереңдік қайтымсыз болады), ксантопсия, көрудің айқын болмауы, көру қабілетінің бұзылуы, фотосенсибилизация, парестезия болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Фуросемид, Лазикс

Мельдоний

(Meldonium)

Шығарылу түрі.

Капсулалар 250 мг; 500 мг; егуге арналған ерітінді 10%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, физикалық күш түсу (сонымен қатар спортпен айналысатындар), операциядан кейінгі кезең реабилитацияны тездету үшін; жүректің ишемиялық ауруындағы біріктірілген ем құрамында (стенокардия), созылмалы жүрек жетіспеушілігі; миокардтың дистрофиясының дисгормональды кезіндегі кардиалгия; абстинентті алкоголді синдром (арнамалы терапиямен бірге); бас миының қан айналымының бұзылыстары (инсульт, цереброваскулярлы жетіспеушілік).

Ересектерге ішке тағайындайды 250 мг-нан тәулігіне 4 реттен. Емдеу курсы - 10-14 күндей. Қажеттілік жағдайда емді 2-3 аптадан кейін қайталайды. Спортсмендерге ішке 0,5-1 г-нан тәулігіне 2 реттен шынығудың алдында тағайындайды. Емдеу курсы дайындалу кезеңінде – 14-21 күн, жарыс кезінде – 10-14 күн. Тұрақты стенокардияда – ішке, 250 мг-нан 3 реттен тәулігіне бірінші 3-4 күнде, кейіннен 2 реттен аптасына, 250 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Миокардтың дистрофиясының дисгормональды кезіндегі кардиалгиясында – ішке, 250 мг-нан тәулігіне 2 реттен (таңертен және кешке). Емдеу курсы –12 күн. Созылмалы маскүнемдік – ішке, 500 мг-нан тәулігіне 4 реттен. Емдеу курсы – 7-10 күндей. Созылмалы бас миының қан айналымының бұзылыстары – ішке, 0,5-1 г-нан тәулігіне, мүмкіндігінше күннің бірінші жартысында. Емдеу курсы – 2-3 апта.

Кері көрсеткіштер

Препаратқа жоғары сезімталдық, бас іші қысымының жоғарлауы (венозды ағыстың бұзылысы, бас ішінің ісіктері), 18 жасқа дейін (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған).

Сақтандыру.

Бауыр/бүйрек аурулары.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: жүктілік кезінде препаратты қолдануда қауіпсіздігі дәлелденбеген. Ұрыққа қалаусыз әсерлерінің мүмкіндіктерін болдырмау үшін, жүктілік кезінде тағайындалмайды.

Емшекпен емізу: Анасының сүтімен бөленетіні туралы анықталынбаған. Егер анасы үшін емделу қажет болса, онда баланы емшекпен емізуді доғарады

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар (қызару, бөртпелер, қышыну, ісіну), сонымен қатар – диспепсиялық көріністер, тахикардия, артериальды қысымның төмендеуі, қозу.

Саудаға тіркелген атауы: Милдронат.

Фруктоза-1,6-дифосфат

(МНН ЖОҚ)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған еріткіші бар ұнтақ 5 г

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Физикалық күш түсудің дамуының алдын алу шараларында және экстремальды физикалық күш түсулерге бейімділікті жақсарту. ЖИА емдеу және миокардтың жедел инфаркты (біріккен терапия құрамында). Гипофосфотемия, объективті жедел жағдайларда белгіленген, сонымен қатар трансфузиялық терапияда, оперативті араласулар, парентеральды тамақтандыру, сонымен қатар фосфаттар санының төмендеуімен байланысты созылмалы аурулар, созылмалы этилизм сияқты, ұзақ ашығу, созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі, мальабсорбция, ауыр күйіктер. Экстракорпоральды қан айналымды қолданылатын операциялар. Ишемиялық түрді шеткі қан айналым бұзылыстары. Жедел алкоголді улану, алкоголді абстиненция синдромы, созылмалы маскүнемдік.

Жазылып берілетін күндізгі мөлшер, аурудың ауырлығына сәйкес болады:  70 мг/кг-нан 160 мг/кг-ға дейін лиофилизирленген ұнтақ немесе 0,7 мл/кг-нан 1,6 мл/кг-нан ерітінді, қолдануға дайын. Гипофосфотемияны емдеу кезіндегі жағдайларда – фосформен шамадан тыс жүктемеу үшін, препараттың саны ағзадағы фосфордың жетіспеушілігіне тәуелді болады. Жоғары мөлшерді тағайындаған кезде, препараттың тағайындалған күндізгі мөлшерін екі қабылдауға бөледі. Балалар үшін мөлшер дене салмағына байланысты белгіленуі керек.

Кері көрсеткіштер

Препаратқа белгілі жоғары сезімталдық, гиперфосфатемия, бүйрек жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Препаратты қолдану кезіндегі қажетті ерекше сақтықтар. Енгізу кезінде тамырдан тыс тері астындағы тіндерге таралуы, жергілікті жеңіл ауырсыну мен тітіркенуге әкеледі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: зерттеулер жүргізілмеген.

Емшекпен емізу: зерттеулер жүргізілмеген.

Жанама әсерлері

Әртүрлі дәрежелі аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шоктарға дейін. Енгізу жылдамдығы минутына 10 мл-ден асық болғанда, науқас қызару, жүректің соғуы және аяқ-қолдың ұйып қалуын сезінуімүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Фруктоза-1,6-дифосфат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]