Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар

Фармакотерапияның негізгі критерилеріне тәуекелтобыны жататындығы мен АҚ жоғарлау дәрежесі.

Үзілісті емдеу курсына жол бермеу!

Гипертензияны емдеуде бірінші қатардағы дәрілер қатарына, төрт жікке бөлінетін дәрілер қолданады: тиазидті немесе тиазид тәрізді несеп айдағыш дәрілер, бета-адренорецепторлардың қарсыласы (бета-тежегіштер) және ангиотензин айналдырушы ферменттің баяулатқышы (ААБ), кальций өзекшелерінің тежегіштері. Басқа жіктегі дәрілік заттар белгілі жағдайларда қолданылуы мүмкін.

Несеп айдағыштар, соның ішіндегі – гидрохлоротиазид және индапамид (16.1 бөлімді қара), антигипертензивті терапия үшін таңдамалы дәрілер болып келеді және әсіресе қарт адамдарға көрсетілген. Гипертензияға қарсы препараттардың басқа тобын тағайындау үшін белгілі көрсеткіштер болмағанда АГ асқынбаған түрлерінде науқастарға тиазидті несеп айдағыштардың төменгі мөлшерлерінА беруге болады. Аз мөлшерде жанама әсерлері төмен болып келеді, бірақ үлкен мөлшерде әртүрлі зат алмасуларға қалаусыз ықпалдар туғызуы мүмкін (әсіресе гипокалиемия), глюкозаға тұрақтылық төмендейді, қарынша экстрасистоласы және белсіздік; аяқ қақпанында оларды қолдануға болмайды. Бұл ықпалдарды ең кіші мөлшерге төмендету арқылы азайтуға болады; жоғары мөлшерлер әрі қарай артериалды қысымның төмендеуіне әкелмейді. Тиазидтер қымбат дәрілерге жатпайды және басқа жіктегі антигипертензивті дәрілермен біріктіріп қолданғанда емнің ықпалын жоғарлатады.

Бета-адренорецепторлар қарсыластары (бета-тежегіштер), мысалы метопролол, карведилол, бисопролол қазіргі кезде асқынбаған артериальды гипертензияны емдеуде таңдаулы бірінші кезектегі дәрілерге жатпайды, бірақ гипертензияның барлық сатысында тиімді және әсіресе стенокардия мен тахиаритмиясы бар миокардтың инфаркты кезінде пайдалы, СЖЖ (мөлшерін бая жоғарлату); олар демікпе, созылмалы обструктивті өкпенің аурулары және жүрек тежелуі кезінде тағайындалмауы керек. Физикалық белсенді және спортсмендерге тайындау күдекті.

ААФ баяулатқышы, мысалы эналаприл, периндоприл, фозиноприл, рамиприл, каптоприл, моэксиприл тиімді дәрілерге жатады және көп науқастар жақсы көтереді. Олар жүрек жетіспеушілігінде, сол қарыншаның дисфункциясында және диабеттік және диабеттік емес невропатияда қолданылады, бірақ реноваскулярлы ауруларда және жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жиі кездесетін жанама әсерлеріне үнемі болатын құрғақ жөтел жатады.

Ангиотензин II рецепторларының қарсыластары, мысалы, эпросартан, құрғақ жөтел пайда болған кезде ААФ баяулатқышының баламасы болып келеді, басқа барлық жағдайларда ықпалы ААФ баяулатқыштарына ұқсас болады.

Кальций өзекшелер тежегіштерінің арасында маңызды айырмашылықтар бар. Верапамил артериальды гипертензия мен стенокардия бірігіп келгенде бағалығы бар. Ұзақ әсер ететін дигидропиридинді кальций өзекшелер тежегіштері, мысалы амлодипин, тұрақты стенокардия үшін қолданған артығырақ; ҚД; қарт адамдарға несеп айдағыштарды қолдану мүмкіндіктері болмағанда; оқшауланған систолиялық гипертензия кезінде. Ұзақ әсер ететін дәрілерге мән көп беріледі. Нифедипиннің қысқа әсерлі дәрілік түрін кеңінен қолданбау керек, себебі олар рефлекторлы тахикардия туғызуы мүмкін және артериальды қысымның шамалы тербелуінің себепкері болуы мүмкін.

Альфа адренотежегіштер, мысалы, доксазозин және теразозин, басқа антигипертензивті заттармен біріктіріліп, тұрақты гипертензия кезінде қолданылуы мүмкін, басқа қолдану көрсеткіштеріне аталық безінің гиперплазиясы жатады.

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер, оларда ықпалды антигипертензивті заттарға жатады. Әсіресе, метилдопа жүктілік кезінде гипертензияны емдеуде тиімді болып келеді.

Көбінесе бір антигипертензивті дәрілерді қолдану жеткіліксіз болып келеді және АҚ бақылай алмағанда, басқа антигипертензивті дәрілерді кезекпен, қадаммен қосады.

Адекватты АҚ бақылауына қол жеткізу үшін, науқастарға біріктірілген гипертензияға қарсы емді қолдану дәлелденген. ДЗ тиімді біріктіруінде әртүрлі класстарға жататын әсер ету механизмі әртүрлі дәрілерді біріктіреді және қалаусыз ықпалдарының жиілігін азайту болып табылады.

Егер жағдай шұғыл болмаса, антигипертензивті дәрілердің тиімділігін бағалап, байқау үшін кем дегенде 4 апта қажет.

Фармакотерапия басындағы тұспалдамалар

  • Гипертониялық күрт асқыну (қатерлі гипетензия) көз түбінің ісінуі және гемморагия мен бүртік ісінуі немесе жедел жүрек-қан тамырларының асқынулары жылдам фармакотерапия көрсеткіштері болып келеді;

  • Егер систолиялық АҚ ≥ 220 мм.сын.бағ. немесе диастолиялық ≥ 120 мм.сын.бағ. болса, жедел фармакотерапия қажет;

  • Систолиялық АҚ 180-219 мм.сын.бағ. немесе диастолиялық 110-119 мм.сын.бағ. кезінде, 1-2 аптадан асық белгіленсе фармакотерапия қажет.

  • Систолиялық АҚ 160-179 мм.сын.бағ. немесе диастолиялық 100-109 мм.сын.бағ. кезінде, 3-4 аптадан асық белгіленсе және науқаста жүрек-қан тамырлар асқынуы бар кезде, бүтін мүшелердің зақымдалуында (мысалы, қарынша гипертрофиясы, бүйрек жетіспеушілігі) немесе қант диабеті фармакотерапия қажет;

  • Систолиялық АҚ 160-179 мм.сын.бағ. немесе диастолиялық 100-109 мм.сын.бағ. кезінде, бірақ науқаста ешқандай жүрек-қан тамырлар асқынулары болмаса, ешқандай бүтін мүшенің зақымданулары жоқ кезде немесе диабет болмағанда, біріншіден өмір сүруін өзгертуді ұсыну керек (дәрісіз емдеу), егер АҚ 4-12 апта бойы белгіленсе ғана фармакотерапия көрсетілген;

  • Систолиялық АҚ 140-159 мм.сын.бағ немесе диастолиялық 90-99 мм.сын.бағ. кезінде және науқаста жүрек-қан тамырлар асқынуы бар кезде, бүтін мүшелер зақымдалғанда немесе диабет және АҚ-ның осы деңгейі 12 апта бойы белгіленсе фармакотерапия көрсетілген;

  • Систолиялық АҚ 140-159 мм.сын.бағ немесе диастолиялық 90-99 мм.сын.бағ және жүрек-қан тамырлар асқынуы жоқ болса, бүтін мүшелердің зақымдануы немесе диабет болмаған жағдайда өмір сүруін өзгертуді ұсыну керек (дәрісіз емдеу) және әр ай сайын жағдайын және тәуекелін бағалау керек; шамалы гипертония кезінде, егер 10-жылдық жүрек-қан тамырлар асқынуының тәуекелі - 20 % немесе одан көп болса фармакотерапия көрсетілген;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]