Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)

1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі

Азот ТОТЫҒЫ - Динитроген оксид

(Nitrous oxide) - (Dinitrogen oxide)

Шығарылу түрі. Ингаляциялық наркозға арналған газ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жалпы жансыздандыру (кіріспе наркоз және наркозды ұстап тұру); операциядан кейінгі ауыру синдромын шеттету үшін (жарақат шоктарының алдын алу шаралары), босану кезінде, тұрақсыз стенокардия, миокард инфаркты, жедел панкреатит және т.б.; естен тануды қажет ететін медициналық емшараларды орындағанда ауырсынуды басу кезінде. Газды наркоз үшін арнайы аппараттардың көмегімен оттегімен бірге қосып қолданады. Құнарлығын науқастың жағдайына байланысты, қосымша енгізілген дәрілердің түріне және санына тәуелді жеке дара талдау қажет. Кәдімгі ересектерге арналған мөлшер: кіріспе наркоз — 70% динитрогена оксид және 30% оттегі, наркозды ұстап тұру үшін — 40–50% динитрогена оксид оттегімен. Босану ауырсынуы кезінде үзілісті аутоанальгезия әдісімен қолданады (арнайы наркоз аппараттардың көмегімен) — 40–75% қоспа динитрогена оксид оттегімен (босанушы қоспаны толғақтың бірінші белгілері пайда бола бастағаннан дем алады, ал толғақтың жоғары шыңында немесе оның аяқталуында доғарады). Естен тануды қажет ететін медициналық емшараларды орындау кезде  — ингаляция 25–50% оттегімен қоспа. Балаларға мөлшері жеке дара талданады. Наркоз кезінде жансыздандыруды құнарлығы оттегімен 50-66% қамтамас етеді, басқа ингаляциялық немесе ингаляциялық емес наркозды заттармен біріктіріліп қолданылады. Естен тандырмастан жансыздандыру. Жедел көмек көрсету кезінде, акушерлік тәжірибеде («талап бойынша жансыздандыру» немесе «өзіндік жансыздандыру») оттегімен қоспасы 50% құрайды.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық; ауыру синдромын шеттету кезінде — жүйке жүйесінің ауыр аурулары, созылмалы маскүнемдік, маскүнемдік жағдайларда (қозу, елестер болуы мүмкін).

Сақтандыру.

Ингаляция қоспасы 30%-ға дейін ттегіден тұруы тиіс, ингаляцияны доғарғаннан кейін 5 минуттай оттегі берілуі керек (гипоксияның алдын алу шаралары). Сезігіс қозуын азайту үшін, жүректің айну және құсудың алдын алу үшін және әсерін потенциалау үшін премедикация жүргізу көрсетілген: к/т 1-2 мл 0,5% диазепам ерітіндісін енгізу (5–10 мг), 2–3 мл 0,25% дроперидол ерітіндісі (5,0–7,5 мг). АҚ, ЖЖЖ, жүрек ырғағын, тыныс алу жағдайын және газдың алмасуын, дене қызуын бақылау қажет. Өкпенің, бүйректің ауалы кистасында немесе ортаңғы құлақтың бітелуінде, ауалы эмболияда, ішектің жедел өтпеуінде немесе пневмаэнцефалография жүргізу уақытында немесе содан кейінгі уақыттағы пневматоракста (ауадан тұратын, қуыс ішіндегі қысымды немесе қуыс көлемінжоғарлатады) сақтықпен қолдану керек. Бас миының жарақатында, анамнезінде бас ішінің жоғары қысымында, бас ішінің үлкен зақымдалуында немесе ісіктерде, айқын гипоксия көріністерде және өкпеде газ диффузиясының алмасуында сақтықпен тағайындайды. Созылмалы маскүнемдікпен ауыраын науқастарға жоғары құнарлық қажет. Ерекше ұсыныстар: Динитроген оксидімен ұзақ уақыт қатынаста болған медициналық қызметкерлерде лейкопения тәуекелі жоғарлайды. Қолдану кезінде эндотрахеальды түтікше манжетінен газды кезекті шығарып отыру ұсынылады. Эфир, циклопропан, хлорэтил қоспалары белгілі құнарлықта жарылғыш қаупі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]