Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар

ЗОЛЕДРОН ҚЫШҚЫЛЫ

(ZOLEDRONIC ACID)

Шығарылу түрі. Инфузияға арналған ерітінді 4 мг/5 мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қатерлі ісіктердегі гиперкальциемия; көптеген миелома; үлкен ісіктің сүйектердегі белгіленген метастаздары (қосымша үлгілі ісіктерге қарсы терапиямен). Қатерлі ісіктердегі гиперкальциемия кезінде: золедрон қышқылын тағайындау ГКЗ ауырлық дәрежесімен және көріністерімен анықталуы тиіс. Гиперкальцемияның жұмсақ, симптомсыз түрін емдеу үшін, тұзды ерітінділерді енгізу жолымен күшейтуге болады (ілмекті несеп айдағыштарды қолдану немесе онсыз). ГКЗ кезіндегі ең жоғарғы ұсынылатын мөлшер (КСК ≥12,0 мг/дл немесе 3,0 ммоль/л) 4 мг-ды құрайды, к/т инфузия түрінде бір рет енгізу 15 минут ішінде. Қайта енгізу егер кальций деңгейі қалпына келмесе немесе клиникалық тиімділіктен кейінгі жағдайдың нашарлауы кезінде. Қайта енгізудің алдындағы аралық 7 тәулікті құрау керек, ол бастапқы мөлшердің клиникалық тиімділіктерін шығаруға қажет. емдеу курсының барлық кезеңінде адекватты гидратацияны қамтамас ету қажет (тұзды ерітінділермен), бірақ шамадан тыс гидратациядан қашу керек, әсіресе жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда. Диурезді емдеу кезінің барлық кезеңінде шамамен 2 л/тәу ұстап тұру ұсынылады. Диуретиктер тек гиповолемияны түзетуден кейін ғана қолданылады. Көптеген миелома және үлкен ісіктердегі сүйек матастаздары: ұсынылатын мөлшерлер — 4 мг-нан инфузия ретінде к/т 15 минут ішінде әр 3-4 аптада, емдеу ұзақтығы клиникалық зерттеуледе көптеген миелома мен көкіректің қатерлі ісігінде 12 айды құрайды, қуық үсті безінің қатерлі ісігінде 15 айды және басқа да үлкен ісіктерде 9 айды құрайды. Науқастар сонымен қатар ішке кальций препараттарын 500 мг/тәулікте және поливитаминдерді витамин D 400 МЕ/тәу есептегенде қабылдауы тиіс. Клиникалық бүйрек қызметінің нашарлауы, тіпті бүйрек жетіспеушілігіне әкелу мүмкіндіктеріне байланысты, бір реттік мөлшер 4 мг-нан аспауы керек және инфузия ұзақтығы 15 минут құрайды. Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық (клиникалық маңызды), сонымен қатар басқа да бифосфонаттарға. Сақтандыру. Бүйрек немесе бауыр жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға, аспирин-сезгіш бронхиальды демікпеде сақтықпен тағайындау. Золедрон қышқылын қабылдайтын науқастарға, әр енгізудің алдында сары судың креатинин деңгейін анықтау қажет. Сүйек метастаздарымен ауыратын науқастардың бүйрек қызметі нашарлаған кезде, кезекті мөлшерді енгізуді алып тастау керек. ГКЗ мен ауыратын науқастардағы бүйрек қызметінің нашарлағанын анықтаған кезде, золедрон қышқылын қолданғандағы потенциальды пайданың тәуекелден басым болу сұрағын шешу қажет. Науқастарды бақылау: емнің басталуынан кейін қанның сары суындағы кальций, фосфор, магний және креатинин деңгейін, гематокрит пен гемоглобинді мониторинг жасау қажет. Гипокальциемия, гипофосфатемия немесе гипомагниемия дамуы кезінде қысқа мерзімгі емді түзету керек. Әр енгізудің алдында сары су креатинин деңгейін анықтау қажет.

ГКЗ мен ауыратын науқастарға енгізу алдында адекватты регидратация жүргізілуі тиіс. Ілмекті несеп айдағыштарды золедрон қышқылымен байқап біріктіреді (гипокальциемия дамуы мүмкін) және тек қажетті гидратацияға қол жеткізгенше. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

К/т енгізу көбінесе қызбамен жүреді. Кейде науқастарда тұмау тәрізді синдром дамуы мүмкін, қызба туғызуы, дірілдеу, сүйек және/немесе артралгия ауруы, миалгия. АІЖ жағынан реакциялар, жүректің айнуы және құсу сияқты, к/т енгізуден кейінгі дамитын. Енгізу жердегі жергілікті реакциялар, қызару және ісіну сияқты, жиі байқалмайды. Көп жағдайларда арнамалы емес ем қажет етеді және симптомдар 24-48 сағаттан кейін басылады. Золедрон қышқылын енгізгеннен кейін бөртпелер, қышыну немесе көкіректің ауруы сияқты сирек жағдайлар тіркелген. Сары судағы креатинин деңгейінің, гипокальциемия, гипофосфатемия, гипомагниемия жоғарлауын анықтау керек.

Саудаға тіркелген атауы: Зомета, Золедрон қышқылы

КЛОДРОН ҚЫШҚЫЛЫ

(CLODRONIC ACID)

Гидроксиаппатит кристаллдарымен байланысады, кальция кристаллдарының еруін төмендетеді, қалыпты және сүйек резорбциясын тежейді.

Шығарылу түрі. Капсулалар 400 мг; таблеткалар, үлпек қапшығымен қапталған 800 мг; егуге арналған құнарлық 60 мг/мл, 300 мг/мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Үлкен ісіктердің сүйек метастаздарындағы остеолизисі (сүт безінің қатерлі ісігі, қуық үсті безінің қатерлі ісігі, қалқанша безінің қатерлі ісігі).Көптеген миелома тұсындағы остеолизис. Қатерлі ісіктердегі гиперкальциемия. Мөлшерлеу тәртібі жеке, қолдану көрсеткішіне және емдеу кестесіне байланысты.

Кері көрсеткіштері. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары, АІЖ жедел қабыну аурулары, бір мезгілде басқа бифосфонаттарды қолдану, препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру. Педжета ауруы кезінде клодрон қышқылын қолдану кезінде, екіншілік гиперпаратиреоидизм дамуы мүмкін. Емделу кезінде ағзаға сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамас ету қажет. Кальцийден тұратын тамақ өнімдері, клодрон қышқылының абсорбциясын төмендетеді.

Науқастарды бақылау: емнің басталуынан кейін қанның сары суындағы кальций, фосфор, магний және креатинин деңгейін, гематокрит пен гемоглобинді мониторинг жасау қажет. Гипокальциемия, гипофосфатемия немесе гипомагниемия дамуы кезінде қысқа мерзімгі емді түзету керек. Әр енгізудің алдында сары су креатинин деңгейін анықтау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Зерттелмеген.

Емшекпен емізу: зерттелмеген.

Жанама әсерлері

Жиі – жүректің айнуы, құсу, диарея, аллергиялық реакциялар, қызба, ентігу, инфекция, жүрек жетіспеушілігі, аритмия, геморрагия, гипокальциемия.

Саудаға тіркелген атауы: Бонефос

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]