Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)

АМИФОСТИН ЛИОФИЛИЗИРЛЕНГЕН

(AMIFOSTINE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ флаконда 208 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

ДНҚ-байланыстырушы химиотерапиялық заттар туғызған, гематотоксикалық әсердің алдын алу шараларында; платин препараттарының нефро-, нейро- және ототоксикалық әсерінің алдын алу шараларында. К/т инфузия ретінді енгізеді. Мөлшерлеу тәртібі жеке, қолдану көрсеткішіне және емдеу кестесіне байланысты.

Кері көрсеткіштері. Артериальды гипотензия, дегидратация, аминоттиол мен маннитол қосылыстарына жоғары сезімталдық.

Сақтандыру. Амифостинді тікелей енгізу алдында немесе бірге құсуға қарсы препараттарды тағайындау ұсынылады. Амифостинді енгізу алдында 24 сағат бұрын антигипертензивті терапияны алып тастау керек. Айқын эметогенді әсері бар, амифостинді химиотерапиялық заттармен біріктіріп қолданған кезде, ағзадағы сұйықтықтың тепе-теңдігін бақылау керек. Науқастарды бақылау: нефротикалық синдроммен ауыратын науқастарда қан плазмасындағы кальций деңгейін бақылау қажет.

Амифостинді сәулелі терапияның жанама әсерлерінің алдын алу шараларының мақсаты үшін қолдану мүмкін. Амифостинді бауы/бүйрек айқын қызметі бұзылған кезде, балаларға және 70 жастан үлкен науқастарға қолдану ұсынылмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Өтпелі АҚ төмендеуі, беттің қызаруы, жылудың сезінуі, бастың айналуы; жүректің айнуы, құсу, ықылық; аллергиялық реакция (бөртпелер, эозинофилия, дірілдеу); қанның сары суындағы кальция құнарлығының төмендеуі, ұйқышылдық, түшкіру.

Саудаға тіркелген атауы: Этиол

8.5.3. Иммунды түрлендірушілер

ЛЕВАМИЗОЛ

(LEVAMISOLE)

Құрттарға қарсы препарат. Одан басқа, иммундытүрлендіруші әсерге ие, жасушалық иммунитетті қалпына келтіреді. Иммундытүрлендіруші әсерінің механизмі толығымен түсініксіз, мүмкін ол макрофагтар мен Т-лимфоциттерге белсендіруші әсер көрсетуіне байланысты болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мг (гидрохлорид түрінде).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тоқ және тік ішектің қатерлі ісіктері (хирургиялық, сәулелі немесе химиотерапиялық әсерден кейін) аурудың беті қайтқан жағдайларда, Ходжкин ауруы кезінде, лейкемияны цитостатиктермен емдеу арасында. Тоқ және тік ішектің қатерлі ісігінде – ішке, хирургиялық операциядан кейін 7-30 күннен кейін, көбінесе 150 мг/тәу мөлшерден бастайды – бір рет немесе 50 мг-нан 3 қабылдауға 3 күн қатарынан 2 апта бойы. Емдеу ұзақтығы жеке анықталынады.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік, лактация кезеңі. Анамнезенде дәрілік препараттармен туындаған агранулоцитоз. Левамизолға жоғары сезімталдық.

Сақтандыру. Бауыр, бүйрек ауруларымен ауыратын науқастарға, қанның түзілуі тежелген кезде, цереброваскулярлы бұзылыстарда сақтықпен тағайындайды. Емделу кезеңінде қандағы лейкоциттер деңгейін бақылау қажет. Емделу кезеңінде алкоголді қолдану ұсынылмайды. Басқа гемопоэзді тежейтін препараттармен сақтықпен қолданады.

Науқастарды бақылау(көбінесе клиникалық маңызды): лейкоциттер санын+ лейкоцитарлы формуланың жалпы санын санау, колоноскопия немесе тоқ ішектің ректороманоскопиясын, анамнезен зерттеу және ректороманоскопия жасау. Сонымен қатар қанның сары суында емнің алдында және емделгеннен кейін (3,6,9 және 12 айда) АЛТ, АСТ, СФ, билирубин деңгейін бақылау қажете.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Зерттелмеген. 1 қосымшаны қара.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, диарея, аллергиялық тері бөртпелері болуы мүмкін. Сирек – бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, депрессия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения; өте сирек – атаксия, парестезия, естің шатасуы.

Саудаға тіркелген атауы: Декарис.

ИНТЕРФЕРОН АЛЬФА-2а

(INTERFERON ALFA-2a)

19.3 бөлімді қара

ИНТЕРФЕРОН АЛЬФА-2b

(INTERFERON ALFA-2b)

19.3 бөлімді қара

ИНТЕРЛЕЙКИН-2

INTERLEUKIN-2 HUMAN RECOMBINANT

19.3 бөлімді қара

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]