Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

8.4.2. Фитопрепараттар

ДИМЕТИЛАМИНОАРГЛАБИНА ГИДРОХЛОРИД

(DIMETHYLAMINOARGLABINI HYDROCHLORIDI)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ 40 мг флаконда.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Арглабинді ересектердегі және балалардағы өкпе, сүт безінің, бауырдың қатерлі ісігі кезінде, ісіктерге қарсы заттар ретінде, басқа ісіктерге қарсы дәрілермен бірге біріктіріп қолданады. Арглабинді көктамырға бір реттік мөлшерде құю арқылы енгізеді, 5-6 мг/кг салмаққа есептегенде анықталынады. Препаратты күнделікті тағайындайды. Емдеу курсы 15-20 егуге. 2% ерітіндіні флакон (0,04 препаратты) ішіндегісін 2 мл физиологиялық ерітіндіде еріту жолымен тікелей егу алдында дайындайды. Қайталау курсын 3 апталық үзіліспен жүргізеді.

Кері көрсеткіштері. Жеке көтере алмау және жоғары сезімталдық. Басқа кері көрсеткіштер анықталмаған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Зерттелмеген.

Емшекпен емізу: Зерттелмеген.

Сақтандыру. Жоқ.

Жанама әсерлері. Анықталмаған.

Саудаға тіркелген атауы: Арглабин.

8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.

8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты (кальция фолинат)

8.5.2. Иммунды түрлендірушілер (левамизол)

8.5.3. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэзді белсендірушілер (молграмостим, ленограстим, филграстим)

8.5.4. Цитопротективті заттар (амифостин)

8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар (клодрон қышқылы)

8.5.6. арнамалы антидоттар

8.5.7. Құсуға қарсы дәрілер

8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты

КАЛЬЦИЯ ФОЛИНАТ

(CALCIUM FOLINATE)

Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты. Фолий қышқылы антагонистерінің терапиялық және улы әсерін төмендетеді (мысалы, метотрексат), нуклеин қышқылының биосинтезінің қалпына келуіне әсер етеді және ағзада фолий қышқылының жетіспеушілігін толықтырады.

Шығарылу түрі. Таблеткалар, капсулалар 15 мг; егуге арналған ерітінді 10 мг/мл; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін флакондағы ұнтақ 10 мг, 25 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Метотрексаттың улы әсерінің алдын алу шаралары мен емдеу үшін, фолий қышқылы антагонистерінің шамадан тыс мөлшерін қолдануда. Мегалобласты қаназдықты емдеу. Тоқ және тік ішектердің қатерлі ісігінде паллиативті емде (фторурацилмен біріктіріледі). Кальций фолинаттың к/т жоғары мөлшерде (12-15 г/ м² 4 сағаттан кейін) енгізуден кейінгі мөлшерлеу тәртібін бүйректің шығару қызметінің жағдайын ескеріп, қандағы креатинин мен метотрексаттың құнарлығын жүйелік бақылау (ең аз дегенде тәулігіне 1 рет) жағдайы кезінде жеке белгілейді.

Кері көрсеткіштері. В12 витаминінің жетіспеушілігімен туындаған мегалобласты қаназдық, препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру. Несептің қышқыл реакциясы кезінде, асцитте, сусыздануда, экссудативті плевритте, бүйрек қызметінің бұзылуында сақтықпен тағайындайды. Жүректің айнуы және құсу кездерінде сіңірілуі төмендуі мүмкін (парентеральды енгізу дұрыс). Науқастарды бақылау: емнің алдында және емделу кезеңінде үнемі бүйрек қызметі мен зәрдің рН бақылау қажет.

Байқаусызда метотрексатты мөлшерден тыс қолдану кезінде, мүмкіндігінше кальции фолиантты тез қабылдауды бастау қажет.

Балаларға қолдану кезінде тырысуға қарсы дәрілердің тиімділігі төмендеу салдарынан тырысулардың жиілеуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қатаң көрсеткіштер бойынша қолданылуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген

Жанама әсерлері

Ішке қолданған кезде – жүректің айнуы, құсу. Аллергиялық реакциялар (есекжем, анафилактикалық шок).

Саудаға тіркелген атауы: Кальциумфолинат «Эбеве», Лековорин Са Лахема.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]