Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар

8.4.1. Ферментті препараттар (аспарагиназа, пэгаспарагиназа).

8.4.3. Фитопрепараттар (диметиламиноарглабина гидрохлориді)

8.5.1. Ферментті препараттар

Ферментті препараттар алкилдеуші препараттарға қарағанда, интакты жасушаларға цитотоксикалық әсері төмендеу екендігі белгілі. Соған қарамастан, ферментті препараттармен химиотерапияны талдағанда (әсіресе біріктірілген) және науқастармен кеңескенде 1.1 бөліміндегі ақпаратқа көңіл бөлу қажет.

АСПАРАГИНАЗА

(ASPARAGINASE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді ампулада 5000 ЕД, 10000 ЕД.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ересектердегі және балалардағы жедел лимфобласты лейкоз, лимфогрануломатоз, лимофобласты ходжкин емес лимфомалар. Аспарагиназаны сонымен қатар, миелобасты, миеломонобластноголейкозды және созылмалы лимфолейкозды емдеуде біріктірілген емнің құрамынанда қолданады. К/т, б/е және интратекальды енгізеді. К/т немесе б/е: 6000—10 000 МЕ/м2 күн ара немесе күнде жалпы мөлшерге 4000 МЕ/м2 жеткенше. Интратекальды: 3000 МЕ/м2 лейкемиялық менингиттер кезінде, метотрексатқа тұрақтылық кезде.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, панкреатиттер, бауыр, бүйрек патологиясы, жүктілік.  

Сақтандыру. Жел шешек, белдемелі ұшықпен және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға, қант диабетінде, аяқ қақпаны мен нефролитиазда (сонымен қатар анамнезендегі), бауыр қызметі бұзылғанда сақтықпен тағайындайды. Алдын сәулелі немесе химиотерапия қабылдаған науқастарға қолданғанда сақтықты сақтау керек.

Науқастарды бақылау(көбінесе клиникалық маңызды): қанның сары суындағы амилаза белсенділігін анықтау, ОЖЖ қызметін анықтау, қан плазмасындағы ұю факторын анықтау. Сонымен қатар емдеу үдерісі кезінде жүйелік шеткі қанның көрсеткіштерін, бауыр, бүйрек қызметін, қан плазмасында кальций, глюкоза және несепнәр қышқылының құнарлығын және қан түзілу жүйесінің жағдайын (сүйек кемігінің пунктантты) бақылау қажет.

Аспарагиназаны қолдану кезінде науқасқа және оның отбасы мүшелеріне вакцинация жүргізуге болмайды.

Экспериментальды зерттеулер кезінде аспарагиназаның канцерогенді және мутагенді әсері анықталған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Аллергиялық реакциялар, жүректің айнуы, құсу, трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, панкреатит, гепатотоксикалық, гипергликемия, гипокоагуляция, ОЖЖ-не қайтымды әсері (естің шатасуы, ұйқышылдық, елестер, депрессия), ісінумен жүретін гипоальбуминемия, гиперурикемия, азотемия, ЖБЖ, иммунитеттің тежелуі, лейкопения  

Саудаға тіркелген атауы: L-аспарагиназа ин/үшін, Аспарагиназа медак

ПЭГАСПАРГАЗА

(PEGASPARGASE)

Шығарылу түрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ересектердегі және балалардағы жедел лимфобласты лейкоз кезінде, сорылып жасалған L-аспарагиназа түріне жоғары сезімталдық болған кезде, ден беткейінің алаңы > 0,6 м2 2 500 МЕ/м2 әр 14 күнде енгізіледі, ал балаларға дене алаңы < 0,6 м2 — 82,5 МЕ/кг.  

Кері көрсеткіштері. Панкреатит, геморрагиялық асқынулар L-аспарагиназамен емделу кезінде. Анамнезенде ауыр аллрегиялық реакцияларда, жүктілік және емшекпен емізу.  

Сақтандыру. Пэгаспаргазамен емдеуді химиотерапевтік заттармен емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс. Жоғары сезімталдық реакциялар, көбінесе L-аспарагиназаның басқа түрлеріне аллергиялық реакциялары бар науқастарда жиі болады. 1 сағат бойы пэгаспаргазаны енгізгеннен кейін, науқасты үнемі бақылаумен қамтамас ету қажет және ренимация жүргізу заттарының болуы, сонымен қатар анафилактикалық реакцияларды емдеу үшін қажет. Бауыр қызметі бұзылған науқастарға байқап қолдану керек. Емді бастағаннан кейін қанда лимфобласт санының төмендеуі байқалады. Ол нефропатияға әкелетін, қанның сары суында шамалы несепнәр қышқылының жоғарлауымен жүреді.

Науқастарды бақылау: емнің тиімділігін бақылау үшін шеткі қанның және сүек кемігінің анализдерін жүргізу қажет. Панкреатитті ерте анықтау үшін үнемі қанның сары суында амилаза деңгейін анықтау тиіс. Емдеу кезінде протромбин уақытына маңызды фибриноген деңгейін бақылау.

Коагуляцияға қарсы препараттармен және тромбоциттердің агрегациясын тежейтін препараттармен біріктіріп қолданғанда сақтықтыпен тағайындау.

Пэгаспаргазамен емделу кезеңінде потенциальды қауіпсіз қызметтер түрімен айналысуды және тез психомоторлы қызметтерді қажет ететін жұмыстардан бас тарту керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, гипергликемия, гипокоагуляция, ісінумен жүретін гипоальбуминемия, азотемия, геморрагиялық цистит, эритема.  

Саудаға тіркелген атауы: Онкаспар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]