Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

8.3.6. Антиандрогендер

Барлық антиандрогендер андрогендердің мүше-дәлдемелерінің рецепторларымен бәсекелестік байланысу жолына әсерін баяулатады. Антиандроген-рецептор жиынтығы хроматинмен арнамалы байланысуға қабілетсіз және жасушадағы андрогендерге тәуелді ақуыздардың арнамалы синтезін иницирлейді. Антиандрогендер ішінде таза заттар немесе шынайы антиандрогенді ықпалы бар (олар тек андроген рецепторларын тежеуге қабілетті) және екі әсерлі заттар (андрогенді рецепторларды тежейтін қабілетінен басқа, прогестагенді және антигонадотропты белсенділікті тежеу қабілеті бар) болып бөлінеді.  

Таза антиандрогендер (бикулатамид, финастерид). Олар қалай қуық үсті безінің андрогендер рецепторын тежесе, солай гипоталамуста да тежейді. Осыған байланысты гипоталамус-гипофиз-атабез белсенділігі жүреді және салдары Лейдига жасушасының гиперплазиясына әкеледі. Еркектерде бұл кезде қандарында тестостерон мен эстрадиол деңгейі жоғарлайды. Эстрадиол ароматизация жолымен тестостероннан түзеледі және гинекомастия туғызады. Себебі таза антиандрогендер бәсекелестік механизм бойынша андрогенді рецепторларды баяулатады, эндогенді тестостеронның уақытша жоғарлауы уақыт өте толық немесе жартылай олардың антиандрогенді ықпалын төмендетеді. Сондықтан, таза антиандрогендердің көмегімен, эндогенді андрогендердің қуық үсті безіне толық трофикалық әсерін бейтараптандыру мүмкін емес.  

Екі әсерлі антиандрогендер (ципротерон). Антиандрогенді әсерден басқа, олар антигонадотропты белсенділікке ие. Таза антиандрогендермен салыстырғанда ципротерон бір мезгілде қанда андроген құнарлығын төмендетеді және қуық үсті безінің рецепторлар деңгейінде андрогендер әсерін баяулатады. Осының нәтижелері хирургиялық піштірумен салыстырғандағы әсермен бірдей. Гестагенді белсенділігіне байланысты ципротерон ГРГ аналогтарына қарағанда толқыну қызуларын туғызбайды.  

БИКАЛУТАМИД

(BICALUTAMIDE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қуық үсті безінің қатерлі ісігі (кешкі сатысында) – ЛГРГ аналогтарымен біріктірілген терапия құрамында немесе хирургиялық піштірумен. Ересек ер кісілерге, сонымен қатар егде жастағыларға тәуліктік мөлшер - 50 мг.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жас балалар, әйелдер.

Сақтандыру. Бауыр қызметі бұзылған кезде сақтықпен тағайындайды, себебі препараттың жиналуы мүмкін. Бүйрек жетіспеушіліг кезінде мөлшерді түзетудің қажеті жоқ.

Науқастарды бақылау: қанның сары суында АСТ, АЛТбелсенділігін, билирубин деңгейін бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Толқынулар, қышынулар болуы мүмкін; сүт бездерінің ауырсынуы және гинекомастия (бұл жанама әсерлерді бір мезгілде піштірумен жүргізгенде айқын жүреді); бауырдың трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, сары ауру; сирек – диарея, жүректің айнуы, құсу, астения, гематурия.

Саудаға тіркелген атауы: Касодекс, Калумид.

ЦИПРОТЕРОН

(CYPROTERONE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 10 мг, 50 мг, 100 мг; егуге арналған майлы ерітінді 100 мг/мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қуық үсті безінің қатерлі ісігі (III, IV сатысында; 1-ші ем), үдемелі, метастаздарымен. Ішке 1—2 табл. (50 мг-нан) 1—3 реттен күніне (100—200 мг-нан орхиэктомиядан кейін) немесе 2 табл. 2—3 реттен күніне (200—300 мг-нан орхиэктомиясыз). Б/е 3 мл-ден (300 мг) әр 2 аптада орхиэктомиядан кейін және әр 7 күнде науқастарға орхиэктомиясыз және ұзақ.  

Кері көрсеткіштері. Ауыр бауыр жетіспеушілігі, бауыр ісігі (егер олар қуық үсті безінің қатерлі ісігінің метастаздарымен туындамаса), Дубина—Джонсона және Ротора синдромы, депрессия (ауыр түрлері), тромбоэмболия.  

Сақтандыру. Депрессивтік жағдайлардың даму тәуекеліне бейім науқастарға сақтықпен қолданады.

Әйелдерде емнің басында жүктіліктің жоқтығын анықтау керек.

Науқастарды бақылау: емделу кезеңінде бауыр, бүйрек үсті безінің қызметін қатаң бақылау қажет және шеткі қан көрсеткіштері мен қандағы глюкоза деңгейін бақылау. Қант диабетімен ауыратын науқастарда инсулин немесе басқа гипогликемиялық препараттардың мөлшерін түзету қажет.

Ципротеронның үлкен мөлшерін қабылдаған балаларда, жоғары қарқынды күш түсу кезінде, жасырын бүйрек үсті безінің жетіспеушілігіне байланысты ГКС орын басушы терапиясын жүргіу қажет болуы мүмкін.

Емделу кезінде көлік жүргізетін және басқа да потенциальды қауіпті қызмет түрлеріне қажетті физикалық және/немесе психикалық қабілеттердің төмендеуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, аллергиялық реакциялар, дене салмағының өзгеруі. Еркектерде гинекомастияның дамуы мүмкін. Үлкен мөлшерді тағайындаған кезде бірен жағдайларда ентігу және бауыр қызметінің бұзылуы байқалады.  

Саудаға тіркелген атауы: Андрокур, Андрокур депо.  

ФИНАСТЕРИД

(FINASTERIDE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 5 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қуық үсті безінің І-ІІ сатысындағы қатерсіз гиперплазиясын емдеу. Ішке қолданады. Препараттың тәуліктік мөлшері – 5 мг, қабылдау жиілігі 1 рет/тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Әйелдерге және балаларға, препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру. Несептің қалдық көлемінің жоғарылығы және/немесе несеп ағуының бірден доғаруы кезінде обструктивті уропатия дамуын ескеру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Сирек – бедеулік, либидоның төмендеуі, эякулята көлемінің төмендеуі, гинекомастия, тері бөртпелері, ангионевротикалық ісінулер.

Саудаға тіркелген атауы: Пенестер, Проскар, Финаст.

8.3.7. Басқа да

КАЛЬЦИТОНИН

(CALCITONIN)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді ампулада 100 МЕ/мл; мұрынға арналған спрей 200 МЕ/мөлшер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Педжета ауруы (өзгеруші остеодистрофия). Остеопороз. Карцинома, миеломды аурулар, біріншілік гиперпаратреоидизм кезіндегі байқалатын гиперкальциемияның симптоматикалық емі ретінде қолданылады. К/т, б/е, т/а, аназальды қолданылады. Шұғыл жағдайларда және ауыр жағдайлар кезінде – к/т тамшылатып тәулігіне 5-10 мг/кг мөлшерде енгізеді (500 мл физиологиялық ерітіндіде 6 сағат бойы) немесе баяу к/т егу арқылы күні бойы 2-4 қабылдау. Емнің алдында қандағы кальций құрамын анықтау, сонымен қатар тері сынамасын жүргізеді (т/а 1 ЕД 0,1 мл еріткіштіде егеді). Күніне 1 рет 1 ай бойы енгізіледі, әр 7-ші күні үзіліс жасайды немесе 2-3 ай бойы күн ара. Емді стационарда бастайды және амбулаторлық жағдайларда жалғастырады. Бір мезгілде ішке кальций препараттарын тағайындау дұрыс.

Кері көрсеткіштері. Анафилактикалық шок немесе анамнезенде кальцитонин препаратын енгізгенде болатын ауыр жүйелік жауап.

Сақтандыру. Науқаста ақуызға жоғары сезімталдық орын алса (сонымен қатар анамнезенде), тері аллергиялық сынама жүргізгеннен кейін барып кальцитонинді тағайындайды. Кальцитонинді бірінші енгізгеннен кейін (немесе бірнеше біріншілік енгізген кезде) гипокальцемия дамуы мүмкін, кейде тетаниямен жүреді, сондықтан шұғыл көмек көрсету үшін парентеральды енгізуге арналған кальции препараты болуы керек (глюканат кальция). Кальцитонин ерітіндісін тек енгізу алдында ғана дайындайды. Дайындалған ерітінді 6 сағат ішінде қолданылуы тиіс.

Арқан балықтың кальцитонинін ұзақ қолдану кезінде, адамдар үшін бөгде болатын ақуызға, антидене түзуі мүмкін. Емделу ұзақтығы 2 жыл кезінде және аз болғанда, антидененің пайда болуы 30-60% науқастарда байқалған, бұл кезде емге тұрақтылық 5-15% болады. Ұзақ ем жүргізу (2 жылдан асық), кальцитонинге антиденесі жоқ науқастарға ғана жүргізіледі. Жасанды кальцитонинді қолдану кезінде тұрақтылық сирек дамиды.

Педжета ауруы кезінде оң тиімділіктер кальцитонинді 6-24 ай қолданғаннан кейін барып байқалады.

Науқастарды бақылау: емдеу үдерісінде науқастардағы гиперкальцемияда, сары судағы кальций құнарлығын жүйелік бақылау көрсетілген. Педжета ауруы кезінде алғашқы 3 айда және ұзақ емделу үдерісінде әр 3-6 айда СФ құнарлығын және емге дейін тәуліктік несеппен бірге гидроксипролиннің экскрециясын бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Плацентарлық кедергіден өтпейді.

Емшекпен емізу: Төс сүтімен бөлінеді. Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

«Толқынулар» мүмкін, беттің, саусақ пен табанның қызаруы; диарея, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің болмауы, іштің ауруы; сирек – несеп бөлудің жиілеуі; сирек – тері бөртпелері, есекжем, дірілдеу, бастың айналуы, бастың ауруы, мұрынның бітелуі, көкіректің қысылу сезімі, әлсіздікті сезіну және аяқ-қолдың шаншуы, тыныстың бұзылуы. Енгізілген жерде гиперемияның, ауырсынудың, ісінудің болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Миакальцик.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]