Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар

Өсімдіктерден алынған препараттар алкилдеуші препараттарға қарағанда, интакты жасушаларға цитотоксикалық әсері төмендеу екендігі белгілі. Соған қарамастан, өсімдіктерден алынған препараттармен химиотерапияны талдағанда және науқастармен кеңескенде 1.1 бөліміндегі ақпаратқа көңіл бөлу қажет.

ВИНБЛАСТИН

(VINBLASTINE)

Шығарылу түрі. Егуге үшін ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 5 мг, 10 мг факонда.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Сүт безінің қатерлі ісігі, трофобласты ісіктер, аналық безінің қатерлі ісігі, лимфогранулематоз, ходжкинск емес лимфома, гистиоцитарлы лимфома, созылмалы лейкоз, тұқым безінің герминогенді ісіктері, аналық безінің герминогенді ісігі, хорионкарцинома, миеломды ауру, Капоши саркомасы, Леттерера—Сива ауруы, нейробластома, бүйректің, қуықтың, өкпенің қатерлі ісігі, гистиоцитоз Х, зеңді микоз. К/т тамшылатып қолданады 1 рет/аптасына. Ересектер үшін бастапқы мөлшер — 0,025-0,1 мг/кг (3,7 мг/м2). Әсерге қол жеткізгеннен кейін ұстап тұрушы мөлшер 0,15 мг/кг (әр 7-14 күнде толық симптомдарды жойылғанша). Балаларға — 1 рет/аптасына 0,075 мг/кг-на. Екінші мөлшерді лейкоциттер саны қалпына келгеннен кейін енгізеді (көбінесе 3-10-шы күндері).  

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, инфекциялық аурулар, сүйек кемігі қызметінің тежелуі, жүктілік, емшекпен емізу.  

Сақтандыру. Аяқ қақпаны мен нефролитиазбен ауыратын (сонымен қатар анамнезенде) науқастарға сақтықпен тағайындайды. СҮРЗА изофермент белсенділігін тежейтін препараттарды қолдану кезінде сақтықпен тағайындайды.

Науқастарды бақылау(көбінесе клиникалық маңызды): гематокриттік санын және гемоглобин деңгейін анықтау, лейкоциттер санын+ лейкоцитарлы формула және тромбоциттер санын анықтау. Сонымен қатар, АЛТ, АСТ, ЛДГ, билирубин, несепнәр қышқылының деңгейін қан плазмасында бақылау қажет.

Қан түзілудің ең жоғарғы депрессиясы винбластинді қабылдауды доғарғаннан кейін 5-10-шы күндері жүреді. Шеткі қанда лейкоциттер санының қалпына келуі 7-14-ші күндері байқалады.

Винбластинді қабық ішіне енгізуде өлімге әкелуі мүмкін. Көзге байқаусызда тиген кезде қатты қабынуды туғызуы мүмкін.

Экспериментальды зерттеулер кезінде винбластиннің канцерогенді және мутагенді әсері анықталған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Лейкопения, гранулоцитопения, қаназдық, тромбоцитопения, жүректің айнуы, құсу, диарея, стоматит, геморрагиялық энтероколит, терінің жаралануы, азооспермия, алопеция.  

Саудаға тіркелген атауы: Розевин, Винбластин-тева.  

ВИНКРИСТИН

(VINCRISTINE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған лиофилизирленген ұнтақ 1 мг флаконда.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел лейкоз, жедел лимфобласты лейкоз балалардағы (біріктірілген ем үшін), Ходжкина ауруы, ходжкин емес лимфомалар, миеломды ауру, Юинга саркомасы, остеогенді саркома, жұмсақ тіндер саркомасы, фунгоидты гранулема, рабдомиосаркома, сүт безінің қатерлі ісігі, өкпе ісігі (ұсақ жасушалы), меланома, Капош саркомасы, бүйрек түбекшесі мен несеп ағардың, қуықтық қатерлі ісігі, Вильмса ісігі, нейробластома, жатыр мойынының қатерлі ісігі, жатыр саркомасы, герминогенді аналық безі мен аталық безінің ісігі, жатырдың хорионэпителиомасы, эпендимиома, менингиома, ісікті этиологиялық плеврит, қыздардағы жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (ГК тұрақты және спленэктомияның тиімсіздігі кезінде). К/т қолданады 1 рет/аптасына. Ересектерге бір реттік мөлшері 0,4-1,4 мг/м2 (ең жоғарғы 2 мг), курстық — 10-12 мг/ м2. Балаларға — 2 мг/м2 рет/аптасына, 4-6 апта бойы. Плевра ішіне — 1 мг.  

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, инфекциялық аурулар, сүйек кемігінің қызметін тежеу, нейродистрофиялық аурулар, жүктілік, емшекпен емізу.  

Сақтандыру. Аяқ қақпаны мен нефролитиазбен ауыратын (сонымен қатар анамнезенде), сонымен қатар сәулелі немесе химиотерапия қабылдаған науқастарға сақтықпен тағайындайды. СҮРЗА изофермент белсенділігін тежейтін препараттарды қолдану кезінде сақтықпен тағайындайды. Науқастарды бақылау(көбінесе клиникалық маңызды): гематокриттік санын және гемоглобин деңгейін анықтау, лейкоциттер санын+ лейкоцитарлы формула және тромбоциттер санын анықтау. Сонымен қатар, АЛТ, АСТ, ЛДГ, билирубин, несепнәр қышқылының деңгейін қан плазмасында бақылау қажет.

Бір мезгілде жұлын миының тұсына сәулелі еммен бірге жүргізгенде, винкристиннің нейротоксикалық әсерін күшейтуі мүмкін. Егде жастағыларда және анамнезенде неврологиялық невритпен ауырған науқастарда нейротоксикалық әсерлердің тәуекелі жоғары болып келеді. Шеткі невриттердің дамуы кезінде винкристиннің қолдануын доғару керек. Емдеу кезінде бауырдың трансаминаза белсенділігі мен ЛДГ, билирубин және қанның сары суындағы несепнәр қышқылының құнарлығын бақылау керек.

Экспериментальды зерттеулер кезінде винкристиннің мутагенді әсері анықталған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Нейропатия, бұлшық еттердің салы, құсу, стоматит, іштің қатуы немесе диарея, паралитсалды ішек бітелуі (әсіресе балаларда), жедел несепқышқыл нефропатия, азооспермия, аменорея, қаназдық, лейкопения, тромбоцитопения, алопеция.  

Саудаға тіркелген атауы: Веро-винкристин, Винкристин.  

ВИНОРЕЛБИН

(VINORELBINE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 10 мг/1 мл, 50 мг/5 мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Өкпенің қатерлі ісігі (ұсақ жасушалыдан басқа), сүт безінің, аналық безінің қатерлі ісігі, Ходжкин ауруы. К/т монотерапия кезінде енгізеді — 25-30 мг/м2 1 рет/аптасына.  

Кері көрсеткіштері. Бауыр қызметінің бұзылуы, жүктілік, емшекпен емізу.  

Сақтандыру. Химиотерапиялық заттармен емді жүргізе алатын тәжірибесі бар мамандар ғана тек винорелбинмен емді жүргізуі тиіс.

Науқастарды бақылау(көбінесе клиникалық маңызды): лейкоциттер санын+ лейкоцитарлы формула және тромбоциттер санын анықтау. Сонымен қатар, АЛТ, АСТ, СФ, билирубин деңгейін қан плазмасында бақылау қажет.

Бауыр қызметі бұзылған науқастарға мөлшерін төмендетеді. Винорелбинмен емдеу кезінде иық аймағына рентгентерапия тағайындамайды. К/т енгізу кезінде экстравазацияға жол бермеу керек. Винорелбиннің көктамырды қоршаған тіндер ортасына түсуі, қатты қабынуға, тіпті некрозға әкелуі мүмкін. Көзге түсуден қашу керек.

Экспериментальды зерттеулер кезінде винорелбиннің мутагенді әсері анықталған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Гранулоцитопения, қаназдық, остеобуынды рефлекстердің төмендеуі, парестезия, ішектің салды бітелуі, жүректің айнуы, құсу, тыныстың қиындауы, бронхоспазм, алопеция, енгізілген жердегі флебит.  

Саудаға тіркелген атауы: Навельбин  

ДОЦЕТАКСЕЛ

(DOCETAXEL)

Шығарылу түрі. Инфузияға арналған құнарлық 20 мг, 80 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Өкпенің, сүт безінің қатерлі ісігі (сонымен қатар метастазды); бас пен мойынның қатерлі ісіктері, аналық безінің, қуық үсті безінің қатерлі ісігі. К/т қолданады 100 мг/м2 дене беткейіне, әр 3 аптада. Жанама әсерлері пайда болғанда мөлшерін 50—75 мг/м2 төмендетеді.  

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, нейтропения 1500 жасуша/мкл төмен кезде, бауыр жетіспеушіліг, жүктілік, емшекпен емізу.  

Сақтандыру. Қолданар алдында науқастарға ГКС ішке тағайындайды. Емделу кезінде шеткі қан көрсеткіштерін, миелодепрессияны анықтау үшін жүйелік тексеру қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Нейтропения, тромбоцитопения, қаназдық, жүректің айнуы, құсу, диарея, стоматит, бауыр трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, гипербилирубинемия, артралгия, миалгия, аллергиялық реакциялар, алопеция, сұйықтың жиналуы. Сұйықтықтың жиналуын және жоғары сезімталдықтың дамуының алдын алу шаралары үшін, премедикация ретінде 5 күндей дексаметазонды тағайындау ұсынылады.  

Саудаға тіркелген атауы: Таксотер  

ИРИНОТЕКАН

(IRINOTECAN)

Шығарылу түрі. Инфузия үшін құнарлық флаконда 100 мг/5 мл, 40 мг/2 мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жергілікті таралған немесе метастазды колоректальды қатерлі ісік (фторурацилден тиімділік болмаған кезде). К/т 1 рет 3 аптада енгізіледі. Ортаңғы мөлшер — 350 мг/м2.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, нейтрофилдер саны 1500/мкл төмен, гипербилирубинемия, жүктілік, емшекпен емізу, созылмалы энтерит, ішектің бітелуі, сүйек кемігінің аплазиясы.  

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Алдын құрсақ немесе жамбас аймағына сәулелі терапия қабылдаған науқастарға, алдын гиперлейкоцитоз байқалған кезде, сонымен қатар Крановский индексі 50% болған кезде сақтықпен тағайындайды. Емдеу кезінде нейтропения, жүректің айнуы, құсу, диарея, дамығанда, мөлшер тәртібін түзету керек. Нейтрофилдер саны қалпына келмегенше қолданылмайды. Диареяның бірінші көрінісі пайда болған кезде, оны түзету шараларын бастау қажет. Нейтропения ұзақтығы көбінесе 8 күнді құрайды, нейтропенияның толық қалпына келуі 22 күні байқалады. Жедел холинергиялық синдром шамамен 83% науқастарда байқалады, енгізу кезінде немесе 24 сағаттан кейін. Емделу кезеңінде (әсіресе енгізгеннен кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде) потенциальды қауіпсіз қызметтер түрімен айналысуды және тез психомоторлы қызметтерді қажет ететін жұмыстардан бас тарту керек.

Жанама әсерлері.

Қайтымды нейтропения, қаназдық, тромбоцитопения, диарея, жүректің айнуы, құсу, стоматит, іштің қатуы, ішектің шаншулары, аллергиялық реакциялар, холинергиялық синдром, ентігу, өздігінен бұлшық еттердің жиырылуы, тырысулар, парестезия, астениялық синдром, алопеция, қызба.  

Саудаға тіркелген атауы: Кампто.  

ПАКЛИТАКСЕЛ

(PACLITAXEL)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді флаконда 30 мг, 100 мг, 210 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аналық безінің, сүт безінің, өкпенің қатерлі ісігі, ЖҚТБ-мен ауратын науқастардағы Капош синдромы, бастың және мойынның тегіс жасушалы қатерлі ісігі, қуықтың өтпелі жасушалы қатерлі ісігі, өңештің қатерлі ісігі. К/т тамшылатып қолданады 1 рет 3 аптада. Аналық безінің қатерлі ісігінде — 135—175 мг/м2. Сүт безінің қатерлі ісігінде, өкпенің ұсақ емес жасушалы қатерлі ісігінде — 175 мг/м2. Капош синдромы кезінде — 135 мг/м2 немесе 100 мг/м2 1 реттен 2 аптада.  

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, нейтропения (1500/мкл төмен), тромбоцитопения (100 000/мкл төмен), жүктілік, емшекпен емізу, бауыр жетіспеушілігі, инфекциялық аурулар, аритмия, МИ (анамнезенде), ЖИА, химио- немесе сәулелі терапиядан кейінгі сүйек-кемігі қан түзілуінің тежелуі.  

Сақтандыру. Стенокардиямен, ырғақтың бұзылуымен және өткізгіштігімен, СЖЖ ауыратын науқастарға, сонымен қатар миокардтың инфарктынан кейін 6 айға дейінгі науқастарға сақтықпен тағайындайды. Бауыр қызметі бұзылған науқастарға мөлшер тәртібін түзету керек. Жоғары сезімталдық реакциясының алдын алу шаралары үшін, барлық науқастарға премедикация жүргізу қажет (ГКС, Н1-Р2 рецепторларының тежегіштерімен).

Науқастарды бақылау(көбінесе клиникалық маңызды): гематокриттік санын және гемоглобин деңгейін анықтау, лейкоциттер санын+ лейкоцитарлы формула және тромбоциттер санын анықтау; өмірге қажетті қызметтерді бақылау (әсіресе пакликсателмен инфузия жасау кезіндегі бірінші сағатта). Сонымен қатар емдеу кезінде АҚ мен ЭКГ бақылау керек.

Паклитаксел ерітіндісін дайындау және енгізу кезінде ПВХ жасалған инфузиялық жүйені қолдануға болмайды.

Экспериментальды зерттеулер кезінде паклитакселдің мутагенді әсері анықталған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Миелодепрессия, атаксия, эпилептикалық талмалар, энцефалопатия, шеткі нейропатия, жүректің айнуы, құсу, диарея, анорексия, іштің қатуы, ішектің бітелуі және перфорациясы, ишемиялық колит, шеткі ісінулер, алопеция (қайтымды), артралгия, миалгия, аллергиялық реакциялар. Жоғары сезімталдық реакциялардың алдын алу шаралары үшін, ГК және антигистаминді заттаомен премедикация жүргізу керек.  

Саудаға тіркелген атауы: Таксол.  

ЭТОПОЗИД

(ETOPOSIDE)

Шығарылу түрі. Капсулалар 50 мг, 100 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін құнарлық ерітінді 20 мг/мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Өкпенің қатерлі ісігі (ұсақ жасушалы және ұсақ жасушалы емес), герминогенді ісіктер, аналық безінің қатерлі ісігі, бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі, лимфогранулематоз, ходжкин емес лимфома, Капош саркомасы, Юинга саркомасы, асқазанның, жатыр мойынының, сүт безінің қатерлі ісігі, нейробластома, ретинобластома, рабдомиосаркома, жедел лейкоздар, гистиоцитоз Х. К/т тамшылатып енгізеді 50—100 мг/м2 1-ші күннен 5-ші күнге дейін, қайталау курсы — 3 апталық үзіліспен.  

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, бауыр және/немесе бүйрек жетіспеушілігі, ауыр миелосупрессия, жедел инфекциялар, маскүнемдік, жүктілік, емшекпен емізу, кезекті сәулелермен немесе цитостатиктермен химиотерапия жүргізетін кезде.  

Сақтандыру. Жүрек ырғағы бұзылған науқастарға, инфаркт миокардының даму тәуекелі жоғары кезде, бауыр қызметі бұзылғанда, балаларда болатын жүйке жүйесінің ауруларында (қояншық) сақтықпен тағайындау керек. Бүйрек қызметі бұзылғанда КК көрсеткіштеріне қарай мөлшерін төмендетеді.

Науқастарды бақылау(көбінесе клиникалық маңызды): жаралардың пайда болуын анықтау үшін, ауыз қуысын қарап тексеру, гематокриттік санын және гемоглобин деңгейін анықтау, лейкоциттер санын+ лейкоцитарлы формула және тромбоциттер санын анықтау.

Емделу кезеңінде потенциальды қауіпсіз қызметтер түрімен айналысуды және тез психомоторлы қызметтерді қажет ететін жұмыстардан бас тарту керек.

Экспериментальды зерттеулер кезінде этопозидтің мутагенді әсері анықталған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Лейкопения, тромбоцитопения, жүректің айнуы, құсу, анорексия, диарея, стоматит, алопеция, шеткі нейропатия, қыртысты генезді өтпелі соқырлық, көру жүйкесінің невриті, гиперурикемия, интерстициальды пневмонит/өкпе фиброзы, аллергиялық реакциялар.  

Саудаға тіркелген атауы: Этопозид-эбеве.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]