Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар

ЦИКЛОСПОРИН

(CYCLOSPORINUM)

Шығарылу түрі. Капсулалар 25 мг, 50 мг, 100 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Циклоспоринді алдын басқа иммундепрессанттарды қабылдаған науқастарға трансплантаттың қабылдамау реакциясын төмендету үшін қолданады. Циклоспоринді аллогенді бүйрек, жүрек, өкпе және басқа да мүшелерді қондыруда, сонымен қатар сүйек кемігін қондыруда трансплантатты қабылдамаудың алдын алу шараларындағы негізгі зат болып келеді. Аутоиммунды ауруларда жиынтық терапияда қолданылады. Препаратты көктамырға және ішке қолданады. Циклоспоринді көктамырға баяу енгізеді (тамшылатып) изотониялық натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде. Бастапқы мөлшерді көбінесе көктамырға енгізуде 3 - 5 мг/кг құрайды күніне, ішке қолдану кезінде - 10 15 мг/кг күніне. Мүшелерді қондыру кезіндегі трансплантация операциясының алдында 4-12 сағат алдын тағайындайды. Сүйек кемігін қондыру кезінде соңғы мөлшерді операция күні енгізеді. Көбінесе соңғы мөлшерді көктамырға енгізеді және көктамырға енгізуді 2 апта бойы жалғастырады. Кейін пероральды ұстап тұрушы мөлшерге өтеді. Кері көрсеткіштері. Жүктілік, лактация, препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылғанда (жүректің айнуы, құсу, анорексия), иектің гиперплазиясы, тромбоцитопения, ағзада сұйықтықтың жиналуы, тырысулар және т.б.

Саудаға тіркелген атауы: Сандиммун Неорал, Экорал.

    1. Цитотоксикалық заттар.

8.2.1. Алкилдеуші препараттары (бусульфан, гидроксикарбомид, дакарбазин, ифосфамид, карбоплатин, ломустин, оксалиплатин, прокарбазин, фотемустин, хлорамбуцил, циклофосфамид, цисплатин)

8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа да ДНҚ интеркаляторлары (блеомицин, даунорубицин, доксорубицин, иринотекан, митоксантрон, митомицин, эпирубицин)

8.2.3. Антиметаболиттер (гемцитабин, капецитабин, меркаптопурин, метотрексат, тиогуанин, флударабина фосфат, флуорурацил)  

8.2.4. Өсімдіктерден алынған препараттар (винбластин, винкристин, винорельбин, доцетаксел, паклитаксел, этопозид)

8.2.5. Басқа да цитостатиктер (бортезомиб, топотекан, третионин, фулвестрант)

Цитотоксикалық заттарды бірнеше топтарға бөлінеді, әр қайсысы арнайы ісіктерге қарсы белсенділікпен, әсер ету жерімен және улылығымен сипатталынады. Олардың метаболизмі мен экскреция жолдарын білу өте маңызды, себебі ісік ауруларында препараттардың фармакокинетикасы бұзылуы мүмкін және олардың улылығы жоғарлайды.  

Әсер ету механизмі ДНҚ құрылысының бұзылуына байланысты және сонымен жасуша бөлінуі тежеледі. Цитотоксикалық заттар ісіктерге қарсы белсенділікке ие, сонымен қатар қалыпты тіндерге улы әсер көрсетуі мүмкін. Сондықтан оны немесе басқа цитотоксикалық заттарды тағайындағанда, пайда мен токсикалық реакцияның даму тәуекелінің қатынасына мән беру керек.  

Цитотоксикалық препараттар жеке немесе басқа дәрілермен біріктіріліп қолданылады. Көбінесе бұл біріктірулер улы болып келеді, жеке дәрілерге қарағанда, бірақ дәріге тұрақтылық дамуының төмендетуде, ісіктерге қарсы әсерін жоғарлатуда және белгілі ісіктерді емдеуде өмірін ұзартуда артық болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]