Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар

Созылмалы вирусты В гепатитті және В гепатит вирусының қатысуымен жүретін аралас этиологиялық вирусты гепатитті емдеуде ИФН α-2а және α-2bА (бөлімді қара) және нуклеозид аналогтары – ламивудин (бөлімді қара), энтекавир, телбивудинді қолданады. Вирустарға қарсы емді қолданудың көрсеткіштеріне дәлелденген вирустың репликациясы және бауырдағы патологиялық үдерістің болуы жатады. Ламивудинді т/а 100 мг-нан тәулігіне 1 реттен тағайындайды. Емдеу курсының орта жалғасуы – 12 ай, кейде биохимиялық көрсеткіштердің бақылауымен ұзақ тағайындалуы мүмкін. С СВГ және Child-Pugh жіктелуінің А және Б классты маркерлі репликациялық С гепатитінің вирусты этиологиялық бауыр циррозын емдеу үшін ИФН α рибавиринмен біріктірілгенін қолданады. ИФН-нің пэгилирленгенін (Пэг-ИФН-ИФН, монометоксиполиэтиленгликол молекуласымен қосылған, ағзадан баяу элиминацияға ұшырайды) тағайындау үшін көрсеткіштеріне С ФВГ жатады, сонымен қатар кәдімгі ИФН αА тұрақты түрлері мен В СВГ.

Пэгинтерферон альфа-2 a и Пэгинтерферон альфа 2 b (19.3 бөлімді қара)

РИБАВИРИН

(RIBAVIRIN)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы вирусты гепатит С, Child-Pugh жіктелуі бойынша А және В классының вирусты гепатит С репликациясының маркерлерімен бауыр циррозы (тек α-интерферондармен бірге). Ауыр жедел респираторлы синдром.

П/о 1 г (дене салмағы <75 кг кезінде) немесе 1,2 г (дене салмағы >75 кг кезінде) α-интерферонмен біріктіріп (т/а 3 млн ЕД) 3 апта немесе Пег-ИНФ 1 рет/аптасына. Емдеу ұзақтығы вирустың генотипімен және құнарлығымен анықталынады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүректің ауыр аурулары, ауыр бауыр жетіспеушіліктері, бүйрек жетіспеушіліктері (КК<50 мл/мин), ауыр қаназдық, аутоиммунды аурулар (сонымен қатар аутоиммунды гепатит), ауыр депрессия, 18 жасқа дейін, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Аллергиялық реакциялар, СОӨА, ӨАТЭ, гемоглобинопатия, декомпенсирленген қант диабеті, қалқанша безінің аурулары, депрессия, өзін-өзі өлтіруге бейімділік (сонымен қатар анамнезенде), егде жастағылар. Ұрықтануға қарсы дәрілерді қатаң сақтау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы Х. Сақтықпен. Адекваттық қауіпсіздік туралы мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Тыйм салынған. Мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Бастың ауруы, ұйқының қашуы, брадикардия, қаныаздық, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, диспноэ, анорексия, жүректің айнуы, гипербилирубинемия, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Арвирон, Рибавирин, Рибамидил, Ребетол

6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)

АИВ инфекциясы – ұзақ созылатын инфекция, оның қоздырғышы ВИЧ болып келеді. Иммунды жүйенің қарқынды зақымдалуы ЖҚТБ-ға әкеп соғады, бұл кезде науқаста шартты-патогенді қоздырғыштар туғызатын «оппортунистикалық инфекция» және кейбір ісікті аурулар пайда болады. Негізгі емдеу принциптеріне – өмір бойы ретровирустарға қарсы препараттарды қабылдау жатады. Емді жүргізудің абсолюттік көрсеткіштері – иммунды жетіспеушіліктің клиникалық көріністері, CD4 лимфоциттер санының төмендеуінің болмауы кезінде < 200/мкл немесе ДНҚ АИВ деңгейінің > 100 мың. 1 мл қандағы копиясы. Қазіргі кезде бірнеше ретровирусты емнің варианттары қолданылады: а) 3 нуклеозидті АИВ транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары; б) 2 нуклеозидті АИВ транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары + 1 немесе 2 АИВ протеаз баяулатқыштары; в) 2 нуклеозидті АИВ транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары + 1 нуклеозидті емес АИВ транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары; г) нуклеозидті АИВ транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары + нуклеозидті АИВ транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары + АИВ протеаз баяулатқышы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]